Қандастар Ассамблея

Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған мемлекеттік академиялық қазақ театры

05.12.2012 7502
Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған мемлекеттік академиялық қазақ театры - ашылуына Кеңес одағы бойынша балалар театрының негізін қалаған режиссер Н.И. Сац араласып, ең әуелі 1945 жылдың 7 қарашасында балалар мен жасөспірімдер театрының орыс труппасы Е. Шварцтың «Қызыл телпек» пьесасымен шымылдығын ашты. Театр алғашқы кезде екі труппадан – қазақ және орыс труппасынан тұрды. Қазақ труппасы сахналық жолын 1947 жылы 2 ақпанда А. Н Островскийдің «Мысыққа күнде той бола бермес» пьесасын (режиссер А. А. Алексеев) қоюмен бастады. Театр шымылдығы ресми түрде 1948 жылы 4 шілдеде А. Толстойдың «Алтын кілт» спектакілімен (режиссер Н. Сац) ашылды. Театрда қазақ драматургиясы мен бірге орыс, батыс классиктерінің және өзге халықтардың таңдаулы деген туындыларынан репертуар кестесі қалыптасып, фестивальдарға қатысу үрдістерін жандандыра бастады. Шығармашылық жолында талай асуларды кездестіре отырып, түрлі жетістіктерден де құр алақан қалмады. 1958 жылы Мәскеуде өткен Бүкілодақтық жастар театрының фестивалінде М. Ақынжановтың «Ыбырай Алтынсарин» спектаклі екінші дәрежелі дипломға ие болды. Қоюшы режиссер А.Тоқпанов лауреат атанды, 1966 жылы Мен Дон Ук қойған Ш.Хұсайыновтың «Алғашқы ұшқындар» спектаклі театрға Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығын әперді. Театр қазақ драматургтерімен бірге орыс, батыс классиктерінің және өзге халықтардың таңдаулы деген пьесаларын сахнаға шығарды. Шиллердің «Зұлымдық пен Махаббат», Н.Хикметтің «Әпенді», Мольердің «Скапеннің айласы», Б.Брехттың «Әйдік апай және оның балалары», У. Шекспирдің «Вероналық екі бозбала», «Дуалы түнгі думан», «Гамлет», «Ромео мен Джулетта» («Махабат айдыны»), А.Чеховтың «Шағала» спектакльдері режиссерлер мен актерлер құрамының күштілігін, классикалық ірі туындыларды еркін түрде игере алатын кемел шаққа жеткендіктерін танытады. Еліміздің мәдени-рухани әрі көркемдік жедел өркендеуіне әлеуметтік зор үлес қосып, жасөспірім жеткіншектердің эстетикалық, дүниетанымдық көзқарастарының жарасымды қалыптасуына өз үлесін қосудағы театр ұжымының еңбегі айтарлықтай. Жарты ғасырдан артық өнер тарихында театр шығармашылық даму мен қалыптасудың әртүрлі белестерінен өтіп, бүгінгі ұлттық сахна өнерінде өзіндік орнын белгіледі. Бұл театр көп жылдарға дейін орыс балалар театрымен бірлесіп жұмыс істеді. 1982 жылдан бастап өз алдына дербес бөлініп шықты. 1992 жылы Ғ. Мүсіреповтың 90 жылдығы құрметіне байланысты жазушының есімін иеленді. Ал, 1996 жылы театрдың 50 жылдық мерейтойына орай, оған «Академиялық» деген статус берілді. Театр құрылған күннен бастап, жасөспірімдердің эстетикалық сезімін жетілдіріп, оларды ізгі қасиеттерге баулитын көркемдік-идеялық маңызы зор қойылымдар шығарды.  

Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған мемлекеттік академиялық қазақ театры - ашылуына Кеңес одағы бойынша балалар театрының негізін қалаған режиссер Н.И. Сац араласып, ең әуелі 1945 жылдың 7 қарашасында балалар мен жасөспірімдер театрының орыс труппасы Е. Шварцтың «Қызыл телпек» пьесасымен шымылдығын ашты.
Театр алғашқы кезде екі труппадан – қазақ және орыс труппасынан тұрды. Қазақ труппасы сахналық жолын 1947 жылы 2 ақпанда А. Н Островскийдің «Мысыққа күнде той бола бермес» пьесасын (режиссер А. А. Алексеев) қоюмен бастады. Театр шымылдығы ресми түрде 1948 жылы 4 шілдеде А. Толстойдың «Алтын кілт» спектакілімен (режиссер Н. Сац) ашылды.
Театрда қазақ драматургиясы мен бірге орыс, батыс классиктерінің және өзге халықтардың таңдаулы деген туындыларынан репертуар кестесі қалыптасып, фестивальдарға қатысу үрдістерін жандандыра бастады. Шығармашылық жолында талай асуларды кездестіре отырып, түрлі жетістіктерден де құр алақан қалмады.
1958 жылы Мәскеуде өткен Бүкілодақтық жастар театрының фестивалінде М. Ақынжановтың «Ыбырай Алтынсарин» спектаклі екінші дәрежелі дипломға ие болды. Қоюшы режиссер А.Тоқпанов лауреат атанды, 1966 жылы Мен Дон Ук қойған Ш.Хұсайыновтың «Алғашқы ұшқындар» спектаклі театрға Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығын әперді.
Театр қазақ драматургтерімен бірге орыс, батыс классиктерінің және өзге халықтардың таңдаулы деген пьесаларын сахнаға шығарды. Шиллердің «Зұлымдық пен Махаббат», Н.Хикметтің «Әпенді», Мольердің «Скапеннің айласы», Б.Брехттың «Әйдік апай және оның балалары», У. Шекспирдің «Вероналық екі бозбала», «Дуалы түнгі думан», «Гамлет», «Ромео мен Джулетта» («Махабат айдыны»), А.Чеховтың «Шағала» спектакльдері режиссерлер мен актерлер құрамының күштілігін, классикалық ірі туындыларды еркін түрде игере алатын кемел шаққа жеткендіктерін танытады.
Еліміздің мәдени-рухани әрі көркемдік жедел өркендеуіне әлеуметтік зор үлес қосып, жасөспірім жеткіншектердің эстетикалық, дүниетанымдық көзқарастарының жарасымды қалыптасуына өз үлесін қосудағы театр ұжымының еңбегі айтарлықтай. Жарты ғасырдан артық өнер тарихында театр шығармашылық даму мен қалыптасудың әртүрлі белестерінен өтіп, бүгінгі ұлттық сахна өнерінде өзіндік орнын белгіледі. Бұл театр көп жылдарға дейін орыс балалар театрымен бірлесіп жұмыс істеді. 1982 жылдан бастап өз алдына дербес бөлініп шықты.
1992 жылы Ғ. Мүсіреповтың 90 жылдығы құрметіне байланысты жазушының есімін иеленді. Ал, 1996 жылы театрдың 50 жылдық мерейтойына орай, оған «Академиялық» деген статус берілді. Театр құрылған күннен бастап, жасөспірімдердің эстетикалық сезімін жетілдіріп, оларды ізгі қасиеттерге баулитын көркемдік-идеялық маңызы зор қойылымдар шығарды.
 

Ұқсас материалдар