Қандастар Ассамблея

Өсім мәселесі

05.12.2012 6349
  А.Қасымов     Ислам діні өсімқорлық  үлкен күнәға  жатқызып, өсім  алуға тыйым салған.    Құранда:    «Аллаһ өсімді жояды да сауданы арттырады. Әрі Аллаһ барлық қарсы келуші  күнәһарды  жақсы  көрмейді» (Бақара, 276) – делінген.    Алдымен, өсім жеудің неліктен харам болғанына тоқтала  кетелік.Исламнан бұрынғы  жаһтлиет заманда  өмір сүрген  арабтар мен оларға көршілес халықтар арасында өсімқорлық  өте кең  етек  жайған үрдіс болатын.Ақиқатында, өсімқорлықтың қоғам мен оның  мүшелеріне зияны өте көп.Сондықтан, оны Ислам  діні  харамға  жатқызды.   Өсімқорлық  араб тілінде «риба» деп аталады. Құранда да  осы тирмин  қолданылған. Оның сөздік  мағынасы: арту, көбею.Шариғи мағынасы: қарызға берілген ақшаны кақыты келгенде артығымен алу немесе әлдебір заты қарызға  беріп, құнын  уақытында өтей  алмағандықтан, тағы қасымша уақыт беріп, сол уақыт келгенле құнын артығымен алу.    Ханафи мәзһабында: Өсім-бір затты  екінші бір затпен  айырбастарда, бірін артығымен  алу.    Ғұламалардың сөзіне қарағанда, Аллаһ Тағала өсімқорлықтан  бірден  емес, сатылы түрде қайтарған.    Құранда:    «Сендердің  адамдардың малына берген өсімдердің  Аллаһтың  қасында  өспейді.Аллаһтың  ризалығын тілеп  берген  зекеттерің  өседі.Ал сонда, міне солар артықша  сауапқа бөленушілер» (Рум, 39) делінген.      Өсімқорлықтан тыйған осы аят Меккеде иман мен тәрбиенің  іргесі қаланып жатқан  кезеңде  түсті.Аят, өсімді  тікелей  харам етпей, өсімқорлықтың  жағымсыз және берекеті жоқ  екендігін  ғана ескертіп, астарлы түрде  қайтаруда.    Құранда:     «Сонда  яһудилердің  зұлымдықтарының  және  көптеген адамдарды  Аллаһтың  жолынан тосулары салдарынан оларға  халал етілген  көптеген жақсы  нәрселерді оларға  арам қылдық  және де  оларға тыйым салынған  бола  тұра өсім алулары және адамдардың  малдарын  орынсыз  жеулері» (Ниса 160 161) – деп айтылған.    Яһудидініндегілерге  бұрын  өсім харам етілгенімен, олар өсімді  халал деп, өсімқорлықтан  тыйылмаған  болады.Мәдинада  түскен  бұл  аят  олардың  осы  себепті  көптеген азапқа душар болғандықтарын  айта отырып, өсімнің  харам екендігіне  назар аудартқан.    Құранда:    «Әй, мүминдер! Үсті-үстіне  өсім  жемеңдер, Аллаһтан қорқыңдар.Әрине  құтыласыңдар» (Әли Имран,130) – деп айтылған.   Бұл өсімқорлықтан  қайтарған   үшінші  аят.   Құранда:    «Сондай өсім  жегендер (қабірлерінен)  жын соғып  тұрғандай  есенгіреп  тұрады.Бұл олардың: «Сауда  да  бейне  бір  өсім  сияқты  дегендіктерінің  салдарынан.Негізгі  Аллаһ сауданы  халал, өсімді  харам еткен.Сонда  кім Раббынан насихат келгенде  тыйылса, өйткені өтіп  кетті.Оның ісі Алаһқа  тән.Ал және  кім қайталаса, міне солар тозақтық.Олар  онда  мәңгі қалады.Аллаһ  өсімді  жояды да  сауданы арттырады.Әрі Аллаһ барлық  қарсы  келуші  күнәларды  жақсы  көрмейді» (Бақара 275-276).     Өсімқорлықтан  тыйған  бұл аят  арқылы Аллаһ құлдарын одан тек қайтарып қоймай, өсімқорларды  ауыр жаза  күтіп тұрғанын ескертіп,  нақты  түрде оны  харам етеді.    Пайғамбарымыз да өсімнен тыйған.    Ол өзінің бір хадисінде: «Аллаһ Тағала өсімқорларды, өсімге  зат алушыларды және оның куәгерлері  мен  қағаз бетіне түсінушілерді лағынеттейді» - деген.(Ибн Масғудтан Әбу Дәуіт риуаят еткен).    Тағы  бір хадисінде: «...оның ең жеңіл дегені еркектің өз анасымен үйлену  (ауырлығы) іспетті..», деп, өсімнің  ең жеңілін өзі  де, өз анасымен үйленгеніннің күнәсімен тең  екендігін ескерткен. (Ибн Мажа, «Сунан», Ибн Масғудтан  риуаят  етілген хадис).  

 

А.Қасымов
    Ислам діні өсімқорлық  үлкен күнәға  жатқызып, өсім  алуға тыйым салған.
   Құранда:
   «Аллаһ өсімді жояды да сауданы арттырады. Әрі Аллаһ барлық қарсы келуші  күнәһарды  жақсы  көрмейді» (Бақара, 276) – делінген.
   Алдымен, өсім жеудің неліктен харам болғанына тоқтала  кетелік.Исламнан бұрынғы  жаһтлиет заманда  өмір сүрген  арабтар мен оларға көршілес халықтар арасында өсімқорлық  өте кең  етек  жайған үрдіс болатын.Ақиқатында, өсімқорлықтың қоғам мен оның  мүшелеріне зияны өте көп.Сондықтан, оны Ислам  діні  харамға  жатқызды.
  Өсімқорлық  араб тілінде «риба» деп аталады. Құранда да  осы тирмин  қолданылған. Оның сөздік  мағынасы: арту, көбею.Шариғи мағынасы: қарызға берілген ақшаны кақыты келгенде артығымен алу немесе әлдебір заты қарызға  беріп, құнын  уақытында өтей  алмағандықтан, тағы қасымша уақыт беріп, сол уақыт келгенле құнын артығымен алу.
   Ханафи мәзһабында: Өсім-бір затты  екінші бір затпен  айырбастарда, бірін артығымен  алу.
   Ғұламалардың сөзіне қарағанда, Аллаһ Тағала өсімқорлықтан  бірден  емес, сатылы түрде қайтарған.
   Құранда:
   «Сендердің  адамдардың малына берген өсімдердің  Аллаһтың  қасында  өспейді.Аллаһтың  ризалығын тілеп  берген  зекеттерің  өседі.Ал сонда, міне солар артықша  сауапқа бөленушілер» (Рум, 39) делінген.
     Өсімқорлықтан тыйған осы аят Меккеде иман мен тәрбиенің  іргесі қаланып жатқан  кезеңде  түсті.Аят, өсімді  тікелей  харам етпей, өсімқорлықтың  жағымсыз және берекеті жоқ  екендігін  ғана ескертіп, астарлы түрде  қайтаруда.
   Құранда:
    «Сонда  яһудилердің  зұлымдықтарының  және  көптеген адамдарды  Аллаһтың  жолынан тосулары салдарынан оларға  халал етілген  көптеген жақсы  нәрселерді оларға  арам қылдық  және де  оларға тыйым салынған  бола  тұра өсім алулары және адамдардың  малдарын  орынсыз  жеулері» (Ниса 160 161) – деп айтылған.
   Яһудидініндегілерге  бұрын  өсім харам етілгенімен, олар өсімді  халал деп, өсімқорлықтан  тыйылмаған  болады.Мәдинада  түскен  бұл  аят  олардың  осы  себепті  көптеген азапқа душар болғандықтарын  айта отырып, өсімнің  харам екендігіне  назар аудартқан.
   Құранда:
   «Әй, мүминдер! Үсті-үстіне  өсім  жемеңдер, Аллаһтан қорқыңдар.Әрине  құтыласыңдар» (Әли Имран,130) – деп айтылған.
  Бұл өсімқорлықтан  қайтарған   үшінші  аят.
  Құранда:
   «Сондай өсім  жегендер (қабірлерінен)  жын соғып  тұрғандай  есенгіреп  тұрады.Бұл олардың: «Сауда  да  бейне  бір  өсім  сияқты  дегендіктерінің  салдарынан.Негізгі  Аллаһ сауданы  халал, өсімді  харам еткен.Сонда  кім Раббынан насихат келгенде  тыйылса, өйткені өтіп  кетті.Оның ісі Алаһқа  тән.Ал және  кім қайталаса, міне солар тозақтық.Олар  онда  мәңгі қалады.Аллаһ  өсімді  жояды да  сауданы арттырады.Әрі Аллаһ барлық  қарсы  келуші  күнәларды  жақсы  көрмейді» (Бақара 275-276).
    Өсімқорлықтан  тыйған  бұл аят  арқылы Аллаһ құлдарын одан тек қайтарып қоймай, өсімқорларды  ауыр жаза  күтіп тұрғанын ескертіп,  нақты  түрде оны  харам етеді.
   Пайғамбарымыз да өсімнен тыйған.
   Ол өзінің бір хадисінде: «Аллаһ Тағала өсімқорларды, өсімге  зат алушыларды және оның куәгерлері  мен  қағаз бетіне түсінушілерді лағынеттейді» - деген.(Ибн Масғудтан Әбу Дәуіт риуаят еткен).
   Тағы  бір хадисінде: «...оның ең жеңіл дегені еркектің өз анасымен үйлену  (ауырлығы) іспетті..», деп, өсімнің  ең жеңілін өзі  де, өз анасымен үйленгеніннің күнәсімен тең  екендігін ескерткен. (Ибн Мажа, «Сунан», Ибн Масғудтан  риуаят  етілген хадис).
 

Ұқсас материалдар