Қандастар Ассамблея

Күндей жылы, нұрдай жарқын дәурен

05.12.2012 2250
Күндей жылы, нұрдай жарқын дәурен (1936 ж.) Дүниеде адамның ойы мен қолынан құралып туған ұлы көркем қазынаның барлығында екі үлкен ерекше қасиет бар. Бірі ірі, терең даналығында, екіншісі бұлдырсыз айқын ашықтығында, мөлдірлігінде. Ең ұлы көркемдік — ең ұғымды, ең қонымды көркемдік еді. Табиғатта — бұл күн сияқты. Біздің бақытты Отанда, бүгінгі жарқын дәуренде ұлы көсем үні сол күн нышанымен барабар. Дәуір туын көтеріп, асқар асар баяндамасын бастағанда ентелей тыңдаған миллиондарға ұғымсыз, бұлдыр болған бірде-бір сөзі жоқ. Бұл сол миллиондар жүрегімен ашық сара жолдай жалғастырып, туыстырған көркем тілінің қасиеті; тіл ғана емес, талай шың мен шыңырауды талай тіліп өтіп жатқан ойының қасиеті. Ол ғана емес, дана басшының алып ісінің де қасиеті. Барлық терең, кемел күйінде соншалық ұғымды, айқын боп самғау — көсемнің барлық ұлы қалпының да қасиеті. Отанына ұсынған ұлы жол, жаңа заңды сол сипатпен әрбір жеке қарпіне дейін түсінікті де, қонымды да, ұтымды да сіңімді. Біздің Отанның өмірі мұнарсыз ашық белге шықты. Күн сәулесі төгіліп шаңқия жарқыраған социализм жолына өрлей бастады. Сол адам тарихының жаңа жолын мөлдір сулы айдын шалқар көл үстіндей көркейте сарқыратып, қуанта күлдіріп тұрған күн — дана көсем күні. Соның көреген, кемеңгер ақылының күні. Бұрын тарих жауратқан, сорлы болған қауымдарды енді жұбата, өрлете жылытқан соның жылылығы, қамқор жүрек жылылығы.Жаңа адамның ұлы туы коммунизм өзінің дәуірден дәуір тудырған асқар ұрандарына енді тағы бір жаңа тарих дәуірін өндірді. Ол — осы ұлы көсем ұсынған әділ, кемел конституция. Күндей жылы, нұрдай жарқын дәурен туғызып, халықтар мен ғасырлардың арманын айықтырған кемеңгер көсемнің мына баяндамасын естіген күн өмірдегі зор бақытты күн болды. Мұхтар Әуезов  

Күндей жылы, нұрдай жарқын дәурен

(1936 ж.)

Дүниеде адамның ойы мен қолынан құралып туған ұлы көркем қазынаның барлығында екі үлкен ерекше қасиет бар. Бірі ірі, терең даналығында, екіншісі бұлдырсыз айқын ашықтығында, мөлдірлігінде. Ең ұлы көркемдік — ең ұғымды, ең қонымды көркемдік еді. Табиғатта — бұл күн сияқты.

Біздің бақытты Отанда, бүгінгі жарқын дәуренде ұлы көсем үні сол күн нышанымен барабар. Дәуір туын көтеріп, асқар асар баяндамасын бастағанда ентелей тыңдаған миллиондарға ұғымсыз, бұлдыр болған бірде-бір сөзі жоқ. Бұл сол миллиондар жүрегімен ашық сара жолдай жалғастырып, туыстырған көркем тілінің қасиеті; тіл ғана емес, талай шың мен шыңырауды талай тіліп өтіп жатқан ойының қасиеті. Ол ғана емес, дана басшының алып ісінің де қасиеті. Барлық терең, кемел күйінде соншалық ұғымды, айқын боп самғау — көсемнің барлық ұлы қалпының да қасиеті. Отанына ұсынған ұлы жол, жаңа заңды сол сипатпен әрбір жеке қарпіне дейін түсінікті де, қонымды да, ұтымды да сіңімді.

Біздің Отанның өмірі мұнарсыз ашық белге шықты. Күн сәулесі төгіліп шаңқия жарқыраған социализм жолына өрлей бастады. Сол адам тарихының жаңа жолын мөлдір сулы айдын шалқар көл үстіндей көркейте сарқыратып, қуанта күлдіріп тұрған күн — дана көсем күні. Соның көреген, кемеңгер ақылының күні. Бұрын тарих жауратқан, сорлы болған қауымдарды енді жұбата, өрлете жылытқан соның жылылығы, қамқор жүрек жылылығы.Жаңа адамның ұлы туы коммунизм өзінің дәуірден дәуір тудырған асқар ұрандарына енді тағы бір жаңа тарих дәуірін өндірді. Ол — осы ұлы көсем ұсынған әділ, кемел конституция.

Күндей жылы, нұрдай жарқын дәурен туғызып, халықтар мен ғасырлардың арманын айықтырған кемеңгер көсемнің мына баяндамасын естіген күн өмірдегі зор бақытты күн болды.

Мұхтар Әуезов

 

Ұқсас материалдар