Қандастар Ассамблея

«Қызыл сұңқарлар»

05.12.2012 7065
 «Қызыл сұңқарлар» (Сын) Орынборда биылғы басылған кітаптардың ішінде «Қызыл сұңқарлар» деген Сейфуллиннің бір кітабы шықты. Бұл өзі пьеса. Бірақ бұл күнге шейін пьеса жазған жазушылар кітабына орынды, орынсыз болса да не комедия (күлкі), не драма (қайғылы хал), не трагедия (қанды оқиға) дегендей аттарды қоюшы еді. Соныменен бұл кітаптың негізі, мақсұты, беті бар кітаптан айырылушы еді. Біздің жазушы кітабын жоғарғының қайсына қосарын білмей дағдарған ба, болмаса, ананың бәрі де өзінің бір-ақ кітабынан табылған ба (дұрысы соңғысы болса керек), әйтеyip пьеса деген жалпақ. атты бір-ақ отырғызыпты. Бұл сөздерге қарап, оқушы шүбәланып жүрмесін, «Қызыл сұңқардың» пьеса екендігінде дау жоқ. Себебі. сыртына қазақшаға түсінбесең міне орысшам дегендей қылып, қазақша, орысша да «пьеса» деп қойған. Ал, кімде болса пьесалығына сендік, қазақтың тілінде жазылған, қазақ, өмірінен алынған қазақ пьесасы дейік те қарап көрейік. Бұл күнге шейін дүние жүзінде жазылған пьесалардың мақсаты, бағыты, неше түрлі болғанымен бәрінің де .әдебиет жолында амалсыздан бағынатын бір заңы бар. Ол: пьесаның ішінде сөзімен, мінезімен, ісімен кім екендігі анық көрінетін белгілі типтер шығару. Біреу жақсылықтың үлгісі, біреу жаманшылықтың айнасы, біреу қорқақтықтың, біреу биліктің, біреу ақымақтықтың, біреу қаттылықтың тағы осы секілді көп мінездердің үлгісі болып көрінуіне керек. Сондай мінезімен көрінген адамдар арқылы бүтін бір таптың, бір таптың ішіндегі әр мінезді болып жаратылған адамдардың жақсы жағы да, жаман жағы да көрінетін болуы керек. Сондықтан пьеса жазушылар әуелі типтерінің жайын ойлайды. «Қызыл сұңқарды» әуелі осы жағынан алайық: бұнда пікірлері бip болса да мінезімен, сөзімен, анда-сандағы ісімен бірінен-бірі айырылатын жеке-жеке адам бар ма? Қазақтығын, орыстығын былай қойғанда жеке-жеке әр адамның өзіне хас болған мінездерімен көрінетін революционерлер бар ма? Бұған жауап: «Қызыл сұңқарда» бөлек типтер жоқ, жалғыз Ахметқалидан басқасы бәрі бір-ақ адам, шынында Еркебұлан, Жұмаш, Жағыппар, Лозовой, Нестеров, ауырып қалғаны болмаса Бәйділда түгелімен бірі айтқан сөзді бірі айтатын тұтас бір-ақ адам емес пе? Бәрінің мінезін жиып келсек бір Еркебұланнан табылады, Лозовойдың мінезін алсаң бәрінен табылады. Бәрінің халі бір, пікірі бір, өмірі бір болғанымен де бірі оны ойлағанда, бірі мынаны ойлайды, бірі оны қиял қылғанда бірі басқаны қиял қылатын, сөйлессе ылғи біріне бірі (бас) шұлғи бермей, дауласатын да жерлері болады. Адам шын өмірін алсақ осындайдан құралады, бір кездескен он адамның бәрі бірден бір уақытта, ой ойлап, бір уақытта бір мінез істеп, бір уақытта бір-ақ нәрсені қиял қылады деу психология заңында бірінші рет қана айтылған сөз. Ол үшін бәйге тисе — біздің Сейфуллин алады. Әйтпесе, бәрі сөйлетіп қойған граммофон секілді, бәрін Сейфуллин бір-ақ қалпына соққан жансыз адамдар. Екінші: бұл пьеса қазақ өмірін көрсете ме, қазақ пьесасы екені таныла ма? Қазақ баласы осы кітаптың ішінде бар ма? Менің ойымша, қазақ пьесасы болып саналуы мүмкін емес. Жоғарыдағы айтқан әр геройлары түгелімен бір-ақ кісі болудың үстіне, оларда қазақтықтан еш бір белгі де жоқ. Бұлардың құр сарнаған сөзінен басқа жайшылықтағы мінезі мен ісі көрінбегендіктен, әдеті мен жайшылықтағы әлді жері, әлсіз жері сезілмегендіктен, тегінде қандай екендігін білу де мүмкін емес. Сондықтан қазақтығын былай қойып, жеке ғана бір адам болғанда да кім екенін білу қиын. Олай болса, пьесаны қазақтікі деп адасудың орны жоқ. Қазақтан кірген, артқы өмірі көмескілеу, бір тип — Ахметқали болса, ол мазақ есебінде көрсетілген. Орынсыз қылжақ сықақтың қол жаулығы болған. Бәйділданың: «шынына келгенде құдайы мен құмалақ өзі екеуі бірдей! Екеуі де әншейін сорлы жұртты алдауға жасалған былшыл», — деген сөзінен жоғарғының шындығы көрінеді. Қазақ өмірін көрсетпек болған ақырғы бөлім, қазақ өміріндегі Сейфуллиннің қиялы болмаса, анық өмірі емес. Қиял турасынан не айтуға болады. Кезі келіп шалқығанда футуризмге де апаратын қиялға біз не дейік. Бірақ пьесаның ішінде қазақ бар ма деген жерде айтатынымыз — барлық пьесаның ішінде Ахметқали мен Еркебұланның шешесінен басқа қазақ жоқ. Кітапта олар да тип болып көрінбейді. Ұзын өмір кітаптың бір-ақ бетінен ғана болымсыз сезіледі? Онан соңғы бір сөз декларацияны сипаттауда. Төртінші бөлімде: «Оң жақта анау биік таулар...» сөзден бастап сол беттің аяғына шейін ойын бөлмесінің сипаты кетеді. Түгелімен поэтической описание. Пьесаның беті, мақсұты үшін сонша тамылжытпақ болып әйгіленуі неге керек екенін жазушының өзі білмесе, оқушы біз, білмедік. Тағы бір сөз кітаптың бас геройы Еркебұланның аты туралы: бұл қазақта кез келмейтін ат. Мұнда қойылса — мақсұтпен қойылған болуы керек. Сондағы мақсұт не? Бұл атта мырзалық пен серілік бар. Бұла болып, болпаш болып өскен, ерке жалғыздың сипаты бар, болмаса басы ауған жағында кететін сәндік сипаты бар. Бірақ бұл атты ешуақытта еңбекшілдің қамқоры, от пен судың азабында жүрген бейнетқорға жабыстыруға болмайды. Ол болмаса, бұл адамның аузынан көбігін ағызып жүрген былшылдығы — бір келістігінен, бұлаңдығынан шыққан ғана уақытша бір мінез болуы керек. Онда негіздің жоқтығы білінеді. Әйтпесе, бұл кітаптың бәрі бастан-аяқ қазақ әдебиетінің ішіндегі еркелік пен шолжыңдық шығар. Еркебұлан деген атпен жазушы соны көрсетпек шығар. Тіпті болмаса бұланның кім екенін білдірмей жұртты сандалтып қуланғанша, өзі көрген кісілерінің шын атын атағаны дұрыс емес пе. Сонда өмірге жақын болмас па еді. Кітаптың шын мақсұты мен мағынасы да ұғылмас па еді? Осы себептерге қарағанда жазушы келешекте шынын айтар деген үміттеміз. Әзірше кітапта түгел көрінетін бір адам (законченный цельный тип) жоқтықтан, жазушының адам танымайтындығынан бар кісісі тұтасып, бір-ақ кісі болып кеткендіктен, екінші: адамдардың жан сипаты көрінбейтін жарты адамдар болғандығынан, үшінші: Еркебұлан деген ат сияқты heш бір ойсыз, ақылға симайтын, қисындылық (целесообразность) дегеннен алыс тұрған қалыптарына қарағанда, бұл кітапты өзге жақтарынан сынау орынсыз деп білемін. Кітаптың бір мақсұты — агитация десек, онда да жоғарғы шарттарды орындап отырып агитация жүргізуге болады. Болмаса мұндайларды желігіп отырған жеңіл қолмен жазып жіберген реклама дейді. Оның ішінде,. мақтанып кеткенін байқамай қалатын әңгүдіктік болады. Әйтпесе, не жазушылықтың, не жан сипатының (психология) адам баласы түгел қолданған заңдарына бағынбай, ауыздығымен алысып кеткен қисынсыздықтарына жоғарғыдан басқа себеп таба алмаймыз. Өмірінің қызуы мен салқыны жоқ, ойы менен қыры жоқ., ұзақ бейнет, ауыр жаза, өлім қаупі болса да, бір-ақ. сөз, бір-ақ іс, бір-ақ мінез, бір-ақ қиялда тұратын он шақты адам болады деп бұл күнге шейін ешкім жазып көрген жоқ. Мұндай жандар болмайды. Сондықтан мұнда өмір жоқ, жан жоқ. Көбінесе шынға қосып бұлдырды аламыштаған пьеса. Бұл кітаптың болашағына келгенде айтатынымыз сол: қазақ әдебиетінің жұрнағы болып ішінен орын алуы не ғайып. Олай болса қызыл түсті сұңқар көрінгенше бұл кітаптың ішіндегі шала көрінген геройлардың сұңқарлығы да түсініксіз бола тұрар. «Қызыл сұңқарлар» туралы енді тілейтін тілегіміз: басында да өлі аруақ, тірі достың талайына сый есебінде арналған екен, оның үстіне Орынбордағы жиын сайын жиылушыларға сый деп үлестіріледі — дейді. Баяғының қазағы біріне бірі сыйға тауыстың бір тал құйрығын бергенде қуанысып алысады екен. Тек мына сыйымыз сол құйрықтай қуантуға жарап, сондай қадірлі болғай еді. Қоңыр   Мұхтар Әуезов  

 «Қызыл сұңқарлар»

(Сын)

Орынборда биылғы басылған кітаптардың ішінде «Қызыл сұңқарлар» деген Сейфуллиннің бір кітабы шықты. Бұл өзі пьеса. Бірақ бұл күнге шейін пьеса жазған жазушылар кітабына орынды, орынсыз болса да не комедия (күлкі), не драма (қайғылы хал), не трагедия (қанды оқиға) дегендей аттарды қоюшы еді. Соныменен бұл кітаптың негізі, мақсұты, беті бар кітаптан айырылушы еді.

Біздің жазушы кітабын жоғарғының қайсына қосарын білмей дағдарған ба, болмаса, ананың бәрі де өзінің бір-ақ кітабынан табылған ба (дұрысы соңғысы болса керек), әйтеyip пьеса деген жалпақ. атты бір-ақ отырғызыпты.

Бұл сөздерге қарап, оқушы шүбәланып жүрмесін, «Қызыл сұңқардың» пьеса екендігінде дау жоқ. Себебі. сыртына қазақшаға түсінбесең міне орысшам дегендей қылып, қазақша, орысша да «пьеса» деп қойған.

Ал, кімде болса пьесалығына сендік, қазақтың тілінде жазылған, қазақ, өмірінен алынған қазақ пьесасы дейік те қарап көрейік.

Бұл күнге шейін дүние жүзінде жазылған пьесалардың мақсаты, бағыты, неше түрлі болғанымен бәрінің де .әдебиет жолында амалсыздан бағынатын бір заңы бар. Ол: пьесаның ішінде сөзімен, мінезімен, ісімен кім екендігі анық көрінетін белгілі типтер шығару. Біреу жақсылықтың үлгісі, біреу жаманшылықтың айнасы, біреу қорқақтықтың, біреу биліктің, біреу ақымақтықтың, біреу қаттылықтың тағы осы секілді көп мінездердің үлгісі болып көрінуіне керек. Сондай мінезімен көрінген адамдар арқылы бүтін бір таптың, бір таптың ішіндегі әр мінезді болып жаратылған адамдардың жақсы жағы да, жаман жағы да көрінетін болуы керек. Сондықтан пьеса жазушылар әуелі типтерінің жайын ойлайды.

«Қызыл сұңқарды» әуелі осы жағынан алайық: бұнда пікірлері бip болса да мінезімен, сөзімен, анда-сандағы ісімен бірінен-бірі айырылатын жеке-жеке адам бар ма? Қазақтығын, орыстығын былай қойғанда жеке-жеке әр адамның өзіне хас болған мінездерімен көрінетін революционерлер бар ма?

Бұған жауап: «Қызыл сұңқарда» бөлек типтер жоқ, жалғыз Ахметқалидан басқасы бәрі бір-ақ адам, шынында Еркебұлан, Жұмаш, Жағыппар, Лозовой, Нестеров, ауырып қалғаны болмаса Бәйділда түгелімен бірі айтқан сөзді бірі айтатын тұтас бір-ақ адам емес пе? Бәрінің мінезін жиып келсек бір Еркебұланнан табылады, Лозовойдың мінезін алсаң бәрінен табылады. Бәрінің халі бір, пікірі бір, өмірі бір болғанымен де бірі оны ойлағанда, бірі мынаны ойлайды, бірі оны қиял қылғанда бірі басқаны қиял қылатын, сөйлессе ылғи біріне бірі (бас) шұлғи бермей, дауласатын да жерлері болады. Адам шын өмірін алсақ осындайдан құралады, бір кездескен он адамның бәрі бірден бір уақытта, ой ойлап, бір уақытта бір мінез істеп, бір уақытта бір-ақ нәрсені қиял қылады деу психология заңында бірінші рет қана айтылған сөз. Ол үшін бәйге тисе — біздің Сейфуллин алады. Әйтпесе, бәрі сөйлетіп қойған граммофон секілді, бәрін Сейфуллин бір-ақ қалпына соққан жансыз адамдар. Екінші: бұл пьеса қазақ өмірін көрсете ме, қазақ пьесасы екені таныла ма? Қазақ баласы осы кітаптың ішінде бар ма? Менің ойымша, қазақ пьесасы болып саналуы мүмкін емес. Жоғарыдағы айтқан әр геройлары түгелімен бір-ақ кісі болудың үстіне, оларда қазақтықтан еш бір белгі де жоқ. Бұлардың құр сарнаған сөзінен басқа жайшылықтағы мінезі мен ісі көрінбегендіктен, әдеті мен жайшылықтағы әлді жері, әлсіз жері сезілмегендіктен, тегінде қандай екендігін білу де мүмкін емес. Сондықтан қазақтығын былай қойып, жеке ғана бір адам болғанда да кім екенін білу қиын. Олай болса, пьесаны қазақтікі деп адасудың орны жоқ. Қазақтан кірген, артқы өмірі көмескілеу, бір тип — Ахметқали болса, ол мазақ есебінде көрсетілген. Орынсыз қылжақ сықақтың қол жаулығы болған.

Бәйділданың: «шынына келгенде құдайы мен құмалақ өзі екеуі бірдей! Екеуі де әншейін сорлы жұртты алдауға жасалған былшыл», — деген сөзінен жоғарғының шындығы көрінеді.

Қазақ өмірін көрсетпек болған ақырғы бөлім, қазақ өміріндегі Сейфуллиннің қиялы болмаса, анық өмірі емес. Қиял турасынан не айтуға болады. Кезі келіп шалқығанда футуризмге де апаратын қиялға біз не дейік. Бірақ пьесаның ішінде қазақ бар ма деген жерде айтатынымыз — барлық пьесаның ішінде Ахметқали мен Еркебұланның шешесінен басқа қазақ жоқ. Кітапта олар да тип болып көрінбейді. Ұзын өмір кітаптың бір-ақ бетінен ғана болымсыз сезіледі?

Онан соңғы бір сөз декларацияны сипаттауда. Төртінші бөлімде: «Оң жақта анау биік таулар...» сөзден бастап сол беттің аяғына шейін ойын бөлмесінің сипаты кетеді.

Түгелімен поэтической описание. Пьесаның беті, мақсұты үшін сонша тамылжытпақ болып әйгіленуі неге керек екенін жазушының өзі білмесе, оқушы біз, білмедік.

Тағы бір сөз кітаптың бас геройы Еркебұланның аты туралы: бұл қазақта кез келмейтін ат. Мұнда қойылса — мақсұтпен қойылған болуы керек. Сондағы мақсұт не? Бұл атта мырзалық пен серілік бар. Бұла болып, болпаш болып өскен, ерке жалғыздың сипаты бар, болмаса басы ауған жағында кететін сәндік сипаты бар. Бірақ бұл атты ешуақытта еңбекшілдің қамқоры, от пен судың азабында жүрген бейнетқорға жабыстыруға болмайды. Ол болмаса, бұл адамның аузынан көбігін ағызып жүрген былшылдығы — бір келістігінен, бұлаңдығынан шыққан ғана уақытша бір мінез болуы керек. Онда негіздің жоқтығы білінеді.

Әйтпесе, бұл кітаптың бәрі бастан-аяқ қазақ әдебиетінің ішіндегі еркелік пен шолжыңдық шығар. Еркебұлан деген атпен жазушы соны көрсетпек шығар.

Тіпті болмаса бұланның кім екенін білдірмей жұртты сандалтып қуланғанша, өзі көрген кісілерінің шын атын атағаны дұрыс емес пе. Сонда өмірге жақын болмас па еді. Кітаптың шын мақсұты мен мағынасы да ұғылмас па еді?

Осы себептерге қарағанда жазушы келешекте шынын айтар деген үміттеміз. Әзірше кітапта түгел көрінетін бір адам (законченный цельный тип) жоқтықтан, жазушының адам танымайтындығынан бар кісісі тұтасып, бір-ақ кісі болып кеткендіктен, екінші: адамдардың жан сипаты көрінбейтін жарты адамдар болғандығынан, үшінші: Еркебұлан деген ат сияқты heш бір ойсыз, ақылға симайтын, қисындылық (целесообразность) дегеннен алыс тұрған қалыптарына қарағанда, бұл кітапты өзге жақтарынан сынау орынсыз деп білемін.

Кітаптың бір мақсұты — агитация десек, онда да жоғарғы шарттарды орындап отырып агитация жүргізуге болады. Болмаса мұндайларды желігіп отырған жеңіл қолмен жазып жіберген реклама дейді. Оның ішінде,. мақтанып кеткенін байқамай қалатын әңгүдіктік болады.

Әйтпесе, не жазушылықтың, не жан сипатының (психология) адам баласы түгел қолданған заңдарына бағынбай, ауыздығымен алысып кеткен қисынсыздықтарына жоғарғыдан басқа себеп таба алмаймыз.

Өмірінің қызуы мен салқыны жоқ, ойы менен қыры жоқ., ұзақ бейнет, ауыр жаза, өлім қаупі болса да, бір-ақ. сөз, бір-ақ іс, бір-ақ мінез, бір-ақ қиялда тұратын он шақты адам болады деп бұл күнге шейін ешкім жазып көрген жоқ. Мұндай жандар болмайды. Сондықтан мұнда өмір жоқ, жан жоқ. Көбінесе шынға қосып бұлдырды аламыштаған пьеса.

Бұл кітаптың болашағына келгенде айтатынымыз сол: қазақ әдебиетінің жұрнағы болып ішінен орын алуы не ғайып. Олай болса қызыл түсті сұңқар көрінгенше бұл кітаптың ішіндегі шала көрінген геройлардың сұңқарлығы да түсініксіз бола тұрар.

«Қызыл сұңқарлар» туралы енді тілейтін тілегіміз: басында да өлі аруақ, тірі достың талайына сый есебінде арналған екен, оның үстіне Орынбордағы жиын сайын жиылушыларға сый деп үлестіріледі — дейді. Баяғының қазағы біріне бірі сыйға тауыстың бір тал құйрығын бергенде қуанысып алысады екен. Тек мына сыйымыз сол құйрықтай қуантуға жарап, сондай қадірлі болғай еді.

Қоңыр

 

Мұхтар Әуезов

 

Ұқсас материалдар