Қандастар Ассамблея

Дания

05.12.2012 9458
  Дания, Дания корольдігі– Еуропаның солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Ютландия түбегінің негізгі бөлігі мен оған шектесіп жатқан аралдарда (Зеландия, Фюн, Лоллан, Фальстер, Борнхольм, т.б.) орналасқан. Бұған қоса елдің құрамына кіретін Гренландия мен Фарер аралдарының дербес автономиялық құқықтары бар. Соңғы екеуін қоспағанда жерінің жалпы аумағы 43 мың км2. Халқы 5,5 млн. адам (2007). Негізгі тұрғындары – даниялықтар (данскере; 98%). Ресми тілі – данскере тілі. Халқының көпшілігі христиан дінінің протестант (лютерлік) тармағын ұстанады. Астанасы – Копенгаген (1,3 млн.). Дания – король билейтін конституциялық монархия. Заң шығарушы органы – төрт жылға сайланатын бір палаталы парламент. Атқарушы билік жүйесін король атынан премьер-министр басқарады. Ұлттық мейрамдары: он алтыншы сәуір – Королеваның туған күні (1940), бесінші шілде – Конституция күні (1849). Ақшасы – Дания кронасы. Дания Солтүстік және Балтық теңіздерінің жағалауында жатыр. Жері, негізінен, жазық. Ұсақ өзен-көлдері көп. Климаты қоңыржай теңіздік. Ақпан айындағы орташа температура 0ӘС, ал шілдеде 15 – 16ӘС. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері елдің батыс бөлігінде 750 – 800 мм, ал шығыс жағында 600 мм шамасында. Ел аумағын, көбінесе, тұман басып тұрады. Жерінің 10%-ын орман алып жатыр. Ежелгі дәуірде қазіргі Дания жерін герман тайпалары (тевтон, килевр, ют, англ, сакс, герул) қоныстанған. Олар аң, балық аулаумен, кейіннен мал шаруашылығымен және егіншілікпен айналысқан. 5 ғасырдан бастап англдар мен юттар Британияға қоныс аударып, оның орнына Скандинавияның оңтүстігінен дан тайпалары көшіп келді. Солардың атымен жаңадан құрыла бастаған мемлекет Данмарк (дандар жері) деп аталып кетті. 6 – 8 ғасырларда бұл елде теңізде жүзу мен сауда ісі тез дами бастады. Соның нәтижесінде 9 – 11 ғасырлар Солтүстік Еуропа тарихына «викингтер дәуірі» деген атпен кірді. Викингтер әскери кемелерімен Еуропадағы халықаралық сауда жолдарына шабуыл жасап, өздерінің бақылауларын орнатты әрі көптеген жаңа жерлер ашты. 9 – 10 ғасырларда олар королингтер империясымен үздіксіз соғыс жүргізіп, 885 ж. Парижді басып алды, 911 ж. Сена өзені атырабында Нормания герцогтығын құрды. Кейіннен Ұлыбританияның солтүстік-шығыс бөліктерін бағындырды. 1016 ж. Дания конунгы Ұлы Кнут ағылшындарды толықтай бағындырды. Осыдан кейін ол Дания королі атанды да, 1028 ж. Норвегияны өзіне қосып алып, Дания – Ұлыбритания – Норвегия державасын құрды. Бірақ көп ұзамай бұл держава тарап кетті. 10 – 11 ғасырларда елде христиан діні ескі діни нанымдарды ығыстырып шығарып, толықтай орнықты. 12 – 13 ғасырларда даттар Балтық теңізі жағалауындағы славян тайпалары мен Эстонияны басып алды. 1397 – 1523 ж. Швеция, Финляндия, Исландия, Норвегия Дания корольдігіне бағынышты болды. 17 ғасырдың орта тұсынан бастап Швеция дат королінің ықпалынан босап қана қоймай, Данияның өзіне қауіп төндірумен болды. Үш дүркін болған соғыстан соң даттар Скандинавияның оңтүстігіндегі өздерінің ежелгі жерлерінен айырылып қалды, Балтық теңізіндегі үстемдік шведтерге өтті. Дания Норвегияны, Исландияны, Гренландияны және Үндістан мен Кариб теңізі жағалауларындағы отарларын ғана сақтап қалды. Алайда, Наполеон соғыстары кезінде Дания тағы да жеңіліп, кейбір аралдары мен Норвегиядан айрылды.  19 ғасырдың екінші жартысында елде өнеркәсіп өркендеді, темір жолдар салынды, аса ірі тамақ индустриясы қалыптасты. 1-дүниежүзілік соғыста Дания бейтарап саясат ұстанды. 1940 ж. тоғызыншы сәуірде Германия Данияны өзіне қосып алды. 1945 ж. бесінші мамыр күні ағылшын әскерлері елден неміс-фашист әскерлерін ығыстырып шығарды. 1950 ж. Дания «Маршалл жоспарына» сәйкес АҚШ-тан көп мөлшерде инвестиция алды. 1953 ж. елдің жаңа конституциясы жарияланды. Гренландия мемлекеттің тең құқықты бір бөлігіне айналды. Фарер аралдарына автономия берілді. Дания 1949 жылдан НАТО-ға мүше, бірақ өз аумағында бейбіт заманда ядролық қарулар мен шетелдік әскери базалар орналастырмау принципін ұстанады. Тек Гренландиядағы базаларды ғана АҚШ әскери мақсатқа пайдалана алады. Дания 1973 жылдан Еуропалық Одаққа (ЕО) мүше.  Дания жоғары дамыған аграрлы-индустриялы ел. Экономикасының негізгі салалары: тамақ өнеркәсібі, машина жасау, химия және жеңіл өнеркәсіп. Әсіресе ауыл шаруашылығы жақсы дамыған. Егіншілік пен мал шаруашылығы өнімдері халықтың сұранымынан үш еседей артық өндіріледі. Өндірілетін өнімдердің 40%-дан астамы (негізінен, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп тауарлары) экспортқа шығарылады. Ал шеттен шикізат өнімдері, автомашиналар және құрал-саймандар әкелінеді. Шет елдермен сауда, негізінен, теңіз жолдары арқылы өтеді. Негізгі сауда серіктестері: Германия, Швеция, Ұлыбритания. Қазақстан мен Дания мемлекеттері арасында 1992 жылдан бері дипломатиялық қатынас орнаған.   

 

Дания, Дания корольдігі– Еуропаның солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Ютландия түбегінің негізгі бөлігі мен оған шектесіп жатқан аралдарда (Зеландия, Фюн, Лоллан, Фальстер, Борнхольм, т.б.) орналасқан. Бұған қоса елдің құрамына кіретін Гренландия мен Фарер аралдарының дербес автономиялық құқықтары бар. Соңғы екеуін қоспағанда жерінің жалпы аумағы 43 мың км2. Халқы 5,5 млн. адам (2007). Негізгі тұрғындары – даниялықтар (данскере; 98%). Ресми тілі – данскере тілі. Халқының көпшілігі христиан дінінің протестант (лютерлік) тармағын ұстанады. Астанасы – Копенгаген (1,3 млн.). Дания – король билейтін конституциялық монархия. Заң шығарушы органы – төрт жылға сайланатын бір палаталы парламент. Атқарушы билік жүйесін король атынан премьер-министр басқарады. Ұлттық мейрамдары: он алтыншы сәуір – Королеваның туған күні (1940), бесінші шілде – Конституция күні (1849). Ақшасы – Дания кронасы.
Дания Солтүстік және Балтық теңіздерінің жағалауында жатыр. Жері, негізінен, жазық. Ұсақ өзен-көлдері көп. Климаты қоңыржай теңіздік. Ақпан айындағы орташа температура 0ӘС, ал шілдеде 15 – 16ӘС. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері елдің батыс бөлігінде 750 – 800 мм, ал шығыс жағында 600 мм шамасында. Ел аумағын, көбінесе, тұман басып тұрады. Жерінің 10%-ын орман алып жатыр.
Ежелгі дәуірде қазіргі Дания жерін герман тайпалары (тевтон, килевр, ют, англ, сакс, герул) қоныстанған. Олар аң, балық аулаумен, кейіннен мал шаруашылығымен және егіншілікпен айналысқан. 5 ғасырдан бастап англдар мен юттар Британияға қоныс аударып, оның орнына Скандинавияның оңтүстігінен дан тайпалары көшіп келді. Солардың атымен жаңадан құрыла бастаған мемлекет Данмарк (дандар жері) деп аталып кетті. 6 – 8 ғасырларда бұл елде теңізде жүзу мен сауда ісі тез дами бастады. Соның нәтижесінде 9 – 11 ғасырлар Солтүстік Еуропа тарихына «викингтер дәуірі» деген атпен кірді. Викингтер әскери кемелерімен Еуропадағы халықаралық сауда жолдарына шабуыл жасап, өздерінің бақылауларын орнатты әрі көптеген жаңа жерлер ашты. 9 – 10 ғасырларда олар королингтер империясымен үздіксіз соғыс жүргізіп, 885 ж. Парижді басып алды, 911 ж. Сена өзені атырабында Нормания герцогтығын құрды. Кейіннен Ұлыбританияның солтүстік-шығыс бөліктерін бағындырды. 1016 ж. Дания конунгы Ұлы Кнут ағылшындарды толықтай бағындырды. Осыдан кейін ол Дания королі атанды да, 1028 ж. Норвегияны өзіне қосып алып, Дания – Ұлыбритания – Норвегия державасын құрды. Бірақ көп ұзамай бұл держава тарап кетті. 10 – 11 ғасырларда елде христиан діні ескі діни нанымдарды ығыстырып шығарып, толықтай орнықты. 12 – 13 ғасырларда даттар Балтық теңізі жағалауындағы славян тайпалары мен Эстонияны басып алды. 1397 – 1523 ж. Швеция, Финляндия, Исландия, Норвегия Дания корольдігіне бағынышты болды. 17 ғасырдың орта тұсынан бастап Швеция дат королінің ықпалынан босап қана қоймай, Данияның өзіне қауіп төндірумен болды. Үш дүркін болған соғыстан соң даттар Скандинавияның оңтүстігіндегі өздерінің ежелгі жерлерінен айырылып қалды, Балтық теңізіндегі үстемдік шведтерге өтті. Дания Норвегияны, Исландияны, Гренландияны және Үндістан мен Кариб теңізі жағалауларындағы отарларын ғана сақтап қалды. Алайда, Наполеон соғыстары кезінде Дания тағы да жеңіліп, кейбір аралдары мен Норвегиядан айрылды. 
19 ғасырдың екінші жартысында елде өнеркәсіп өркендеді, темір жолдар салынды, аса ірі тамақ индустриясы қалыптасты. 1-дүниежүзілік соғыста Дания бейтарап саясат ұстанды. 1940 ж. тоғызыншы сәуірде Германия Данияны өзіне қосып алды. 1945 ж. бесінші мамыр күні ағылшын әскерлері елден неміс-фашист әскерлерін ығыстырып шығарды. 1950 ж. Дания «Маршалл жоспарына» сәйкес АҚШ-тан көп мөлшерде инвестиция алды. 1953 ж. елдің жаңа конституциясы жарияланды. Гренландия мемлекеттің тең құқықты бір бөлігіне айналды. Фарер аралдарына автономия берілді. Дания 1949 жылдан НАТО-ға мүше, бірақ өз аумағында бейбіт заманда ядролық қарулар мен шетелдік әскери базалар орналастырмау принципін ұстанады. Тек Гренландиядағы базаларды ғана АҚШ әскери мақсатқа пайдалана алады. Дания 1973 жылдан Еуропалық Одаққа (ЕО) мүше. 
Дания жоғары дамыған аграрлы-индустриялы ел. Экономикасының негізгі салалары: тамақ өнеркәсібі, машина жасау, химия және жеңіл өнеркәсіп. Әсіресе ауыл шаруашылығы жақсы дамыған. Егіншілік пен мал шаруашылығы өнімдері халықтың сұранымынан үш еседей артық өндіріледі. Өндірілетін өнімдердің 40%-дан астамы (негізінен, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп тауарлары) экспортқа шығарылады. Ал шеттен шикізат өнімдері, автомашиналар және құрал-саймандар әкелінеді. Шет елдермен сауда, негізінен, теңіз жолдары арқылы өтеді. Негізгі сауда серіктестері: Германия, Швеция, Ұлыбритания. Қазақстан мен Дания мемлекеттері арасында 1992 жылдан бері дипломатиялық қатынас орнаған. 
 

Ұқсас материалдар