Қандастар Ассамблея

Құрбандық шалудың маңызы

05.12.2012 4289
Құрбандық шалудың  маңызы     Құрбан – ғибадат ниетімен  белгілі  бір уақытта құрбандық  шалу.      Құрбандық шалу дүние-мүлік  арқылы  жасалатын  ғибадат және уәжіп. Һижрәттің  екінші жылында  бұйырылған. Құрбан – Аллаһ жолында  істелген  пидагерлік  және Ол  берген  несібелерге  алғысымызды  білдіру.    Бай – дәулетті адамдар  шалатын  құрбан  еттерінен кедейлерге  берілуі мұсылмандар арасында  сүйіспеншілік пен бауырмашылық сезімдерді нығайтады.Бай – дәулетті адамдармен қоса  кедейлер  де қуанышқа  бөленеді. Құрбан арқылы келетін  бұл  қуаныш халықтың бақытын арттырады.      Сүйікті Пайғамбарымыз: «Кімде – кім  дүние-мүлкі мол бола тұра  құрбан шалмаса  біздің мешітімізге  жақындамасын» дей  отырып құрбан шалудың байлар  үшін маңызды  екенін көрсеткен.     Кімдер құрбан шалады?     Төмедегі шарттарға  сәйкес  адамдардың құрбандық шалулары  уәжіб:     1)Мұсылман  болу.     2)Ақыл-есі  дұрыс  болу.     3)Балиғатқа жеткен болу.     4)Бас бостандығы  болу.     5)Жолаушы  болмау.     6)Нисаб мөлшерінде  дүние-мүлкі  және  ақшасы болу (Құрбан мақсатында дүние-мүлік  пен  ақшаның  зекеттегідей бір жыл қолында  болуы  шарт емес).       Құрбандық қашан және  қалай  шалынады?        Құрбандық  шалудың  уақыты – Құрбан мерекесінің  бірінші, екінші  және  үшінші күні. Үшінші күні күн  батқан соң  құрбандық  шалуға болмайды.       Құрбандық  шалуға  алып  бара жатқанда  малға  жақсы  қарасу керек, итеріп, ұрып-соқпау  керек. Малды қинамау үшін пышағын өткірлеп, жақсылап қайрап, құрбан шалушы қолынан келсе өзі бауыздайды, болмаса біреуге бауыздатқызады.      Құрбандық шалынатын  мал сол жағымен және құбылаға қарап жатқызылады. Бауыздайтын  адамның өзі « Бисмиллаһи Аллаһу әкбәр»деп малдың иегі астынан өңеші, кеңірдегі  және күре  тамырларын  кесе отырып, бауыздау  жұмысын  бітіреді.Малдың жаны шықпастан бұрын басын кесіп  алу  және терісін іреу – мәкруһ. Құрбандық шалып  жатқанда  біле тұра  «Бисмиллаһ» айтылмаса, ол малдың етін  жеуге болмайды.     Құрбанның еті мен терісіне байланысты жұмыстар      Құрбандық шалған адам құрбанның етінен өзі  жей  алатыны  сияқты, басқаларға  да жегізе алады.     Құрбан етін үшке бөліп: бір бөлігін құрбандық шалмаған кедейлерге таратуы  керек, екінші бөлігін  туған-туысқандар мен достарына  таратуы керек, қалған  бөлігін өзі мен отбасы  мүшелеріне алып қалады. Құрбан етін  түгелдей беруге де болады, дін оған  рұқсат береді. Құрбан терісінен жайнамаз  немесе үйде қолданылатын бір  нәрсе  жасау  дұрыс немесе бір кедейге я  болмаса қайырымдылық  мекемелерінің біріне берсе болады.     Құрбандыққа шалуға жарайтын және жарамайтын малдар.     Малдардан тек  қана қой, ешкі, сиыр, буйвол және  жасқа, сиыр мен буйвол екі  жасқа, түйе бес жасқа толуы керек. Бірақ  қой  алты айдан  асқанымен сыртқы  көрінісі  қомақты  болса, оны  да  құрбан  етіп  шалуға  болады.     Ал  ешкі ондай  емес, міндетті түрде  бір жасқа  толуы  керек. Қой мен ешкі бір  кісі үшін құрбан болады. Сиыр  буйвол мен түйені бірден  жеті адамға  дейін  ортақтасып құрбандық  шалуға болады. Бұл жануарлардың мүйізсіз  болуы, мүйізінің  біразы  сынық  болуы, тістерінің көбісінің түсіп қалуы  және ақсақ болуы құрбандыққа  шалуға кедергі  емес.     Ал  мына  кемшіліктердің  бірі болса, ол  малды құрбандыққа  шалуға болмайды.     1)Бір  немесе екі көзі соқыр  болуы;     2)Мүйіздерінің біреуі  екеуінің  де  түбінен сынақ  болуы;     3)Құлағының  немесе құйрығының  жартыдан  көбісінің жоқ  болуы;     4) Аяғын  баса  алмайтындай  ақсақ  болуы;     5) Туғаннан құлақтары – құйрығы болмауы;     6) Тістерінің  көбі  түсіп, қарнын  тойдыра  алмайтын болуы;     7)Ауру;     8)Сүйектерінің ішінде  жілік жоқ, арық  болуы;     9)Қой мен  ешкі  емгектерінің  бірі, сиыр  терістерінің  екі  емшегін  бірдей  салып  қалуы.    10)Қой  мен  ешкі  емшектерінің  бірі, сиыр тектестердің екі емшегі бірдей солып қалуы       Бұдан басқа қораз, тауық сияқты үй  жануарлары  мен еті желінетін  жабайы  жануарлар құрбан болмауы.        Құрбандықтарының  қабыл  болсын!      

Құрбандық шалудың  маңызы

    Құрбан – ғибадат ниетімен  белгілі  бір уақытта құрбандық  шалу.

     Құрбандық шалу дүние-мүлік  арқылы  жасалатын  ғибадат және уәжіп. Һижрәттің  екінші жылында  бұйырылған. Құрбан – Аллаһ жолында  істелген  пидагерлік  және Ол  берген  несібелерге  алғысымызды  білдіру.

   Бай – дәулетті адамдар  шалатын  құрбан  еттерінен кедейлерге  берілуі мұсылмандар арасында  сүйіспеншілік пен бауырмашылық сезімдерді нығайтады.Бай – дәулетті адамдармен қоса  кедейлер  де қуанышқа  бөленеді. Құрбан арқылы келетін  бұл  қуаныш халықтың бақытын арттырады.

     Сүйікті Пайғамбарымыз: «Кімде – кім  дүние-мүлкі мол бола тұра  құрбан шалмаса  біздің мешітімізге  жақындамасын» дей  отырып құрбан шалудың байлар  үшін маңызды  екенін көрсеткен.

    Кімдер құрбан шалады?

    Төмедегі шарттарға  сәйкес  адамдардың құрбандық шалулары  уәжіб:

    1)Мұсылман  болу.

    2)Ақыл-есі  дұрыс  болу.

    3)Балиғатқа жеткен болу.

    4)Бас бостандығы  болу.

    5)Жолаушы  болмау.

    6)Нисаб мөлшерінде  дүние-мүлкі  және  ақшасы болу (Құрбан мақсатында дүние-мүлік  пен  ақшаның  зекеттегідей бір жыл қолында  болуы  шарт емес).

      Құрбандық қашан және  қалай  шалынады?

       Құрбандық  шалудың  уақыты – Құрбан мерекесінің  бірінші, екінші  және  үшінші күні. Үшінші күні күн  батқан соң  құрбандық  шалуға болмайды.

      Құрбандық  шалуға  алып  бара жатқанда  малға  жақсы  қарасу керек, итеріп, ұрып-соқпау  керек. Малды қинамау үшін пышағын өткірлеп, жақсылап қайрап, құрбан шалушы қолынан келсе өзі бауыздайды, болмаса біреуге бауыздатқызады.

     Құрбандық шалынатын  мал сол жағымен және құбылаға қарап жатқызылады. Бауыздайтын  адамның өзі « Бисмиллаһи Аллаһу әкбәр»деп малдың иегі астынан өңеші, кеңірдегі  және күре  тамырларын  кесе отырып, бауыздау  жұмысын  бітіреді.Малдың жаны шықпастан бұрын басын кесіп  алу  және терісін іреу – мәкруһ. Құрбандық шалып  жатқанда  біле тұра  «Бисмиллаһ» айтылмаса, ол малдың етін  жеуге болмайды.

    Құрбанның еті мен терісіне байланысты жұмыстар

     Құрбандық шалған адам құрбанның етінен өзі  жей  алатыны  сияқты, басқаларға  да жегізе алады.

    Құрбан етін үшке бөліп: бір бөлігін құрбандық шалмаған кедейлерге таратуы  керек, екінші бөлігін  туған-туысқандар мен достарына  таратуы керек, қалған  бөлігін өзі мен отбасы  мүшелеріне алып қалады. Құрбан етін  түгелдей беруге де болады, дін оған  рұқсат береді. Құрбан терісінен жайнамаз  немесе үйде қолданылатын бір  нәрсе  жасау  дұрыс немесе бір кедейге я  болмаса қайырымдылық  мекемелерінің біріне берсе болады.

    Құрбандыққа шалуға жарайтын және жарамайтын малдар.

    Малдардан тек  қана қой, ешкі, сиыр, буйвол және  жасқа, сиыр мен буйвол екі  жасқа, түйе бес жасқа толуы керек. Бірақ  қой  алты айдан  асқанымен сыртқы  көрінісі  қомақты  болса, оны  да  құрбан  етіп  шалуға  болады.

    Ал  ешкі ондай  емес, міндетті түрде  бір жасқа  толуы  керек. Қой мен ешкі бір  кісі үшін құрбан болады. Сиыр  буйвол мен түйені бірден  жеті адамға  дейін  ортақтасып құрбандық  шалуға болады. Бұл жануарлардың мүйізсіз  болуы, мүйізінің  біразы  сынық  болуы, тістерінің көбісінің түсіп қалуы  және ақсақ болуы құрбандыққа  шалуға кедергі  емес.

    Ал  мына  кемшіліктердің  бірі болса, ол  малды құрбандыққа  шалуға болмайды.

    1)Бір  немесе екі көзі соқыр  болуы;

    2)Мүйіздерінің біреуі  екеуінің  де  түбінен сынақ  болуы;

    3)Құлағының  немесе құйрығының  жартыдан  көбісінің жоқ  болуы;

    4) Аяғын  баса  алмайтындай  ақсақ  болуы;

    5) Туғаннан құлақтары – құйрығы болмауы;

    6) Тістерінің  көбі  түсіп, қарнын  тойдыра  алмайтын болуы;

    7)Ауру;

    8)Сүйектерінің ішінде  жілік жоқ, арық  болуы;

    9)Қой мен  ешкі  емгектерінің  бірі, сиыр  терістерінің  екі  емшегін  бірдей  салып  қалуы.

   10)Қой  мен  ешкі  емшектерінің  бірі, сиыр тектестердің екі емшегі бірдей солып қалуы

      Бұдан басқа қораз, тауық сияқты үй  жануарлары  мен еті желінетін  жабайы  жануарлар құрбан болмауы.

 

     Құрбандықтарының  қабыл  болсын!

 

 

 

Ұқсас материалдар