Қандастар Ассамблея

Фольклорлық деректер мен этнографиялық материалдар

05.12.2012 6443
Фольклорлық деректер мен этнографиялық материалдар - Белгілі композитор, академик А. Қ . Жұбанов: «Халық аспаптарының ішектерінде ғасырлар бойғы даналық тұныптар»,— деген еді. Қазақтың көптегенмузыкалық аспабы халық поэзиясында аталатыны тектен-тек емес. Батырлар жырында үрлеп ойналатын және ұрып ойналатын аспаптардың аттары кездеседі, бұл аспаптарды дабыл қағу үшін жорықтарға алып шығатын болған. Мұндай аспаптарға тән ортақ қасиет — олардың даусы күшті болып келеді. Үрлеп ойналатын аспаптарда дабыл қағу белгісі қысқа қайрылатын әуен, орындаушының қажет деп табуына қарай бірнеше рет қайталанатын болған. Жорықта пайдаланылатын ұрып ойналатын аспаптардың көлемі үлкен, даусы зор. Оның жер күніренткен күшті даусымен жауынгерлер өз жауларының үрейін ұшыруды көздеген. Мысалы, «Қамбар батыр» дастанында (XVI ғасыр) былай делінеді: Тоғыз санды торғауыт, Он сандайын оймауыт, Барабан соғып, шың қағып.. Дабыл қағу мақсатында мүйіз сырнай мен керней кеңінен қолданылған. Бұл жайында бұрынғы замандардағы батырлар жырында жиі айтылады. Мысалы, «Алпамыс батыр» дастанында (XVII ғасыр) мынадай жолдар бар: Керней-сырнай тарттырып, Даңғыра дабыл қақтырып, Барып түсті Алпамыс, Қаракөзайым үйіне Халық тұрмысында, сонау бағзы заманнан бері, қоңырау, көлемі әр түрлі сақиналар және басқа металл заттар қолданылған. Жауынгерлер жорыққа шығарда оларды өздерінің найзаларына тағады, сөйтіп даңғұр-дұңғыр дауысты көбейтіп жауларын сескендірмек болады екен. Осындай көп жорық, шайқастарга қатысқан халық ақыны Ақтамберді Сарыұлының (1675—1768) дастанынан да музыкалық аспаптар атын кездестірсміз. Қазақ бақсылары да өздсрі ем жасаган кездерінде жынын алдырғандай болын ақыра-бақыра отырып, қоңыраулар мен сақина-шығыршықтарды қоса даңғырлатып-күңгірлететін болған. Оларды көбінесе музыкалық аспаптар даңғыраға, асатаяқ пен қылқобызға тағып алады екен, домбыраға сирек таққам, сондай-ақ бақсы салт бойынша қолына ұстап жүретін бұйымдары мен үстіне киетін киімдеріне де қоңыраушалар байлап алатын болған. Жоғарыда айтылған аспаптардан басқа «Ер Тарғын» жырында ұрып ойналатын тағы бір көне металл аспапшың, жайында сөз болады. Дастанда ол туралы былай делінген: «Тоғыз санды торғауыт, Он сандайын оймауыт, Барабан соғып, шың қағып Алдына әскер жүрпзіп» Ертедеп халық әндерінде кейбір музыкалық аспаптар дәріптеліп, жырға қосылып отырған. Солардың бірінен шаңқобызды кездестіреміз: Шаңқобызым, шалайын шешен бе екен, Ар жақтағы апекем есен бе екен! Ұрып ойналатын және үрлеп тартылатын аспаптарды аңшылар да пайдаланған. Әсіресе, ұрып ойналатын дауылпаз бен шыңдауыл көп тараған. Бұл жайында жиі ауызға алынады. Мысалы, Шәңгерей Бөкеевтің(1847—1920) өлеңінде дауылпазбен аңға шығу былайша жырланған: Жастықта жігіт адам жігер болса, Қайт болмас қалқасына еткен назы. Құлаққа киген сырға естілсін, Құс салып, кешкі соққан дауылпазы'. Біз түннің бір уағына дейін ұйқтамай, бір-біріміздің көңілімізді көтеріп неше түрлі әңгіме айттық, ән салдық. Одан кейін аңшы маған өз өнерін көрсетпек болды — үрлеп тартатын аспаппен маралдарды шақыратынын айтты.Аспап ұзындығы жағынан сыбызғыға ұқсайды екен, сабында бір тесіп бар. Аңшы аспаптан маралдың даусына ұқсас үн шығара бастады. Сол-ақ екен, көп кешікпей бір марал көрінді. Аңшы ойнауын қойған еді, марал бір қауіптің барын сезгендей дереу жалт бұрылып кетіп қалды». Тағы бір үрлеп тартатын аспап сабыз туралы да айта кету керек. «Қазақ поэзиясының антологиясы» түсіндірме сөздігінде оны орыстың жалейкасына ұқсас деген. Бұғышақ сияқты сабыз да әлі де болса зерттеуді қажет етеді. «Жетігеннің жетеуі» деп аталатын аңыз жеті ішекті көне музыкалық аспаптың шығу тарихын баяндайды. XIX — XX ғасырлардағы ауыз әдебиетінде қылқобыз, сыбызғы мен домбыра көп ауызға алынады. Өткен ғасырдың екінші жартысынан бастап ақындар поэзиясында 7—8 немесе 13—14 пернелі екі ішекті домбыра, сондай-ақ сол кезде қазақ жұртынын, арасына кең тараған гармоника дәріптеліп жырға қосылып отырған. Кейбір ақындар гармоника «сырнай» деп атаған. Халық жырауларының бәрінен бұрын өз заманында көп тараған музыкалық аспаптарды анағұрлым жиірек ауызға алғандығын аңғару қиын емес. Сондықтан халық творчествосы шығармаларына зер сала отырып, жаңағыдай аспаптардың пайда болып таралу немесе ұмытылып, жоғалу мерзімдерін анықтауға әбден болады. Әр түрлі деректер мен материалдарға қысқаша шолу мынадай қортынды жасауға мүмкіндік береді, баяғыда-ақ ұмыт болған аспаптар жөнінде халық ауыз әдебиетінен мол мағлүмат алуға болады екен, олар: үрлеп тартылатын — сырнай, керней, бұғышақ, сабыз, шертіп ойналатын — жетіген; ұрып ойиалатын — дабыл, дауылпаз және шың. Әскери-дабыл қағатын және аңшылыққа пайдаланылатын көне аспаптар ұмытылды, өйткені бұл күнде олардың қажеті болмай қалды. 1824 жылы Санкт-Петербургта Ғылым академиясы 1845 жылы орыс География қоғамы құрылып, түрлі оқу орындары мен музейлер ашылғаннан кейін орыс ғалымдарының Россия шет аймақтарын мекендейтін халықтардың тарихы мен тұрмысын зерттеп білуге деген құмарлығы анағұрлым артады. Санкт-Петербург Академиясы бірқатар ғылыми экспедиция ұйымдастырды. Сондай бір ірі экспедиция 1768 жылы ұйымдастырылған. Академиктер П. С. Паллас (1741—1811), И. И. Лепехин( 1740—1802), С. Г. Гмелин (1745—1774) басқарған үш топ сапарға шығады. Бұл сапар жоспарда белпленген төрт жылдың орнына алты жылға созылған. Жиһанкездер татар, башқұрт, чуваш, қалмақ, марий, удмурт, якут, мордва, манси, ханты және эвенкилер елдерін басып өтеді. Олар қазақ ауылдарын да аралай кетеді. П. С. Паллас 1769 жылғы 17 августа Орал өзенінің батыс жағалауын бойлап жүрген сапарында өзеннің арғы жағасын көшпелі қазақтардың мекендейтінін естіп біледі. Ғалым өзінің қазақтармен қалай кездескені жайында кейін «Россия империясының әр түрлі провинцияларына саяхат» деп аталатын еңбегінде еске алады. «Кешке қарай қырғыздарға келдік, олар бұл кезде киіз үйлермен жасыл жайлауда көшіп жүретін болатын. Қыр халықтары көшіп-қонып жүру үшін жер таңдай білетін және бір орыннан екінші орынға көше жүріп табиғаттың төсінде сайран сала да білетін. Біздің олардан қорыққанымыздан гөрі қырғыздар бізден көбірек қорқады сияқты. Біздің қиянат жасайтын ойымыз жоқ екеніне көздері жеткен соң олар төресі, малайы бәрі қосылып келіп айналамызға жинала бастады, алғашқыдай емес, енді жүздері жылып, бізге бие сүтінен дайындалған қышқылдау дәмді қымыз құйып берді. Олардың үй-жайларын көріп болып қоштастық та біз түнделетіп қамалға қайтып оралдық». Осында Паллас қолында қияқпен ойналатын аспап — қылқобызы бар бақсыны кездестіреді. Бақсы бұл . « аспаптың шанағына қапталған көн теріге ұра отырып, барабан ретінде де қолданған. Саяхат 1774 жылы аяқталады. Кейінірек жарияланған «Ғалымдардың, жазбаларында» қазақтың көне музыкалық аспаптары: жетіген, дабыл, даңғыра, асатаяқ, қылқобыз, сыбызғы және домбыра жайындағы мағлұматтар жиі кездесіп отырады. Паллас жетігеннің өте көне түрін тапқан. «Бұл аспап,— деп жазады ол,— шыршадан жасалған шағын ғана ағаш жәшік, оның түбі ғана бар, оған жуандығы шағын ғана ағаш сым ішек ешбір құлақсыз керілген. Бұл аспапты күйіне келтіру үшін әрбір ішектін, астына кішкене тиек қойылады. Музыкант ішектің ұзын жағын сол қолымен тартады да, оң қолымен дишкантта ойнайды». Ұрып ойналатын аспаптар даңғыра, асатаяқ және қияқпен ойналатын қылқобызды көбінде бақсылар қолданған. Мысалы, саяхатшы И. Георги былайша әңгімелейді: «Нақсы мәжуси шамандарға немесе қамаларға ұқсайды. Олар жын-перілермен таныспыз, жын-шайтандар шақырсаң келе қояды, қусақ кетеді деп мақтанады, жын шақырғандарында алақ-жұлақ етіп аласұрып неше түрлі қимыл жасайды, кейбіреулері мұндайда барабан қолданады...» И. Андреев еңбектерінің бірінде асатаяқ жөнінде айтылған, автор оны «жезл» деп атапты. Өткен ғасырдың 20 жылдарында қазақтардың арасында болған саяхатшы Г. Броневский қолында музыкалық аспаптар — даңғыра мен асатаяқ бар бақсыны кездестіреді. Ол өзінің осы жайыйда жазбаларында асатаяқты металл аспаптардың қатарына жатқызады. М. Петуховтың еңбегінде де даңғыра жайында мағлұмат бар. Шамандардың өздерінің киімдеріне түрлі сылдырмақ тағылып, асатаяқ пен бубен ұстайтыны Орыс Географиялық қоғамының Семей бөлімі жазбаларында да айтылады. Зерттеуші А. Левшин өзінің «Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен өңірлерін суреттеп жазу» деп аталатын белгілі кітабында асатаяқты «балдақ» деген. Этнограф П. Тихов ұрып ойналатын аспап дабыл жөнінде қызықты мәлімет жазып қалдырған. Оның еңбегінде дабылдан басқа домбыра, қылқобыз, шаңқобыз, сыбызғылар да суреттелген.  

Фольклорлық деректер мен этнографиялық материалдар - Белгілі композитор, академик А. Қ . Жұбанов: «Халық аспаптарының ішектерінде ғасырлар бойғы даналық тұныптар»,— деген еді. Қазақтың көптегенмузыкалық аспабы халық поэзиясында аталатыны тектен-тек емес. Батырлар жырында үрлеп ойналатын және ұрып ойналатын аспаптардың аттары кездеседі, бұл аспаптарды дабыл қағу үшін жорықтарға алып шығатын болған. Мұндай аспаптарға тән ортақ қасиет — олардың даусы күшті болып келеді. Үрлеп ойналатын аспаптарда дабыл қағу белгісі қысқа қайрылатын әуен, орындаушының қажет деп табуына қарай бірнеше рет қайталанатын болған. Жорықта пайдаланылатын ұрып ойналатын аспаптардың көлемі үлкен, даусы зор. Оның жер күніренткен күшті даусымен жауынгерлер өз жауларының үрейін ұшыруды көздеген. Мысалы, «Қамбар батыр» дастанында (XVI ғасыр) былай делінеді:

Тоғыз санды торғауыт,
Он сандайын оймауыт,
Барабан соғып, шың қағып..
Дабыл қағу мақсатында мүйіз сырнай мен керней кеңінен қолданылған. Бұл жайында бұрынғы замандардағы батырлар жырында жиі айтылады. Мысалы, «Алпамыс батыр» дастанында (XVII ғасыр) мынадай жолдар бар:

Керней-сырнай тарттырып,
Даңғыра дабыл қақтырып,
Барып түсті Алпамыс,
Қаракөзайым үйіне
Халық тұрмысында, сонау бағзы заманнан бері, қоңырау, көлемі әр түрлі сақиналар және басқа металл заттар қолданылған. Жауынгерлер жорыққа шығарда оларды өздерінің найзаларына тағады, сөйтіп даңғұр-дұңғыр дауысты көбейтіп жауларын сескендірмек болады екен. Осындай көп жорық, шайқастарга қатысқан халық ақыны Ақтамберді Сарыұлының (1675—1768) дастанынан да музыкалық аспаптар атын кездестірсміз.

Қазақ бақсылары да өздсрі ем жасаган кездерінде жынын алдырғандай болын ақыра-бақыра отырып, қоңыраулар мен сақина-шығыршықтарды қоса даңғырлатып-күңгірлететін болған. Оларды көбінесе музыкалық аспаптар даңғыраға, асатаяқ пен қылқобызға тағып алады екен, домбыраға сирек таққам, сондай-ақ бақсы салт бойынша қолына ұстап жүретін бұйымдары мен үстіне киетін киімдеріне де қоңыраушалар байлап алатын болған. Жоғарыда айтылған аспаптардан басқа «Ер Тарғын» жырында ұрып ойналатын тағы бір көне металл аспапшың, жайында сөз болады. Дастанда ол туралы былай делінген:

«Тоғыз санды торғауыт,
Он сандайын оймауыт,
Барабан соғып, шың қағып
Алдына әскер жүрпзіп»
Ертедеп халық әндерінде кейбір музыкалық аспаптар дәріптеліп, жырға қосылып отырған. Солардың бірінен шаңқобызды кездестіреміз:

Шаңқобызым, шалайын шешен бе екен,
Ар жақтағы апекем есен бе екен!
Ұрып ойналатын және үрлеп тартылатын аспаптарды аңшылар да пайдаланған. Әсіресе, ұрып ойналатын дауылпаз бен шыңдауыл көп тараған. Бұл жайында жиі ауызға алынады. Мысалы, Шәңгерей Бөкеевтің(1847—1920) өлеңінде дауылпазбен аңға шығу былайша жырланған:

Жастықта жігіт адам жігер болса,
Қайт болмас қалқасына еткен назы.
Құлаққа киген сырға естілсін,
Құс салып, кешкі соққан дауылпазы'.
Біз түннің бір уағына дейін ұйқтамай, бір-біріміздің көңілімізді көтеріп неше түрлі әңгіме айттық, ән салдық. Одан кейін аңшы маған өз өнерін көрсетпек болды — үрлеп тартатын аспаппен маралдарды шақыратынын айтты.Аспап ұзындығы жағынан сыбызғыға ұқсайды екен, сабында бір тесіп бар. Аңшы аспаптан маралдың даусына ұқсас үн шығара бастады. Сол-ақ екен, көп кешікпей бір марал көрінді. Аңшы ойнауын қойған еді, марал бір қауіптің барын сезгендей дереу жалт бұрылып кетіп қалды».

Тағы бір үрлеп тартатын аспап сабыз туралы да айта кету керек. «Қазақ поэзиясының антологиясы» түсіндірме сөздігінде оны орыстың жалейкасына ұқсас деген. Бұғышақ сияқты сабыз да әлі де болса зерттеуді қажет етеді.

«Жетігеннің жетеуі» деп аталатын аңыз жеті ішекті көне музыкалық аспаптың шығу тарихын баяндайды. XIX — XX ғасырлардағы ауыз әдебиетінде қылқобыз, сыбызғы мен домбыра көп ауызға алынады. Өткен ғасырдың екінші жартысынан бастап ақындар поэзиясында 7—8 немесе 13—14 пернелі екі ішекті домбыра, сондай-ақ сол кезде қазақ жұртынын, арасына кең тараған гармоника дәріптеліп жырға қосылып отырған. Кейбір ақындар гармоника «сырнай» деп атаған. Халық жырауларының бәрінен бұрын өз заманында көп тараған музыкалық аспаптарды анағұрлым жиірек ауызға алғандығын аңғару қиын емес. Сондықтан халық творчествосы шығармаларына зер сала отырып, жаңағыдай аспаптардың пайда болып таралу немесе ұмытылып, жоғалу мерзімдерін анықтауға әбден болады.

Әр түрлі деректер мен материалдарға қысқаша шолу мынадай қортынды жасауға мүмкіндік береді, баяғыда-ақ ұмыт болған аспаптар жөнінде халық ауыз әдебиетінен мол мағлүмат алуға болады екен, олар: үрлеп тартылатын — сырнай, керней, бұғышақ, сабыз, шертіп ойналатын — жетіген; ұрып ойиалатын — дабыл, дауылпаз және шың.
Әскери-дабыл қағатын және аңшылыққа пайдаланылатын көне аспаптар ұмытылды, өйткені бұл күнде олардың қажеті болмай қалды.

1824 жылы Санкт-Петербургта Ғылым академиясы 1845 жылы орыс География қоғамы құрылып, түрлі оқу орындары мен музейлер ашылғаннан кейін орыс ғалымдарының Россия шет аймақтарын мекендейтін халықтардың тарихы мен тұрмысын зерттеп білуге деген құмарлығы анағұрлым артады. Санкт-Петербург Академиясы бірқатар ғылыми экспедиция ұйымдастырды.

Сондай бір ірі экспедиция 1768 жылы ұйымдастырылған. Академиктер П. С. Паллас (1741—1811), И. И. Лепехин( 1740—1802), С. Г. Гмелин (1745—1774) басқарған үш топ сапарға шығады. Бұл сапар жоспарда белпленген төрт жылдың орнына алты жылға созылған. Жиһанкездер татар, башқұрт, чуваш, қалмақ, марий, удмурт, якут, мордва, манси, ханты және эвенкилер елдерін басып өтеді. Олар қазақ ауылдарын да аралай кетеді.
П. С. Паллас 1769 жылғы 17 августа Орал өзенінің батыс жағалауын бойлап жүрген сапарында өзеннің арғы жағасын көшпелі қазақтардың мекендейтінін естіп біледі.
Ғалым өзінің қазақтармен қалай кездескені жайында кейін «Россия империясының әр түрлі провинцияларына саяхат» деп аталатын еңбегінде еске алады. «Кешке қарай қырғыздарға келдік, олар бұл кезде киіз үйлермен жасыл жайлауда көшіп жүретін болатын. Қыр халықтары көшіп-қонып жүру үшін жер таңдай білетін және бір орыннан екінші орынға көше жүріп табиғаттың төсінде сайран сала да білетін. Біздің олардан қорыққанымыздан гөрі қырғыздар бізден көбірек қорқады сияқты. Біздің қиянат жасайтын ойымыз жоқ екеніне көздері жеткен соң олар төресі, малайы бәрі қосылып келіп айналамызға жинала бастады, алғашқыдай емес, енді жүздері жылып, бізге бие сүтінен дайындалған қышқылдау дәмді қымыз құйып берді. Олардың үй-жайларын көріп болып қоштастық та біз түнделетіп қамалға қайтып оралдық». Осында Паллас қолында қияқпен ойналатын аспап — қылқобызы бар бақсыны кездестіреді. Бақсы бұл . « аспаптың шанағына қапталған көн теріге ұра отырып, барабан ретінде де қолданған.

Саяхат 1774 жылы аяқталады. Кейінірек жарияланған «Ғалымдардың, жазбаларында» қазақтың көне музыкалық аспаптары: жетіген, дабыл, даңғыра, асатаяқ, қылқобыз, сыбызғы және домбыра жайындағы мағлұматтар жиі кездесіп отырады.

Паллас жетігеннің өте көне түрін тапқан. «Бұл аспап,— деп жазады ол,— шыршадан жасалған шағын ғана ағаш жәшік, оның түбі ғана бар, оған жуандығы шағын ғана ағаш сым ішек ешбір құлақсыз керілген. Бұл аспапты күйіне келтіру үшін әрбір ішектін, астына кішкене тиек қойылады. Музыкант ішектің ұзын жағын сол қолымен тартады да, оң қолымен дишкантта ойнайды».

Ұрып ойналатын аспаптар даңғыра, асатаяқ және қияқпен ойналатын қылқобызды көбінде бақсылар қолданған. Мысалы, саяхатшы И. Георги былайша әңгімелейді: «Нақсы мәжуси шамандарға немесе қамаларға ұқсайды. Олар жын-перілермен таныспыз, жын-шайтандар шақырсаң келе қояды, қусақ кетеді деп мақтанады, жын шақырғандарында алақ-жұлақ етіп аласұрып неше түрлі қимыл жасайды, кейбіреулері мұндайда барабан қолданады...» И. Андреев еңбектерінің бірінде асатаяқ жөнінде айтылған, автор оны «жезл» деп атапты. Өткен ғасырдың 20 жылдарында қазақтардың арасында болған саяхатшы Г. Броневский қолында музыкалық аспаптар — даңғыра мен асатаяқ бар бақсыны кездестіреді. Ол өзінің осы жайыйда жазбаларында асатаяқты металл аспаптардың қатарына жатқызады. М. Петуховтың еңбегінде де даңғыра жайында мағлұмат бар. Шамандардың өздерінің киімдеріне түрлі сылдырмақ тағылып, асатаяқ пен бубен ұстайтыны Орыс Географиялық қоғамының Семей бөлімі жазбаларында да айтылады. Зерттеуші А. Левшин өзінің «Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен өңірлерін суреттеп жазу» деп аталатын белгілі кітабында асатаяқты «балдақ» деген.
Этнограф П. Тихов ұрып ойналатын аспап дабыл жөнінде қызықты мәлімет жазып қалдырған. Оның еңбегінде дабылдан басқа домбыра, қылқобыз, шаңқобыз, сыбызғылар да суреттелген.
 

Ұқсас материалдар