Қандастар Ассамблея

Павлодар облысындағы байланыс және БАҚ, туризм

05.12.2012 2979
  Павлодар облысында келесі байланыс түрлері бар: пошта және шабарман байланысы, телекоммуникациялық (оның ішінде телефондық, телеграфтық, факсималды, телевизиялық, радиобайланыс, Интернет), мобильді байланыс. «Казпочта» АҚ Павлодар облыстық филиалы пошта байланысының 12 нүктесі бар, оның ішінде 10 пошта байланысының аудандық нүктелері (ПБАН), 2 қалалық пошта нүктесі Ақсу және Екібастұз қалаларында, пошта байланысының 29 қалалық бөлімі (ПБҚБ), 104 пошта байланысының ауылдық бөлімі (ПБАБ), сонымен қатар пошта байланысының 113 пункті бар. Облыс бойынша пошташылардың штаты 228 адамды құрайды, оның ішінде Павлодар қаласы бойынша 71. Көп қызметтерімен бірге «Казпошта» «EMS-Kazpost» жедел пошта қызметін ұсынады, бұл қызмет арқылы бүкіл әлем бойынша жедел түрде хат-хабар жеткізеді. Павлодар облысы филиалы KРILS жаңа технологиясын тиімді қолданады, бұл жөнелтушіден алушыға дейін пошта жөнелтілімдерінің өту жолын бақылауға мүмкіндік береді. Облыстағы телекоммуникациялық байланысты «Қазақтелеком» АҚ Павлодар облысы бойынша телекоммуниация дирекциясы, «Қазақстан» РТРК АҚ Павлодар облысы филиалы және басқа да республикалық және облыстық деңгейдегі теле- и радиоарналар қамтамасыз етеді. Облыста дүниежүзі бойынша ірі IP-телефония (интернет-телефония), қалааралық және халықаралық телефон байланысы, жергілікті телефон байланысы, мобильді телекоммуниациялық байланыс (жылжымалы радио/ радиотелефондық, транкингтік және пейджингтік байланыс), сонымен қатар мәліметтерді жіберу қызметін ірі жеткізушілердің филиалдары қызмет етеді. Мобильді ұялы байланыс операторлары «Алтел» АҚ, GSM Қазақстан ЖШС, «Казахтелеком» БАҚ және «КаР-Тел» ЖШС болып табылады Туризм Қазіргі кезде Павлодар облысында туристтік қызметті ісе асыруға рұқсат қағазы бар 72 туристтік ұйым тіркелген және қызмет етеді. Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи бағында тұрғын орнын, қайық, катамаран, экскурсияға арналған автобус, жазғы кезеңге айналған мәдениет шараларын ұсынумен 35 демалыс үйі бар, оның ішінде 28 – Жасыбай көлінде, 5 – Сабындыкөл көлінде, 2 – Торыайғырда және 2 балалар лагері тіркелген. Қазіргі таңда ұлттық бақ аумағында 37 археологиялық ескерткіш, табиғат ескерткіштері мен көрсету орындары бар. Туризмді дамыту мақсатында бақ аумағында 208,5 км ұзындықтағы және 1 ботаникалық орман жолымен 11 туристтік бағыттар әзірленіп, бекітіліген. Облыс өз емдік орындарымен де бай. Павлодар қ. Солүстік-шығысында емдік-сауықтыру орны – «Мойылды» санаторийі орналасқан. Мойылды өзені мен оның сазының емдік қасиеттері туралы Ертіс өңірінің халқы бұрыннан білген. Павлодар облысының шығыс жағында Ертісің оң жағалауында ««Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» ММ бар. Шекарасының ұзындығы 556 км. «Ертіс орманы» МОТР екі филиалдан тұрады – Шалдай (ауданы 143247 га, орталығы Шарбақты ауданының Шалдай ауылы), Бесқарағай (ауданы134714 га, орталығы Лебяжі ауданының Шақа ауылы) және 16 орман шаруашылығы. Аумақ «ерекше бағалы орман массивтері» сақтаудың бір санатымен ұсынылған. Шығыс-қазақстан және жартылай Павлодар облысы - Қазақстан бойынша мұз кезеңінен бері сақталынған жолақты қарағай ормандары бар жалғыз облыстар болып табылады. Ертіс өзенінің оң жағасында Республикалық маңызды «Қаздар ұшуы» атты табиғи Палеонтологиялық ескерткіш бар. Осыдан 7-10 млн жыл бұрын өмір сүрген неогендік қазба жануарлардың – гиппарионның, көріктің, мүйізтұмсықтың, азу тісті жолбарыстардың және т.б. көмінділері 6-8 м тереңдікте жатыр. Гиппариондық фаунаның көмінділері Еуразия бойынша ірі болып табылады. Болашақта ескерткіш орнында палеонтологиялық бақ пен қазба павильонды құру жоспарланған. Палеонтологиялық бақ пен қазба павильонын құру ғылым үшін қажет бірегей ескерткішті сақтап қалуға ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның өзге аймақтары мен шетел туристтерін тартуға, сол арқылы аймақтың туристтік және экономикалық жағдайын көтеруге мүмкіндік береді.  

 

Павлодар облысында келесі байланыс түрлері бар: пошта және шабарман байланысы, телекоммуникациялық (оның ішінде телефондық, телеграфтық, факсималды, телевизиялық, радиобайланыс, Интернет), мобильді байланыс.
«Казпочта» АҚ Павлодар облыстық филиалы пошта байланысының 12 нүктесі бар, оның ішінде 10 пошта байланысының аудандық нүктелері (ПБАН), 2 қалалық пошта нүктесі Ақсу және Екібастұз қалаларында, пошта байланысының 29 қалалық бөлімі (ПБҚБ), 104 пошта байланысының ауылдық бөлімі (ПБАБ), сонымен қатар пошта байланысының 113 пункті бар. Облыс бойынша пошташылардың штаты 228 адамды құрайды, оның ішінде Павлодар қаласы бойынша 71.
Көп қызметтерімен бірге «Казпошта» «EMS-Kazpost» жедел пошта қызметін ұсынады, бұл қызмет арқылы бүкіл әлем бойынша жедел түрде хат-хабар жеткізеді. Павлодар облысы филиалы KРILS жаңа технологиясын тиімді қолданады, бұл жөнелтушіден алушыға дейін пошта жөнелтілімдерінің өту жолын бақылауға мүмкіндік береді.
Облыстағы телекоммуникациялық байланысты «Қазақтелеком» АҚ Павлодар облысы бойынша телекоммуниация дирекциясы, «Қазақстан» РТРК АҚ Павлодар облысы филиалы және басқа да республикалық және облыстық деңгейдегі теле- и радиоарналар қамтамасыз етеді.
Облыста дүниежүзі бойынша ірі IP-телефония (интернет-телефония), қалааралық және халықаралық телефон байланысы, жергілікті телефон байланысы, мобильді телекоммуниациялық байланыс (жылжымалы радио/ радиотелефондық, транкингтік және пейджингтік байланыс), сонымен қатар мәліметтерді жіберу қызметін ірі жеткізушілердің филиалдары қызмет етеді. Мобильді ұялы байланыс операторлары «Алтел» АҚ, GSM Қазақстан ЖШС, «Казахтелеком» БАҚ және «КаР-Тел» ЖШС болып табылады
Туризм
Қазіргі кезде Павлодар облысында туристтік қызметті ісе асыруға рұқсат қағазы бар 72 туристтік ұйым тіркелген және қызмет етеді. Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи бағында тұрғын орнын, қайық, катамаран, экскурсияға арналған автобус, жазғы кезеңге айналған мәдениет шараларын ұсынумен 35 демалыс үйі бар, оның ішінде 28 – Жасыбай көлінде, 5 – Сабындыкөл көлінде, 2 – Торыайғырда және 2 балалар лагері тіркелген. Қазіргі таңда ұлттық бақ аумағында 37 археологиялық ескерткіш, табиғат ескерткіштері мен көрсету орындары бар. Туризмді дамыту мақсатында бақ аумағында 208,5 км ұзындықтағы және 1 ботаникалық орман жолымен 11 туристтік бағыттар әзірленіп, бекітіліген. Облыс өз емдік орындарымен де бай. Павлодар қ. Солүстік-шығысында емдік-сауықтыру орны – «Мойылды» санаторийі орналасқан. Мойылды өзені мен оның сазының емдік қасиеттері туралы Ертіс өңірінің халқы бұрыннан білген. Павлодар облысының шығыс жағында Ертісің оң жағалауында ««Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» ММ бар. Шекарасының ұзындығы 556 км. «Ертіс орманы» МОТР екі филиалдан тұрады – Шалдай (ауданы 143247 га, орталығы Шарбақты ауданының Шалдай ауылы), Бесқарағай (ауданы134714 га, орталығы Лебяжі ауданының Шақа ауылы) және 16 орман шаруашылығы. Аумақ «ерекше бағалы орман массивтері» сақтаудың бір санатымен ұсынылған. Шығыс-қазақстан және жартылай Павлодар облысы - Қазақстан бойынша мұз кезеңінен бері сақталынған жолақты қарағай ормандары бар жалғыз облыстар болып табылады. Ертіс өзенінің оң жағасында Республикалық маңызды «Қаздар ұшуы» атты табиғи Палеонтологиялық ескерткіш бар. Осыдан 7-10 млн жыл бұрын өмір сүрген неогендік қазба жануарлардың – гиппарионның, көріктің, мүйізтұмсықтың, азу тісті жолбарыстардың және т.б. көмінділері 6-8 м тереңдікте жатыр. Гиппариондық фаунаның көмінділері Еуразия бойынша ірі болып табылады. Болашақта ескерткіш орнында палеонтологиялық бақ пен қазба павильонды құру жоспарланған. Палеонтологиялық бақ пен қазба павильонын құру ғылым үшін қажет бірегей ескерткішті сақтап қалуға ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның өзге аймақтары мен шетел туристтерін тартуға, сол арқылы аймақтың туристтік және экономикалық жағдайын көтеруге мүмкіндік береді.
 

Ұқсас материалдар