Қандастар Ассамблея

Палеография

05.12.2012 9802
  ПАЛЕОГРАФИЯ (палео... және графия) – жазу тарихын, оның кескіндік формаларының даму заңдылықтарын зерттеумен, сондай-ақ ежелгі жазба ескерткіштерді оқу, олардың авторларын, уақытын, жерін анықтаумен айналысатын тарихи – филол. арнайы пән. П. әріптердің кескіндік формалары жазба белгілер (мыс., иероглифтер) эволюциясын, олардың құрамдас элементтерінің пропорцияларын, шрифтердің түрлері мен эволюциясын, қысқартулар жүйесі мен олардың кескіндік бейнеленуін, жазу материалы мен құралдарын зерттейді. П-ның ерекше саласы құпия жазу жүйелерінің графикасын зерттейді (криптография). П-да зерттеудің арнайы әдістері (кескіндемелік деректерге талдау жасау техникасы, П-лық белгілердің жиынтығы, т.б. арқылы қолжазбалардың уақытын анықтау әдіснамасы) жасалған. Сондай-ақ басқа ғылымдар мен арнайы пәндердің әдістері де қолданылады: тілтану (тілдік деректер бойынша қолжазбалардың уақыты мен жерін анықтау), текстология мен дипломатика (жазулар мен құжаттардың түрлері бойынша олардың мазмұндарын, стилін, мәтін тарихын анықтау), өнертану (миниатюралар, өрнектерді зерттеу), химия (сиялар мен басқа да бояу заттарға талдау жасау), физика (органик. материалдардың жасын анықтау үшін радиоактивті изотоптарды пайдалану), т.б. П-ның теор. жағы – жазу тарихы белгілі бір халық мәдениеті тарихының бөлігі бола отырып, оның іс-тәжірибелік жағы үшін ғыл. негіз береді. Ол әліпбилер мен тілге байланысты гректік, латындық, славян-орыс, армян, грузин, арабтық, т.б. П-ға бөлінеді. Кейбір ғалымдар (француз Ж.Маллон, австриялық Л.Сантифаллер, бельгиялық Ф.Мазе, т.б.) кез келген жазу үшін ортақ даму заңдарын құру қажеттілігі жөнінде мәселе қойғанымен, жалпы П. негіздері жасалған жоқ. “П.” терминін алғаш рет 18 ғ-да француз ғалымы Б.Монфокон қолданған. 20 ғ-дың ортасынан бастап П-да жазба ескерткіштерді ол жазылған материалдарға қарамастан зерттеу бағыты пайда болды. Гректік П. ежелгі заманнан бастап Византия империясы құлағанға (1453) дейінгі грек жазуының тарихын зерттейді. Латындық П. латын әліпбиімен еур. тілдерде жазылған жазба ескерткіштерді зерттейді. Латындық П-ның негізін 17 ғ-да Ж.Мобильон салды. Ол жазуды кітаби және дипломат. деп бөлді, жазудың ұлттық типтерін (18 ғ-да енгізілген термин) – вестготтық, лангобардтық, ағылшын-сакстық және меровингтік типтерді анықтап, сипаттап жазды. Славян-орыстық П. глаголица және кириллицамен жазылған жазба ескерткіштерді зерттейді. Армяндық П-ның негізін 19 ғ-дың соңында армян ғалымы Я.Ташян салды. Ол армян қолжазбаларының үлгілі каталогын құрастырды, бұл каталог Венадағы кітапханада сақтаулы. Каталогта 5 – 18 ғ-лардағы армян жазуының негізгі ескерткіштері енгізілген. Грузиндік П-ның ғыл. пән ретінде пайда болуы грузин жазуының барлық түрлерін кезеңдерге бөліп, П-лық кестелер жариялаған Д.З. Бакрадзенің есімімен байланысты болды. 20 ғ-ға таман Қытай П-сы жеке ғыл. пән болып қалыптасты. Араб П-сы араб әліпбиімен жазылған ескерткіштерді (араб, парсы, түрік, т.б. тілдерде) зерттейді. Еуропада араб қолжазбалары 17 ғ-дан бастап зерттелсе, Ресейде араб қолжазбаларын жинастыру мен оларды көшіру Петр І-нің кезінде басталды. Н. Мұхамәдиұлы   

 

ПАЛЕОГРАФИЯ (палео... және графия) – жазу тарихын, оның кескіндік формаларының даму заңдылықтарын зерттеумен, сондай-ақ ежелгі жазба ескерткіштерді оқу, олардың авторларын, уақытын, жерін анықтаумен айналысатын тарихи – филол. арнайы пән. П. әріптердің кескіндік формалары жазба белгілер (мыс., иероглифтер) эволюциясын, олардың құрамдас элементтерінің пропорцияларын, шрифтердің түрлері мен эволюциясын, қысқартулар жүйесі мен олардың кескіндік бейнеленуін, жазу материалы мен құралдарын зерттейді. П-ның ерекше саласы құпия жазу жүйелерінің графикасын зерттейді (криптография). П-да зерттеудің арнайы әдістері (кескіндемелік деректерге талдау жасау техникасы, П-лық белгілердің жиынтығы, т.б. арқылы қолжазбалардың уақытын анықтау әдіснамасы) жасалған. Сондай-ақ басқа ғылымдар мен арнайы пәндердің әдістері де қолданылады: тілтану (тілдік деректер бойынша қолжазбалардың уақыты мен жерін анықтау), текстология мен дипломатика (жазулар мен құжаттардың түрлері бойынша олардың мазмұндарын, стилін, мәтін тарихын анықтау), өнертану (миниатюралар, өрнектерді зерттеу), химия (сиялар мен басқа да бояу заттарға талдау жасау), физика (органик. материалдардың жасын анықтау үшін радиоактивті изотоптарды пайдалану), т.б. П-ның теор. жағы – жазу тарихы белгілі бір халық мәдениеті тарихының бөлігі бола отырып, оның іс-тәжірибелік жағы үшін ғыл. негіз береді. Ол әліпбилер мен тілге байланысты гректік, латындық, славян-орыс, армян, грузин, арабтық, т.б. П-ға бөлінеді. Кейбір ғалымдар (француз Ж.Маллон, австриялық Л.Сантифаллер, бельгиялық Ф.Мазе, т.б.) кез келген жазу үшін ортақ даму заңдарын құру қажеттілігі жөнінде мәселе қойғанымен, жалпы П. негіздері жасалған жоқ. “П.” терминін алғаш рет 18 ғ-да француз ғалымы Б.Монфокон қолданған. 20 ғ-дың ортасынан бастап П-да жазба ескерткіштерді ол жазылған материалдарға қарамастан зерттеу бағыты пайда болды. Гректік П. ежелгі заманнан бастап Византия империясы құлағанға (1453) дейінгі грек жазуының тарихын зерттейді. Латындық П. латын әліпбиімен еур. тілдерде жазылған жазба ескерткіштерді зерттейді. Латындық П-ның негізін 17 ғ-да Ж.Мобильон салды. Ол жазуды кітаби және дипломат. деп бөлді, жазудың ұлттық типтерін (18 ғ-да енгізілген термин) – вестготтық, лангобардтық, ағылшын-сакстық және меровингтік типтерді анықтап, сипаттап жазды. Славян-орыстық П. глаголица және кириллицамен жазылған жазба ескерткіштерді зерттейді. Армяндық П-ның негізін 19 ғ-дың соңында армян ғалымы Я.Ташян салды. Ол армян қолжазбаларының үлгілі каталогын құрастырды, бұл каталог Венадағы кітапханада сақтаулы. Каталогта 5 – 18 ғ-лардағы армян жазуының негізгі ескерткіштері енгізілген. Грузиндік П-ның ғыл. пән ретінде пайда болуы грузин жазуының барлық түрлерін кезеңдерге бөліп, П-лық кестелер жариялаған Д.З. Бакрадзенің есімімен байланысты болды. 20 ғ-ға таман Қытай П-сы жеке ғыл. пән болып қалыптасты. Араб П-сы араб әліпбиімен жазылған ескерткіштерді (араб, парсы, түрік, т.б. тілдерде) зерттейді. Еуропада араб қолжазбалары 17 ғ-дан бастап зерттелсе, Ресейде араб қолжазбаларын жинастыру мен оларды көшіру Петр І-нің кезінде басталды.
Н. Мұхамәдиұлы 
 

Ұқсас материалдар