Қандастар Ассамблея

Айғыр қою

05.12.2012 6603
  Айғыр қою - жылқының құтпанын аталық ретінде тандауға байланысты жасалатын рәсім. Айғыр қоюға тандалған құлынды жас кезінен таңдап, оның жалы, шоқтығы, құйрығына қол тигізбейді, яғни оны күзеп, кеспейді. Қол тигізсе киесі басылады, жал құйрығын күзеп тастаса сұсы қайтады-мыс. Әуелі, айғыр қоятын құлынды табатын бірнеше биені таңдайды: сыны келіскен жасамыс биеге алыстан басқа бөгденің үйірінен әкеліп салған сыны мен бабы келіскен айғырды әкеліп салады. Ол айғырға қалыптасқан жосын бойынша ақтық байлап, иесіне кәде береді. Реті болса, құлынның енесіне әдейілеп іш тастатып, алдағы қыста қысыр етеді. Ол үшін таңдалған биені қыстың сары аязында терлетіп, суық су мен суарып, таң асырып әдейі құлын тастатады. Келер қысында туған еркек құлындар арасынан таңдалған құлынды арда емізеді немесе басқа биеге телі емізеді. Құнанында жүген құрық тигізбейді, дөненіңде көктемде жуасытып үйретіп жібереді. Осылайша, айғыр қоятын құлынды шаңырақ иесінің тән меншік тума еркек құлындардың арасынан таңдап алынады. Айғыр қоюды алдымен оның түр-түсі де ескеріледі. Қазақы ортада көкмойын, құла, қарагер көбірек таңдалады. Ал ала түс дәстүр бойынша өзіне біткен жылқының саны жүзден асса қара түсті Айғыр қоюға рұқсат етілген. Айғыр қоятын сәуіріктің сыртқы сымбаты келісті болу керек: басы етсіз, дене тұрқы тегіс, сіңірлі, бұлшық еті мығым, құйрық-жалы қою, шоқтығы биік, қабырғасы етті, әрі адырайған, шығыңқы, жоны тақтайдай тегіс, алқапты, ұша тұсы сәл бүкіс, сирағы жуантық, бұты талтақ, құрсағы салыңқы болса ол алғашқы сыннан өтеді. Үш шоқысы (шүйде, шоқтық, шонданайы осы үшеуге солай атайды) байлап қойған кезде бір деңгейде жатқан түзу, ауыз омыртқа шығыңқы, тірсегі төмен, кеуделі, төсі кең, бойшаң, жалы міндетті түрде қамшылар жағына жығылған болуы керек. Онан кейін жеке сынына келеді: айғыр қоятын сәурік кең маңдайлы, қамыс құлақ (ұзын) танау тесігі кең, сағағы тік, қабағы қалың, кірпігі сояулы ұзын, көз жанары үлкен, тұяғы сом, тісі жуан, терісі кең, ұмасы үлкен, көлемі тең, үйірсек, мініске қолайлы, көнбіс болуы шарт. Егер өн-бойында жүннің үйысқан орайы көп болса жақсы айғыр болудың нышаны деп есептелген. Дәстүрлі тәжірибе мен сенімде ондай орайдың сағақ, алқым тұсында оңға ширатылған көп орайлысы мықты айғырдың нышаны дейді. Толарсақ иілген садақтай болып тұрса, төмендеу келген, яғни бота тірсек болса айғыр қуатты, қайратты деп есептейді. Тағы бір ескере нәрсе, құйрық түбі жуан болған сайын қайраттылықтың белгісіне саналады. Керісінше құйрық түбі жіңішке болса әлсіз болады. Жалы мінер жағына жығылған жылқыны жаман ырымға жорып, мінбейді, бәйгеге қоспайды. Таңдалып алынған сәурікке алдымен 3-5 байтал қосып «бел қызығын» көрсетеді. Сол кездегі биеге шабуы, үйірді қайтару кезіндегі мінез-құлқын байқайды: қызба, күйгелек мінездісін жаратпайды. Егер үйірді жақсы қайырса, және басқа саяқ жылқылар жібергенде бөтен сәурікке қарсы тұрып, үйірді қызғанса жақсы айғыр болудың нышанына саналады. Айғыр қою рәсімі өзіндік қалыптасқан ережемен жүріледі: сәуріктің сауырына сары май жағып, «Иә, жарықтық-ай, бауырың өссін!» деп игі тілек тілеп. шоқтығына дұғалық тұмар, құйрығына жеті тал үкі байлап, үйірге қосады. Айғыр қоярда: Жылқышы ата, жирен сақал, Айғырыңыз арынды болсын, Үйірге қайырымды болсын, Бауыры құт болсын!' - деп бата айтады. Осылай айғыр қойған соң жастау биелер мен қысырақтан кемі бес, арысы он екі-он үштен кем емес етіп топтап, үйір салып, сәурік айғырдың шабуына мүмкіндік жасайды. Егер үйірде жаңадан қойылған айғырдың өзінің туған енесі немесе бір енеден туған енелес биелер болса оны бөліп, басқа үйірге қосады. Себебі, айғырдың ерекше инстинкті сол, оны қазақтар бүкіл мал атаулының ішінде өзінің тумасына, енесіне, енелесіне шаппайтын есті жануар деп бағалайды. Жаңадан салынған үйірге басқа айғыр шапқан бие болмауын қадағалайды. Болған күннің өзінде айғыр оны қуалап, үйірден аластап тастайды. Малдың табиғи ортамен үйлесімі, физиологиялық жай-күйі, ауа райы құбылыстарына сезімталдық танытанын ерекшелігі көбіне тұқым қуалаушылыққа негізделеді деп есептейді. «Айғырды неден салсаң үйірді сонан мінесің», «Мал нәсіліне қарай өседі, егін ұрығына қарай бітеді», «Байсалды айғырдың үйірін aт жақтайды», «Айғыр қойсаң үндіден қой, қошқар қойсаң жүндіден қой» деп келетін көптеген паремиологизмдер осыны аңғартады. Жылқы түлігінің аталығы, үйірдің құтпаны. Жыныс қуаты жетілген, піштірілмегендіктен айғыр тынышсыз болады және шайланып семірмейді. Еркек жылқының жыныс қабілеті тай-құнанында жетіле бастағанымен, оны дөнен (бұл қазақта төрт жасқа саналады) жасқа толмай, белі жетілмеді деп үйірге салмайды. Айғыр суыққа төзімді келеді. Аязды боран күндері үйірін ықтасынға қарай бастап иіреді. Үйірін ит-құстан қорғағанда айырықша батылдық көрсетеді. Мықты, күшті айғырлар үйірін әдетте ит-құсқа алдырмайды. Айғыр аса төзімді, әрі есті мал деп саналады. Қазақы жылқының (қазанат, жабы тұқымының) айғырлары енесі мен өзінен ерген құлынын үйірінен қуып, шығарып жібереді. Яғни қандас жақын ұрғашы жылқыларға шаппайды. Айғыр лайықты сымбаты мен түр-тұлғасы, мінезі келіскенін таңдап қояды. Қазақы ортада ең қадірлі түлікке саналатын жылқының құтпаны айғырға қатысты сан алуан ғұрыптар мен ырымдар дәстүрлі наным-сенімдегі өркендеу идеясына негізделеді. Қазақтың тіршілік циклына қатысты ғұрыптарда айғырдың араласатын тұстары көп: айталық, босанатын әйел «марту» басып қиналса толғағын жеңілдету үшін көрші ауылдың айғырын әкеліп көрсетеді (С.Сейфуллин). М.Ибрагимовтың мәліметі бойынша, толғатып жатқан әйелдің көкірегіне айғырдың тұмсығын тигізетін болған. Толғақты жеңілдету үшін үйдің сыртына жылқы үйірін әкеліп иіру, тасырлатып шаптыру және ішінен айғырды ұстап жүгендеп, маңдайшасын алған есіктен үйге енгізіп көрсету тәрізді шаралар Алтай қазақтарында XX ғасыр екінші ширегінде де атқарылған. Көптеген түркі халықтарындағыдай қазақтарда сол шаңырақтың, әулеттің құты үйірдегі айғырдың жалында байланып жүреді деп сенеді. Соған байланысты, қазақта айғырдың жалына қол тигізу шаңырақтың құт-берекесін қашырады деп ырым еткен. Айғырдың жалын күзесе күші қайтады деп оған қол тигізіп, қырықпайды. Жылқыға өлік артпаған. Ертеректе ең тандаулы деген айғырды ауруды емдеуге де пайдаланған. Мәселен, Алматы облысының тұрғыны қаңлы руынан шыққан Ержұма деген бақсының «көтеріліп ауырган» келіншекті айғырға мініп алып айнала жүріп емдегені жайында айтылады. Ел жайлауға шыққан соң желі тартып, алғаш бие байлағанда үйірдің бастаушысы айғырдың сауырына май жағылады, қымызмұрындық ғұрпында айғырдың маңдайына қымыз тамызады. Бұл - үйірдің төлі көбейсін және ақ мол болсын деген тілектің нышаны. Айғырдың мінезіне, түр-түсіне қарай қойылған атаулары өте көп. Құр айғыр - өмірі ұсталмаған, мініс көрмеген, шу асау; құтпан айғыр -үйіріне жайлы, жуас, байлық басы есептелетін мал. Сәуірік айғыр - жаңа үйір ала бастаған айғыр. Айғырды дұрыс таңдамаса тұқым бермейтін белсіз, бие тоқтамайтын сыңар енді және шартық сияқты кінараттары болады деп есептейді. Айғырлар жасы мен шаруашылық талаптарына қарай бөлінеді: сәуірік үйірге енді қосылатын жас айғыр; шартық немесе сыңар аяқ - ауру менжарақаттан, әлдебір белгісіз тұқым қуалаушылықтан кінаратқа тап болғандар; азбан айғыр - шау тартып, ақталанып, үйірге салудан қалғаны; бауыры құт айғыр - көп тұқым алынатын құтты саналатын өсімталы. Айғыр мінезіндегі осал жақтары: шақар, шайнағыш, асау, таласқыш тәрізділері болса ондай жағымсыз қылықтар мал тққымына әсер етеді деген ұстаным бойынша оны алмастыруға көшеді. Үйірге айғыр қосқанда үйірге таңдаулы тұқымның айғырын ғана салады. Жас айғырдың үйірінде 10-15 бие, толысқан айғырдың үйірінде 20-25 бие, сақа айғырдың үйірінде 12-15 биеден болады. Бұл әдістің артықшылығы айғыр үнемі үйірде болады да, бие дер кезінде тоқтайды, кемшілігі айғырдың жыныс қуаты үнемді пайдаланылмайды, тіпті оның күші үздігуі де ғажап емес. Айғыр салатын дөнен дәстүрлі ат сыны бойынша, төмендегідей талғамға сәйкес келуі керек: бірыңғай баран өңді, жуас; үйірге қазымыр емес, үнемі үйірдің артында жүреді. Басы етсіз, мандайы кең, қамыс құлақ, тістері ірі, салпы ерін, кірпік, қасы, құйрық жалы мол, жүндес, кеудесі кең, шоқтығы биік, тұрқы сәл бүкіштеу, жаясы жалпақ, мықыны тарлау келеді. Тура артынан қарағанда, қабырғаның қанаты жаяға «жасырынбай» толық көрініп тұратын, қабырғалы, бауыры жазық, жоны тартыңқы болу керек. Тумасында орайы болса, «бауыры аман болады, үйірі өседі». Төрт аяғы тең (маймақ емес), жуан, жерге қаққан қазықтай нық та тең басады. Жіліншіктің сіңірлері білеуленіп, бөлектеніп тұрады. Бақайы қысқа, алдыңғы аяқтарының бақайы артқы бақайынан сәл ұзындау, тұяғы жұмыр әрі берік. Жерсоғары қалың, шашалы келсе құба-құп.

 

Айғыр қою - жылқының құтпанын аталық ретінде тандауға байланысты жасалатын рәсім. Айғыр қоюға тандалған құлынды жас кезінен таңдап, оның жалы, шоқтығы, құйрығына қол тигізбейді, яғни оны күзеп, кеспейді. Қол тигізсе киесі басылады, жал құйрығын күзеп тастаса сұсы қайтады-мыс. Әуелі, айғыр қоятын құлынды табатын бірнеше биені таңдайды: сыны келіскен жасамыс биеге алыстан басқа бөгденің үйірінен әкеліп салған сыны мен бабы келіскен айғырды әкеліп салады. Ол айғырға қалыптасқан жосын бойынша ақтық байлап, иесіне кәде береді. Реті болса, құлынның енесіне әдейілеп іш тастатып, алдағы қыста қысыр етеді. Ол үшін таңдалған биені қыстың сары аязында терлетіп, суық су мен суарып, таң асырып әдейі құлын тастатады. Келер қысында туған еркек құлындар арасынан таңдалған құлынды арда емізеді немесе басқа биеге телі емізеді.

Құнанында жүген құрық тигізбейді, дөненіңде көктемде жуасытып үйретіп жібереді. Осылайша, айғыр қоятын құлынды шаңырақ иесінің тән меншік тума еркек құлындардың арасынан таңдап алынады. Айғыр қоюды алдымен оның түр-түсі де ескеріледі. Қазақы ортада көкмойын, құла, қарагер көбірек таңдалады. Ал ала түс дәстүр бойынша өзіне біткен жылқының саны жүзден асса қара түсті Айғыр қоюға рұқсат етілген. Айғыр қоятын сәуіріктің сыртқы сымбаты келісті болу керек: басы етсіз, дене тұрқы тегіс, сіңірлі, бұлшық еті мығым, құйрық-жалы қою, шоқтығы биік, қабырғасы етті, әрі адырайған, шығыңқы, жоны тақтайдай тегіс, алқапты, ұша тұсы сәл бүкіс, сирағы жуантық, бұты талтақ, құрсағы салыңқы болса ол алғашқы сыннан өтеді. Үш шоқысы (шүйде, шоқтық, шонданайы осы үшеуге солай атайды) байлап қойған кезде бір деңгейде жатқан түзу, ауыз омыртқа шығыңқы, тірсегі төмен, кеуделі, төсі кең, бойшаң, жалы міндетті түрде қамшылар жағына жығылған болуы керек.

Онан кейін жеке сынына келеді: айғыр қоятын сәурік кең маңдайлы, қамыс құлақ (ұзын) танау тесігі кең, сағағы тік, қабағы қалың, кірпігі сояулы ұзын, көз жанары үлкен, тұяғы сом, тісі жуан, терісі кең, ұмасы үлкен, көлемі тең, үйірсек, мініске қолайлы, көнбіс болуы шарт. Егер өн-бойында жүннің үйысқан орайы көп болса жақсы айғыр болудың нышаны деп есептелген. Дәстүрлі тәжірибе мен сенімде ондай орайдың сағақ, алқым тұсында оңға ширатылған көп орайлысы мықты айғырдың нышаны дейді. Толарсақ иілген садақтай болып тұрса, төмендеу келген, яғни бота тірсек болса айғыр қуатты, қайратты деп есептейді. Тағы бір ескере нәрсе, құйрық түбі жуан болған сайын қайраттылықтың белгісіне саналады. Керісінше құйрық түбі жіңішке болса әлсіз болады. Жалы мінер жағына жығылған жылқыны жаман ырымға жорып, мінбейді, бәйгеге қоспайды.

Таңдалып алынған сәурікке алдымен 3-5 байтал қосып «бел қызығын» көрсетеді. Сол кездегі биеге шабуы, үйірді қайтару кезіндегі мінез-құлқын байқайды: қызба, күйгелек мінездісін жаратпайды. Егер үйірді жақсы қайырса, және басқа саяқ жылқылар жібергенде бөтен сәурікке қарсы тұрып, үйірді қызғанса жақсы айғыр болудың нышанына саналады.

Айғыр қою рәсімі өзіндік қалыптасқан ережемен жүріледі: сәуріктің сауырына сары май жағып, «Иә, жарықтық-ай, бауырың өссін!» деп игі тілек тілеп. шоқтығына дұғалық тұмар, құйрығына жеті тал үкі байлап, үйірге қосады. Айғыр қоярда: Жылқышы ата, жирен сақал, Айғырыңыз арынды болсын, Үйірге қайырымды болсын, Бауыры құт болсын!' - деп бата айтады.

Осылай айғыр қойған соң жастау биелер мен қысырақтан кемі бес, арысы он екі-он үштен кем емес етіп топтап, үйір салып, сәурік айғырдың шабуына мүмкіндік жасайды. Егер үйірде жаңадан қойылған айғырдың өзінің туған енесі немесе бір енеден туған енелес биелер болса оны бөліп, басқа үйірге қосады. Себебі, айғырдың ерекше инстинкті сол, оны қазақтар бүкіл мал атаулының ішінде өзінің тумасына, енесіне, енелесіне шаппайтын есті жануар деп бағалайды. Жаңадан салынған үйірге басқа айғыр шапқан бие болмауын қадағалайды. Болған күннің өзінде айғыр оны қуалап, үйірден аластап тастайды.

Малдың табиғи ортамен үйлесімі, физиологиялық жай-күйі, ауа райы құбылыстарына сезімталдық танытанын ерекшелігі көбіне тұқым қуалаушылыққа негізделеді деп есептейді. «Айғырды неден салсаң үйірді сонан мінесің», «Мал нәсіліне қарай өседі, егін ұрығына қарай бітеді», «Байсалды айғырдың үйірін aт жақтайды», «Айғыр қойсаң үндіден қой, қошқар қойсаң жүндіден қой» деп келетін көптеген паремиологизмдер осыны аңғартады.

Жылқы түлігінің аталығы, үйірдің құтпаны. Жыныс қуаты жетілген, піштірілмегендіктен айғыр тынышсыз болады және шайланып семірмейді. Еркек жылқының жыныс қабілеті тай-құнанында жетіле бастағанымен, оны дөнен (бұл қазақта төрт жасқа саналады) жасқа толмай, белі жетілмеді деп үйірге салмайды. Айғыр суыққа төзімді келеді. Аязды боран күндері үйірін ықтасынға қарай бастап иіреді. Үйірін ит-құстан қорғағанда айырықша батылдық көрсетеді. Мықты, күшті айғырлар үйірін әдетте ит-құсқа алдырмайды.

Айғыр аса төзімді, әрі есті мал деп саналады. Қазақы жылқының (қазанат, жабы тұқымының) айғырлары енесі мен өзінен ерген құлынын үйірінен қуып, шығарып жібереді. Яғни қандас жақын ұрғашы жылқыларға шаппайды. Айғыр лайықты сымбаты мен түр-тұлғасы, мінезі келіскенін таңдап қояды. Қазақы ортада ең қадірлі түлікке саналатын жылқының құтпаны айғырға қатысты сан алуан ғұрыптар мен ырымдар дәстүрлі наным-сенімдегі өркендеу идеясына негізделеді. Қазақтың тіршілік циклына қатысты ғұрыптарда айғырдың араласатын тұстары көп: айталық, босанатын әйел «марту» басып қиналса толғағын жеңілдету үшін көрші ауылдың айғырын әкеліп көрсетеді (С.Сейфуллин). М.Ибрагимовтың мәліметі бойынша, толғатып жатқан әйелдің көкірегіне айғырдың тұмсығын тигізетін болған. Толғақты жеңілдету үшін үйдің сыртына жылқы үйірін әкеліп иіру, тасырлатып шаптыру және ішінен айғырды ұстап жүгендеп, маңдайшасын алған есіктен үйге енгізіп көрсету тәрізді шаралар Алтай қазақтарында XX ғасыр екінші ширегінде де атқарылған.

Көптеген түркі халықтарындағыдай қазақтарда сол шаңырақтың, әулеттің құты үйірдегі айғырдың жалында байланып жүреді деп сенеді. Соған байланысты, қазақта айғырдың жалына қол тигізу шаңырақтың құт-берекесін қашырады деп ырым еткен. Айғырдың жалын күзесе күші қайтады деп оған қол тигізіп, қырықпайды. Жылқыға өлік артпаған. Ертеректе ең тандаулы деген айғырды ауруды емдеуге де пайдаланған. Мәселен, Алматы облысының тұрғыны қаңлы руынан шыққан Ержұма деген бақсының «көтеріліп ауырган» келіншекті айғырға мініп алып айнала жүріп емдегені жайында айтылады. Ел жайлауға шыққан соң желі тартып, алғаш бие байлағанда үйірдің бастаушысы айғырдың сауырына май жағылады, қымызмұрындық ғұрпында айғырдың маңдайына қымыз тамызады. Бұл - үйірдің төлі көбейсін және ақ мол болсын деген тілектің нышаны. Айғырдың мінезіне, түр-түсіне қарай қойылған атаулары өте көп. Құр айғыр - өмірі ұсталмаған, мініс көрмеген, шу асау; құтпан айғыр -үйіріне жайлы, жуас, байлық басы есептелетін мал. Сәуірік айғыр - жаңа үйір ала бастаған айғыр. Айғырды дұрыс таңдамаса тұқым бермейтін белсіз, бие тоқтамайтын сыңар енді және шартық сияқты кінараттары болады деп есептейді. Айғырлар жасы мен шаруашылық талаптарына қарай бөлінеді: сәуірік үйірге енді қосылатын жас айғыр; шартық немесе сыңар аяқ - ауру менжарақаттан, әлдебір белгісіз тұқым қуалаушылықтан кінаратқа тап болғандар; азбан айғыр - шау тартып, ақталанып, үйірге салудан қалғаны; бауыры құт айғыр - көп тұқым алынатын құтты саналатын өсімталы. Айғыр мінезіндегі осал жақтары: шақар, шайнағыш, асау, таласқыш тәрізділері болса ондай жағымсыз қылықтар мал тққымына әсер етеді деген ұстаным бойынша оны алмастыруға көшеді.

Үйірге айғыр қосқанда үйірге таңдаулы тұқымның айғырын ғана салады. Жас айғырдың үйірінде 10-15 бие, толысқан айғырдың үйірінде 20-25 бие, сақа айғырдың үйірінде 12-15 биеден болады. Бұл әдістің артықшылығы айғыр үнемі үйірде болады да, бие дер кезінде тоқтайды, кемшілігі айғырдың жыныс қуаты үнемді пайдаланылмайды, тіпті оның күші үздігуі де ғажап емес.

Айғыр салатын дөнен дәстүрлі ат сыны бойынша, төмендегідей талғамға сәйкес келуі керек: бірыңғай баран өңді, жуас; үйірге қазымыр емес, үнемі үйірдің артында жүреді. Басы етсіз, мандайы кең, қамыс құлақ, тістері ірі, салпы ерін, кірпік, қасы, құйрық жалы мол, жүндес, кеудесі кең, шоқтығы биік, тұрқы сәл бүкіштеу, жаясы жалпақ, мықыны тарлау келеді. Тура артынан қарағанда, қабырғаның қанаты жаяға «жасырынбай» толық көрініп тұратын, қабырғалы, бауыры жазық, жоны тартыңқы болу керек. Тумасында орайы болса, «бауыры аман болады, үйірі өседі». Төрт аяғы тең (маймақ емес), жуан, жерге қаққан қазықтай нық та тең басады. Жіліншіктің сіңірлері білеуленіп, бөлектеніп тұрады. Бақайы қысқа, алдыңғы аяқтарының бақайы артқы бақайынан сәл ұзындау, тұяғы жұмыр әрі берік. Жерсоғары қалың, шашалы келсе құба-құп.