Қандастар Ассамблея

Нұра ауданы

18.02.2014 7357
Нұра ауданы – Қарағанды облысының солтүстік-батысындағы әкімшілік бөлік. 1928 жылы құрылған. 1923 – 28 жылдары Ақмола уезінің Нұра болысы болып аталған.

Нұра ауданы – Қарағанды обл-ның солт.-батысындағы әкімшілік бөлік. 1928 ж. құрылған. 1923 – 28 ж. Ақмола уезінің Нұра болысы болып аталған. Жер аум. 46,3 мың км2. Тұрғыны 32,6 мың адам (2004). Н. а-нда 2 кент, 25 ауылдық округ, 198 ауылдық елді мекен бар. Орт. – Киевка кенті. Н. а. Сарыарқаның батыс бөлігінде, қуаң дала және шөлейт белдемдерінде орналасқан. Жері орташа биікт. 300 – 600 м-ден аспайтын бел-белесті, төбелі, ұсақ шоқылы болып келеді. Солт-ндегі Теңіз – Қорғалжын ойысына қарай бірте-бірте аласара береді. Жер қойнауында тас көмір, темір, марганец, мыс, қорғасын, мырыш, алтын, күміс, вермикулит, висмут, құрылыс материалдары кездеседі. Климаты континенттік, қысы ұзақ, суық, қары аз (20 см). Қаңтар айының орташа темп-расы –16 – 17ӘС (абс. минимумы –41ӘС). Жазы қоңыржай ыстық, қуаң. Шілденің орташа темп-расы 20 – 22ӘС (абс. максимумы 40ӘС). Жылдық жауын-шашын мөлш. 250 – 350 мм. Аудан жерімен Нұра, Құланөтпес, Қыпшақ, Керей, Көң өзендері және олардың көптеген салалары ағады. Үлкен көлдері: Қыпшақ (Әжібек соры), Керей, Шошқакөл, Тассуат, Саумалкөл, Ащысор, Жалпақсор, Жалтыркөл, Изенді, Қырауқамыс, Қаратай, т.б. Солт. бөлігінің топырағы сортаң және карбонатты қызғылт қоңыр, қоңыр болып келеді. Оңт. бөлігінде нашар дамыған қиыршықтасты сортаңды бозғылт қоңыр топырақ қалыптасқан. Нұра өз-нің аңғарында шалғындық топырақ кездеседі. Солт-нде итмұрын, қараған, тобылғы, қылқанбоз және тарақ селеу, бетеге, сұлыбас, жусан және қуаң дала белдеміне тән шөптер өседі; оңт. бөлігінде қара жусан, көкпек, бұйырғын және шөлейт белдемге бейімделген өсімдіктер басым. Өзен аңғарларында, көл жағаларында әр түрлі шөптер мен астық тұқымдас өсімдіктер, қамыс, қоға өседі. Жабайы жануарлардан ақ бөкен, арқар, елік, қасқыр, түлкі, қарсақ, борсық, ақ қоян, ор қоян, суыр, ақкіс, сасық күзен, атжалман, сарышұнақ, шақылдақ тышқан кездеседі. Өзен, көл маңында жабайы шошқа, ондатр, құстардан құр, тырна, дуадақ, үйрек, қаз, т.б. су құстары мекендейді. Көлдерінде мөңке, оңғақ, лақа, торта, шортан, алабұға, аққайран т.б. балықтар бар. Ауданда негізінен қазақтар (67,4%), орыстар (14,6%), украиндар (6,4%), беларусьтер (1,9%), немістер (5,7%), т.б. ұлт өкілдері (3,9%) тұрады. Халық өте сирек қоныстанған. Тығыздығы 1 км2-ге шаққанда 0,7 адамнан келеді. Батыс бөлігінде одан да аз. Ірі елді мекендері: Баршын (1,4 мың адам), Казгородок (1,5), Черниговка (1,6), Заречное (1,6), Энтузиаст (1,7), Майоровка (1,8). Шұбаркөлде “Халықаралық көмір технологиясы” ЖАҚ-ы тас көмір өндіреді. Өндіріс орындарынан 2 сүт пен нан з-ттары, 3 астық қабылдайтын орын, құрылыс және автокөлік кәсіпорындары бар. Ау-дандық қызмет көрсету комб. жұмыс істейді. А. ш-мен 482 ұйымдастық шұғылданады (2003). Олардың 446-сы шаруа қожалықтары, қалғандары ӨК, АҚ, ЖШС-тер. А. ш-на жарамды жері (2004): 4178,7 мың га, оның егістігі – 448,1 мың га, шабындығы 114,3 мың га, жайылымдық жері – 3616,4 мың га. Егіс аум.  256,6 мың га (2004), оның 256,2 мың га-сына дәнді дақылдар, 0,3 мың га-сына картоп, 0,1 мың га-сына көк­өніс егіледі. Шаруашылықтың барлық түріндегі: ірі қара – 32,5 (облыс­тағы барлық ірі қараның 9,0%-ы), қой мен ешкі – 48,0 (облыстағы барлық қой мен ешкінің 6,3%-ы), жылқы – 11,5 (облыстағы барлық жылқының 10,4%-ы), шошқа – 14,7, құс – 55,5 мың бас (2004). Ауданда 1 балабақша, 49 мектеп, 2 аурухана, 16 амбулатория мен емхана, 1 клуб, 34 кітапхана бар. Аудан жерімен Астана – Киевка – Қарағанды, Осакаровка – Киевка – Баршын автомоб. жолдары өтеді.

С. Әбдірахманов