Қорытпалар

05.12.2012 12880
Қорытпалар – екі немесе одан көп құраушылардан құралған (хим. дербес заттар) балқымалардың қатаюы нәтижесінде түзілетін денелер. Металдық Қ.– тек қана металдан (мыс., латунь – мыс пен мырыштың қорытпасы), не болмаса құрамында аз мөлшерде бейметалдық заттар қоспасы бар металдан (мыс., шойын мен болат – темірдің көміртекпен қорытпасы) тұруы мүмкін. Бейметал Қ. – бейметалдық заттардан, мыс., табиғи (гранит, гнейс, базальт) және жасанды силикаттар (шыны, қождар), тұздар мен органик. заттар Қ-ынан тұрады. Қ-ды пісіру, электролиздеу, қатты күйінен бірден буға айналдыру (возгонка) әдістерімен де алуға болады. Әр түрлі құраушыларды араластырып қорыту әдісі көп тараған. Көптеген Қ-дың кейбір түрлері ерте заманнан пайдаланылып келеді (қ. Қола). Қ., негізі темір, мыс, алюминий, магний, титан, қорғасын мен қалайы Қ-ға бөлінеді. Негізі темір болатын Қ. болат пен шойын болып табылады. Негізі мыс болатын Қ-ға жез бен қола жатады. Жез – мыс пен мырыштың қорытпасы, қола – мыстың мырыштан өзге барлық құраушылармен қосылған қорытпасы. Алюминий Қ-ы беріктігінің жоғарылығымен, инерц. және динамик. күшке қарсылық жасау қабілетінің жоғарылығымен ерекшеленеді; басым көпшілігінің коррозияға төзімд., жылу және эл. өткізгішт. жоғары болады. Сонымен қатар алюминий Қ-ы деформацияланатын, құйылатын, жентектелетін болып жіктеледі. Магний негізіндегі Қ. тығыздығының төмендігімен, жақсы өңделгіштігімен және соққы күшін қабылдау қабілеттілігімен құнды материал қатарына жатады. Магний Қ-ы ұшақ пен авиақозғалтқыштардың көп күш түсетін бөлшектерін (компрессорлар мен құралдардың қораптарын, картерлерді, шасси фермаларын, басқару колонкаларын, т.б.) жасау үшін қолданылады. Негізі титан болатын Қ-дың тех. титаннан айырмашылығы – олардың беріктігінің, қызу мен коррозияға төзімділігінің жоғары болуында және тығыздығының аздығында; титан Қ-ы авиацияда, ракета техникасында, кеме жасауда, хим. және басқа да өнеркәсіп саласында кеңінен қолданылады. Титан Қ-ы дыбыстан жылдам ұшатын ұшақтардың сыртын қаптауда, реактивті қозғалтқыш құралымдар тетіктерін, ракета қозғалтқыштарының екінші және үшінші сатысының корпустарын, сығылған және сұйытылған газдарға арналған баллондар және шар баллондар жасау, теңіз кемелерін, сүңгуір қайықтарды және торпедоларды қаптау, т.б. жасау үшін қолданылады. Қорғасын немесе қалайы негізінде дайындалатын антифрикц. Қ. баббиттер деп аталады. Қ-дың қасиеті олардың хим. құрамы мен құрылымына, яғни қорытпа фазаларының өзара әсерлесуі мен араласуына тікелей тәуелді. Қ., негізінен, екі немесе бірнеше қатты фазалардан құралған біртексіз қоспалар және жалғыз ғана қатты фазадан тұратын біртекті Қ. болып екі түрге бөлінеді. Біртекті Қ. қатты ерітінділерге және хим. қосылыстарға ажыратылады (қ. Қатты ерітінділер). Екі немесе көп фазадан тұратын эвтектик. (жеңіл балқитын) Қ. электрлік қорғауыштар, дәнекер, баббит жасауға, т.б. мақсаттар үшін пайдаланылады. О. Сыздықов  

Қорытпалар – екі немесе одан көп құраушылардан құралған (хим. дербес заттар) балқымалардың қатаюы нәтижесінде түзілетін денелер. Металдық Қ.– тек қана металдан (мыс., латунь – мыс пен мырыштың қорытпасы), не болмаса құрамында аз мөлшерде бейметалдық заттар қоспасы бар металдан (мыс., шойын мен болат – темірдің көміртекпен қорытпасы) тұруы мүмкін. Бейметал Қ. – бейметалдық заттардан, мыс., табиғи (гранит, гнейс, базальт) және жасанды силикаттар (шыны, қождар), тұздар мен органик. заттар Қ-ынан тұрады. Қ-ды пісіру, электролиздеу, қатты күйінен бірден буға айналдыру (возгонка) әдістерімен де алуға болады. Әр түрлі құраушыларды араластырып қорыту әдісі көп тараған. Көптеген Қ-дың кейбір түрлері ерте заманнан пайдаланылып келеді (қ. Қола). Қ., негізі темір, мыс, алюминий, магний, титан, қорғасын мен қалайы Қ-ға бөлінеді. Негізі темір болатын Қ. болат пен шойын болып табылады. Негізі мыс болатын Қ-ға жез бен қола жатады. Жез – мыс пен мырыштың қорытпасы, қола – мыстың мырыштан өзге барлық құраушылармен қосылған қорытпасы. Алюминий Қ-ы беріктігінің жоғарылығымен, инерц. және динамик. күшке қарсылық жасау қабілетінің жоғарылығымен ерекшеленеді; басым көпшілігінің коррозияға төзімд., жылу және эл. өткізгішт. жоғары болады. Сонымен қатар алюминий Қ-ы деформацияланатын, құйылатын, жентектелетін болып жіктеледі. Магний негізіндегі Қ. тығыздығының төмендігімен, жақсы өңделгіштігімен және соққы күшін қабылдау қабілеттілігімен құнды материал қатарына жатады. Магний Қ-ы ұшақ пен авиақозғалтқыштардың көп күш түсетін бөлшектерін (компрессорлар мен құралдардың қораптарын, картерлерді, шасси фермаларын, басқару колонкаларын, т.б.) жасау үшін қолданылады. Негізі титан болатын Қ-дың тех. титаннан айырмашылығы – олардың беріктігінің, қызу мен коррозияға төзімділігінің жоғары болуында және тығыздығының аздығында; титан Қ-ы авиацияда, ракета техникасында, кеме жасауда, хим. және басқа да өнеркәсіп саласында кеңінен қолданылады. Титан Қ-ы дыбыстан жылдам ұшатын ұшақтардың сыртын қаптауда, реактивті қозғалтқыш құралымдар тетіктерін, ракета қозғалтқыштарының екінші және үшінші сатысының корпустарын, сығылған және сұйытылған газдарға арналған баллондар және шар баллондар жасау, теңіз кемелерін, сүңгуір қайықтарды және торпедоларды қаптау, т.б. жасау үшін қолданылады. Қорғасын немесе қалайы негізінде дайындалатын антифрикц. Қ. баббиттер деп аталады. Қ-дың қасиеті олардың хим. құрамы мен құрылымына, яғни қорытпа фазаларының өзара әсерлесуі мен араласуына тікелей тәуелді. Қ., негізінен, екі немесе бірнеше қатты фазалардан құралған біртексіз қоспалар және жалғыз ғана қатты фазадан тұратын біртекті Қ. болып екі түрге бөлінеді. Біртекті Қ. қатты ерітінділерге және хим. қосылыстарға ажыратылады (қ. Қатты ерітінділер). Екі немесе көп фазадан тұратын эвтектик. (жеңіл балқитын) Қ. электрлік қорғауыштар, дәнекер, баббит жасауға, т.б. мақсаттар үшін пайдаланылады.

О. Сыздықов