Қандастар Ассамблея

Қорғаныс Министрлігі

05.12.2012 2739
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі – Қазақстан Республикасы-ның қорғаныс саласындағы саясатын жүзеге асыратын, сондай-ақ Қарулы күштерін басқаратын орталық атқарушы орган. Қазақ КСР Мемл. қорғаныс к-тінің негізінде 1992 ж. 7 мамырда құрылды. Министрліктің негізгі міндеттері: ҚР Әскери доктринасы мен әскери бюджет жобасын әзірлеп, іске асыру; ҚР-ның әскери-тех. және әскери-экон. саясатын жүргізуге қатысу; әскери-саяси жағдайды бағалауға, ҚР қауіпсіздігіне төнген ықтимал қатердің сипаты мен деңгейін анықтауға қатысу; Қарулы Күштердегі мемл. құпияның қорғалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету; Қарулы Күштердің мемлекеттің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғауға жауынгерлік тұрақты даярлықта болуын қамтамасыз ету, ҚР Конституциясы мен ҚР-ның Қарулы Күштер туралы нормативтік құқықтық актілері нормаларының іске асырылуын қамтамасыз ету; Қарулы Күштер түрлерінің, әскерлер тектерінің, арнаулы әскерлердің шұғыл міндеттері мен мақсаттарын айқындау, оларды республикадағы басқа әскерлермен және жауынгерлік жасақтармен, халықар. шарттар негізінде басқа мемлекеттердің қарулы күштерімен өзара ынтымақты іс-қимылға келтіру, т.б. Қ. м. Қарулы Күштердің құрылысы мен дамуы бағдарламаларын іске асырады; Қарулы Күштерді дамыту және реформалау жұмысын жүргізеді; қару-жарақты, әскери техниканы, басқа да әскери мүлікті жасау, өндіру, жөндеу жөніндегі мемл. тапсырысты орындайды, олардың әзірленуін, сынақтан өткізілуін, өндірілуін, сапасын бақылайды; әскери ғылымды дамытуға басшылық жасайды, әскери ғыл.-зерт. жүргізеді; ҚР қорғаныс өнеркәсібінің негізгі бағыттарын айқындауға қатысады; әскери мамандарды даярлаудың біртұтас, сан қырлы ұлттық жүйесін жасау жұмысын ұйымдастырады; Қарулы Күштерді әлеум. тұрғыдан дамыту, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін, сондай-ақ зейнеткерлерді мед., санаторийлік-курорттық тұрғыдан қамтамасыз етеді, сауықтырылуын, тұрғын үй, өндірістік-шаруашылық, материалдық-тұрмыстық жағдайын жақсарту шараларын жүзеге асырады; ТМД мемлекеттерінің ұжымдық қауіпсіздігі жүйесі және бітімгершілік қызметі шеңберіндегі қорғанысты жоспарлауға қатысады; әскери есепке алу, азаматтарды әскери қызметке даярлау, оларды әскери қызметке шақыру және жинау жұмыстарын ұйымдастырады, әскери полиция органдарының әскери қылмыстар жасап, құқық бұзушыларды іздестіру, ұстау, анықтау жөніндегі қызметтерін атқарады; ҚР-ның әуедегі мемл. шекарасын қорғайды; өзге де міндеттерді жүзеге асырады. А. Тасболатов  

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі – Қазақстан Республикасы-ның қорғаныс саласындағы саясатын жүзеге асыратын, сондай-ақ Қарулы күштерін басқаратын орталық атқарушы орган. Қазақ КСР Мемл. қорғаныс к-тінің негізінде 1992 ж. 7 мамырда құрылды. Министрліктің негізгі міндеттері: ҚР Әскери доктринасы мен әскери бюджет жобасын әзірлеп, іске асыру; ҚР-ның әскери-тех. және әскери-экон. саясатын жүргізуге қатысу; әскери-саяси жағдайды бағалауға, ҚР қауіпсіздігіне төнген ықтимал қатердің сипаты мен деңгейін анықтауға қатысу; Қарулы Күштердегі мемл. құпияның қорғалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету; Қарулы Күштердің мемлекеттің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғауға жауынгерлік тұрақты даярлықта болуын қамтамасыз ету, ҚР Конституциясы мен ҚР-ның Қарулы Күштер туралы нормативтік құқықтық актілері нормаларының іске асырылуын қамтамасыз ету; Қарулы Күштер түрлерінің, әскерлер тектерінің, арнаулы әскерлердің шұғыл міндеттері мен мақсаттарын айқындау, оларды республикадағы басқа әскерлермен және жауынгерлік жасақтармен, халықар. шарттар негізінде басқа мемлекеттердің қарулы күштерімен өзара ынтымақты іс-қимылға келтіру, т.б. Қ. м. Қарулы Күштердің құрылысы мен дамуы бағдарламаларын іске асырады; Қарулы Күштерді дамыту және реформалау жұмысын жүргізеді; қару-жарақты, әскери техниканы, басқа да әскери мүлікті жасау, өндіру, жөндеу жөніндегі мемл. тапсырысты орындайды, олардың әзірленуін, сынақтан өткізілуін, өндірілуін, сапасын бақылайды; әскери ғылымды дамытуға басшылық жасайды, әскери ғыл.-зерт. жүргізеді; ҚР қорғаныс өнеркәсібінің негізгі бағыттарын айқындауға қатысады; әскери мамандарды даярлаудың біртұтас, сан қырлы ұлттық жүйесін жасау жұмысын ұйымдастырады; Қарулы Күштерді әлеум. тұрғыдан дамыту, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін, сондай-ақ зейнеткерлерді мед., санаторийлік-курорттық тұрғыдан қамтамасыз етеді, сауықтырылуын, тұрғын үй, өндірістік-шаруашылық, материалдық-тұрмыстық жағдайын жақсарту шараларын жүзеге асырады; ТМД мемлекеттерінің ұжымдық қауіпсіздігі жүйесі және бітімгершілік қызметі шеңберіндегі қорғанысты жоспарлауға қатысады; әскери есепке алу, азаматтарды әскери қызметке даярлау, оларды әскери қызметке шақыру және жинау жұмыстарын ұйымдастырады, әскери полиция органдарының әскери қылмыстар жасап, құқық бұзушыларды іздестіру, ұстау, анықтау жөніндегі қызметтерін атқарады; ҚР-ның әуедегі мемл. шекарасын қорғайды; өзге де міндеттерді жүзеге асырады.

А. Тасболатов
 

Ұқсас материалдар