Қандастар Ассамблея

Нострадамус кім болған?

05.12.2012 10564
  Нострадамус  кім болған?    Нострадамус  он алтыншы ғасырда өмір сүрген астролог. Сонымен қатар  балгер,  жәдігөй  десек те болады. Чарльз Уордтың сөзімен айтқанда «болашақтағы жамандықтардан» хабар беруші.    Осы секілді тарихта көптеген  адамдардың  болашаққа байланысты  хабар бергендігі  белгілі.Боларды  екі  топқа бөлуге  болады: пайғамбарлар  менкөріпкелдер.Пайғамбарлар  бір  мұғжиза  ретінде болашақта  хабар  берген.Әрі  олардың  айтқаны айна  қатесіз  дұрыс  болып  шыққан.Олар бұл  хабарды уахиға  (Аллаһ тарапынан білдірілген  мағлұмат), яғни иләһи ілімге  сүйеніп айтқан.Әуелден соңына  дейін  уақытты  жаратқан Аллаһ пайғамбарларын  растап, қолдау  үшін оларға  келешекке байланысты  кейбір  хабарларды  білдіріп  отырған. Пайғамбарлар  өз беттерінше  ешнәрсе  айтпаған.    Ал  балгерлер болса, бұл  істі кәсіпке  айналдырылған. Әрі уахиге сүйенбеген адамдардың  болашақты  білеулері мүмкін емес.Бұл нәрсе  ап-айқын  ақиқат бола  тұра, кейбіреулер  адамдардың  әлсіздігін  пайдаланып, атақ  пен ақшаға  ие болуда.Көріпкелдікті  табыс көзіне айналдырғандардың сөзіне  қаншалықты сенуге болатынын  әр  адамның өзі ойланғаны жөн  болар.   Қазіргі  кезде  адамдар материалистік  санының сандырағынан құтылудың  жолдарын іздегенімен, негізгі  жол мен жол көрсетуші  таппағандықтан әртүрлі  алаяқтар тарапынан (рухани және материалдық тұрғыдан)  тоналып жатады.Атақты ғалым П.Уитмор: «Астрология  өткен кезеңде  де, бүгінгі  де қате нанымдардың ішіндегі  тамырын тереңге салған  саласы  болуда» деген екен.Америкада әрбір төрт  кісіден  біреуі астрологиямен айналысуы да осының қуаттай түсуде.Сондықтан  да Нострадамус сияқтылар әлі күнге өз  әсерін  жоғалтпауда.   Нострадамус сияқтылардың ең жақсы жәрдемшісі  олардың жалғандарын  жасыратын уақыт ағысы ғана. Мәселен, пәлен уақытта  пәлен адам өлтіріледі  дейді.Егер өлтірілсе бұл олар үшін  тамаша  жарнама болады.Ал олай  болмаған  жағдайда, бұл  жалған  аз уақыттың  ішінде  ұмытылып  қала береді.   Нострадамустың  946  көріпкелдік  хабарынан жетпісі ғана сәйкесті түрде болған.Бұл жердегі  дәлдік жүзден жеті  пайыз  ғана.Оған қоса  бұлардың басым көпшілігі  әрбір  адамның  шамалай  алатынындай  орындалуы ықтимал оқиғалар  екен. Нострадамус көріпкелдігінде «қасиетті кітаптарды басшылыққа  алып, астрономиялық есептермен нәтиже  шығарғандығын» да  мойындайды.Бұл мәселені  зерттегендердің  айтуынша, ол Мухиддин  Арабидің  еңбектерінен  кейбір  хабарларды  пайдаланған екен. Ұлы ғұламаның  кейбір  нұсқау  түрінде  келешекке  байланысты  астарлы  сөздерін өз  ойына қарай  жорамал жасап, жалған  хабарлар  жазған.    Бұл жайлы Чарльз Уорд былай дейді: «Сөздерінен  анық  бір нәрсені  ұғыну мүмкін  емес.Шала  христиан, нағыз  пұтперес. Өзінің алдында өрт  шалады деп хабар  берген Пузин  қаласын өзі өртеген».   Бернад  Каптың айтуынша  да Нострадамус кез-келген жорамалға  қолайлы  қос  мағыналы, астарлы  сөздер  айтуда шебер  болған.Оның  бүгінге  дейін халық арасында  қалуының  себебі  де  осындай  дейді  ол.   Ал, осы  салада  көптеген зерттеу  жүргізген Джеймс  Лаврдың айтқандары  тіпті  өзгеше.Ол Нострадамус  еңбектерін: «Жазғандары  өлең мен әдебиет ережелеріне сәйкеспейді.Басты  бірікпейтін, сандырақ  сөздердің жиынтығынан басқа  ештеңе  емес.Өлеңдерінен жөн  түзу  бір  нәрсе түсіну де мүмкін  емес», - деп бағалайды.   Осындай  адамның  сөзіне  неге соншалықты мән берілген деген сұрақ  туындары  да  сөзсіз.Бұның  бірден-бір  себебі Нострадамустың  біреулердің  ісіне  жарағандығынан  қолпаштау көруі  ғана. Мәселенің  ең таңданарлық тұсы Аллаһ, ақирет және  тағдыр  сияқты  айдан анық ақиқатқа сенуде  күмәнданатын материалистік  санадағылардың  осындай  сандықтарға көңіл  бөліп, сенім қалыптастырулары.    («Иманға тұзақ құратын сұрақтар  мен  жауаптар» кітабынан)      

 

Нострадамус  кім болған?
 
 Нострадамус  он алтыншы ғасырда өмір сүрген астролог. Сонымен қатар  балгер,  жәдігөй  десек те болады. Чарльз Уордтың сөзімен айтқанда «болашақтағы жамандықтардан» хабар беруші. 
 
Осы секілді тарихта көптеген  адамдардың  болашаққа байланысты  хабар бергендігі  белгілі.Боларды  екі  топқа бөлуге  болады: пайғамбарлар  менкөріпкелдер.Пайғамбарлар  бір  мұғжиза  ретінде болашақта  хабар  берген.Әрі  олардың  айтқаны айна  қатесіз  дұрыс  болып  шыққан.Олар бұл  хабарды уахиға  (Аллаһ тарапынан білдірілген  мағлұмат), яғни иләһи ілімге  сүйеніп айтқан.Әуелден соңына  дейін  уақытты  жаратқан Аллаһ пайғамбарларын  растап, қолдау  үшін оларға  келешекке байланысты  кейбір  хабарларды  білдіріп  отырған. Пайғамбарлар  өз беттерінше  ешнәрсе  айтпаған. 
 
Ал  балгерлер болса, бұл  істі кәсіпке  айналдырылған. Әрі уахиге сүйенбеген адамдардың  болашақты  білеулері мүмкін емес.Бұл нәрсе  ап-айқын  ақиқат бола  тұра, кейбіреулер  адамдардың  әлсіздігін  пайдаланып, атақ  пен ақшаға  ие болуда.Көріпкелдікті  табыс көзіне айналдырғандардың сөзіне  қаншалықты сенуге болатынын  әр  адамның өзі ойланғаны жөн  болар.
 
Қазіргі  кезде  адамдар материалистік  санының сандырағынан құтылудың  жолдарын іздегенімен, негізгі  жол мен жол көрсетуші  таппағандықтан әртүрлі  алаяқтар тарапынан (рухани және материалдық тұрғыдан)  тоналып жатады.Атақты ғалым П.Уитмор: «Астрология  өткен кезеңде  де, бүгінгі  де қате нанымдардың ішіндегі  тамырын тереңге салған  саласы  болуда» деген екен.Америкада әрбір төрт  кісіден  біреуі астрологиямен айналысуы да осының қуаттай түсуде.Сондықтан  да Нострадамус сияқтылар әлі күнге өз  әсерін  жоғалтпауда.
 
Нострадамус сияқтылардың ең жақсы жәрдемшісі  олардың жалғандарын  жасыратын уақыт ағысы ғана. Мәселен, пәлен уақытта  пәлен адам өлтіріледі  дейді.Егер өлтірілсе бұл олар үшін  тамаша  жарнама болады.Ал олай  болмаған  жағдайда, бұл  жалған  аз уақыттың  ішінде  ұмытылып  қала береді.
 
Нострадамустың  946  көріпкелдік  хабарынан жетпісі ғана сәйкесті түрде болған.Бұл жердегі  дәлдік жүзден жеті  пайыз  ғана.Оған қоса  бұлардың басым көпшілігі  әрбір  адамның  шамалай  алатынындай  орындалуы ықтимал оқиғалар  екен. Нострадамус көріпкелдігінде «қасиетті кітаптарды басшылыққа  алып, астрономиялық есептермен нәтиже  шығарғандығын» да  мойындайды.Бұл мәселені  зерттегендердің  айтуынша, ол Мухиддин  Арабидің  еңбектерінен  кейбір  хабарларды  пайдаланған екен. Ұлы ғұламаның  кейбір  нұсқау  түрінде  келешекке  байланысты  астарлы  сөздерін өз  ойына қарай  жорамал жасап, жалған  хабарлар  жазған.
 
 Бұл жайлы Чарльз Уорд былай дейді: «Сөздерінен  анық  бір нәрсені  ұғыну мүмкін  емес.Шала  христиан, нағыз  пұтперес. Өзінің алдында өрт  шалады деп хабар  берген Пузин  қаласын өзі өртеген».
 
Бернад  Каптың айтуынша  да Нострадамус кез-келген жорамалға  қолайлы  қос  мағыналы, астарлы  сөздер  айтуда шебер  болған.Оның  бүгінге  дейін халық арасында  қалуының  себебі  де  осындай  дейді  ол.
 
Ал, осы  салада  көптеген зерттеу  жүргізген Джеймс  Лаврдың айтқандары  тіпті  өзгеше.Ол Нострадамус  еңбектерін: «Жазғандары  өлең мен әдебиет ережелеріне сәйкеспейді.Басты  бірікпейтін, сандырақ  сөздердің жиынтығынан басқа  ештеңе  емес.Өлеңдерінен жөн  түзу  бір  нәрсе түсіну де мүмкін  емес», - деп бағалайды.
 
Осындай  адамның  сөзіне  неге соншалықты мән берілген деген сұрақ  туындары  да  сөзсіз.Бұның  бірден-бір  себебі Нострадамустың  біреулердің  ісіне  жарағандығынан  қолпаштау көруі  ғана. Мәселенің  ең таңданарлық тұсы Аллаһ, ақирет және  тағдыр  сияқты  айдан анық ақиқатқа сенуде  күмәнданатын материалистік  санадағылардың  осындай  сандықтарға көңіл  бөліп, сенім қалыптастырулары.
 
 («Иманға тұзақ құратын сұрақтар  мен  жауаптар» кітабынан)
 
 
 

Ұқсас материалдар