Қандастар Ассамблея

Атырау-Ақпарат

05.12.2012 6000
Атырау-Ақпарат (КМК коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын) — Атырау облысында 2001 жылдың маусым айында ашылған Баспасөз үйі. Атырау облыстық әкімдігі құрылтайшылық ететін "Атырау-Ақпарат" КМК құрамына облыстық "Атырау" және "Прикаспийская коммуна", 7 аудандық газет және баспахана біріктірілді. Кәсіпорын бұрынғы жүйеге қарағанда өзінің артықшылығын тез-ақ көрсетті. Экономикалық жағдай елеулі түрде жақсарды. Облыстық және аудандық газеттердің таралымы бұрынғыдан анағұрлым артты. Жарнамалық түсімдер еселеніп, баспаханадан шығатын газет, басқа да полиграфиялық өнімдердін сапасы айтарлықтай жақсарды. Сонымен қатар "Атырау-Ақпарат" КМК-ның құрылуы арқылы редакциялардағы материалдық-техникалық база жақсарды, барлық құрылымдар толық компьютерлендіріліп, Интернет жүйесіне қосылды. Қызметкерлердің еңбекақысы да өсті. Бұл арқылы жергілікті атқарушы органның кәсіпорынға артқан жоғары сенімі мен үмітін айқын аңғаруға болады. Жайық өзенінің жағасындағы ең көрікті жерге орналасқан "Атырау-Ақпарат" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны кешені бір-бірімен жалғасқан, жалпы көлемі 5900 шаршы метрді курайтын 4 гимараттан турады. Баспасөз үйінің 3 қабатты ғимаратында кәсіпорынның әкімшілік-басқару кеңсесі орналасқан. Оның екінші қабатындағы әсем безендірілген кең залда "Жайық-ақпарат" баспасөз клубы жұмыс жасайды. Мұнда журналистердің түрлі құрылымдар мемлекеттік органдар мен кәсіпорын-ұйымдар, бизнес-элита, қоғам қайраткерлері, басқа да бұқара өкілдерімен кездесулерін өткізуіне толық мүмкіндік жасалған. "Жайық-Ақпарат" баспасөз клубының алғашқы мейманы ҚР Тұңғыш Президенті Н. Назарбаев болды. Баспасөз мәслихаттары, қызықты тұсаукесерлер мен түрлі тақырыптардагы "дөңгелек үстелдер" де осы клубта ұйымдастырылады. Тек 2008 жылы ғана 44 рет баспасөз мәслихаты, 1 тұсаукесер және 6 семинар-кеңес өткізілді. Сөйтіп, "Жайық-Ақпарат" баспасөз клубы облыс журналистерінің тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасап, өзара шығармашылығын байытып, біліктіліктерін көтеруіне жақсы жол ашты, хабардың қайнаған ортасына айналды. Бул жұмыстардың жүзеге асуына баспасөз клубына 2007 жылы құрылған мониторинг және сапа менеджменті бөлімі үнемі әдістемелік нұсқамаларын ұсынып отырады.Бөлім сонымен қатар, әр газет бойынша арнайы талдау жұмыстарын жүргізіп, әрбір мемлекеттік маңыздағы қоғамдық-саяси іс-шараларды атқару жөнінде медиа-жоспарлар әзірлеп, басылымдарға жан-жақты бағыт-бағдар ұсынып келеді. Бөлім сонымен қатар кәсіпорын қызметін Халықаралық сапа жүйесіне көшіру және соның негізінде журналистерді аттестациялауды қолға ала бастады. Шығармашылқ жұмыста пайдалану үшін әлеуметтік сауалнамалар жүргізуді өндіріске енгізді. Кәсіпорын базасында түрлі қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, "MediaNet" халықаралық журналистика орталығы ұсынған белгілі журналист Жұлдыз Әбділданың жетекшілігімен Атырау және Маңғыстау облыстарындағы аудандық газеттердің журналистік кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында, республикалық "Жас Қазақ" газетінің жауапты хатшысы Айдын Қабаның жетекшілігімен облыстық, аудандық газеттердің жауапты хатшылары, дизайнерлер және бет құрушылардың біліктілігін көтеру мақсатында тұңғыш рет кәсіпорын базасында, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушысы Аязби Бейсенқұловтың жаттықтыруымен Атырау және Маңғыстау облыстарының тілшілеріне арналған "Интернет ақпарат таратудың жаңа технологиясы ретінде" тақырыбында, жергілікті маман Аманжан Ғазиздің басқаруымен облыстағы 7 аудандық газет жауапты хатшылары мен дизейнерлері үшін, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің доценті РахиляҚарымсақова және тележурналист Ғалия Әженовалардың жетекшілігімен "Әділ сөз" сөз бостандығын қорғау халықаралық қорымен бірлескен облыстағы БАҚ тілшілеріне арналған "Ақпараттық даулар жөніндегі сараптамалық зерттеулерді нығайту" тақырыбында семинар-тренингтер ұйымдастырылды. Сонымен қатар, Ресей ақпарат агенттігінің меншікті тілшісі Бақытжан Жұмалиеваның жаттықтыруымен экономика, каржы-несие тақырыптарында да тереңдетілген тұрғыда семинар өткізіліп, журналистерге нақты көмек-нұсқау болды. Нәтижесінде аудандықгазеттердің дизайны түбегейлі жаңарып, түрлі түсті бояуға көшірілді. 2008 жылы бастап, бұлардың көлемі 8 беттен 16, тіпті 24 бетке дейін көбейді. Ұлт мақтаныштары Зейнолла Қабдолов пен Әбіш Кекілбаевтың келешегіне осы басылым өз батасын берсе, Фариза Оңғарсынова, Мендекеш Сатыбалдиев, басқа да көрнекті каламгерлер "Атыраудың" бір кездегі қызметкерлері. Ал 1920 жылы бері жарық көріп келе жатқан "Прикаспийская коммуна" газетінің редакциясында өз қаламыныңқуатын заманның өзекті проблемаларын көтеруге жұмсап жүрген талантты журналистер көп. Екі облыстық басылымның компьютер цехтары мен баспахана арасын бірыңғай локалды желі байланыстырып тұр. Бұл газеттің дайын беттерін редакциядан компьютер арқылы тікелей баспаханаға жіберуге мүмкіндік береді. Облыстық газеттерде дербес Интернет-сайттары бар: www.ag.atyrauakparat. kz, www.pk.atyrauakparat.kz Жаңа ғимаратқа көшкеннен бері 2 редакцияның жанындағы қоғамдық қабылдаулар арқылы оқырмандар өздерін толғандырған ең көкейтесті мэселелер бойынша кеңес алуына бар жағдай жасалған. Кешеннің 5 қабатты екінші ғимаратында баспахана орын тепкен. Онын құрал-жабдықтары алғашқы үш қабатқа орналасқан. Қазіргі заманның озық технологиясымен жарақтандырылған баспаханада Үнді мен АҚШ бірлесіп жасаған офсетті-рулон, чехтың офсетті, офсетті бір бояулы және бір бояулы, поляктың қағаз кесетін, сандық үлгідегі жапонның түрлі тусті аппараты, Бельгия, Германия, Ресей елдерінен шығарылған кітап өндірісі кешені жұмыс жасап тұр. Бұл құрал-жабдықтар баспаханаға полиграфия өндірісіндегі 3 негізгі бағыт екі және көп бояулы газет шығару, кітап өндірісі мен бланкі өнімін кен көлемде шығару, түрлі түсті кітапшалар, жарнамалық буклеттер, ашық хаттар мен шақырулар шығаруды игеруге мүмкіндік жасайды. Күні бүгін мұнда көп таралымды кітаптар, түрлі мемлекеттік тапсырыстар мен құттықтау адресаттары, буклеттер мен басқа да тапсырыстар орындалуда. Холдингке қарасты обл. "Атырау" газетінің жылдық таралымы 2006 жылы 21 267, "Прикаспийская коммуна" газеті 12 325 дана болса, кейінгі жылдары таралым мөлшері тиісінше 26 583 және 14 699 данаға дейін көбейді. Қызметкерлердің жалақысы осы кезең аралығында орташа есеппен алғанда 43 мың тенгеден 52 мың теңгеге дейін өсті. Кәсіпорында 2008 жылы 1 қаңтарынан бастап, ұжымдық келісімшарт қабылданды. Облыстық Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы тексеріп, мақұлдаған бұл құжат негізінде Атырау қаласының әкімі мен кәсіпорын басшысы арасында арнайы әлеуметтік ынтымақтастық жөніндегі Меморандумға қол қойылды. Онда қаржы дағдарысы жағдайында қызметкерлердің жалақысы мен жұмыс орнының сақталуы, басқа да әлеуметтік-материалдық көмектер төлеуді қысқартпау көзделген. Ал, ұжымның кәсіподақ ұйымына ай сайынғы 210 мың теңге көлеміндегі жарнамалық түсімнен тиісті заңнамаларға сай қызметкерлердің Еңбек демалысы, өзінің және баласының үйлену тойы, ең жақын ағайынының қайтыс болуы, балалы болуы, отбасы жағдайы, денсаулығына байланысты және зейнеткерлерге тоқсан сайын материалдық көмектер беріледі. Әлеуметтік қамсыздандыру үшін 2006-08 жылдар аралығында жыл сайын шамамен 380 мың теңге шамасында үстемеленіп келеді, сөйтіп өсім 14 пайызға жетті. Әр аптаның бейсенбісінде А-2 форматымен шығатын 7 аудандық газет өз редакцияларында теріліп-беттеліп, кәсіпорын төрағасының дизайн жөніндегі кеңесшісіне компьютер арқылы беріледі. Дизайнер мен аға корректордың жіті сүзгісінен өткеннен кейін баспаханаға өткізілген аудан газеттері түрлі түсті бояумен басылады да, газетке жазылу, тарату және тасымалдау бөлімі "Қазпошта" АҚ-ның көмегімен дайын өнімді сол күні оқырмандарға жеткізеді. Қазір апталық таралым мөлшері облыстық "Атырау" газетінде 68 564, "Прикаспийская коммуна" газетінде 25 573 данаға жетті. Басылымдар кәсіпорынның қаладағы халық ең көп шоғырланған жердегі 5 сауда дүңгіршегі және 26 таратушы арқылы оқырман қолына тиіп отыр. Ал есеп бөлімі 2006 жылы бері халықаралық МСФО жүйесі арқылы жұмыс жасауға көшті. Сол арқылы аудандық газеттердегі жарнама менеджерлері есеп-қисап құжаттарын бірыңгай жүйемен алмасып отырады. Холдингте кауіпсіздік қызметі де жұмыс жасайды. Құрылым жұмысын жетілдіру және стратегиялық нысанның қауіпсіздігін сақтау мақсатында әр ғимарат және олардың әр қабаттарына қойылған бейнебақылау құрылғылары арқылы қадағалау толық жүзеге асырылған. Кәсіпорын аумағын абаттандыру мақсатында кешен территориясын көгалдандыру жұмыстары 2007 жылдан бастап, қолға алынды. 6 мың данадан астам таралымы бар, 16-24 бет көлеміндегі Құрманғазы ауданы "Серпер" газетінің шыға бастағанына 2010 жылы 80 жыл толмақ; Қызылқоға ауданы "Қызылқоға" газеті 1953 жылы шығып келеді. Көлемі -16 бет, таралымы 3800 дана; 1934 жылы бастап жарық көретін Индер ауданы "Дендер" газетінің көлемі 16 бет, 4000 таралымға ие; Мақат ауданы "Мақат тынысы" газеті 2001 жылы шығады. Таралымы 2700 дана, көлемі 16 бет; 1953 жылдан бері шығып келе жаткан Исатай ауданы "Нарын таңы" газетінің де таралымы 2500 дана, көлемі 16 бет; Махамбет ауданы "Жайық шұғыласы" газеті 1941 жылдан бастап шығады. Таралымы 2600 дана, көлемі 16 бет. Бір шаңырақ астына бірігу арқылы редакциялар шаруашылық мәселелерінен, газеттің басылуы мен таратылуы тәрізді бейнеттерден арылып, таза шығармашылықпен айналысуға мүмкіндік алды. Кәсіпорындағы күнделікті негізгі мәселелер апталық аппараттық мәжілісте, маңызды проблемалар әр тоқсан сайын өтетін қорытынды жиындарда, ал қаржы-шаруашылық және материалдық-техникалық жабдықтау мәселелері жарты жылдық және жылдық есеп беру жиналыстарында талқыланып, шешім қабылданады. Аудандық газеттер арасында ынталандыру мақсатында ұйымдастырылған, қаржы-бюджеттік сала, шығармашылық қабілеті және сапа санаттары бойынша жасақталған арнайы рейтингтік жүйе негізінде шығармашылық жұмыс жан-жақты жолға қойылды. Көрсеткіштері жоғары көрінген редакцияларға, үлгілі қызметкерлерге әр тоқсан сайын арнайы сыйақылар беріліп отырады. "Атырау-Ақпарат" кешенінде кәсіпорынға қарасты газеттер редакцияларымен бірге "Хабар" агенттігі, "Егемен Қазақстан", "Казахстанская правда", "Экспресс К" газеттерінің меншікті тілшілері және "Алтын Орда", "Тұран" газеттерінің редакциялары, "Алтем" студиясы, "31 канал-Атырау" телеарналары, басқа да аймақтық БАҚ ұжымдары орын тепкен. "Атырау-Ақпарат" КМК-ның алдында мемлекеттік саясатты насихаттау, экономикалық және әлеуметтік реформалардың журу барысын, дүниежүзілік қаржы дағдарысынан шығу жолындағы еліміздің тың ізденістерін жұртшылыққа объективті көрсету, қоғамның бірлігіне қызмет ету-кәсіпорында eңбек ететін 300ге жуық қызметкердің жоғары интеллектуалды және шығармашылық мол потенциалын әркез өз деңгейінде ұстап отыруды қажет етеді. Осындай мемлекеттік маңыздығы күрделі тапсырмаларды жүзеге асырып отырған "Атырау-Ақпарат" КМК-ның алдында тұрған міндет Қазақстанның ақпарат кеңістігінде халықаралық бәсекелестік талаптарына сай қызмет көрсете алатын мекемені қалыптастыру.  

Атырау-Ақпарат (КМК коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын) — Атырау облысында 2001 жылдың маусым айында ашылған Баспасөз үйі.

Атырау облыстық әкімдігі құрылтайшылық ететін "Атырау-Ақпарат" КМК құрамына облыстық "Атырау" және "Прикаспийская коммуна", 7 аудандық газет және баспахана біріктірілді. Кәсіпорын бұрынғы жүйеге қарағанда өзінің артықшылығын тез-ақ көрсетті. Экономикалық жағдай елеулі түрде жақсарды. Облыстық және аудандық газеттердің таралымы бұрынғыдан анағұрлым артты. Жарнамалық түсімдер еселеніп, баспаханадан шығатын газет, басқа да полиграфиялық өнімдердін сапасы айтарлықтай жақсарды. Сонымен қатар "Атырау-Ақпарат" КМК-ның құрылуы арқылы редакциялардағы материалдық-техникалық база жақсарды, барлық құрылымдар толық компьютерлендіріліп, Интернет жүйесіне қосылды. Қызметкерлердің еңбекақысы да өсті. Бұл арқылы жергілікті атқарушы органның кәсіпорынға артқан жоғары сенімі мен үмітін айқын аңғаруға болады. Жайық өзенінің жағасындағы ең көрікті жерге орналасқан "Атырау-Ақпарат" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны кешені бір-бірімен жалғасқан, жалпы көлемі 5900 шаршы метрді курайтын 4 гимараттан турады.

Баспасөз үйінің 3 қабатты ғимаратында кәсіпорынның әкімшілік-басқару кеңсесі орналасқан. Оның екінші қабатындағы әсем безендірілген кең залда "Жайық-ақпарат" баспасөз клубы жұмыс жасайды. Мұнда журналистердің түрлі құрылымдар мемлекеттік органдар мен кәсіпорын-ұйымдар, бизнес-элита, қоғам қайраткерлері, басқа да бұқара өкілдерімен кездесулерін өткізуіне толық мүмкіндік жасалған.
"Жайық-Ақпарат" баспасөз клубының алғашқы мейманы ҚР Тұңғыш Президенті Н. Назарбаев болды. Баспасөз мәслихаттары, қызықты тұсаукесерлер мен түрлі тақырыптардагы "дөңгелек үстелдер" де осы клубта ұйымдастырылады. Тек 2008 жылы ғана 44 рет баспасөз мәслихаты, 1 тұсаукесер және 6 семинар-кеңес өткізілді. Сөйтіп, "Жайық-Ақпарат" баспасөз клубы облыс журналистерінің тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасап, өзара шығармашылығын байытып, біліктіліктерін көтеруіне жақсы жол ашты, хабардың қайнаған ортасына айналды. Бул жұмыстардың жүзеге асуына баспасөз клубына 2007 жылы құрылған мониторинг және сапа менеджменті бөлімі үнемі әдістемелік нұсқамаларын ұсынып отырады.Бөлім сонымен қатар, әр газет бойынша арнайы талдау жұмыстарын жүргізіп, әрбір мемлекеттік маңыздағы қоғамдық-саяси іс-шараларды атқару жөнінде медиа-жоспарлар әзірлеп, басылымдарға жан-жақты бағыт-бағдар ұсынып келеді. Бөлім сонымен қатар кәсіпорын қызметін Халықаралық сапа жүйесіне көшіру және соның негізінде журналистерді аттестациялауды қолға ала бастады.

Шығармашылқ жұмыста пайдалану үшін әлеуметтік сауалнамалар жүргізуді өндіріске енгізді. Кәсіпорын базасында түрлі қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, "MediaNet" халықаралық журналистика орталығы ұсынған белгілі журналист Жұлдыз Әбділданың жетекшілігімен Атырау және Маңғыстау облыстарындағы аудандық газеттердің журналистік кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында, республикалық "Жас Қазақ" газетінің жауапты хатшысы Айдын Қабаның жетекшілігімен облыстық, аудандық газеттердің жауапты хатшылары, дизайнерлер және бет құрушылардың біліктілігін көтеру мақсатында тұңғыш рет кәсіпорын базасында, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушысы Аязби Бейсенқұловтың жаттықтыруымен Атырау және Маңғыстау облыстарының тілшілеріне арналған "Интернет ақпарат таратудың жаңа технологиясы ретінде" тақырыбында, жергілікті маман Аманжан Ғазиздің басқаруымен облыстағы 7 аудандық газет жауапты хатшылары мен дизейнерлері үшін, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің доценті РахиляҚарымсақова және тележурналист Ғалия Әженовалардың жетекшілігімен "Әділ сөз" сөз бостандығын қорғау халықаралық қорымен бірлескен облыстағы БАҚ тілшілеріне арналған "Ақпараттық даулар жөніндегі сараптамалық зерттеулерді нығайту" тақырыбында семинар-тренингтер ұйымдастырылды. Сонымен қатар, Ресей ақпарат агенттігінің меншікті тілшісі Бақытжан Жұмалиеваның жаттықтыруымен экономика, каржы-несие тақырыптарында да тереңдетілген тұрғыда семинар өткізіліп, журналистерге нақты көмек-нұсқау болды. Нәтижесінде аудандықгазеттердің дизайны түбегейлі жаңарып, түрлі түсті бояуға көшірілді.

2008 жылы бастап, бұлардың көлемі 8 беттен 16, тіпті 24 бетке дейін көбейді. Ұлт мақтаныштары Зейнолла Қабдолов пен Әбіш Кекілбаевтың келешегіне осы басылым өз батасын берсе, Фариза Оңғарсынова, Мендекеш Сатыбалдиев, басқа да көрнекті каламгерлер "Атыраудың" бір кездегі қызметкерлері. Ал 1920 жылы бері жарық көріп келе жатқан "Прикаспийская коммуна" газетінің редакциясында өз қаламыныңқуатын заманның өзекті проблемаларын көтеруге жұмсап жүрген талантты журналистер көп. Екі облыстық басылымның компьютер цехтары мен баспахана арасын бірыңғай локалды желі байланыстырып тұр. Бұл газеттің дайын беттерін редакциядан компьютер арқылы тікелей баспаханаға жіберуге мүмкіндік береді.

Облыстық газеттерде дербес Интернет-сайттары бар: www.ag.atyrauakparat. kz, www.pk.atyrauakparat.kz Жаңа ғимаратқа көшкеннен бері 2 редакцияның жанындағы қоғамдық қабылдаулар арқылы оқырмандар өздерін толғандырған ең көкейтесті мэселелер бойынша кеңес алуына бар жағдай жасалған. Кешеннің 5 қабатты екінші ғимаратында баспахана орын тепкен. Онын құрал-жабдықтары алғашқы үш қабатқа орналасқан. Қазіргі заманның озық технологиясымен жарақтандырылған баспаханада Үнді мен АҚШ бірлесіп жасаған офсетті-рулон, чехтың офсетті, офсетті бір бояулы және бір бояулы, поляктың қағаз кесетін, сандық үлгідегі жапонның түрлі тусті аппараты, Бельгия, Германия, Ресей елдерінен шығарылған кітап өндірісі кешені жұмыс жасап тұр. Бұл құрал-жабдықтар баспаханаға полиграфия өндірісіндегі 3 негізгі бағыт екі және көп бояулы газет шығару, кітап өндірісі мен бланкі өнімін кен көлемде шығару, түрлі түсті кітапшалар, жарнамалық буклеттер, ашық хаттар мен шақырулар шығаруды игеруге мүмкіндік жасайды. Күні бүгін мұнда көп таралымды кітаптар, түрлі мемлекеттік тапсырыстар мен құттықтау адресаттары, буклеттер мен басқа да тапсырыстар орындалуда.

Холдингке қарасты обл. "Атырау" газетінің жылдық таралымы 2006 жылы 21 267, "Прикаспийская коммуна" газеті 12 325 дана болса, кейінгі жылдары таралым мөлшері тиісінше 26 583 және 14 699 данаға дейін көбейді. Қызметкерлердің жалақысы осы кезең аралығында орташа есеппен алғанда 43 мың тенгеден 52 мың теңгеге дейін өсті.

Кәсіпорында 2008 жылы 1 қаңтарынан бастап, ұжымдық келісімшарт қабылданды. Облыстық Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы тексеріп, мақұлдаған бұл құжат негізінде Атырау қаласының әкімі мен кәсіпорын басшысы арасында арнайы әлеуметтік ынтымақтастық жөніндегі Меморандумға қол қойылды. Онда қаржы дағдарысы жағдайында қызметкерлердің жалақысы мен жұмыс орнының сақталуы, басқа да әлеуметтік-материалдық көмектер төлеуді қысқартпау көзделген. Ал, ұжымның кәсіподақ ұйымына ай сайынғы 210 мың теңге көлеміндегі жарнамалық түсімнен тиісті заңнамаларға сай қызметкерлердің Еңбек демалысы, өзінің және баласының үйлену тойы, ең жақын ағайынының қайтыс болуы, балалы болуы, отбасы жағдайы, денсаулығына байланысты және зейнеткерлерге тоқсан сайын материалдық көмектер беріледі. Әлеуметтік қамсыздандыру үшін 2006-08 жылдар аралығында жыл сайын шамамен 380 мың теңге шамасында үстемеленіп келеді, сөйтіп өсім 14 пайызға жетті.

Әр аптаның бейсенбісінде А-2 форматымен шығатын 7 аудандық газет өз редакцияларында теріліп-беттеліп, кәсіпорын төрағасының дизайн жөніндегі кеңесшісіне компьютер арқылы беріледі. Дизайнер мен аға корректордың жіті сүзгісінен өткеннен кейін баспаханаға өткізілген аудан газеттері түрлі түсті бояумен басылады да, газетке жазылу, тарату және тасымалдау бөлімі "Қазпошта" АҚ-ның көмегімен дайын өнімді сол күні оқырмандарға жеткізеді. Қазір апталық таралым мөлшері облыстық "Атырау" газетінде 68 564, "Прикаспийская коммуна" газетінде 25 573 данаға жетті.

Басылымдар кәсіпорынның қаладағы халық ең көп шоғырланған жердегі 5 сауда дүңгіршегі және 26 таратушы арқылы оқырман қолына тиіп отыр. Ал есеп бөлімі 2006 жылы бері халықаралық МСФО жүйесі арқылы жұмыс жасауға көшті. Сол арқылы аудандық газеттердегі жарнама менеджерлері есеп-қисап құжаттарын бірыңгай жүйемен алмасып отырады. Холдингте кауіпсіздік қызметі де жұмыс жасайды. Құрылым жұмысын жетілдіру және стратегиялық нысанның қауіпсіздігін сақтау мақсатында әр ғимарат және олардың әр қабаттарына қойылған бейнебақылау құрылғылары арқылы қадағалау толық жүзеге асырылған. Кәсіпорын аумағын абаттандыру мақсатында кешен территориясын көгалдандыру жұмыстары 2007 жылдан бастап, қолға алынды.

6 мың данадан астам таралымы бар, 16-24 бет көлеміндегі Құрманғазы ауданы "Серпер" газетінің шыға бастағанына 2010 жылы 80 жыл толмақ; Қызылқоға ауданы "Қызылқоға" газеті 1953 жылы шығып келеді. Көлемі -16 бет, таралымы 3800 дана; 1934 жылы бастап жарық көретін Индер ауданы "Дендер" газетінің көлемі 16 бет, 4000 таралымға ие; Мақат ауданы "Мақат тынысы" газеті 2001 жылы шығады. Таралымы 2700 дана, көлемі 16 бет; 1953 жылдан бері шығып келе жаткан Исатай ауданы "Нарын таңы" газетінің де таралымы 2500 дана, көлемі 16 бет; Махамбет ауданы "Жайық шұғыласы" газеті 1941 жылдан бастап шығады. Таралымы 2600 дана, көлемі 16 бет.

Бір шаңырақ астына бірігу арқылы редакциялар шаруашылық мәселелерінен, газеттің басылуы мен таратылуы тәрізді бейнеттерден арылып, таза шығармашылықпен айналысуға мүмкіндік алды. Кәсіпорындағы күнделікті негізгі мәселелер апталық аппараттық мәжілісте, маңызды проблемалар әр тоқсан сайын өтетін қорытынды жиындарда, ал қаржы-шаруашылық және материалдық-техникалық жабдықтау мәселелері жарты жылдық және жылдық есеп беру жиналыстарында талқыланып, шешім қабылданады. Аудандық газеттер арасында ынталандыру мақсатында ұйымдастырылған, қаржы-бюджеттік сала, шығармашылық қабілеті және сапа санаттары бойынша жасақталған арнайы рейтингтік жүйе негізінде шығармашылық жұмыс жан-жақты жолға қойылды. Көрсеткіштері жоғары көрінген редакцияларға, үлгілі қызметкерлерге әр тоқсан сайын арнайы сыйақылар беріліп отырады.

"Атырау-Ақпарат" кешенінде кәсіпорынға қарасты газеттер редакцияларымен бірге "Хабар" агенттігі, "Егемен Қазақстан", "Казахстанская правда", "Экспресс К" газеттерінің меншікті тілшілері және "Алтын Орда", "Тұран" газеттерінің редакциялары, "Алтем" студиясы, "31 канал-Атырау" телеарналары, басқа да аймақтық БАҚ ұжымдары орын тепкен. "Атырау-Ақпарат" КМК-ның алдында мемлекеттік саясатты насихаттау, экономикалық және әлеуметтік реформалардың журу барысын, дүниежүзілік қаржы дағдарысынан шығу жолындағы еліміздің тың ізденістерін жұртшылыққа объективті көрсету, қоғамның бірлігіне қызмет ету-кәсіпорында eңбек ететін 300ге жуық қызметкердің жоғары интеллектуалды және шығармашылық мол потенциалын әркез өз деңгейінде ұстап отыруды қажет етеді. Осындай мемлекеттік маңыздығы күрделі тапсырмаларды жүзеге асырып отырған "Атырау-Ақпарат" КМК-ның алдында тұрған міндет Қазақстанның ақпарат кеңістігінде халықаралық бәсекелестік талаптарына сай қызмет көрсете алатын мекемені қалыптастыру.
 

Ұқсас материалдар