Қандастар Ассамблея

Павлодар облысының ауыл шаруашылығы мен энергетикасы

05.12.2012 9249
  Облыста ауыл шаруашылығына да көп мән беріледі. Өңірдің ауылшаруашылық алқаптарының ауданы 11,2 млн. га құрайды. Облыста негізгі өндірілетін дақыл – бидай болып табылады, ол егіс алқаптарының жартысынан көбінде егіледі. Егіс алқаптарының 15-17%-ға жуығы басқа дәнді дақылдарға тиесілі. Бұдан басқа, облыста картоп, көкөніс және бақша дақылдары өсіріледі. Павлодар облысы аумағында ауылшаруашылық өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығымен тең дәрежеде байқалады. Облыстың өсімдік шаруашылығы —2 түрде, бұл дәнді дақылдар, азықтық дақылдар мен көкөністі, сонымен қатар картофель, күнбағыс, рапс және зығырды өсіру. Басым ауылшаруашылық дақылдар: жаздық бидай, күздік қара бидай, қарақұмық, тары, арпа, сұлы,майлы, картофель, көкөніс және бақша, азықтық, көп жылдық бұршақты шөптер, жабық топырақты көкөністер болып табылады. Облыста мал шаруашылығы салалары, ет-сүт өнімдерінің өндірісі, құс шаруашылығы, сонымен қатар балық шаруашылығы мен орман шаруашылығы жеткілікті түрде дамыған.Облыста балық шаруашылығы мен балық аулау үшін балық шаруашылық су қоры мен жағымды жағдайлар жасалынған. Суаттардан жыл сайынғы балық аулау 120 тоннаны, Қ. Сәтбаев атындағы су қоймасынан— 90 тоннаны құрайды. Жергілікті 268 суаттар бар,178 табиғатты пайдаланушылармен, 90 — резервті қормен бекітілген. Павлодар облысы қауіпті егін шаруашылығы аймағында орналасқан, мында ауылшаруашылықтың дамуына арналған негізгі лимиттеуші жағдай сумен қамтамасыз ету тапшылығы болып табылады. Қолмен суарылмаған жағдайда өсірілген дақылдар су тапшылығын тартуда, картофель өндіру қиынға соғады, ал көкөніс өсіру тіптен мүмкін емес. Павлодар облысы астық өндіруге, ет-сүт бағытындағы ірі қара, ет-жүн бағытындағы қой, жылқы, шошқа, құс өсіруге маманданған. 2002 ж. барлық а. ш-на пайдаланылған жердің Аумағы 2,67 млн. га болды. Ауыл шаруашылығымен 3050 фермер айналысады. Олар 2002 ж. 2673 мың т. астық, 745,7 мың т. ет өндірді. 2002 ж. облыста 242,9 мың бас ірі қара, 185,7 мың бас қой мен ешкі, 48,3 мың бас шошқа, 48,1 мың бас жылқы, 624,1 мың бас үй құсы болды. Павладар темір жол вокзалының ескі орны Ауылшаруашылық өнімдерін қолмен суармай қайта өндеу бойынша басым жағдайды Павлодар қ. алып отыр, мында ірі қайта өндеу кәсіпорындары орналасқан: «РубиКОМ» ЖШС, «Золотой теленок» ЖШС, «ПХБК» ЖШС, «Сут» АҚ, «Павлодармолоко» АҚ, «КЭММИ» АҚ және басқалар. Облыс бойынша шұжық өнімдерін өндіру бойынша Павлодар қаласының үлестік салмағы 88,6%, сүт −84 %,ұн — 95%, макаронды өнімдер— 96%. Энергетика Облыстың энергетикасы келесі ірі кәсіпорындармен танылады: «Қазақстан Алюминийі» АҚ ТЭЦ Электростанцияда 350 МВт электр қуаты мен 1125 Гкал/сағ.жылу қуаты белгіленген 8 котлоагрегат мен 6 турбиналар орнатылған. ТЭЦ-2 «Павлодарэнерго» АҚ Электростанцияда 5 котлоарегат пен 3 турбоагрегат орнатылған. Белгіленген электр қуаты— 110 МВт, жылу — 392 Гкал/сағ. ТЭЦ-3 «Павлодарэнерго» АҚ Электростанцияда 6 котлоарегат пен 5 турбоагрегат орнатылған. Белгіленген электр қуаты — 440 МВт, жылу — 808 Гкал/сағ. «AES Экибастуз» ЖШС «AES Экибастуз» ЖШС — облыстың ең ірі электростанциясы, жұмыс істейтін блоктардың қуаты 2500 МВт құрайды. «Станция Экибастузская ГРЭС-2» АҚ Электростанцияда жалпы қуаты 1000 МВт 2 энергоблок орнатылған. «Еуроазиаттық энергетикалық корпорация» АҚ (Аксу электростанциясы) Электростанцияда жалпы қуаты 2100 МВт 7 энергоблоктар орнатылған. Облыста шығарылатын электроэнергияның көлемі аймақтың электр мұқтаждығынан анағұрлым жоғары. Павлодар облысының электростанциялары Қазақстан мен Ресейдің шектес аймақтарына электр жеткізуші болып табылады. Облыста электрберу желілері бойынша ауылдық аудандарды электрқамсыздандыруды іске асыратын 110 кВ үш энерготүйін қалыптасқан. Қазіргі кезде облыс аумағында жұмысқа қабілетті жабдықтың белгіленген жиынтық электр қуаты 6525 МВт бар 6 электростанциялары жұмыс істейді. Павлодар блысының барлық электростанциялары негізгі отын ретінде Екібастұз кен орнының КСНР-0.300. маркалы тас көмірін пайдаланады. 220—500 кВ электр қуатын беру желілері блоктық электростанцияларды Қазақстанның, Оралдың және Батыс Сібірдің аймақтық энерго жүйелерімен қосады. Облыс аумағымен 1150 кВ қуатты Барнаул-Екібастұз-Көкшетау-Челябинск бірегей желісі өтеді. Облыс аумағында 35 кВ пен одан да жоғары кернеуімен 7687 км электр қуатын беру желісі салынған. Іске асуы үшін орталығы Екібастұз қаласындағы жүйеаралық электр желілерінің Солтүстік филиалы құрылған 220—1150 кВ кернеуімен электр қуатын беру желісі «KEGOC» АҚ балансында. 110 кВ мен одан төмен кернеудегі электр желілері «Павлодарэнергосервис» АҚ — аймақтық энергокомпанияларында іске асырылады.  

 

Облыста ауыл шаруашылығына да көп мән беріледі. Өңірдің ауылшаруашылық алқаптарының ауданы 11,2 млн. га құрайды. Облыста негізгі өндірілетін дақыл – бидай болып табылады, ол егіс алқаптарының жартысынан көбінде егіледі. Егіс алқаптарының 15-17%-ға жуығы басқа дәнді дақылдарға тиесілі. Бұдан басқа, облыста картоп, көкөніс және бақша дақылдары өсіріледі.
Павлодар облысы аумағында ауылшаруашылық өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығымен тең дәрежеде байқалады. Облыстың өсімдік шаруашылығы —2 түрде, бұл дәнді дақылдар, азықтық дақылдар мен көкөністі, сонымен қатар картофель, күнбағыс, рапс және зығырды өсіру. Басым ауылшаруашылық дақылдар: жаздық бидай, күздік қара бидай, қарақұмық, тары, арпа, сұлы,майлы, картофель, көкөніс және бақша, азықтық, көп жылдық бұршақты шөптер, жабық топырақты көкөністер болып табылады. Облыста мал шаруашылығы салалары, ет-сүт өнімдерінің өндірісі, құс шаруашылығы, сонымен қатар балық шаруашылығы мен орман шаруашылығы жеткілікті түрде дамыған.Облыста балық шаруашылығы мен балық аулау үшін балық шаруашылық су қоры мен жағымды жағдайлар жасалынған. Суаттардан жыл сайынғы балық аулау 120 тоннаны, Қ. Сәтбаев атындағы су қоймасынан— 90 тоннаны құрайды. Жергілікті 268 суаттар бар,178 табиғатты пайдаланушылармен, 90 — резервті қормен бекітілген. Павлодар облысы қауіпті егін шаруашылығы аймағында орналасқан, мында ауылшаруашылықтың дамуына арналған негізгі лимиттеуші жағдай сумен қамтамасыз ету тапшылығы болып табылады. Қолмен суарылмаған жағдайда өсірілген дақылдар су тапшылығын тартуда, картофель өндіру қиынға соғады, ал көкөніс өсіру тіптен мүмкін емес.
Павлодар облысы астық өндіруге, ет-сүт бағытындағы ірі қара, ет-жүн бағытындағы қой, жылқы, шошқа, құс өсіруге маманданған. 2002 ж. барлық а. ш-на пайдаланылған жердің Аумағы 2,67 млн. га болды. Ауыл шаруашылығымен 3050 фермер айналысады. Олар 2002 ж. 2673 мың т. астық, 745,7 мың т. ет өндірді. 2002 ж. облыста 242,9 мың бас ірі қара, 185,7 мың бас қой мен ешкі, 48,3 мың бас шошқа, 48,1 мың бас жылқы, 624,1 мың бас үй құсы болды.
Павладар темір жол вокзалының ескі орны
Ауылшаруашылық өнімдерін қолмен суармай қайта өндеу бойынша басым жағдайды Павлодар қ. алып отыр, мында ірі қайта өндеу кәсіпорындары орналасқан: «РубиКОМ» ЖШС, «Золотой теленок» ЖШС, «ПХБК» ЖШС, «Сут» АҚ, «Павлодармолоко» АҚ, «КЭММИ» АҚ және басқалар. Облыс бойынша шұжық өнімдерін өндіру бойынша Павлодар қаласының үлестік салмағы 88,6%, сүт −84 %,ұн — 95%, макаронды өнімдер— 96%.
Энергетика
Облыстың энергетикасы келесі ірі кәсіпорындармен танылады:
«Қазақстан Алюминийі» АҚ ТЭЦ
Электростанцияда 350 МВт электр қуаты мен 1125 Гкал/сағ.жылу қуаты белгіленген 8 котлоагрегат мен 6 турбиналар орнатылған.
ТЭЦ-2 «Павлодарэнерго» АҚ
Электростанцияда 5 котлоарегат пен 3 турбоагрегат орнатылған. Белгіленген электр қуаты— 110 МВт, жылу — 392 Гкал/сағ.
ТЭЦ-3 «Павлодарэнерго» АҚ
Электростанцияда 6 котлоарегат пен 5 турбоагрегат орнатылған. Белгіленген электр қуаты — 440 МВт, жылу — 808 Гкал/сағ.
«AES Экибастуз» ЖШС
«AES Экибастуз» ЖШС — облыстың ең ірі электростанциясы, жұмыс істейтін блоктардың қуаты 2500 МВт құрайды.
«Станция Экибастузская ГРЭС-2» АҚ
Электростанцияда жалпы қуаты 1000 МВт 2 энергоблок орнатылған.
«Еуроазиаттық энергетикалық корпорация» АҚ (Аксу электростанциясы)
Электростанцияда жалпы қуаты 2100 МВт 7 энергоблоктар орнатылған. Облыста шығарылатын электроэнергияның көлемі аймақтың электр мұқтаждығынан анағұрлым жоғары. Павлодар облысының электростанциялары Қазақстан мен Ресейдің шектес аймақтарына электр жеткізуші болып табылады. Облыста электрберу желілері бойынша ауылдық аудандарды электрқамсыздандыруды іске асыратын 110 кВ үш энерготүйін қалыптасқан. Қазіргі кезде облыс аумағында жұмысқа қабілетті жабдықтың белгіленген жиынтық электр қуаты 6525 МВт бар 6 электростанциялары жұмыс істейді. Павлодар блысының барлық электростанциялары негізгі отын ретінде Екібастұз кен орнының КСНР-0.300. маркалы тас көмірін пайдаланады. 220—500 кВ электр қуатын беру желілері блоктық электростанцияларды Қазақстанның, Оралдың және Батыс Сібірдің аймақтық энерго жүйелерімен қосады. Облыс аумағымен 1150 кВ қуатты Барнаул-Екібастұз-Көкшетау-Челябинск бірегей желісі өтеді. Облыс аумағында 35 кВ пен одан да жоғары кернеуімен 7687 км электр қуатын беру желісі салынған. Іске асуы үшін орталығы Екібастұз қаласындағы жүйеаралық электр желілерінің Солтүстік филиалы құрылған 220—1150 кВ кернеуімен электр қуатын беру желісі «KEGOC» АҚ балансында. 110 кВ мен одан төмен кернеудегі электр желілері «Павлодарэнергосервис» АҚ — аймақтық энергокомпанияларында іске асырылады.
 

Ұқсас материалдар