Қандастар Ассамблея

Қозу

05.12.2012 13359
ҚОЗУ – тітіркендіру салдарынан пайда болатын тірі тіндердің (ұлпалардың) әрекеті, белсенді қызмет атқара алатындай жағдайы; тірі клеткалардың тітіркенуге қайтаратын жауабы. Қ. – түрлі физ., хим., функциональдық өзгерістер жиынтығынан тұратын, тек тірі ұлпаларға, тірі организмге тән, қозғыштық қасиет негізінде дамитын күрделі биол. процесс. Организмде қозғыштық қасиет жойылса, клеткалардың қызметі бұзылып, тіршілігі тоқтайды. Қозғыштық – тірі организмдердің тітіркендіруге арнаулы өзіндік реакциямен, таралатын әрекет потенциалымен (тітіркеніспен) қайтаратын жауабы. Қ. процесіне әр түрлі өзіндік және жалпылама белгілер тән. Мыс., қозған тінде зат алмасу процесі күшейеді, оның хим. құрамы мен физ.-хим. қасиеттері сандық және сапалық өзгерістерге ұшырайды. Бұлшық ет пен жүйкелер қозғанда мембранада (жарғақшасында) жайыла таралатын электр заряды пайда болады. Осымен байланысты клетка жарғақшасы арқылы электр зарядының өзгеруі Қ. процесінің бір белгісі болып табылады. Қ-дың өзіндік белгісі әрбір органның өзіне тән әрекетімен бейнеленеді. Мыс., қозған бұлшық ет талшықтары жиырылады, без тіні – сөл бөледі, жүйке талшықтарында тітіркеніс (импульс) пайда болады. Қ. – толқын тәрізді таралатын процесс. Тіннің бір жерінде пайда болған Қ. оның басқа бөліктеріне жайыла таралады. Ет пен жүйке тіндерінде Қ. электрлік жолмен, әрекет потенциалы түрінде таралады. Тіннің бір клеткасында немесе бір телімінде пайда болған әрекет потенциалы оның басқа бөліктерін тітіркендіреді. Қ. процесі шектелген (таралмайтын) және шектелмеген (таралатын) болып екіге бөлінеді. Қ-дың табиғатын түсіндіретін мембраналық-иондық теорияға сәйкес абс. рефрактерлік сатысы (Қ. жағдайындағы тіннің кенеттен әсер еткен тітіркендіргішке жауап бермеуі) натрий иондарының клетка ішіне өтуі тоқтап, жарғақша арқылы калий иондары өтуінің жоғарылауымен байланысты. Осының нәтижесінде жарғақшаның қозғыштығы уақытша тоқтайды да, онда жаңа тітіркендіруге жауап ретінде әрекет потенциалы туындамайды. Салыстырмалы рефрактерлік жағдайында натрий иондарының өтуін төмендететін, калий иондарының өтуін жоғарылататын жағдайлар жойылып, жарғақшаның тыныштық күйіндегі қасиеттері қалпына келеді. Қ-ға кері физиол. процесс тежелу деп аталады.  Әдеб.: Несіпбаев Т., Жануарлар физиологиясы, 1–2 т., А., 1996. Т. Несіпбаев  

ҚОЗУ – тітіркендіру салдарынан пайда болатын тірі тіндердің (ұлпалардың) әрекеті, белсенді қызмет атқара алатындай жағдайы; тірі клеткалардың тітіркенуге қайтаратын жауабы. Қ. – түрлі физ., хим., функциональдық өзгерістер жиынтығынан тұратын, тек тірі ұлпаларға, тірі организмге тән, қозғыштық қасиет негізінде дамитын күрделі биол. процесс. Организмде қозғыштық қасиет жойылса, клеткалардың қызметі бұзылып, тіршілігі тоқтайды. Қозғыштық – тірі организмдердің тітіркендіруге арнаулы өзіндік реакциямен, таралатын әрекет потенциалымен (тітіркеніспен) қайтаратын жауабы. Қ. процесіне әр түрлі өзіндік және жалпылама белгілер тән. Мыс., қозған тінде зат алмасу процесі күшейеді, оның хим. құрамы мен физ.-хим. қасиеттері сандық және сапалық өзгерістерге ұшырайды. Бұлшық ет пен жүйкелер қозғанда мембранада (жарғақшасында) жайыла таралатын электр заряды пайда болады. Осымен байланысты клетка жарғақшасы арқылы электр зарядының өзгеруі Қ. процесінің бір белгісі болып табылады. Қ-дың өзіндік белгісі әрбір органның өзіне тән әрекетімен бейнеленеді. Мыс., қозған бұлшық ет талшықтары жиырылады, без тіні – сөл бөледі, жүйке талшықтарында тітіркеніс (импульс) пайда болады. Қ. – толқын тәрізді таралатын процесс. Тіннің бір жерінде пайда болған Қ. оның басқа бөліктеріне жайыла таралады. Ет пен жүйке тіндерінде Қ. электрлік жолмен, әрекет потенциалы түрінде таралады. Тіннің бір клеткасында немесе бір телімінде пайда болған әрекет потенциалы оның басқа бөліктерін тітіркендіреді. Қ. процесі шектелген (таралмайтын) және шектелмеген (таралатын) болып екіге бөлінеді. Қ-дың табиғатын түсіндіретін мембраналық-иондық теорияға сәйкес абс. рефрактерлік сатысы (Қ. жағдайындағы тіннің кенеттен әсер еткен тітіркендіргішке жауап бермеуі) натрий иондарының клетка ішіне өтуі тоқтап, жарғақша арқылы калий иондары өтуінің жоғарылауымен байланысты. Осының нәтижесінде жарғақшаның қозғыштығы уақытша тоқтайды да, онда жаңа тітіркендіруге жауап ретінде әрекет потенциалы туындамайды. Салыстырмалы рефрактерлік жағдайында натрий иондарының өтуін төмендететін, калий иондарының өтуін жоғарылататын жағдайлар жойылып, жарғақшаның тыныштық күйіндегі қасиеттері қалпына келеді. Қ-ға кері физиол. процесс тежелу деп аталады. 

Әдеб.: Несіпбаев Т., Жануарлар физиологиясы, 1–2 т., А., 1996.
Т. Несіпбаев
 

Ұқсас материалдар