Қандастар Ассамблея

Адам деген жұмбақ әлем

05.12.2012 7537
  Біздерді, күллі жаратылыс арасында адам мәртебесіне көтеріп, иманмен ырзықтаған және мәңгілік бақытқа жету жолын көрсеткен Аллаһ тағалаға шексіз мадақ пен мақтау болсын!   Мәңгілік бақытқа жету жолында адами болмысымызды құлдық сипаттармен қалыптастыруда бірегей әрі үлгі тұтар тұлға «усуатун-хасана» Пайғамбарлардың Сұлтаны Хазіреті Мұхаммед Мұстафаға да салауат және сәлем болсын!   Адам баласының ғұмыры, жалпы өмірге деген құштарлық пен өлім туралы қорқыныш-үрейдің арасында өтеді. Мұның сыры адамның тәфәккур (ойлану) мен түсіну түйсүгін мәңгілік әлеміне қарай бұру негізінде жатыр. Өйткені, өмір сүрудегі мақсат – мәңгілік бақытқа жету. Олай болса, адам баласы үшін асыл мұрат – өлім  қорқынышынан арылып, өмірін де, өлімді де жақсартуға тырысу болмақ. Осыған қол жеткізген кезде ғана адам баласына рухани жетілу мен Аллаһ тағалаға қауышу жолдары ашыла бастайды.   Алайда, бұл нәпсіні жаман қасиеттерден арылту және жүректі тазарту арқылы ғана болады. Өйткені, адам баласының бойында жаратылысынан жағымды қасиеттермен қатар жағымсыз қасиеттер де кездеседі. Өйткені, өмір сынағы осыны қажет етеді. Олай болса, өмірдің сынағынан сүрінбей өту үшін бойымыздағы жағымсыз қасиеттерді жойып, жағымды қасиеттерді жандандыру керек. Хақ Тағала былай дейді: “...Нәпсіге және оған бірқатар қабілет беріп, жақсы мен жаманды білдірушіге ант етемін! Нәпсісін жамандықтардан арылтқан табысқа жетті, ал оны жамандықтарға батырған зиян шекті. ” ( әш-Шәмс, 7-10)  Бұл өзін дұрыс тану арқылы ғана болады. Ішіндегі жылан нәпсісін көре алмаған кісі оған қарсы тұра алмайды және оның уына құрбан болады. Осы тұрғыдан, “өзін таныған адам жаратушысын да таниды” деген сөз бекер айтылмаса керек. Хазреті Мәулана бұл ақиқат турасында адамның өзін жақсы тануы үшін былай деген:  “Адам бейне бір орман делік. Орманда мыңдаған доңыз, қасқыр, адал және арам хайуан болғаны сияқты, адам баласының ішкі жан дүниесінде де түрлі сұлулықпен қатар жаман қасиеттер де кездеседі.” “Ей, Хақ жолының жолаушысы! Сенің болмысыңда Мұса да, Ферғаун да бар. Осы бір-біріне қас екі дұшпанды өзіңнің болмысыңнан іздеуің керек.” “Уахидың нұрынан жарық ал! Сендегі Мұса Ферғаунға жеңіліс таптырсын!.. ” Бұл мәселенің маңыздылығы соншалық, Аллаһтың елшісі өзі қатысқан және “Ғазуатул-Усра”, яғни “Қиын жорық” деп атаған Тәбүк Ғазуәсінан қайтқан кезде былай деген екен: “Қазір кіші жиһадтан оралдық, алда үлкен жиһад тұр”.  Сахабалар таң қалып: “- Ей, Аллаһтың елшісі! Бұдан үлкен жиһад бола ма екен?”- деп сұраған кезде, Пайғамбарымыз оларға: “- Иә! Қазір кіші жиһадтан үлкен жиһадқа қарай; яғни нәпсімен күресуге бет аламыз!”  деп жауап берген екен. Хазреті Әдебали ғасырлар бойы әлемге үстемдік еткен Осман мемлекетінің сұлтаны Осман Газиге өзінің насихаттарының ішінде ең үлкен жеңіске былайша назар аудартқан болатын:  “Ей, ұлан! Ең үлкен жеңіс – нәпсіні тану. Дұшпан – адамның өзі. Ал дос дегеніміз нәпсіні таныған кісі.” Осы жеңіске жете алмаған кісі өзі үшін де сырға толы бейне бір жұмбақ әлем болып қала бермек. Яғни, өзін тани алмаған жан өзгенің де құпия-сырын ұғына алмайды. Осы құпия-сырды ашпай тұрып, өмір мен өлім сырын ашу, сондай-ақ, мәңгілік әлемді ұғыну әсте мүмкін емес. Міне осыдан келіп, “Адам деген  жұмбақ әлем” ең маңызды мәселеміз болмақ. Өйткені, адам баласы өз ішіндегі жұмбақ сырды дұрыс аша білуі - өзіндегі хикмет пен сырды Аллаһ тағаламен ұштастырып, Онымен қауышу мүмкіндігіне қол жеткізуі деген сөз. Мұның бірегей үлгісі - Пайғамбарлардың және Аллаһтың достарының жолымен жүру. Өйткені, олар аталмыш құпия сырды аша білген шынайы рухани тұлғалар болып табылады. Сондықтан, бар ықыласпен олардың қатарына қосылған кезімізде адами болмысымыз басқаша бір қалыпқа енеді. Бірақ олардың қатарынан шығып пасықтар мен күнәһарлардың қатарына қосылсақ, өзіміз білетін нәрселердің өзі құпия-сырға айналуы ғажап емес. Аллаһ өзі сақтасын, бұл біздің құрығанымыз деген сөз. Сондықтан негізгі мәселе – ізгі адамдармен бірге бола білуде. Өйткені, олар маңайындағыларға әрдайым: “Жауын сияқты бол!.. Береке әкел!” дейтін-ді. Бұл сөздің түп-төркінінде жақсы құл болуды меңзеумен қатар сол жолда Аллаһ тағаланың разылығы үшін тәрбие-тағлым, қызмет пен еңбек етуге баса назар аудару жатыр. Өйткені, “Ұрпақтың өсіп-өнуі” осы аталғандармен тікелей байланысты болмақ. Әсіресе, өмірдегі ең қиын істің адам тәрбиесі екенін ойласақ, бұл жауапкершіліктің сыры да айқын ашылған болар еді. Сол себептен, мықты бір тұлға қалыптастыруда “Қажет құралдарды кем қолданудан” ұзақ тұру керек. Бұл құлшылық жасауда барлық нәрсені тиісті дәрежеде жасау қажет дегенді білдіреді. Мұндай дәрежеге тек көңілді Харамайнға (Мекке Мадина) аудару арқылы жетуге болады. Өйткені, көңіл гүлі тек Харамайн климатында ғана өседі. Бақилық өмірге дайындықта осылайша жәннәт гүліне айналу үшін “Уақыт өтпестен, күн батпастан бұрын” әрекет ету өте маңызды. Алайда, уақыты өтіп кеткеннен кейін өкінудің еш пайдасы жоқ. Сондықтан да, тәубеге келуге асығу қажет. Өйткені, өлім – ғайып, кез-келген сәтте алқымнан алуы мүмкін. Сондай-ақ, тәубеге келмеген кейбірулер адам баласының надандығын түсіне алмайды. Олардың өмірі өкініш пен қасіретке жетелейді. Өмір толығымен пайдасыз, арзан ойын-күлкі іспеттес. Сан түрлі жағымсыз қасиеттер көңіл мен түйсіктерге кері әсерін тигізеді. Әсіресе, “Тілдегі қанжар - ғайбат” алдымен адамның өз жанына қадалады, кейіннен ар-ожданын, онымен қоса көңілін де өлтіреді. Бізді мұндай жағымсыз сипаттардан құтқаратын “Насихаттың маңыздылығын” дұрыс ұғынған абзал. Өйткені, Пайғамбарымыз саллалаллаһу алейхи уә сәлләм өзінің бір хадисінде: “Дін- насихат” (Мүслим, Иман, 95) деп айтып кеткен. Осы айтылған мәселелерде табысқа жету жолында еңбек етумен қатар “дұғадағы сырды” ұғынуымыз, сондай-ақ дұғаны өміріміз бен ғибадатымыздың негізіне айналдыруымыз қажет.  Міне, сонда ғана жан дүниеміздегі жұмбақ атаулының сыры ашылып, жандардың жаратушысына қауышарымыз хақ. Құрметті оқырмандар! Жоғарыда айтып өткен мәселелер осы еңбегімде қамтылған мақалалардың тақырыптары болмақ. Бұл еңбек “Алтынолук” журналының оқырмандарымызға сыйлығы ретінде жарық көретін Шебнем журналында жарияланған мақалалардың кітап халіндегі жинағы. Сондай-ақ, кітаптың мазмұнын толықтыру тұрғысынан соңғы бөліміне “Хазіреті Мәулананың хикметті сөздерін” де қостық және оларды қысқаша түсіндіруге тырыстық. Хақ тағалам баршамыздың өмірімізді өзінің жолында ізгі амалдармен әрлендірсін. Әрбір жақсы амалдарымызда тауфик берсін. Мойнымыздағы илахи аманат пен адамдық борышымызды лайықты дәрежеде атқаруды, құзырына ізгілермен, тақуалармен бірге баруды нәсіп еткей! Әмин...   

 

Біздерді, күллі жаратылыс арасында адам мәртебесіне көтеріп, иманмен ырзықтаған және мәңгілік бақытқа жету жолын көрсеткен Аллаһ тағалаға шексіз мадақ пен мақтау болсын!
 
Мәңгілік бақытқа жету жолында адами болмысымызды құлдық сипаттармен қалыптастыруда бірегей әрі үлгі тұтар тұлға «усуатун-хасана» Пайғамбарлардың Сұлтаны Хазіреті Мұхаммед Мұстафаға да салауат және сәлем болсын!
 
Адам баласының ғұмыры, жалпы өмірге деген құштарлық пен өлім туралы қорқыныш-үрейдің арасында өтеді. Мұның сыры адамның тәфәккур (ойлану) мен түсіну түйсүгін мәңгілік әлеміне қарай бұру негізінде жатыр. Өйткені, өмір сүрудегі мақсат – мәңгілік бақытқа жету. Олай болса, адам баласы үшін асыл мұрат – өлім  қорқынышынан арылып, өмірін де, өлімді де жақсартуға тырысу болмақ. Осыған қол жеткізген кезде ғана адам баласына рухани жетілу мен Аллаһ тағалаға қауышу жолдары ашыла бастайды.  
Алайда, бұл нәпсіні жаман қасиеттерден арылту және жүректі тазарту арқылы ғана болады. Өйткені, адам баласының бойында жаратылысынан жағымды қасиеттермен қатар жағымсыз қасиеттер де кездеседі. Өйткені, өмір сынағы осыны қажет етеді. Олай болса, өмірдің сынағынан сүрінбей өту үшін бойымыздағы жағымсыз қасиеттерді жойып, жағымды қасиеттерді жандандыру керек. Хақ Тағала былай дейді:
“...Нәпсіге және оған бірқатар қабілет беріп, жақсы мен жаманды білдірушіге ант етемін! Нәпсісін жамандықтардан арылтқан табысқа жетті, ал оны жамандықтарға батырған зиян шекті. ” ( әш-Шәмс, 7-10) 
Бұл өзін дұрыс тану арқылы ғана болады. Ішіндегі жылан нәпсісін көре алмаған кісі оған қарсы тұра алмайды және оның уына құрбан болады. Осы тұрғыдан, “өзін таныған адам жаратушысын да таниды” деген сөз бекер айтылмаса керек.
Хазреті Мәулана бұл ақиқат турасында адамның өзін жақсы тануы үшін былай деген: 
“Адам бейне бір орман делік. Орманда мыңдаған доңыз, қасқыр, адал және арам хайуан болғаны сияқты, адам баласының ішкі жан дүниесінде де түрлі сұлулықпен қатар жаман қасиеттер де кездеседі.”
“Ей, Хақ жолының жолаушысы! Сенің болмысыңда Мұса да, Ферғаун да бар. Осы бір-біріне қас екі дұшпанды өзіңнің болмысыңнан іздеуің керек.”
“Уахидың нұрынан жарық ал! Сендегі Мұса Ферғаунға жеңіліс таптырсын!.. ”
Бұл мәселенің маңыздылығы соншалық, Аллаһтың елшісі өзі қатысқан және “Ғазуатул-Усра”, яғни “Қиын жорық” деп атаған Тәбүк Ғазуәсінан қайтқан кезде былай деген екен:
“Қазір кіші жиһадтан оралдық, алда үлкен жиһад тұр”.
 Сахабалар таң қалып:
“- Ей, Аллаһтың елшісі! Бұдан үлкен жиһад бола ма екен?”- деп сұраған кезде, Пайғамбарымыз оларға:
“- Иә! Қазір кіші жиһадтан үлкен жиһадқа қарай; яғни нәпсімен күресуге бет аламыз!”  деп жауап берген екен.
Хазреті Әдебали ғасырлар бойы әлемге үстемдік еткен Осман мемлекетінің сұлтаны Осман Газиге өзінің насихаттарының ішінде ең үлкен жеңіске былайша назар аудартқан болатын: 
“Ей, ұлан! Ең үлкен жеңіс – нәпсіні тану. Дұшпан – адамның өзі. Ал дос дегеніміз нәпсіні таныған кісі.”
Осы жеңіске жете алмаған кісі өзі үшін де сырға толы бейне бір жұмбақ әлем болып қала бермек. Яғни, өзін тани алмаған жан өзгенің де құпия-сырын ұғына алмайды. Осы құпия-сырды ашпай тұрып, өмір мен өлім сырын ашу, сондай-ақ, мәңгілік әлемді ұғыну әсте мүмкін емес.
Міне осыдан келіп, “Адам деген  жұмбақ әлем” ең маңызды мәселеміз болмақ.
Өйткені, адам баласы өз ішіндегі жұмбақ сырды дұрыс аша білуі - өзіндегі хикмет пен сырды Аллаһ тағаламен ұштастырып, Онымен қауышу мүмкіндігіне қол жеткізуі деген сөз. Мұның бірегей үлгісі - Пайғамбарлардың және Аллаһтың достарының жолымен жүру. Өйткені, олар аталмыш құпия сырды аша білген шынайы рухани тұлғалар болып табылады. Сондықтан, бар ықыласпен олардың қатарына қосылған кезімізде адами болмысымыз басқаша бір қалыпқа енеді. Бірақ олардың қатарынан шығып пасықтар мен күнәһарлардың қатарына қосылсақ, өзіміз білетін нәрселердің өзі құпия-сырға айналуы ғажап емес. Аллаһ өзі сақтасын, бұл біздің құрығанымыз деген сөз.
Сондықтан негізгі мәселе – ізгі адамдармен бірге бола білуде. Өйткені, олар маңайындағыларға әрдайым: “Жауын сияқты бол!.. Береке әкел!” дейтін-ді. Бұл сөздің түп-төркінінде жақсы құл болуды меңзеумен қатар сол жолда Аллаһ тағаланың разылығы үшін тәрбие-тағлым, қызмет пен еңбек етуге баса назар аудару жатыр. Өйткені, “Ұрпақтың өсіп-өнуі” осы аталғандармен тікелей байланысты болмақ. Әсіресе, өмірдегі ең қиын істің адам тәрбиесі екенін ойласақ, бұл жауапкершіліктің сыры да айқын ашылған болар еді. Сол себептен, мықты бір тұлға қалыптастыруда “Қажет құралдарды кем қолданудан” ұзақ тұру керек. Бұл құлшылық жасауда барлық нәрсені тиісті дәрежеде жасау қажет дегенді білдіреді. Мұндай дәрежеге тек көңілді Харамайнға (Мекке Мадина) аудару арқылы жетуге болады. Өйткені, көңіл гүлі тек Харамайн климатында ғана өседі. Бақилық өмірге дайындықта осылайша жәннәт гүліне айналу үшін “Уақыт өтпестен, күн батпастан бұрын” әрекет ету өте маңызды. Алайда, уақыты өтіп кеткеннен кейін өкінудің еш пайдасы жоқ. Сондықтан да, тәубеге келуге асығу қажет. Өйткені, өлім – ғайып, кез-келген сәтте алқымнан алуы мүмкін. Сондай-ақ, тәубеге келмеген кейбірулер адам баласының надандығын түсіне алмайды. Олардың өмірі өкініш пен қасіретке жетелейді. Өмір толығымен пайдасыз, арзан ойын-күлкі іспеттес. Сан түрлі жағымсыз қасиеттер көңіл мен түйсіктерге кері әсерін тигізеді. Әсіресе, “Тілдегі қанжар - ғайбат” алдымен адамның өз жанына қадалады, кейіннен ар-ожданын, онымен қоса көңілін де өлтіреді. Бізді мұндай жағымсыз сипаттардан құтқаратын “Насихаттың маңыздылығын” дұрыс ұғынған абзал. Өйткені, Пайғамбарымыз саллалаллаһу алейхи уә сәлләм өзінің бір хадисінде: “Дін- насихат” (Мүслим, Иман, 95) деп айтып кеткен. Осы айтылған мәселелерде табысқа жету жолында еңбек етумен қатар “дұғадағы сырды” ұғынуымыз, сондай-ақ дұғаны өміріміз бен ғибадатымыздың негізіне айналдыруымыз қажет. 
Міне, сонда ғана жан дүниеміздегі жұмбақ атаулының сыры ашылып, жандардың жаратушысына қауышарымыз хақ.
Құрметті оқырмандар!
Жоғарыда айтып өткен мәселелер осы еңбегімде қамтылған мақалалардың тақырыптары болмақ. Бұл еңбек “Алтынолук” журналының оқырмандарымызға сыйлығы ретінде жарық көретін Шебнем журналында жарияланған мақалалардың кітап халіндегі жинағы. Сондай-ақ, кітаптың мазмұнын толықтыру тұрғысынан соңғы бөліміне “Хазіреті Мәулананың хикметті сөздерін” де қостық және оларды қысқаша түсіндіруге тырыстық.
Хақ тағалам баршамыздың өмірімізді өзінің жолында ізгі амалдармен әрлендірсін. Әрбір жақсы амалдарымызда тауфик берсін. Мойнымыздағы илахи аманат пен адамдық борышымызды лайықты дәрежеде атқаруды, құзырына ізгілермен, тақуалармен бірге баруды нәсіп еткей!
Әмин... 
 

Ұқсас материалдар