Қандастар Ассамблея

Ашель мәдениеті

05.12.2012 4889
  Ашель мәдениеті — төменгі палеолит дәуірінен (біздің заманымыздан бұрын 400 — 100 мыңжылдықтан) сақталған ескерткіштердің ғылымдағы жиынтық атауы.  Бастапқы палеолиггің шелль мәдениетінен кейінгі археологиялык мәдениеті, одан негізгі құрал — кескіштің дүрыс пішінділігімен ерекшеленеді. Шамамен осыдан 400-700 мың жылдарды қамтиды. Бұл мәдениетке сәйкес келетін ескерткіштер Қазақстанның көптеген жерлерінде кездеседі. Бұл мәдениеттің атауы Франциядағы Сент-Ашель елді мекенінің атымен байланысты  аталған. Ашель мәдениетінің жоғарғы сатысы — архантроптармен, төменгі сатысы — палеоантроптармен байланысты деген пікір ғылымда кең тараған. Ашель дәуірінің басы еңбек құралдарының жаңа түрлері — қол шапқылар мен жарғыш құралдардың пайда болуымен сипатталады. Африкалық кезеңдеуде қол шапқылардың барлық түрлері ашельдік деп саналады. Олардың неғұрлым ертеректегі түрлері Еуропадағы Аббевил дәуіріне сәйкес келеді. Ашель мәдениетінің шапқылары басы үшкір, екі жүзді, сыртқы пішіні сопақ немесе бадам сүйегі тәріздес. Кейде екінші жүзі қайралмағандары да кездеседі. Олар жер астынан әр түрлі өсімдіктердің тамырын қазып алуға, ұсақ аңдарды өлтіруге, олардың денесін бұзуға, ағаштар мен сүйектер жонуға пайдаланылған. Ерте Ашель мәдениеті құралдарының ойықтары аз, қысқа және терең салынған, жүздері біртегіс емес. Ойықтар тас балғалармен шетінен ортасына қарай соғу арқылы салынған. Ашель мәдениетінің орта тұсында тас тоқпақтардың орнына едәуір жұмсақ заттар — сүйектер мен ағаштардан жасалған тоқпақтар пайдаланыла бастады. Бұл жаңалық еңбек құралдарының анағұрлым сапалы жасалуына септігін тигізді. Ашель мәдениеті құралдарының ішінде чопперлер, қырғыштар және шеттері тіс тәріздес етіп жасалған құралдар (Олдувей мәдениеті) да сақталған. Бұл кезеңде құралдардың қырғыш, кескіш, тескіш секілді түрлері көбейген. Ашель дәуірінің соңына таман нуклеустерді өңделулері өте сапалы Левалуа әдісі (Тас құралдарын өңдеу әдісі) пайда болды. Ашель дәуірі адамдарының тұрақтары аңшылардың мекен жайлары болып есептеледі. Сол кездің өзінде шаруашылықтың түрлеріне қарай тұрақтардың қысқа мерзімге арналған аңшылық және кремний өндіретін шеберханалар сияқты түрлері пайда болды. Кремний өндірген шеберханалардың орны Қазақстанда Шақпақата, Бөріқазған, Тәңірқазған, Семізбұғы тұрақтарынан табылды. Ашель мәдениетіне жататын тұрақтар Олдувей мәдениетінің тұрақтарына қарағанда анағұрлым кең таралған.

 

Ашель мәдениеті — төменгі палеолит дәуірінен (біздің заманымыздан бұрын 400 — 100 мыңжылдықтан) сақталған ескерткіштердің ғылымдағы жиынтық атауы.  Бастапқы палеолиггің шелль мәдениетінен кейінгі археологиялык мәдениеті, одан негізгі құрал — кескіштің дүрыс пішінділігімен ерекшеленеді. Шамамен осыдан 400-700 мың жылдарды қамтиды. Бұл мәдениетке сәйкес келетін ескерткіштер Қазақстанның көптеген жерлерінде кездеседі.

Бұл мәдениеттің атауы Франциядағы Сент-Ашель елді мекенінің атымен байланысты  аталған. Ашель мәдениетінің жоғарғы сатысы — архантроптармен, төменгі сатысы — палеоантроптармен байланысты деген пікір ғылымда кең тараған. Ашель дәуірінің басы еңбек құралдарының жаңа түрлері — қол шапқылар мен жарғыш құралдардың пайда болуымен сипатталады.

Африкалық кезеңдеуде қол шапқылардың барлық түрлері ашельдік деп саналады. Олардың неғұрлым ертеректегі түрлері Еуропадағы Аббевил дәуіріне сәйкес келеді. Ашель мәдениетінің шапқылары басы үшкір, екі жүзді, сыртқы пішіні сопақ немесе бадам сүйегі тәріздес. Кейде екінші жүзі қайралмағандары да кездеседі. Олар жер астынан әр түрлі өсімдіктердің тамырын қазып алуға, ұсақ аңдарды өлтіруге, олардың денесін бұзуға, ағаштар мен сүйектер жонуға пайдаланылған.

Ерте Ашель мәдениеті құралдарының ойықтары аз, қысқа және терең салынған, жүздері біртегіс емес. Ойықтар тас балғалармен шетінен ортасына қарай соғу арқылы салынған. Ашель мәдениетінің орта тұсында тас тоқпақтардың орнына едәуір жұмсақ заттар — сүйектер мен ағаштардан жасалған тоқпақтар пайдаланыла бастады. Бұл жаңалық еңбек құралдарының анағұрлым сапалы жасалуына септігін тигізді. Ашель мәдениеті құралдарының ішінде чопперлер, қырғыштар және шеттері тіс тәріздес етіп жасалған құралдар (Олдувей мәдениеті) да сақталған. Бұл кезеңде құралдардың қырғыш, кескіш, тескіш секілді түрлері көбейген.

Ашель дәуірінің соңына таман нуклеустерді өңделулері өте сапалы Левалуа әдісі (Тас құралдарын өңдеу әдісі) пайда болды. Ашель дәуірі адамдарының тұрақтары аңшылардың мекен жайлары болып есептеледі. Сол кездің өзінде шаруашылықтың түрлеріне қарай тұрақтардың қысқа мерзімге арналған аңшылық және кремний өндіретін шеберханалар сияқты түрлері пайда болды. Кремний өндірген шеберханалардың орны Қазақстанда Шақпақата, Бөріқазған, Тәңірқазған, Семізбұғы тұрақтарынан табылды.

Ашель мәдениетіне жататын тұрақтар Олдувей мәдениетінің тұрақтарына қарағанда анағұрлым кең таралған.

Ұқсас материалдар