Қандастар Ассамблея

Нұрғалиев Рымғали

05.12.2012 4376
  Нұрғалиев Рымғали (17.6.1940 ж. т., Шығ. Қазақстан обл. Семей қ. әкімдігі Қайнар а.) – әдебиет зерттеушісі, сыншы, жазушы, ҚР ҰҒА акад. (2003). ҚазМУ-дың филол. ф-тін (1963), аспирантурасын (1967), докторантурасын (1972) бітірген. 1962 – 96 ж. “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас алаш”) газетінде тілші, Қазақстан Жазушылар одағы сын секциясында кеңесші, ҚазМҰУ-да доцент, проф., филол. ф-тінің деканы, Қазақ Совет энциклопедиясының Бас редакторы (1986 – 96) қызметтерін атқарған. Қазір Л.Н. Гумилев атынд. Еуразия ун-тінің қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі. Алғашқы ғыл. еңбегі “Сабыр Шәріпов” деген атпен 1961 ж. жарық көрді. Зерттеу еңбектері қазақ әдебиеті мен драматургиясының тарихына, теориясына, оның жанрлық жүйесі мен поэтикасына арналған. Ол “Трагедия табиғаты” еңбегінде М.Әуезовтің драматургиясын саралап, жазушы шығарм-ндағы тартыс, сюжет, идея мәселелерін кең ауқымда талдады, шығарм. зертхана сырларын ашты. “Талант тағдыры” зерттеу еңбегінде қазақ театр өнерін қалыптастырушылардың бірі, алғашқы режиссер, көрнекті драматург Ж.Шанин мұрасын жан-жақты қарастырды. “Өнер алды – қызыл тіл”, “Өнердің эстетикалық нысаны”, “Күретамыр”, “Айдын” кітаптарында драматургияның жанрлық-эстет. мәселелері, поэтика, стиль бедерлері сан қырынан танылған. Оның еңбектерінде М.Әуезов трагедияларындағы ішкі монолог құдіреті, тарихи желінің беріктігі, тіл айшығы, С.Сейфуллин драмаларындағы, І.Жансүгіров пьесаларындағы ақындық үрдіс сілемдері, әрекет, тартыс негізінде пернеленетін адамдық қасиеттер терең талданған (“Қазақ революциялық поэзиясы”, 1987). “Телағыс” монографиясында эстетика тарихы, әдебиеттанудың әдіснамасы, көркемдік әдіс, бейнелеу құралдары, аударма сипаты, т.б. қамтылған. Ол әдебиет пен өнер, эстетика, театр мәселелерін сөз ететін көптеген эссе, мақалалар топтамасын жазған. Л.Толстойдың “Әзәзіл” повесін, Н.Погодиннің “Салтанат жыры” пьесасын, А.Кешоковтың “Соңғы шақырым” драмасын, П.Брагиннің “17 жайлы хикая” повесін қазақ тіліне аударды. “Айдын”, “Телағыс”, “Қазақ революциялық поэзиясы” трилогиясы үшін Қазақстан Мемл. сыйл-н алған (1988). Шығ.: Қазақ драматургиясының поэтикасы, А., 1973; М.Әуезов тағылымы, А., 1987; Ай қанатты арғымақ, А., 1990; Ахмет Байтұрсынов, А., 1990; Арқау, 2 т., А., 1991; Әуезов және Алаш, А., 1997; Вершины возвращенной литературы, А., 1998; Сырлы сөз, А., 2000; Айғақ, А., 2000; Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры, А., 2003. Б. Майтанов, Ж. Әбілов  

 

Нұрғалиев Рымғали (17.6.1940 ж. т., Шығ. Қазақстан обл. Семей қ. әкімдігі Қайнар а.) – әдебиет зерттеушісі, сыншы, жазушы, ҚР ҰҒА акад. (2003). ҚазМУ-дың филол. ф-тін (1963), аспирантурасын (1967), докторантурасын (1972) бітірген. 1962 – 96 ж. “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас алаш”) газетінде тілші, Қазақстан Жазушылар одағы сын секциясында кеңесші, ҚазМҰУ-да доцент, проф., филол. ф-тінің деканы, Қазақ Совет энциклопедиясының Бас редакторы (1986 – 96) қызметтерін атқарған. Қазір Л.Н. Гумилев атынд. Еуразия ун-тінің қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі. Алғашқы ғыл. еңбегі “Сабыр Шәріпов” деген атпен 1961 ж. жарық көрді. Зерттеу еңбектері қазақ әдебиеті мен драматургиясының тарихына, теориясына, оның жанрлық жүйесі мен поэтикасына арналған. Ол “Трагедия табиғаты” еңбегінде М.Әуезовтің драматургиясын саралап, жазушы шығарм-ндағы тартыс, сюжет, идея мәселелерін кең ауқымда талдады, шығарм. зертхана сырларын ашты. “Талант тағдыры” зерттеу еңбегінде қазақ театр өнерін қалыптастырушылардың бірі, алғашқы режиссер, көрнекті драматург Ж.Шанин мұрасын жан-жақты қарастырды. “Өнер алды – қызыл тіл”, “Өнердің эстетикалық нысаны”, “Күретамыр”, “Айдын” кітаптарында драматургияның жанрлық-эстет. мәселелері, поэтика, стиль бедерлері сан қырынан танылған. Оның еңбектерінде М.Әуезов трагедияларындағы ішкі монолог құдіреті, тарихи желінің беріктігі, тіл айшығы, С.Сейфуллин драмаларындағы, І.Жансүгіров пьесаларындағы ақындық үрдіс сілемдері, әрекет, тартыс негізінде пернеленетін адамдық қасиеттер терең талданған (“Қазақ революциялық поэзиясы”, 1987). “Телағыс” монографиясында эстетика тарихы, әдебиеттанудың әдіснамасы, көркемдік әдіс, бейнелеу құралдары, аударма сипаты, т.б. қамтылған. Ол әдебиет пен өнер, эстетика, театр мәселелерін сөз ететін көптеген эссе, мақалалар топтамасын жазған. Л.Толстойдың “Әзәзіл” повесін, Н.Погодиннің “Салтанат жыры” пьесасын, А.Кешоковтың “Соңғы шақырым” драмасын, П.Брагиннің “17 жайлы хикая” повесін қазақ тіліне аударды. “Айдын”, “Телағыс”, “Қазақ революциялық поэзиясы” трилогиясы үшін Қазақстан Мемл. сыйл-н алған (1988).

Шығ.: Қазақ драматургиясының поэтикасы, А., 1973; М.Әуезов тағылымы, А., 1987; Ай қанатты арғымақ, А., 1990; Ахмет Байтұрсынов, А., 1990; Арқау, 2 т., А., 1991; Әуезов және Алаш, А., 1997; Вершины возвращенной литературы, А., 1998; Сырлы сөз, А., 2000; Айғақ, А., 2000; Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры, А., 2003.

Б. Майтанов, Ж. Әбілов