Қандастар Ассамблея

Ерте орта ғасырлардағы славяндар

05.12.2012 31541
  Ерте орта ғасырлардағы славяндар Батыс және оңтүстік славяндар Ежелгі славян тайпаларының шыққан жері - Еуропа. Славян тайпалары туралы алғашқы жазба деректерді біздің заманымыздың I—II ғасырларындағы Рим тарихшылары Плиний және Тацит еңбектерінен кездестіреміз. Грек тарихшысы Птолемей өз еңбектерінде славян тайпаларын венед, ант, славин деп атайды. Еуропада кең тараған славян тайпаларын үш топқа бөлуге болады. Батыс славян тайпаларының жерінде қазіргі чех, словак және поляк халықтары қалыптасқан. Мысалы, поляк атауы батыс славян тайпасы полян атауынан алынған. Оңтустік славяндар Балқан түбегіне VI ғасырда Днепр өзенінің бойынан барған. Олар Балкан түбегіндегі қазіргі кездегі болгар, серб, хорват, словен, черногор халықтарының арғы атасы болып саналады. Мысалы, болгар атауы протоболгар тайпасының атынан алынған. Шығыс славяндар туыстас орыс, украин, белорус халықтарының арғы тегі болып табылады. Батыс және оңтүстік славян тайпаларының жері Днепр өзенінің орта ағысы, Припятьтің оңтүстігі, Орталық Еуропа, солтүстік Карпат таулары, Висла, Одер, Нейсе өзендерінің бойы және Балтық теңізінің жағалауы, Балқан түбегін алып жатты. Шығыс славян тайпаларының жері Припять өңірінен Десна, Рос өзендеріне дейін, жоғарғы Ока өзені, Днепр мен Еділ өзенінің аралығы, Ильмен көлі мен Волхов өзені аймағын қамтыды. Шаруашылығы Батыс және Оңтүстік славян тайпаларының негізгі шаруашылығы егіншілік болған. Славян тайпалары бидай, арпа, күздік бидай (қара бидай), сұлы еккен. Жерді темір ұшты ағаш соқаға өгіз жегіп жыртқан. Алған өнімдерін қоймаларда сақтаған. Егінді қол орақпен орып, бидайды қол диірменге тартып, ұнға айналдырған. Славяндар мал шаруашылығымен де айналысқан. Жылқы, сиыр, қой, ешкі және шошқа өсірген. Құс та ұстаған. Ата-бабаларынан келе жатқан аң аулау кәсібімен айналысқан. Славян тайпалары қолөнермен айналысып, темірден, ағаштан және қыштан ыдыстар жасаған. Өздеріне қажетті балта, қол орақ, шалғы, пышақ, семсер, қылыш, қалқан т.б. жасаған. Сонымен катар өзен жағасында өмір сүрген тайпалар ағаштан қайықтар жасап пайдаланған. Қоғамдық құрылымы Батыс славян тайпаларында VIII-IX ғасырларда өндіргіш күш жедел дамыды. Ол қоғамдық құрылымның дамуына әсер етіп, IX ғасырда Чехия және Словакия жерінде ежелгі феодалдық мемлекеттің құрылуына әкелді. 833-836 жылдары кінәз Моймир Морав жеріндегі неміс феодалдарын жеңіп, орталық Еуропада тұңғыш Батыс славян мемлекетін құрды. Ол мемлекет Ұлы Морав деп аталды. Бұл мемлекеттің құрамына Моравия және Батыс Словакия,Чехия, Силезия, Краков жерлері кірді. Ұлы Морав мемлекеті 862 жылы Константинополь шіркеуінен христиан дінін қабылдады. Сөйтіп Ұлы Моравия өз тәуелсіздігін сақтап қалды. Кирилл мен Мефодий IX ғасырда Ұлы Морав шіркеуінде славян әліппесінің ұлы үлгісін жасады. Бұл әліппе славян елдерінің арасындағы мәдени байланыстың дамуына зор ықпал жасады. Ұлы Моравия мемлекеті Орталық Еуропада неміс феодалдарының жаулап алу саясатына қарсы тұрып, Батыс славян мемлекеттілігін сақтап қалды. X ғасырда Ұлы Моравия мемлекетінің орнына Чех мемлекеті құрылды. Алғашқы кінәзі Пшемыслав түкымынан шыққан I Болеслав (935-967) болды. Бұл мемлекет ежелгі феодалдық монархия негізінде құрылды. Мемлекетті Ұлы кінәз және оның әскери көмекшілері басқарды.. Польша жерінде IX ғасырдың орта кезінде полян тайпаларының ірі кінәздік бірлігі құрылды. X ғасырда батыста Одер өзеніне дейін, шығыста Батыс Буг, Карпат тауынан Балтық теңізіне дейінгі жерде Кіші және Ұлы Польша тайпалары бірігіп, Польша мемлекеті құрылады. Мемлекетті алғашқы Польшаның Ұлы кінәзі Мешко (960-992) басқарды. I Мешко билік еткен кезде Польшада феодалдық қатынастар дамып, күшті мемлекетке айналды. Польша мемлекетінің алғашқы астанасы Гнезно қаласы болды. 966 жылы I Мешко Рим шіркеуінен христиан дінін қабылдады. Латын үлгісіндегі христиан дінін қабылдау Польша мемлекетінің Батыс Еуропа елдерімен байланысын күшейтті. Католик шіркеуі елдің саяси дамуына көп әсер етті. Польша мемлекетінің басқару жүйееі феодалдық монархия болды. Ұлы кінәз шетел шапқыншылығынан қорғану үшін көптеген әскер ұстады. Польшаға Х-ХІІ ғасырларда неміс феодалдары үздіксіз шабуыл жасап отырды. I Болеслав Храбрый (992-1025) кезінде Польша мемлекеті бір орталыққа бағындырылған күшті мемлекетке айналды. I Болеслав Храбрый кезінде Киев Русі мемлекетімен достық қатынас орнады. 1025 жылы I Болеслав король деген атакка ие болды. VI-VIII ғасырлар аралығында славяндарда алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, феодалдық таптық қоғам орнады. Өндіргіш күштер жедел дамып, құрал-саймандар жетілдіріле түсті. Шаруашылықта жеке меншіктік қатынастар орнығып, мүлік теңсіздігі күшейе түсті. Сонымен қатар славяндар қоғамында көршілік, қауымдық меншік те дамыған. Жайылымдар, орман және өзен жағалаулары қауым болып пайдаланылды. Славяндар көрші Шығыс Рим империясымен соғыстарда қолға түскен тұтқындарды айырбастап немесе сатып отырған. Сол кезде өмір сүрген Псевдо-Маврикий: «VI ғасырда славяндар тұтқындарды көптеп сатқан» дейді. Славяндар қоғамы тайпалық одақ болған. Тайпалық одақты әскери көсем басқарған. Оның қол астындағы бірнеше мың тұрақты әскері көрші елдерге жорықтар жасап, олжа түсіріп отырған. VII-IX ғасырлар аралығында Батыс жөне Оңтүстік славян тайпаларында таптық қоғам жетіліп, мемлекеттер құрылды. 681 жылы Балқан түбегінде Аспарух хан Болгар мемлекетін құрды. VII ғасырдың басында Еділ бойында түрік тайпаларының Болгар хандығы болған. Аспарух - осы болгар тайпалық одағын басқарған Кубрат ханның баласы. VII ғасырдың ортасында Хазарлардың қысымымен ығысқан болгар тайпаларының бір бөлігі Византияға қарайтын Дунайдың оңтүстік жағалауына өтіп кетеді. Осында Аспарух хан Болгар мемлекетінің негізін қалады. VI ғасырда Орталық Еуропадағы славян тайпаларына аварлар шабуыл жасап, казіргі Венгрия жеріндегі тайпаларды бағындырады. 623 жылы Само бастаған славян тайпалары аварларды жеңіп, Батыс славян тайпасының Само кінәздігі аталған алғашқы мемлекетін кұрды. Славян тайпалары V-VI ғасырларда Шығыс Рим империясына шабуыл жасап, Балқан түбегін жаулап алады. Константинополь қаласы құлап, Шығыс Рим империясы күйрейді. Сөйтіп, славяндар ерте құлдық құрылыстың жойылуына, феодалдық қатынастардың қалыптасып, дамуына өз үлесін қосты.  

 

Ерте орта ғасырлардағы славяндар

Батыс және оңтүстік славяндар

Ежелгі славян тайпаларының шыққан жері - Еуропа. Славян тайпалары туралы алғашқы жазба деректерді біздің заманымыздың I—II ғасырларындағы Рим тарихшылары Плиний және Тацит еңбектерінен кездестіреміз. Грек тарихшысы Птолемей өз еңбектерінде славян тайпаларын венед, ант, славин деп атайды. Еуропада кең тараған славян тайпаларын үш топқа бөлуге болады.

Батыс славян тайпаларының жерінде қазіргі чех, словак және поляк халықтары қалыптасқан. Мысалы, поляк атауы батыс славян тайпасы полян атауынан алынған.

Оңтустік славяндар Балқан түбегіне VI ғасырда Днепр өзенінің бойынан барған. Олар Балкан түбегіндегі қазіргі кездегі болгар, серб, хорват, словен, черногор халықтарының арғы атасы болып саналады. Мысалы, болгар атауы протоболгар тайпасының атынан алынған.

Шығыс славяндар туыстас орыс, украин, белорус халықтарының арғы тегі болып табылады.

Батыс және оңтүстік славян тайпаларының жері Днепр өзенінің орта ағысы, Припятьтің оңтүстігі, Орталық Еуропа, солтүстік Карпат таулары, Висла, Одер, Нейсе өзендерінің бойы және Балтық теңізінің жағалауы, Балқан түбегін алып жатты. Шығыс славян тайпаларының жері Припять өңірінен Десна, Рос өзендеріне дейін, жоғарғы Ока өзені, Днепр мен Еділ өзенінің аралығы, Ильмен көлі мен Волхов өзені аймағын қамтыды.

Шаруашылығы

Батыс және Оңтүстік славян тайпаларының негізгі шаруашылығы егіншілік болған. Славян тайпалары бидай, арпа, күздік бидай (қара бидай), сұлы еккен. Жерді темір ұшты ағаш соқаға өгіз жегіп жыртқан. Алған өнімдерін қоймаларда сақтаған. Егінді қол орақпен орып, бидайды қол диірменге тартып, ұнға айналдырған.

Славяндар мал шаруашылығымен де айналысқан. Жылқы, сиыр, қой, ешкі және шошқа өсірген. Құс та ұстаған. Ата-бабаларынан келе жатқан аң аулау кәсібімен айналысқан. Славян тайпалары қолөнермен айналысып, темірден, ағаштан және қыштан ыдыстар жасаған. Өздеріне қажетті балта, қол орақ, шалғы, пышақ, семсер, қылыш, қалқан т.б. жасаған. Сонымен катар өзен жағасында өмір сүрген тайпалар ағаштан қайықтар жасап пайдаланған.

Қоғамдық құрылымы

Батыс славян тайпаларында VIII-IX ғасырларда өндіргіш күш жедел дамыды. Ол қоғамдық құрылымның дамуына әсер етіп, IX ғасырда Чехия және Словакия жерінде ежелгі феодалдық мемлекеттің құрылуына әкелді. 833-836 жылдары кінәз Моймир Морав жеріндегі неміс феодалдарын жеңіп, орталық Еуропада тұңғыш Батыс славян мемлекетін құрды. Ол мемлекет Ұлы Морав деп аталды. Бұл мемлекеттің құрамына Моравия және Батыс Словакия,Чехия, Силезия, Краков жерлері кірді. Ұлы Морав мемлекеті 862 жылы Константинополь шіркеуінен христиан дінін қабылдады. Сөйтіп Ұлы Моравия өз тәуелсіздігін сақтап қалды. Кирилл мен Мефодий IX ғасырда Ұлы Морав шіркеуінде славян әліппесінің ұлы үлгісін жасады. Бұл әліппе славян елдерінің арасындағы мәдени байланыстың дамуына зор ықпал жасады. Ұлы Моравия мемлекеті Орталық Еуропада неміс феодалдарының жаулап алу саясатына қарсы тұрып, Батыс славян мемлекеттілігін сақтап қалды.

X ғасырда Ұлы Моравия мемлекетінің орнына Чех мемлекеті құрылды. Алғашқы кінәзі Пшемыслав түкымынан шыққан I Болеслав (935-967) болды. Бұл мемлекет ежелгі феодалдық монархия негізінде құрылды. Мемлекетті Ұлы кінәз және оның әскери көмекшілері басқарды..

Польша жерінде IX ғасырдың орта кезінде полян тайпаларының ірі кінәздік бірлігі құрылды. X ғасырда батыста Одер өзеніне дейін, шығыста Батыс Буг, Карпат тауынан Балтық теңізіне дейінгі жерде Кіші және Ұлы Польша тайпалары бірігіп, Польша мемлекеті құрылады. Мемлекетті алғашқы Польшаның Ұлы кінәзі Мешко (960-992) басқарды. I Мешко билік еткен кезде Польшада феодалдық қатынастар дамып, күшті мемлекетке айналды. Польша мемлекетінің алғашқы астанасы Гнезно қаласы болды. 966 жылы I Мешко Рим шіркеуінен христиан дінін қабылдады. Латын үлгісіндегі христиан дінін қабылдау Польша мемлекетінің Батыс Еуропа елдерімен байланысын күшейтті. Католик шіркеуі елдің саяси дамуына көп әсер етті. Польша мемлекетінің басқару жүйееі феодалдық монархия болды. Ұлы кінәз шетел шапқыншылығынан қорғану үшін көптеген әскер ұстады. Польшаға Х-ХІІ ғасырларда неміс феодалдары үздіксіз шабуыл жасап отырды. I Болеслав Храбрый (992-1025) кезінде Польша мемлекеті бір орталыққа бағындырылған күшті мемлекетке айналды. I Болеслав Храбрый кезінде Киев Русі мемлекетімен достық қатынас орнады. 1025 жылы I Болеслав король деген атакка ие болды.

VI-VIII ғасырлар аралығында славяндарда алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, феодалдық таптық қоғам орнады. Өндіргіш күштер жедел дамып, құрал-саймандар жетілдіріле түсті. Шаруашылықта жеке меншіктік қатынастар орнығып, мүлік теңсіздігі күшейе түсті. Сонымен қатар славяндар қоғамында көршілік, қауымдық меншік те дамыған. Жайылымдар, орман және өзен жағалаулары қауым болып пайдаланылды. Славяндар көрші Шығыс Рим империясымен соғыстарда қолға түскен тұтқындарды айырбастап немесе сатып отырған. Сол кезде өмір сүрген Псевдо-Маврикий: «VI ғасырда славяндар тұтқындарды көптеп сатқан» дейді. Славяндар қоғамы тайпалық одақ болған. Тайпалық одақты әскери көсем басқарған. Оның қол астындағы бірнеше мың тұрақты әскері көрші елдерге жорықтар жасап, олжа түсіріп отырған.

VII-IX ғасырлар аралығында Батыс жөне Оңтүстік славян тайпаларында таптық қоғам жетіліп, мемлекеттер құрылды.

681 жылы Балқан түбегінде Аспарух хан Болгар мемлекетін құрды. VII ғасырдың басында Еділ бойында түрік тайпаларының Болгар хандығы болған. Аспарух - осы болгар тайпалық одағын басқарған Кубрат ханның баласы. VII ғасырдың ортасында Хазарлардың қысымымен ығысқан болгар тайпаларының бір бөлігі Византияға қарайтын Дунайдың оңтүстік жағалауына өтіп кетеді. Осында Аспарух хан Болгар мемлекетінің негізін қалады.

VI ғасырда Орталық Еуропадағы славян тайпаларына аварлар шабуыл жасап, казіргі Венгрия жеріндегі тайпаларды бағындырады. 623 жылы Само бастаған славян тайпалары аварларды жеңіп, Батыс славян тайпасының Само кінәздігі аталған алғашқы мемлекетін кұрды. Славян тайпалары V-VI ғасырларда Шығыс Рим империясына шабуыл жасап, Балқан түбегін жаулап алады. Константинополь қаласы құлап, Шығыс Рим империясы күйрейді. Сөйтіп, славяндар ерте құлдық құрылыстың жойылуына, феодалдық қатынастардың қалыптасып, дамуына өз үлесін қосты.

 

Ұқсас материалдар