Қандастар Ассамблея

Дәстүрлі қазақ мәдениетінің табиғи-ғарыштық негіздері

05.12.2012 5894
    Қазақ халқы мөдениетінің ерекшеліктерін анықтаудың басты шартының бірі оның әлемдегі орнын айқындаумен қатысты. Алайда мәдени кеңістік тек бос қуыс орта емес, ол мәдениет тұлғасымен іштей бірігіп, оның дүниетанымы арқылы көрініс табады. Бұл жерде көне философиядағы макроғарыш пен микроғарыштың тұтастығы, үйлесімдігі, гармониясы туралы идеяның танымдық маңызы зор. Қоршаған орта, адамдық әлем мәдениеттің өрістеу аймағы болып табылады. Қазақ және басқа да көшпенді халықтардың мәдениетін зерттеушілер оның ғарыштық сипатына басты назар аударады. Ғарыш деген не? Оның құрылымы қандай? Ол қалай пайда болды? — сияқты сұрақтарды қойғалы отырғанымыз жоқ. Біздің мақсатымыз ғарыш пен табиғат туындыларының нақтылы бір мәдениеттегі көрінісін бейнелеумен байланысты. Яғни, мәдени кеңістікті іштен қарастырып өтейік. «Қазақтың ата тегінің болмыс шындығына тікелей жақын болуы, — деп жазады М. Орынбеков, — олардың бақылайтын, қабылданатын дүниеге сезімдік тұрғыдан жақын болуы ішкі дүниесін, тіршілік етудің ождан бастауларын түсінуінен өз көрінісін тапты».   Егер батыстық өркениет үшін ғарыш пен табиғат адамдық мақсатқа сәйкес әрекеттің объектісі және сол себептен тұлғадан тыс тұрса, онда ол көшпелілер үшін әрекеттенуші тұлға болып табылады. Ғарыш суық әрі шексіз кеңістік емес, адамдық дүниенің мәңгілік кепілі ретінде түсіндіріледі. Адам ғарыштың бір бөлігі болғандықтан, ол қоршаған ортаның түрлі қасиеттері, кескін келбеті, болмысы туралы ой толғамай, бейтарап қала алмайды. Ғасырлар бойы сұрыпталған халық даналығында барша ғалам біреу ғана деп есептеледі, ал адамдар тұтас табиғаттың құрамдас бөлігі деп танылады. Шексіздікті жеңу мәселесі сонау шумерлік өркениеттегі «Гильгамеш туралы жырдан» келе жатқан мотив. Шексіз далаға көз салған номада ең алдымен үлкен шеңбер — көкжиекті көрген. Оның өзі аспандық күмбезбен көмкеріліп тұрған. Шексіздікті ақылға сыйымды парасатпен қабылдау мүмкін емес. Ол — тылсым дүние, белгісіздіктің, қараңғылықтың, қаратүнектің таңбасы. Шексіздікті игеру үшін тұрақты бағдар қажет. Сахара тұрғыны бағдар іздеп аспанға көз салады, Темірқазықты тауып, ол арқылы Жетіқарақшы жүлдыздарының орналасуынан, Шолпан мен Үркерге назар салуынанан аспанды жақындатады. Жорыққа шыққан әскер, сапардағы жолаушы, мал баққан бақташы түндегі бағдарын жұлдыздарға қарап айыратын болған.   Түрік халықтарының мифологиясында ғарыштың құрылымы былай бейнеленеді: жеті қат Жер бар, онда Көктөбе тұр, Көктөбеде Көктерек өсіп тұр, ол Көккүмбезді тіреп тұр. Бұл бейне киіз үйдің құрылымына да ұқсас. Қазақтың әлем туралы түсінігінде әсерлі бейненің бірі — алып бәйтерек. Дүниежүзілік ағаш таңбасы өрлемелік қозға- лысты, Жер мен Аспанның тығыз байланысын білдіреді. Осы биік бөйтерекпен эпос батырлары аспан денелеріне өрмелеп жете алатын болған. Әлемдік ағаштың тағы бір атқаратын қызметі оның жоғары және орта дүниені үшінші әлем — төменгі дүниемен байланыстыруында. Тірілер әлемі өткен кезбен, аруақтар аймағымен қатынасын үзбейді. Көктеректің тамырлары жер астында орналасқан. Жасыл-желек өмірлік ағаш күш-қуат пен нәрді төменгі дүниеден алады.   Аңыздар   Сонымен, қазақтың рухани мәдениетінде аспанды тәңірі- құдай ретінде қадірлеу осы мәдениеттің маңызды бір қасиетіне жатады. Аспанды құдай деңгейіне көтеру, одан қорқу емес, бұл көне мифтер мен ежелгі діндердің дүниетанымдық ерекшелігі екені ғылымға белгілі. Қазақтардың ата-тегі түріктердің басты құдайы — Көк Тәңірі. Оның рақымымен елді билеген қағандар «Аспанда туған және Күнмен, Аймен безендірілген» деп аталған. Түрік жазуларында көшпенділердің барлық жеңістері Көк Тәңірімен байланыстырылған. Аспанды және оның шырақтарын қадірлеу түрік өркениетіне жататын барлық халықтардың дүниетанымының маңызды белгісі. Мысалы, «Оғызнаме» эпосында Оғыз қаған өз балаларының атын Көк, Күн, Ай, Жұлдыз, Тау, Теңіз деп қойғаны мәлім. Табиғи күштерді пір тұтудан тәңірілік дін көп құдайылық деген түсінік тумауы керек. Исламға дейін қазақтарда нақтылы «құдай» ұғымы болған жоқ деген пікір шындыққа онша жанаса қоймайды. Себебі Көк Тәңірін көшпенділер жалғыз жаратушы деп түсінген, кейін қазақтарда Тәңірі мен Алла синонимге айналған. Аспан мен Жердің үйлесімдік идеясы туралы Ш.Уәлиханов былай деп жазды: «Аспанда өмір сүретін адамдар бар. Олар тамақтарының астынан белбеу буынады. Біз Ортада, жер үстінде өмір сүреміз, белбеуді денеміздің ортасынан буамыз, ал күні, айы және жұлдыздары бар жер асты адамдары белбеуді аяғында буады. Аспан қырғыздарымен өте бай кемпір арада тұрады (Аспан түрғындарының өмір салтына ұқсас, өйткені бұл қырғыз қиялының жемісі)».    Мифтік кеңістік жоғары-төмен тәртібімен құрылған. Мысалы, мифтік кейіпкер тындаушы көбінесе жер астында болып жатқан оқиғаны қадағалайды, ал Жоямерген жер астындағы жылан патшасының қызына үйленеді. Аспанда пері, дию сияқты кейіпкерлер ұшып жүргенімен, миф қаһарманы олармен көбіне жер үстінде ұшырасады. Аспан әлеміне қатысты ұғымдар көне жырларда алып бәйтерек, жеті басты айдаһар мекендейтін тау түріндегі символдық мәні бар түсініктермен шектелген.   Ислам   Мұсылмандық діннің еуроазиялық Далада таралуына байланысты көшпелі халықтардың ғарыш туралы түсінігі де өзгерістірге ұшырады. Бұрынғы ескі мұра жоғалып кетпей, ислам космогониясымен синкреттік түрде тұтасты. Бұл түсініктер бойынша әлем екі дүниеден: фәни (белгісіздік) және бақидан (мәңгілік) тұрады. Осыған сәйкес адам өмірі шексіз. Фәниден бақиға өту, бұл дүниеден кету дегеніміз жанның бір формадан екінші формаға ауысуы, оның нұрға айналуы. Қазақ мөдениетінде бұрыннан келе жатқан идея — жанның мәңгілігі. Әл-Фараби мен Қожа Ахмет Иссауи, Абай мен Мағжан, жалпы Шығыс ғұламалары бойынша, адамның дүниедегі тіршілік ету мағынасы жанның мәңгілігімен айқындалады. Әйтпесе өмір мазмұны жануарлық күнкөрістен алыс кетпек емес. Әлем мен адамға бағыт беретін жол көрсетуші, мәңгілік пен шексіздіктің кепілі — Нұр. Оған адамның жай ақылы жетпейді, оны аңғару, түсіну, жан дүниеңмен қабылдау қажет. Әлем мен Нұр ұғымдары қазақтың төл мәдениетінде Дүниені дұрыс түсіну арқылы нақтыланады. Дүние дегеніміз заттар мен құбылыстардың біріктірілген жинағы емес. Бұл дүние — біртұтас, яғни ол адаммен іштей қосылған.   Адам орасан зор Әлеммен жеке қалса, онда тұлгада күйкілік сезім, жатсыну, бағыныштылық қатынас тууы мүмкін. Сондықтан халықтық дүниетаным ғарышты жат күш ретінде емес, қайта өзіне етене жақын табиғилық шарт түрінде қабылдайды. Қазақтың рухани мәдениеті әлемді меңгерудің бірнеше тәсілдерін қолданған: оны тіршілікке қолайлы шексіздік ретінде бейнелеу (Бұқар жырау), оның асқақтығын, адамдық көңіл-күйді баспай, оған көтеріңкілік туғызатын дүние ретінде мадақтау (Қазтуған), әлем бөліктерінің сазды ырғақтарын аңғару (әл-Фараби). Көшпелі мәдениет ғаламат Әлемнің ішінде өз орнын таба білген. Шексіз кеңістікте адам өзімен өзі және табиғатпен жеке қалып, оңаша сұхбаттасу, сырласу үстінде болған. Ол өзінің бүкіл рухымен, табиғатпен шынайы жақын екендігін сезінген. Асқақтық сезім мен ғарышқа қарай самғауға ұмтылу тек жеке адамды емес, сонымен бірге бүкіл елді, Гумилевтің тілімен айтқанда, «пассионарийлерге» айналдырған. Табиғат аясындағы адамның белсенділігі де ерекше. Онда асығу деген болмаған. Далада кездескен жолаушылар бір-бірімен тез амандасып, жөнімен кету дегенді теріс қылық түрінде бағалаған. Олар үшін ең басты мәселе бір-бірінің көңіл-күйін сұрау арқылы ерекше бір жылы адамдық түсінісу еді. Қ.Нұрланова атап өткендей, қазақтың ұлттық идеясы — адамның көңілін табу. Оған қарым-қатынастың жоғары формасы іштесу арқылы жетуге болады.   

 

 
Қазақ халқы мөдениетінің ерекшеліктерін анықтаудың басты шартының бірі оның әлемдегі орнын айқындаумен қатысты. Алайда мәдени кеңістік тек бос қуыс орта емес, ол мәдениет тұлғасымен іштей бірігіп, оның дүниетанымы арқылы көрініс табады. Бұл жерде көне философиядағы макроғарыш пен микроғарыштың тұтастығы, үйлесімдігі, гармониясы туралы идеяның танымдық маңызы зор. Қоршаған орта, адамдық әлем мәдениеттің өрістеу аймағы болып табылады. Қазақ және басқа да көшпенді халықтардың мәдениетін зерттеушілер оның ғарыштық сипатына басты назар аударады. Ғарыш деген не? Оның құрылымы қандай? Ол қалай пайда болды? — сияқты сұрақтарды қойғалы отырғанымыз жоқ. Біздің мақсатымыз ғарыш пен табиғат туындыларының нақтылы бір мәдениеттегі көрінісін бейнелеумен байланысты. Яғни, мәдени кеңістікті іштен қарастырып өтейік. «Қазақтың ата тегінің болмыс шындығына тікелей жақын болуы, — деп жазады М. Орынбеков, — олардың бақылайтын, қабылданатын дүниеге сезімдік тұрғыдан жақын болуы ішкі дүниесін, тіршілік етудің ождан бастауларын түсінуінен өз көрінісін тапты».
 
Егер батыстық өркениет үшін ғарыш пен табиғат адамдық мақсатқа сәйкес әрекеттің объектісі және сол себептен тұлғадан тыс тұрса, онда ол көшпелілер үшін әрекеттенуші тұлға болып табылады. Ғарыш суық әрі шексіз кеңістік емес, адамдық дүниенің мәңгілік кепілі ретінде түсіндіріледі. Адам ғарыштың бір бөлігі болғандықтан, ол қоршаған ортаның түрлі қасиеттері, кескін келбеті, болмысы туралы ой толғамай, бейтарап қала алмайды. Ғасырлар бойы сұрыпталған халық даналығында барша ғалам біреу ғана деп есептеледі, ал адамдар тұтас табиғаттың құрамдас бөлігі деп танылады. Шексіздікті жеңу мәселесі сонау шумерлік өркениеттегі «Гильгамеш туралы жырдан» келе жатқан мотив. Шексіз далаға көз салған номада ең алдымен үлкен шеңбер — көкжиекті көрген. Оның өзі аспандық күмбезбен көмкеріліп тұрған. Шексіздікті ақылға сыйымды парасатпен қабылдау мүмкін емес. Ол — тылсым дүние, белгісіздіктің, қараңғылықтың, қаратүнектің таңбасы. Шексіздікті игеру үшін тұрақты бағдар қажет. Сахара тұрғыны бағдар іздеп аспанға көз салады, Темірқазықты тауып, ол арқылы Жетіқарақшы жүлдыздарының орналасуынан, Шолпан мен Үркерге назар салуынанан аспанды жақындатады. Жорыққа шыққан әскер, сапардағы жолаушы, мал баққан бақташы түндегі бағдарын жұлдыздарға қарап айыратын болған.
 
Түрік халықтарының мифологиясында ғарыштың құрылымы былай бейнеленеді: жеті қат Жер бар, онда Көктөбе тұр, Көктөбеде Көктерек өсіп тұр, ол Көккүмбезді тіреп тұр. Бұл бейне киіз үйдің құрылымына да ұқсас. Қазақтың әлем туралы түсінігінде әсерлі бейненің бірі — алып бәйтерек. Дүниежүзілік ағаш таңбасы өрлемелік қозға- лысты, Жер мен Аспанның тығыз байланысын білдіреді. Осы биік бөйтерекпен эпос батырлары аспан денелеріне өрмелеп жете алатын болған. Әлемдік ағаштың тағы бір атқаратын қызметі оның жоғары және орта дүниені үшінші әлем — төменгі дүниемен байланыстыруында. Тірілер әлемі өткен кезбен, аруақтар аймағымен қатынасын үзбейді. Көктеректің тамырлары жер астында орналасқан. Жасыл-желек өмірлік ағаш күш-қуат пен нәрді төменгі дүниеден алады.
 
Аңыздар
 
Сонымен, қазақтың рухани мәдениетінде аспанды тәңірі- құдай ретінде қадірлеу осы мәдениеттің маңызды бір қасиетіне жатады. Аспанды құдай деңгейіне көтеру, одан қорқу емес, бұл көне мифтер мен ежелгі діндердің дүниетанымдық ерекшелігі екені ғылымға белгілі. Қазақтардың ата-тегі түріктердің басты құдайы — Көк Тәңірі. Оның рақымымен елді билеген қағандар «Аспанда туған және Күнмен, Аймен безендірілген» деп аталған. Түрік жазуларында көшпенділердің барлық жеңістері Көк Тәңірімен байланыстырылған. Аспанды және оның шырақтарын қадірлеу түрік өркениетіне жататын барлық халықтардың дүниетанымының маңызды белгісі. Мысалы, «Оғызнаме» эпосында Оғыз қаған өз балаларының атын Көк, Күн, Ай, Жұлдыз, Тау, Теңіз деп қойғаны мәлім. Табиғи күштерді пір тұтудан тәңірілік дін көп құдайылық деген түсінік тумауы керек. Исламға дейін қазақтарда нақтылы «құдай» ұғымы болған жоқ деген пікір шындыққа онша жанаса қоймайды. Себебі Көк Тәңірін көшпенділер жалғыз жаратушы деп түсінген, кейін қазақтарда Тәңірі мен Алла синонимге айналған. Аспан мен Жердің үйлесімдік идеясы туралы Ш.Уәлиханов былай деп жазды:
«Аспанда өмір сүретін адамдар бар. Олар тамақтарының астынан белбеу буынады. Біз Ортада, жер үстінде өмір сүреміз, белбеуді денеміздің ортасынан буамыз, ал күні, айы және жұлдыздары бар жер асты адамдары белбеуді аяғында буады. Аспан қырғыздарымен өте бай кемпір арада тұрады (Аспан түрғындарының өмір салтына ұқсас, өйткені бұл қырғыз қиялының жемісі)». 
 
Мифтік кеңістік жоғары-төмен тәртібімен құрылған. Мысалы, мифтік кейіпкер тындаушы көбінесе жер астында болып жатқан оқиғаны қадағалайды, ал Жоямерген жер астындағы жылан патшасының қызына үйленеді. Аспанда пері, дию сияқты кейіпкерлер ұшып жүргенімен, миф қаһарманы олармен көбіне жер үстінде ұшырасады. Аспан әлеміне қатысты ұғымдар көне жырларда алып бәйтерек, жеті басты айдаһар мекендейтін тау түріндегі символдық мәні бар түсініктермен шектелген.
 
Ислам
 
Мұсылмандық діннің еуроазиялық Далада таралуына байланысты көшпелі халықтардың ғарыш туралы түсінігі де өзгерістірге ұшырады. Бұрынғы ескі мұра жоғалып кетпей, ислам космогониясымен синкреттік түрде тұтасты. Бұл түсініктер бойынша әлем екі дүниеден: фәни (белгісіздік) және бақидан (мәңгілік) тұрады. Осыған сәйкес адам өмірі шексіз. Фәниден бақиға өту, бұл дүниеден кету дегеніміз жанның бір формадан екінші формаға ауысуы, оның нұрға айналуы. Қазақ мөдениетінде бұрыннан келе жатқан идея — жанның мәңгілігі. Әл-Фараби мен Қожа Ахмет Иссауи, Абай мен Мағжан, жалпы Шығыс ғұламалары бойынша, адамның дүниедегі тіршілік ету мағынасы жанның мәңгілігімен айқындалады. Әйтпесе өмір мазмұны жануарлық күнкөрістен алыс кетпек емес. Әлем мен адамға бағыт беретін жол көрсетуші, мәңгілік пен шексіздіктің кепілі — Нұр. Оған адамның жай ақылы жетпейді, оны аңғару, түсіну, жан дүниеңмен қабылдау қажет. Әлем мен Нұр ұғымдары қазақтың төл мәдениетінде Дүниені дұрыс түсіну арқылы нақтыланады. Дүние дегеніміз заттар мен құбылыстардың біріктірілген жинағы емес. Бұл дүние — біртұтас, яғни ол адаммен іштей қосылған.
 
Адам орасан зор Әлеммен жеке қалса, онда тұлгада күйкілік сезім, жатсыну, бағыныштылық қатынас тууы мүмкін. Сондықтан халықтық дүниетаным ғарышты жат күш ретінде емес, қайта өзіне етене жақын табиғилық шарт түрінде қабылдайды. Қазақтың рухани мәдениеті әлемді меңгерудің бірнеше тәсілдерін қолданған: оны тіршілікке қолайлы шексіздік ретінде бейнелеу (Бұқар жырау), оның асқақтығын, адамдық көңіл-күйді баспай, оған көтеріңкілік туғызатын дүние ретінде мадақтау (Қазтуған), әлем бөліктерінің сазды ырғақтарын аңғару (әл-Фараби). Көшпелі мәдениет ғаламат Әлемнің ішінде өз орнын таба білген. Шексіз кеңістікте адам өзімен өзі және табиғатпен жеке қалып, оңаша сұхбаттасу, сырласу үстінде болған. Ол өзінің бүкіл рухымен, табиғатпен шынайы жақын екендігін сезінген. Асқақтық сезім мен ғарышқа қарай самғауға ұмтылу тек жеке адамды емес, сонымен бірге бүкіл елді, Гумилевтің тілімен айтқанда, «пассионарийлерге» айналдырған. Табиғат аясындағы адамның белсенділігі де ерекше. Онда асығу деген болмаған. Далада кездескен жолаушылар бір-бірімен тез амандасып, жөнімен кету дегенді теріс қылық түрінде бағалаған. Олар үшін ең басты мәселе бір-бірінің көңіл-күйін сұрау арқылы ерекше бір жылы адамдық түсінісу еді. Қ.Нұрланова атап өткендей, қазақтың ұлттық идеясы — адамның көңілін табу. Оған қарым-қатынастың жоғары формасы іштесу арқылы жетуге болады. 
 

Ұқсас материалдар