Қандастар Ассамблея

Ерте Темір дәуіріңдегі Шығыс Қазақстан

05.12.2012 13790
Ерте Темір дәуіріңдегі Шығыс Қазақстан Ерте Темір дәуіріңдегі Шығыс Қазақстан Ертедегі темір дәуірі ескерткішінің едәуір бөлігі Шығыс Қазақстанның ең басты су артериясы — Ертіс өзенінің аңғарларына орналасқан. Оның сол жақ жағалауындағы обалы қорымдар Қалба жотасының солтүстік және оңтүстік баурайына шоғырланған, ал онаң әрі оңтүстік-батысқа Шыңғыстауға және Тарбағатайдың батыс аудандарына дейін созылады. Өлкенің оңтүстігінде олар Зайсан ойдымында тараған. Шығыстағы таулы аудандарда обалар Нарым, Бұқтырма өзендерінің жағалауларына және Бұқтырманың көптеген салаларына тарай орналасады да, Таулы Алтай аудандарының ескерткіштерімен ұштасып жатады. «Патша» обалары деп аталатын ең үлкен обалар Зайсан ойдымының Шілікті аңғарында және Оңтүстік Алтай тауларында Бұктырма өзенінің жағалауында шоғырланған. Шығыс Қазақстанның тастары мол таулы аудандарында обалардың көбінің тас үйінділері бар (Берел, Катон, Күрті, Майәмір). Жоғарғы Ертіс өңірі аңғарларында обалар малтатас араласқан топырақтан үйілген, ал жерлеу құрылыстарына әркашан дерлік, кейде алыстан әкелінген тас пайдаланылған (Құлажорға, Баты, Шілікті, Усть-Бұқтырма). Ортаңғы Ертістің Құлынды даласына іргелес жазық аудандарында обалар топырақтан үйілген (Жолқүдық, Чернореченск, Ертіс, Боброво, Леонтьевка). Шығыс Қазақстаннын пайдалы қазбалары қола дәуірінде ғана емес, ертедегі темір ғасырында да игерілген. Кенді Алтайдың полиметалл белдеуінде 850-ге жуық кеніштер мен кен орындары бар. Олардың көпшілігі кезінде ертедегі, «керемет» кен орындарының іздері бойынша ашылған. Оларда мыс, қалайы, алтын өндірілген. Мұнда металлургия мен мал шаруашылығы ежелгі кәсіпшіліктің жетекші салалары болды. Шығыс Қазақстанның ежелгі халқы б. з. б. VII - IV ғасырларда Қазақстан аумағын мекен еткен көптеген тайпаларды біріктірген сақ тайпалары одағына кірді. Орталық Қазақстанның және Жетісудың туыстас тайпаларымен материалдық мәдениеті жағынан көптеген ұқсастықтары болғанымен, олар этникалық жағынан біртектес емес еді. Шығыс аудандардағы таулы жерлерді мекендеушілер көршілес алтай тайпаларының этникалық-мәдени ықпалын қабылдады. Зайсан ойдымының далалық аудандарының ескерткіштері Жетісу ескерткіштеріне неғұрлым жақын болды, бұл археологиялык деректерден басқа палеоантропологиялық материалдармен де дәлелденеді. Солтүстік Қазақстан мәдениетімен тығыз байланыста болтан павлодарлық Ертіс өңірі тұрғындарының мәдениеті Батыс Сібірдің орманды дала мәдениетіне, атап айтқанда, Сарғат мәдениеті деп аталатын көшпелі угор тайпаларының мәдениетіне бейім болды. Шығыс Қазақстан аумағын мекендеген тайпалардың өздерін қалай атағаны бізге дейін жеткен жоқ және бұл мәселе осы кезге дейін шешілмей қалып отыр. Тарихи әдебиетте Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстанның таулы белдеуіне көбіне аты аңызға айналған аримаспылар тайпаларын орналастырады. Мұндай оқшаулауға антик авторларының аримаспылар жерінде ірі-ірі алтын кеніштері бар деген деректері негізге алынады, ал бұл кеніштер дегенде Степняк қаласының маңайы мен Қалба жотасындағы ертедегі алтын өндіру орталықтары айтылған деп болжанады.[1] Шығыс Қазақстанның оңтүстік, далалық аудандары сақгардың есімдерімен байланыстырылады. Шығыс Қазақстан тұрғындарының этникалық айырмашылықтарын әсірелемеу керек. Бұлар жақын туыс тайпалар тобы болған. Ғылымда олардың материалдық мәдениетінің ең басты үш кезеңі боліп көрсетіледі, олар: б. з. б. VII—VI ғасырлардағы майәмір, V-IV ғасырлардағы берел, III—I ғасырлардағы құлажорга кезендері. Майәмір кезеңі (б. з. б. VII—VI ғғ.) Майәмір кезеңі Нарым өзенінің жоғарғы ағысындағы Майәмір даласындағы обалы қорымныңаты бойынша белгіленген. Таулы Алтайдың қарапайым майәмір обаларының көбінесе іргесін белдеулей қоршаган аласа тас үйінділері болды. Қабір лакаттары тікбұрышты етіп қазылды, олардың қабырғалары ағашпен шегенделді және бір қабат боренелермен жабылды. Майәмір ескерткіштерінен жиегі шығыңқы және деңгелегінің ортасында тұзагы бар қола айналардың, сыртқы ілмешектері өте кішкене үзеңгі тәріздес қола ауыздығы бар жүгендердің ертеректегі түрлерінің, үш тесікті немесе ортаңғы тесігінің орнына ілмешегі бар айшықтардың өте мол жиынтығы табылды. Майәмір заманының қолданбалы өнеріне көбінесе атылғалы тұрған жыртқыштың, жүріп келе жатқан немесе жүруге ыңғайланған жануарлардың бейнесі тән. Жерлеу ғұрпы мен зат кешенінің біршама тұрақтылықы Шығыс Қазақстанда б. з. б. VII—VI ғасырларда-ақ, ертедегі темір заманы мәдениетінің негізі қалыптасқанын керсетеді. Бұқтырма өзенінің жоғарғы ағысында Күртінің салаларынан неғұрлым ертедегі ескерткіштер табылды. Олар жер бетінен шығынкы, үлкен қойтастардан қаланған шеңберлер түрінде көрінеді. Шеңбердің ішіндегі онша терең емес шұңқырды көмкере ірі тастарды қазақатар сопақша етіп қаластырған. Осындай екі қаламаға адамдар басы солтүстік-батысқа қаратылып, сол жақ қырынан бүктетіле жатқызылып жерленген. Жерлеу ғұрпы бойынша Күрті ескерткіштері шалқасынан жатқызып, аяқ-қолын созып жерлейтін майәмір салтынан өзгеше болып келеді. Қабірлерді сопақша етіп ірі тастармен қоршап қалау да майәмір салтына тән емес. Күрті қорымындағы бүктетілдіріп жерлеу дәстүрі — ертеректегі Андронов мәдениетінің қалдығы. Өліктің аяқ жағына тастан арнайы салынған жанама құрылыс ішіне атты жерлеу де айырмашылықты айқын аңғартады. Аттың жақ сүйектерінің екі жағынан «ауыздықтаулы» күйінде ертеректегі жобамен жасалған екі мүйіз айшық табылды. Металдан жасалған ауыздықтардың болмауы Күрті молаларын ертедегі мал өсірушілердің тұрмысында қайыс ауыздықты, «ауыздықсыз» деп аталатын жүгендердің болған заманына қатысты деуге мүмкіндік береді. Осы сияқты ескерткіштер б. з. б. IX—VIII ғасырларға, майәмір ескерткіштерінің алдындағы Қазақстанның ежелгі көшпелілер мәдениетінің өте ертеректегі кезеңіне жатады. Мүндай ескерткіш түрлері ШығысҚазақстанның далалық аудандарынанда табылған. Жаугершілікте мінілген ат пен иесін жеке-жеке жерлеу ғұрпы ертедегі мал өсірушілер тарихының тек өте ежелгі кезеңіне ғана тән, кейінірек ол кездеспейді. Майәмір кезеңінің аяк кезінде ғана алғаш рет жалпы лақатка иесін атымен қоса жерлеу пайда болады. Құлажорға кезеңі (б. з. б. Ill—I ғасырлар) Б. з. б. III ғасырға таман Шығыс Қазақстанның археологиялық көскерткіш- терініңтүрлері мен құрылымы өз сипатын өзгертгі. Тарбағатай мен Ертістің жоғарғы бойы аралығындағы далаларда құлажорғалық үлгідегі деп аталатын жерлеу кұрылыстары таралады. Тас жәшіктер кырынан көміліп, үстін тақтатастармен жапқан төрт және одан да көбірек кашалмаған көлемді тақтатастардан құрастырылган. Өліктерді шалқасынан, созылған күйінде, басын батыска не шығысқа кара¬тып жерлеген. Тек бірнеше жағдайларда ғана оң жақ қырынан бүрістіріп жерленгендер кездесті. Құлажорға үлгісіндегі ескерткіштердің заттары кешенінің арасында ең көбі қыш ыдыстар болды. Қыш ыдыстар аласа жұмыр мойынды жатаған құмыралар, кіреңке тәрізді көзелер, ілмек сияқты сабы бар дөңгелек түпті, бүйірлі және аласа текшелер түрінде болып келеді. Жетісуда таралған қола қазандарына ұқсайтын тік және көлденең құлақтары бар қыш қазандарының едәуір сирек түрлері де кездесті. Тікбүрышты астауша, тік және кесе сияқты, кейде тұтқасы болатын тостақандар түріндегі ағаш ыдыстар Жетісу мен Солтүстік Қырғызстан ыдыстарына жақын. Ағаш ыдыстарының сыртын көбінесе қызыл бояумен бояған. Қыш көзелер де көбіне осындай бояумен боялады (Қүлажорға, Баты, Катон, Зевакино). Негізінен құмыралар мен көзелердің түрлері Шығыс Қазақстан мал өсірушілерінің мәдениеті үшін дәстүрлі болып табылады, ал олардың шыгу тегі пазырық үлгісіндегі ескерткіштерден айқын көрінеді, ал басқа біреулері, мысалы, текшелер Қазақстаннын оңтүстік-шығысынан альшғаны айқын аңғарылады. Құлажорға мәдениетің жасаушылар Жетісудың ежелгі тұрғындарына туыстас жергілікті этникалық топ болған. Этникалық-мәдени байланыстары бірнеше бағыттардан: қыш және ағаш ыдыстардың түрлерінен басқа, тізбектеле орналасқан молалар топографиясының ұқсастығынан, үйінділердің құрылымы мен бейнесінен, жерленгендегі ендікке бағдарлануынан, молаға қой етінің мүшесін (көбінесе, жамбас жағын) қою салтынан байқалады. Ақырында, жерленгендердің сүйектеріне талдау жасаудың көрсетіп отырғанындай, Шығыс Қазақстан далалары мен Жетісу тұрғындарының антропологиялық тұрпаты да ұқсас. Оның негізі аздаған монголоидтік қоспасы бар еуропеоидтік тұрпатта болды, ортаазиялык өзенаралық түрге ауысатын аңцроновтық түрдің белгілері басым келеді. Қола бұйымдарының құрамынан да ғажайып ұқсастық анықталып отыр. Қазақстан аумағының шығысы мен оңтүстік-шығысының этникалық және мәдени жағынан жақын болуына саяси жағдай да себепші болды. Б. з. б. IV—III ғасырларда Жетісуда мемлекеттіліктің қалыптасу және көршілес аумақгарға, атап айтқанда, солтүстік-шығыска ыкпалдыңтаралу үрдісі жүріп жатгы. Ғұндардың (гундардың) мемлекетгік бірлестігі сол кезде өзара қырқысулар мен халық көтерілістерінен әлсіреген Қытай империясымен күрес жүргізеді. Ғұн одағынын ықпал өрісі орасан зор аумақты - Байкалдан Енисейдің жоғарғы бойына дейінгі аралықты және Шығыс Түркістанды қамтыды. Ірі саяси оқиғалар кытай деректемелерінде көрініс таппай калған жоқ, оларда Орталық Азияның көптеген тайпаларының орналасуы туралы мәліметгер пайда болады. Мәселен, б. з. б. II—I ғасырлардағы саяси жағдайды бейнелейтін ертедегі тарихи қарталардын бірінде (Дзинь-Дань-Хуан-юй, 1-шыгарылым, 1-карта) Тарбағатай мен Ертістің жоғарғы ағысына у-ге (у- цзе) тайпасы орналастырылған. Оның орналасу ареалы Құлажорға үлгісіндегі ескерткіштер тараған аумаққа сәйкес келеді. У-ге б. з. б. Ill—I ғасырлардағы Шығыс Қазақстанның далалық бөлігінің халқы болуы да мүмкін.  

Ерте Темір дәуіріңдегі Шығыс Қазақстан
Ерте Темір дәуіріңдегі Шығыс Қазақстан Ертедегі темір дәуірі ескерткішінің едәуір бөлігі Шығыс Қазақстанның ең басты су артериясы — Ертіс өзенінің аңғарларына орналасқан. Оның сол жақ жағалауындағы обалы қорымдар Қалба жотасының солтүстік және оңтүстік баурайына шоғырланған, ал онаң әрі оңтүстік-батысқа Шыңғыстауға және Тарбағатайдың батыс аудандарына дейін созылады. Өлкенің оңтүстігінде олар Зайсан ойдымында тараған. Шығыстағы таулы аудандарда обалар Нарым, Бұқтырма өзендерінің жағалауларына және Бұқтырманың көптеген салаларына тарай орналасады да, Таулы Алтай аудандарының ескерткіштерімен ұштасып жатады. «Патша» обалары деп аталатын ең үлкен обалар Зайсан ойдымының Шілікті аңғарында және Оңтүстік Алтай тауларында Бұктырма өзенінің жағалауында шоғырланған. Шығыс Қазақстанның тастары мол таулы аудандарында обалардың көбінің тас үйінділері бар (Берел, Катон, Күрті, Майәмір). Жоғарғы Ертіс өңірі аңғарларында обалар малтатас араласқан топырақтан үйілген, ал жерлеу құрылыстарына әркашан дерлік, кейде алыстан әкелінген тас пайдаланылған (Құлажорға, Баты, Шілікті, Усть-Бұқтырма). Ортаңғы Ертістің Құлынды даласына іргелес жазық аудандарында обалар топырақтан үйілген (Жолқүдық, Чернореченск, Ертіс, Боброво, Леонтьевка). Шығыс Қазақстаннын пайдалы қазбалары қола дәуірінде ғана емес, ертедегі темір ғасырында да игерілген. Кенді Алтайдың полиметалл белдеуінде 850-ге жуық кеніштер мен кен орындары бар. Олардың көпшілігі кезінде ертедегі, «керемет» кен орындарының іздері бойынша ашылған. Оларда мыс, қалайы, алтын өндірілген. Мұнда металлургия мен мал шаруашылығы ежелгі кәсіпшіліктің жетекші салалары болды. Шығыс Қазақстанның ежелгі халқы б. з. б. VII - IV ғасырларда Қазақстан аумағын мекен еткен көптеген тайпаларды біріктірген сақ тайпалары одағына кірді. Орталық Қазақстанның және Жетісудың туыстас тайпаларымен материалдық мәдениеті жағынан көптеген ұқсастықтары болғанымен, олар этникалық жағынан біртектес емес еді. Шығыс аудандардағы таулы жерлерді мекендеушілер көршілес алтай тайпаларының этникалық-мәдени ықпалын қабылдады. Зайсан ойдымының далалық аудандарының ескерткіштері Жетісу ескерткіштеріне неғұрлым жақын болды, бұл археологиялык деректерден басқа палеоантропологиялық материалдармен де дәлелденеді. Солтүстік Қазақстан мәдениетімен тығыз байланыста болтан павлодарлық Ертіс өңірі тұрғындарының мәдениеті Батыс Сібірдің орманды дала мәдениетіне, атап айтқанда, Сарғат мәдениеті деп аталатын көшпелі угор тайпаларының мәдениетіне бейім болды. Шығыс Қазақстан аумағын мекендеген тайпалардың өздерін қалай атағаны бізге дейін жеткен жоқ және бұл мәселе осы кезге дейін шешілмей қалып отыр. Тарихи әдебиетте Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстанның таулы белдеуіне көбіне аты аңызға айналған аримаспылар тайпаларын орналастырады. Мұндай оқшаулауға антик авторларының аримаспылар жерінде ірі-ірі алтын кеніштері бар деген деректері негізге алынады, ал бұл кеніштер дегенде Степняк қаласының маңайы мен Қалба жотасындағы ертедегі алтын өндіру орталықтары айтылған деп болжанады.[1] Шығыс Қазақстанның оңтүстік, далалық аудандары сақгардың есімдерімен байланыстырылады. Шығыс Қазақстан тұрғындарының этникалық айырмашылықтарын әсірелемеу керек. Бұлар жақын туыс тайпалар тобы болған. Ғылымда олардың материалдық мәдениетінің ең басты үш кезеңі боліп көрсетіледі, олар: б. з. б. VII—VI ғасырлардағы майәмір, V-IV ғасырлардағы берел, III—I ғасырлардағы құлажорга кезендері.
Майәмір кезеңі (б. з. б. VII—VI ғғ.)
Майәмір кезеңі Нарым өзенінің жоғарғы ағысындағы Майәмір даласындағы обалы қорымныңаты бойынша белгіленген. Таулы Алтайдың қарапайым майәмір обаларының көбінесе іргесін белдеулей қоршаган аласа тас үйінділері болды. Қабір лакаттары тікбұрышты етіп қазылды, олардың қабырғалары ағашпен шегенделді және бір қабат боренелермен жабылды. Майәмір ескерткіштерінен жиегі шығыңқы және деңгелегінің ортасында тұзагы бар қола айналардың, сыртқы ілмешектері өте кішкене үзеңгі тәріздес қола ауыздығы бар жүгендердің ертеректегі түрлерінің, үш тесікті немесе ортаңғы тесігінің орнына ілмешегі бар айшықтардың өте мол жиынтығы табылды. Майәмір заманының қолданбалы өнеріне көбінесе атылғалы тұрған жыртқыштың, жүріп келе жатқан немесе жүруге ыңғайланған жануарлардың бейнесі тән. Жерлеу ғұрпы мен зат кешенінің біршама тұрақтылықы Шығыс Қазақстанда б. з. б. VII—VI ғасырларда-ақ, ертедегі темір заманы мәдениетінің негізі қалыптасқанын керсетеді. Бұқтырма өзенінің жоғарғы ағысында Күртінің салаларынан неғұрлым ертедегі ескерткіштер табылды. Олар жер бетінен шығынкы, үлкен қойтастардан қаланған шеңберлер түрінде көрінеді. Шеңбердің ішіндегі онша терең емес шұңқырды көмкере ірі тастарды қазақатар сопақша етіп қаластырған. Осындай екі қаламаға адамдар басы солтүстік-батысқа қаратылып, сол жақ қырынан бүктетіле жатқызылып жерленген. Жерлеу ғұрпы бойынша Күрті ескерткіштері шалқасынан жатқызып, аяқ-қолын созып жерлейтін майәмір салтынан өзгеше болып келеді. Қабірлерді сопақша етіп ірі тастармен қоршап қалау да майәмір салтына тән емес. Күрті қорымындағы бүктетілдіріп жерлеу дәстүрі — ертеректегі Андронов мәдениетінің қалдығы. Өліктің аяқ жағына тастан арнайы салынған жанама құрылыс ішіне атты жерлеу де айырмашылықты айқын аңғартады. Аттың жақ сүйектерінің екі жағынан «ауыздықтаулы» күйінде ертеректегі жобамен жасалған екі мүйіз айшық табылды. Металдан жасалған ауыздықтардың болмауы Күрті молаларын ертедегі мал өсірушілердің тұрмысында қайыс ауыздықты, «ауыздықсыз» деп аталатын жүгендердің болған заманына қатысты деуге мүмкіндік береді. Осы сияқты ескерткіштер б. з. б. IX—VIII ғасырларға, майәмір ескерткіштерінің алдындағы Қазақстанның ежелгі көшпелілер мәдениетінің өте ертеректегі кезеңіне жатады. Мүндай ескерткіш түрлері ШығысҚазақстанның далалық аудандарынанда табылған. Жаугершілікте мінілген ат пен иесін жеке-жеке жерлеу ғұрпы ертедегі мал өсірушілер тарихының тек өте ежелгі кезеңіне ғана тән, кейінірек ол кездеспейді. Майәмір кезеңінің аяк кезінде ғана алғаш рет жалпы лақатка иесін атымен қоса жерлеу пайда болады.
Құлажорға кезеңі (б. з. б. Ill—I ғасырлар)
Б. з. б. III ғасырға таман Шығыс Қазақстанның археологиялық көскерткіш- терініңтүрлері мен құрылымы өз сипатын өзгертгі. Тарбағатай мен Ертістің жоғарғы бойы аралығындағы далаларда құлажорғалық үлгідегі деп аталатын жерлеу кұрылыстары таралады. Тас жәшіктер кырынан көміліп, үстін тақтатастармен жапқан төрт және одан да көбірек кашалмаған көлемді тақтатастардан құрастырылган. Өліктерді шалқасынан, созылған күйінде, басын батыска не шығысқа кара¬тып жерлеген. Тек бірнеше жағдайларда ғана оң жақ қырынан бүрістіріп жерленгендер кездесті. Құлажорға үлгісіндегі ескерткіштердің заттары кешенінің арасында ең көбі қыш ыдыстар болды. Қыш ыдыстар аласа жұмыр мойынды жатаған құмыралар, кіреңке тәрізді көзелер, ілмек сияқты сабы бар дөңгелек түпті, бүйірлі және аласа текшелер түрінде болып келеді. Жетісуда таралған қола қазандарына ұқсайтын тік және көлденең құлақтары бар қыш қазандарының едәуір сирек түрлері де кездесті. Тікбүрышты астауша, тік және кесе сияқты, кейде тұтқасы болатын тостақандар түріндегі ағаш ыдыстар Жетісу мен Солтүстік Қырғызстан ыдыстарына жақын. Ағаш ыдыстарының сыртын көбінесе қызыл бояумен бояған. Қыш көзелер де көбіне осындай бояумен боялады (Қүлажорға, Баты, Катон, Зевакино). Негізінен құмыралар мен көзелердің түрлері Шығыс Қазақстан мал өсірушілерінің мәдениеті үшін дәстүрлі болып табылады, ал олардың шыгу тегі пазырық үлгісіндегі ескерткіштерден айқын көрінеді, ал басқа біреулері, мысалы, текшелер Қазақстаннын оңтүстік-шығысынан альшғаны айқын аңғарылады. Құлажорға мәдениетің жасаушылар Жетісудың ежелгі тұрғындарына туыстас жергілікті этникалық топ болған. Этникалық-мәдени байланыстары бірнеше бағыттардан: қыш және ағаш ыдыстардың түрлерінен басқа, тізбектеле орналасқан молалар топографиясының ұқсастығынан, үйінділердің құрылымы мен бейнесінен, жерленгендегі ендікке бағдарлануынан, молаға қой етінің мүшесін (көбінесе, жамбас жағын) қою салтынан байқалады. Ақырында, жерленгендердің сүйектеріне талдау жасаудың көрсетіп отырғанындай, Шығыс Қазақстан далалары мен Жетісу тұрғындарының антропологиялық тұрпаты да ұқсас. Оның негізі аздаған монголоидтік қоспасы бар еуропеоидтік тұрпатта болды, ортаазиялык өзенаралық түрге ауысатын аңцроновтық түрдің белгілері басым келеді. Қола бұйымдарының құрамынан да ғажайып ұқсастық анықталып отыр. Қазақстан аумағының шығысы мен оңтүстік-шығысының этникалық және мәдени жағынан жақын болуына саяси жағдай да себепші болды. Б. з. б. IV—III ғасырларда Жетісуда мемлекеттіліктің қалыптасу және көршілес аумақгарға, атап айтқанда, солтүстік-шығыска ыкпалдыңтаралу үрдісі жүріп жатгы. Ғұндардың (гундардың) мемлекетгік бірлестігі сол кезде өзара қырқысулар мен халық көтерілістерінен әлсіреген Қытай империясымен күрес жүргізеді. Ғұн одағынын ықпал өрісі орасан зор аумақты - Байкалдан Енисейдің жоғарғы бойына дейінгі аралықты және Шығыс Түркістанды қамтыды. Ірі саяси оқиғалар кытай деректемелерінде көрініс таппай калған жоқ, оларда Орталық Азияның көптеген тайпаларының орналасуы туралы мәліметгер пайда болады. Мәселен, б. з. б. II—I ғасырлардағы саяси жағдайды бейнелейтін ертедегі тарихи қарталардын бірінде (Дзинь-Дань-Хуан-юй, 1-шыгарылым, 1-карта) Тарбағатай мен Ертістің жоғарғы ағысына у-ге (у- цзе) тайпасы орналастырылған. Оның орналасу ареалы Құлажорға үлгісіндегі ескерткіштер тараған аумаққа сәйкес келеді. У-ге б. з. б. Ill—I ғасырлардағы Шығыс Қазақстанның далалық бөлігінің халқы болуы да мүмкін.
 

Ұқсас материалдар