Қандастар Ассамблея

Йемен Республикасы

05.12.2012 8545
Йемен Республикасы Ресми атауы: Йемен Республикасы Астанасы: Сана қаласы (тұрғын саны: 550.000) Басты қалалары: Аден (400.000), Тайз, Худайда, Макалла, Хадрамаут. Жер көлемі: 527.968 шаршы шақырым. Халқының саны: 16.000.000 (2000ж). Халықтың 25%-ы қала тұрғындары. Орташа жас мөлшері 50 жас. Халықтың 46%-ы 14 жастан төменгілер. Халықтың қоныстану тығыздығы бір шаршы шақырым: 23.7 кісі. Этникалық құрамы: Йеменнің 97.3%-ы арабтар, 1%-ы шығыс азияттықтар, 1.2%-ы сомалиліктер, 0.2%-ы малайзиялықтар, 0.04%-ы иахудилер. Тілі: Ресми тілі және халықтың қолданатын тілі – араб тілі. Діні: Ресми дін – Ислам діні. Халықтың 99%-ы мұсылмандар, 1%-ы иахудилер мен шығыс діндерін ұстанатындар. Мұсылмандардың 55%-сүнниттер, ал 45%-ы зейдилер. Зейдилер шииттердің бір тармағы. Әйтсе де зейдилер әһлі сүннетке бір табан жақынырақ келеді. Исмаили жамағаты өте аз. Сүнниттердің көбісі Шафиғи мәзһабын ұстанады. Географиялық жағдайы: Орта Азия мен Араб жарты аралының Африкаға қарасты солтүстік жағында орналасқан Йемен, солтүстігінде Сауд Арабстанмен, шығысында Оманмен, оңтүстігінде Үнді мұхитымен, батысында Қызыл теңізбен шектесіп жатыр. Ең биік жері Хадур Шұғаиб шыңы (3 760 м.). Жерінің 1%-ы егіс алқабы, 40%-ы жайылым жерлер. Негізінен Йемен шөлді аймақ. Солтүстік өңірінде жауын-шашын көптеу жауады. Солтүстікте және Астанасы Сана қаласында жылдық жоғарғы температура 24.6 дәреже. Жылдық жауын-шашын 250 мм. Ал Үнді мүхиты жағында орналасқан Аден қаласында бұл көрсеткіш 32.2 дәреже ыстық, жауын-шашын 39.9 мм. Басқару жүйесі: Мемлекет көп партиялық демократиялы жүйемен басқарылады. Екі жақтың (оңтүстік пен солтүстік) бірігуімен болған уақытша басшылықты бұрынғы Солтүстік Йеменнің президенті, президенттің көмекшісі ретінде Оңтүстік Йемен социалистік партияның жауапты хатшысы, ал министрлікті бұрынғы Оңтүстік Йеменнің елбасшысы басқарды. Бұл уақытша басқару жүйесі аяқталғаннан соң, сайлау арқылы 301 мүшелік бір палаталы парламент құрылды. Дегенмен іштей туындаған көтерілістің зардабынан бұл ұзаққа созылмады. Йемен ИКҰ (Ислам Конференциясы Ұйымы), Араб бірлігі, ХАҚ (Халықаралық Ақша Қоры), Ислам Даму Банкісі секілді т.б. халықаралық ұйымдарға мүше. Басты саяси партиялар: Жалпы Халық Конгресі, Йемен Ислах бірлігі, Йемен социалистік партиясы, Араб социалистік Баас партиясы, Йемендіктер бірлігі партиясы, Мемлекеттік партия және т.б. саяси партиялар бар. Тарихы: Йемен халқы Ислам дінін Пайғамбарымыздың (с.а.у.) көзі тірі кезінде қабылдаған. Расулуллаһ (с.а.у.) Мәдинада Ислам мемлекетін құрған уақытында Йемен Иран мемлекетінің қол астында еді. Ол кезде Йеменге Ирандық Базан деген кісі әкім болып тағайындалған болатын. Тегі ирандық болған Базан Пайғамбарымыздың (с.а.у.) дінге шақыруы арқасында мұсылман болып, Ислам дінін қабылдайды. Хижреттің 9 жылы (Миләди 631 жыл) Базан қайтыс болғаннан кейін оның басқарып отырған өңірлерін баласы Шәхр және Әбу Мұса әл-Ашғари (р.а.), Йали ибн Умая және Муаз ибн Жәбәл (р.а.) сынды сахабалар басқарады. Йемен 820 жылға дейін халифаның жіберген елшілерімен басқарылып отырды. 820 жылдан кейін Йеменнің тарихы біршама өзгерді. Осы өзгерістен кейін өлкенің әр тарапында әр түрлі басқару орталықтары құрыла бастады. Бұл басқару орталықтары өздігінше мәзһаб (жол) ұстанды. Қысқаша атап кетер болсақ, Йеменнің бір аймағын шииттердің қолы саналатын Зейди мәзһабын ұстанатын Зиядилер тобы құрылды. Зиядилер аббасилерге қарсы мемлекет құрды, ол 1022 жылға дейін жалғасты. Алайда олар Йеменнің барлық аймақтарына үкімдерін жүргізе алмады. Зиядилер 1022 жылы құлдырағаннан кейін, олардың өлкелерінде Нәджәһилер тобы құрылды. Нәджәһилер әуелі аббасилерге, селжұқтарға, сосын фатимилерге бағына отырып, Йеменнің кейбір аймақтарында 1159 жылға дейін басшылық жасады. Мұның арасында Йеменнің басқа да өлкелерін сулайхилер, хамданилер (бұлар зейди мен исмаили шииттерінен еді) мәһдилер және 1454 жылдар арасындағы расулилер үкім жүргізді. Тіпті бұл расулилер әуелі әйюбилерге сосын мәмлүктерге бағынып отырды. Сөйтіп 1446-1538 жылдар аралығында Йеменнің басым бөлігін Тахирилер басып алды. 1517 жылдан кейін Йеменге Османлылар келді. Османлылар Йеменнің қалаларын бірте-бірте басып алды да 1538 жылы Тахирилердің басқару жүйесін тоқтатты. Уақыт өте келе 18 ғасырдың соңына таяу француздар мен ағылшындар Йеменді өз қарамағына бағындыру үшін шабуылдар жасады. Дегенмен османлылар бұған жол бермеді. Ағылшындар бертін келе 19 ғасырдың басында 1839 жылы Аден қаласын, кейін Оңтүстік Йеменді қол астыларына алды. Ал Солтүстік Йемен 1918 жылға дейін османлылардың билігінде болды. Сөйтіп, Солтүстік Йеменнің тәуелсіздігі мен Оңтүстік Йемен ағылшындардың қол астында екендігі ресми түрде жарияланды. Осылайша Оңтүстік Йемен 1967 жылдың 30 қарашасына дейін ағылшындардың қарамағында болды. Ал өз тәуелсіздігін алған Солтүстік Йемен бөлек мемлекет құрды. Жоғарыда айтылғандай Йемен Солтүстік, Оңтүстік деген екі мемлекет ретінде танылып келді. 1990 жылдың сәуір айында екі тарап (Солтүстік пен Оңтүстік Йемен) өзара келіссөз жүргізіп, 1990 жылы 22 мамырда бірікті. Экономикасы: Йемен экономикасы егіншілік пен мал шаруашылығында ең үздік, алда келеді. Мемлекеттік қазынаға құйылатын кірістің 21%-ы егін өнімдері. Жұмысшылардың 71.5%-ы егін алқаптарында жұмыс істейді. Олар егін шаруашылығында мақта, құрма, банан, тары, кофе және әр түрлі көкөністер мен жеміс-жидектер егеді. Бұдан басқа балық шаруашылығы да көп пайда келтіруде. Йеменнің солтүстігінде мұнай және табиғи газ өндіріледі. Мемлекет қазынасына құйылатын кірістің 9%-ы мұнай, табиғи газ және жер асты қойнауынан алынатын кен орындары. Ақша бірлігі: Йемен риалы. Адам басына шаққанда ұлттық табысы: 550 АҚШ доллары. Сыртқы сауда: Экспорт өнімдерінің басында мұнай, табиғи газ (бұл екеуі экспорттың 89%-ын құрайды), ірі қаралар, құрма, кофе және әр түрлі егістік өнімдері. Импорттық тауарлардың ішінде машиналар, тұрмыстық тауарлар, электр техникалары және басқа тұтынылатын заттары келеді. Импортт тауарларын АҚШ, Жапония, Еуропа, Азия өлкелері және Судан елдерінен алады. 1991 жылғы сыртқы саудасы 880 млн. долларды құраған. Өндірісі: Солтүстік Йеменде мұнай өнеркәсіптері бар. Бұдан басқа өндірістің басында күнделікті тұтынатын заттар, сусындар және темекі өндірістері орын алады. Бұл өнеркәсіп өндірістің 52%-ын құрайды. Бұдан басқа мақта-мата зауыты, киім-кешек фабрикасы, шұға фабрикасы, ағаш өндіріс орындары, жиһаздар, химиялық заттар, дәрі-дәрмек, құрылыс заттары және т.б. үлкенді-кішілі өнеркәсіп орындары бар. Өндірістің мемлекетке түсіретін пайдасы 9%-ды құрайды. Халықтың 4.4%-ы өнеркәсіптерде жұмыс істейді. Жолдары: Сана және Аден қалалары арасына қатынайтын халықаралық жолдарды байланыстыратын 12 ашық әуежай бар. Худайда және Аден қалалары арасында қатынайтын үлкен асфальт жолдары бар. Сонымен қатар бұл өлкеде орталама 29 кісіге бір көліктен келеді. Білім беру саласы: Йеменде 8 900 бастауыш мектептері, 1 000 орта оқу, 100 кәсіптік маман даярлайтын метептер бар. Йемен мемлекеті бойынша астанасы Сана қаласында және Аден қаласында екі университет бар. Оқу-жазу білетіндердің саны 39%. Денсаулық сақтау саласы: Йеменде 75 аурухана, 3 010 дәрігер, 150 тіс дәрігері, 6 500 медбике бар. 4 160 кісіге бір дәрігерден келеді.  

Йемен Республикасы
Ресми атауы: Йемен Республикасы
Астанасы: Сана қаласы (тұрғын саны: 550.000)
Басты қалалары: Аден (400.000), Тайз, Худайда, Макалла, Хадрамаут.
Жер көлемі: 527.968 шаршы шақырым.
Халқының саны: 16.000.000 (2000ж). Халықтың 25%-ы қала тұрғындары. Орташа жас мөлшері 50 жас. Халықтың 46%-ы 14 жастан төменгілер. Халықтың қоныстану тығыздығы бір шаршы шақырым: 23.7 кісі.
Этникалық құрамы: Йеменнің 97.3%-ы арабтар, 1%-ы шығыс азияттықтар, 1.2%-ы сомалиліктер, 0.2%-ы малайзиялықтар, 0.04%-ы иахудилер.
Тілі: Ресми тілі және халықтың қолданатын тілі – араб тілі.
Діні: Ресми дін – Ислам діні. Халықтың 99%-ы мұсылмандар, 1%-ы иахудилер мен шығыс діндерін ұстанатындар. Мұсылмандардың 55%-сүнниттер, ал 45%-ы зейдилер. Зейдилер шииттердің бір тармағы. Әйтсе де зейдилер әһлі сүннетке бір табан жақынырақ келеді. Исмаили жамағаты өте аз. Сүнниттердің көбісі Шафиғи мәзһабын ұстанады.
Географиялық жағдайы: Орта Азия мен Араб жарты аралының Африкаға қарасты солтүстік жағында орналасқан Йемен, солтүстігінде Сауд Арабстанмен, шығысында Оманмен, оңтүстігінде Үнді мұхитымен, батысында Қызыл теңізбен шектесіп жатыр. Ең биік жері Хадур Шұғаиб шыңы (3 760 м.). Жерінің 1%-ы егіс алқабы, 40%-ы жайылым жерлер. Негізінен Йемен шөлді аймақ. Солтүстік өңірінде жауын-шашын көптеу жауады. Солтүстікте және Астанасы Сана қаласында жылдық жоғарғы температура 24.6 дәреже. Жылдық жауын-шашын 250 мм. Ал Үнді мүхиты жағында орналасқан Аден қаласында бұл көрсеткіш 32.2 дәреже ыстық, жауын-шашын 39.9 мм.
Басқару жүйесі: Мемлекет көп партиялық демократиялы жүйемен басқарылады. Екі жақтың (оңтүстік пен солтүстік) бірігуімен болған уақытша басшылықты бұрынғы Солтүстік Йеменнің президенті, президенттің көмекшісі ретінде Оңтүстік Йемен социалистік партияның жауапты хатшысы, ал министрлікті бұрынғы Оңтүстік Йеменнің елбасшысы басқарды.
Бұл уақытша басқару жүйесі аяқталғаннан соң, сайлау арқылы 301 мүшелік бір палаталы парламент құрылды. Дегенмен іштей туындаған көтерілістің зардабынан бұл ұзаққа созылмады.
Йемен ИКҰ (Ислам Конференциясы Ұйымы), Араб бірлігі, ХАҚ (Халықаралық Ақша Қоры), Ислам Даму Банкісі секілді т.б. халықаралық ұйымдарға мүше.
Басты саяси партиялар: Жалпы Халық Конгресі, Йемен Ислах бірлігі, Йемен социалистік партиясы, Араб социалистік Баас партиясы, Йемендіктер бірлігі партиясы, Мемлекеттік партия және т.б. саяси партиялар бар.
Тарихы: Йемен халқы Ислам дінін Пайғамбарымыздың (с.а.у.) көзі тірі кезінде қабылдаған. Расулуллаһ (с.а.у.) Мәдинада Ислам мемлекетін құрған уақытында Йемен Иран мемлекетінің қол астында еді. Ол кезде Йеменге Ирандық Базан деген кісі әкім болып тағайындалған болатын. Тегі ирандық болған Базан Пайғамбарымыздың (с.а.у.) дінге шақыруы арқасында мұсылман болып, Ислам дінін қабылдайды. Хижреттің 9 жылы (Миләди 631 жыл) Базан қайтыс болғаннан кейін оның басқарып отырған өңірлерін баласы Шәхр және Әбу Мұса әл-Ашғари (р.а.), Йали ибн Умая және Муаз ибн Жәбәл (р.а.) сынды сахабалар басқарады.
Йемен 820 жылға дейін халифаның жіберген елшілерімен басқарылып отырды. 820 жылдан кейін Йеменнің тарихы біршама өзгерді. Осы өзгерістен кейін өлкенің әр тарапында әр түрлі басқару орталықтары құрыла бастады. Бұл басқару орталықтары өздігінше мәзһаб (жол) ұстанды.
Қысқаша атап кетер болсақ, Йеменнің бір аймағын шииттердің қолы саналатын Зейди мәзһабын ұстанатын Зиядилер тобы құрылды. Зиядилер аббасилерге қарсы мемлекет құрды, ол 1022 жылға дейін жалғасты. Алайда олар Йеменнің барлық аймақтарына үкімдерін жүргізе алмады. Зиядилер 1022 жылы құлдырағаннан кейін, олардың өлкелерінде Нәджәһилер тобы құрылды. Нәджәһилер әуелі аббасилерге, селжұқтарға, сосын фатимилерге бағына отырып, Йеменнің кейбір аймақтарында 1159 жылға дейін басшылық жасады. Мұның арасында Йеменнің басқа да өлкелерін сулайхилер, хамданилер (бұлар зейди мен исмаили шииттерінен еді) мәһдилер және 1454 жылдар арасындағы расулилер үкім жүргізді. Тіпті бұл расулилер әуелі әйюбилерге сосын мәмлүктерге бағынып отырды. Сөйтіп 1446-1538 жылдар аралығында Йеменнің басым бөлігін Тахирилер басып алды. 1517 жылдан кейін Йеменге Османлылар келді. Османлылар Йеменнің қалаларын бірте-бірте басып алды да 1538 жылы Тахирилердің басқару жүйесін тоқтатты. Уақыт өте келе 18 ғасырдың соңына таяу француздар мен ағылшындар Йеменді өз қарамағына бағындыру үшін шабуылдар жасады. Дегенмен османлылар бұған жол бермеді. Ағылшындар бертін келе 19 ғасырдың басында 1839 жылы Аден қаласын, кейін Оңтүстік Йеменді қол астыларына алды. Ал Солтүстік Йемен 1918 жылға дейін османлылардың билігінде болды. Сөйтіп, Солтүстік Йеменнің тәуелсіздігі мен Оңтүстік Йемен ағылшындардың қол астында екендігі ресми түрде жарияланды. Осылайша Оңтүстік Йемен 1967 жылдың 30 қарашасына дейін ағылшындардың қарамағында болды. Ал өз тәуелсіздігін алған Солтүстік Йемен бөлек мемлекет құрды. Жоғарыда айтылғандай Йемен Солтүстік, Оңтүстік деген екі мемлекет ретінде танылып келді.
1990 жылдың сәуір айында екі тарап (Солтүстік пен Оңтүстік Йемен) өзара келіссөз жүргізіп, 1990 жылы 22 мамырда бірікті.
Экономикасы: Йемен экономикасы егіншілік пен мал шаруашылығында ең үздік, алда келеді. Мемлекеттік қазынаға құйылатын кірістің 21%-ы егін өнімдері. Жұмысшылардың 71.5%-ы егін алқаптарында жұмыс істейді. Олар егін шаруашылығында мақта, құрма, банан, тары, кофе және әр түрлі көкөністер мен жеміс-жидектер егеді. Бұдан басқа балық шаруашылығы да көп пайда келтіруде. Йеменнің солтүстігінде мұнай және табиғи газ өндіріледі. Мемлекет қазынасына құйылатын кірістің 9%-ы мұнай, табиғи газ және жер асты қойнауынан алынатын кен орындары.
Ақша бірлігі: Йемен риалы.
Адам басына шаққанда ұлттық табысы: 550 АҚШ доллары.
Сыртқы сауда: Экспорт өнімдерінің басында мұнай, табиғи газ (бұл екеуі экспорттың 89%-ын құрайды), ірі қаралар, құрма, кофе және әр түрлі егістік өнімдері. Импорттық тауарлардың ішінде машиналар, тұрмыстық тауарлар, электр техникалары және басқа тұтынылатын заттары келеді. Импортт тауарларын АҚШ, Жапония, Еуропа, Азия өлкелері және Судан елдерінен алады. 1991 жылғы сыртқы саудасы 880 млн. долларды құраған.
Өндірісі: Солтүстік Йеменде мұнай өнеркәсіптері бар. Бұдан басқа өндірістің басында күнделікті тұтынатын заттар, сусындар және темекі өндірістері орын алады. Бұл өнеркәсіп өндірістің 52%-ын құрайды. Бұдан басқа мақта-мата зауыты, киім-кешек фабрикасы, шұға фабрикасы, ағаш өндіріс орындары, жиһаздар, химиялық заттар, дәрі-дәрмек, құрылыс заттары және т.б. үлкенді-кішілі өнеркәсіп орындары бар. Өндірістің мемлекетке түсіретін пайдасы 9%-ды құрайды. Халықтың 4.4%-ы өнеркәсіптерде жұмыс істейді.
Жолдары: Сана және Аден қалалары арасына қатынайтын халықаралық жолдарды байланыстыратын 12 ашық әуежай бар. Худайда және Аден қалалары арасында қатынайтын үлкен асфальт жолдары бар. Сонымен қатар бұл өлкеде орталама 29 кісіге бір көліктен келеді.
Білім беру саласы: Йеменде 8 900 бастауыш мектептері, 1 000 орта оқу, 100 кәсіптік маман даярлайтын метептер бар. Йемен мемлекеті бойынша астанасы Сана қаласында және Аден қаласында екі университет бар. Оқу-жазу білетіндердің саны 39%.
Денсаулық сақтау саласы: Йеменде 75 аурухана, 3 010 дәрігер, 150 тіс дәрігері, 6 500 медбике бар. 4 160 кісіге бір дәрігерден келеді.
 

Ұқсас материалдар