Қандастар Ассамблея

Адам ата

05.12.2012 2871
  Адам Ата — (Тәурат, Інжіл, Забур секілді діни кітаптарда Адам) – Құран дерегі бойынша Алла тағала өз құдіретімен жаратқан ең алғашқы адамның аты. Тәуратта адамзаттың түпкі бабасының неден жаралғанын таратып айтпай, «топырақтан жаралғансың, топыраққа қайта айналарсың» (Тәурат, 3:19) деп қысқа ғана қайырады. Құранда бұл тақырып әр тұста шашырай айтылғанмен, кеңейтіле баяндалған: «Сыңғырлап тұрған кепкен балшықтан тиісті мүсінге келтіріп, адамды Біз топырақтан жараттық» (Құран Кәрім, «һижір» сүресі. 15:26), «Адамды Ол ұйыған қаннан жаратты» («Алақ» сүресі, 96:12), «Біз сендерді (Адам атаны) әуелі топырақтан жараттық. Оның нәсілін (рухтан) жыныстық тамшыдан, кесек еттен (құрап) жараттық. Біз мұны тектеріңді білу үшін айтып отырмыз» («Хаж» сүресі. 22:5). Тәуратта Құдай әмірі Адам Атаны жаратумен шектелсе, Құранда Алла әмірі адамзат ұрпағының бір-бірінен өрбіп дүниеге келуін түгел қамтиды. Сондай-ақ Тәуратта «Құдай адамды өзіне ұқсас қып жаратты» (Тәурат. 1:27) делінген. Уақыт жағынан дүниеге кейін келген Інжілде Иса (Йисус) пайғамбардың адам кейпіндегі Құдаймен жүздесуі осы тұжырымнан бастау алған. Еуропада Құдайды адамға ұқсатып суретін салу – бәрі-бәрі осыдан. Ал Құранда «Адамды біз сөз жоқ, әдемі мүсінде жараттық» («Тин» сүресі. 95:4) деумен ғана шектелген. Бұл мәселе де дін әлемінде тоқтаусыз талас тудырумен келеді. Алайда, «Ықылас» сүресінде (112:1-4) «Сен айт: Алла жалғыз де, Алла – мәңгілік. Ол тумаған да туылмаған. Оған ешбір теңдес жоқ» деген аят тәураттық, інжілдік тұжырымдарға қарама-қарсы, яки Алла Адам Атаға не Адам Ата Аллаға ұқсас болуы мүмкін емес.  Адам Ата ұжымақта жаратылып, ұжымақта ғұмыр кешті. Аспаннан түсті делінетін киелі кітаптардың қай-қайсысы да ұжымақтың жан рахат ғажабын тамылжыта жазған. Жәннат бағында адамға қорек болатын жеміс ағаштарымен қатар өмірлік мәні зор киелі ағаштар да жеткілікті. «Өмір ағашы», «әлемдік діңгек ағашы», «қайырымдылық ағашы», «қуаныш ағашы», «мерей ағашы», «билік ағашы», т.б. Адам Ата ұжымақта жай ғана серуендеп жүрмейді, жеміс ағаштарын бағып-күтіп бағбандық қызмет те атқарады. Құдіреті күшті Алла оны алғашқыда бағбан етіп жаратқан еді, кейін бақташылық жұмысты да қосып беруді қолай көрді. Алла өзінің сүйікті жаратқанын сыртынан бақылап жүріп, оның сұхбаттасатын серігі болмағандықтан көңілі жүдеп жалғызсырайтынын аңғарды. Алла тағала оны ұйықтатып тастады да, қабырғасын шығарып алып, Хауа Ананы жаратты. Аңыз бойынша Адам Атадан әлемдегі барша адамзат ұрпақтары тараған. Алла тағала Адам Атаға ерекше ілтипат көрсетіп, кеудесіне жан кіргізген соң, ілім-білімге, зиялылыққа үйретеді. Барлық періштелерге оның алдында бас иіп, бағынуға бұйырады. Бірақ Ібіліс Адам Ата мен Хауа ананы өз үгітіне иландырып, ақыр соңында олардың пейіштен қуылуына себепші болады. Бір күні олар серуендеп келе жатқанда ән-жыр, зәйтүн (Тәуратша – ізгілік пен зұлымдықты тану) ағашының бұтағында ширатылып жатқан жылан – Ібіліс Хауа анаға қарап тіл қатып, не себепті мына ағаштардан дәм татуға тыйым салғанын сұрады. «Біз күнәһар болмасын дегені ғой (Тәуратша: «Өліп қалмасын»), – деп жауап қатады Хауа Ана. Жылан кейпіндегі Ібіліс жымысқы жымиып, жанашыр қамқоршыдай жәдігөйлене сөйледі. «Бұл ағаштың жемісін жеуден тыюы – Тәңір сендерді періште болып кетпесін, ұжымақта мәңгі қалып қоймасын дегеннен басқа түкте емес» («Әғраф» сүресі. 7:12). Сөйтіп ол әзәзілденіп, Алла тағаланың өзі жаратқан пендесін күнәдан сақтамақ болған ниетін тонын теріс қаратып басқаша түсіндірді... Ібіліс жемісті үзіп алып аузына салып, құмардан шыққандай сүйсіне талмады. Осы тұстарды көне кітаптар әр түрлі уәждейді: бірі – жемісті үзіп алып берген жылан не жылан кейпін киіп, жыланша сөйлеп тұрған Ібіліс десе, екіншісі – қол созып жемісті үзіп алған Хауа Ананың өзі дейді. Үзіп жатқанда Әзірейіл періштенің елесін көрген. Алайда көңілі шын құлап кеткендіктен нәпсісін тыя алмаған. Тыйым салынған ағаштан өзі жегенімен тұрмай, Адам Атаға да жегізген... Ауызекі әфсаналар Адам Ата жемісті талмап жұта бергенде, бір періште жұтқызбаймын деп тамағына жармасқан. Ер адамның кеңірдегіндегі түйіншек тұрып қалған сол жемістің дәні екен-мыс деп хикаялайды. Іле-шала ерлі-зайыпты екеуінің көзінен жанарларын көлегейлеген перде сыпырылып түскендей болғанда, олар алғаш рет бір-бірінің жалаңаш тәнін көріп, ұялғаннан жапырақтармен әбүйірлерін жасырған.  Жаратушы жәннат бағына серуенге шықанда оның келе жатқанын аяқ тықырынан естіген Адам Ата мен Хауа Ана бұтаның тасасына бой бұғып, жасырынып қалады. Ол «Қайдасың?» деп Адам Атаны дауыстап шақырғанда бұлар тасада тұрып: «Ұжымақты аралап келе жатқан аяғыңның сыбдырын алыстан-ақ естідім. Бір жағынан қорқып, бір жағынан жалаңаштығымнан ұялып, жасырынып тұрмын», – деп тіл қатады Адам Ата. «Жалаңаш екеніңді қайдан білдің? Мен тыйым салған ағаштан дәм татқаннан саумысың?» – деп қайыра сұрады Алла. Адам Ата болғанды болған күйінде баян етіп, кінәні әйеліне жапты. Ал Хауа Ана болса азғырып, жолдан тайдырған жылан екенін айтып қарғанады. Болған жағдайды есітіп қаныққан Алла қаһарын тігіп, қатты ашуланады.  Адам Ата мен Хауа Ана: «Тәңіріміз! Біз өзімізге өзіміз кесір жасадық. Егер бізге өзің кешірім етіп, рақым қылмасаңыз, онда біздің сөзсіз құрығанымыз» («Әғраф» сүресі. 7:23) деп жазықты екендерін мойындап, өлердегі сөздерін айтып, Жаратушыға жалбарынған. Періштелер де күбір-сыбыр үндерімен бұлардың жағында екендерін сездіріп, Алла тағаланың қас тіккен қаһарын жұмсартуға тырысқан. Алды кенен, шексіз мейірімді құдіретті ием күнәһарлардың шын тәубелеріне келгенін көріп, алғашқы райынан сынып, тәубелерін қабыл алған. Оны «Та-һа» сүресі (20:22) растайды: «Сонан соң Алла оны тағы да бағалап, тәубесін қабыл етіп, оған кешірім жасады». Алайда Адам Атаны зайыбымен ұжмақтан аластау ниетінен танбаған.  Адам Ата жар қосағына Хауа деп ат қойды. Онысы «өмір бастауы» деген мағына еді. Жаратушы аң терісінен киімнің репетін істеп, олардың ашылған әбүйірін жапты да, ұжмақтан қуып шықты. Адам Ата мен Хауа Ана иіндері еңкейіп, пұшайман халде бұрылып кете бергенде, Алла ақтық кеңесін айтты: «Алда-жалда мен сендерге бір тура бағыт жібере қалсам, кімде-кім сол тура жолмен жүрсе, ол адаспайды, Қияметте қасірет шекпейді. Егер кімде-кім менің насихатыма теріс қараса, онда оның өмірі таршылыққа түседі. Қияметте Біз оларды көр соқыр қалпында жинаймыз» («Та-һа» сүресі, 20:123). Алла күнәһарларды ұжымақтан аластады да, жәннат бағы қақпасының алдына оттан өрілген алапат қылышы бар қанатты періштені күзетке қойды. Кейін бұл әңгімені таратып, баяндаған дін тарихшылары жәннат бағынан аттап шығысымен-ақ Адам Атаның қайғыдан бойы шөгіп, аласара берген деп хикаялайды. Пейіштен қуылған соң Адам Ата Хауа Анамен Мекке атырабында кездескен. Адам Ата үшін көктен қара тас түсіріліп, ол сол жерге каһба тұрғызады. Олардың екі ұлы, екі қызы болған екен. Ер жеткен соң екі ұлы (Әбіл мен Қабыл) қарындастарының біреуіне таласып, бірін-бірі (Әбіл Қабылды) өлтіреді. Содан бері Адам баласы өлетін болыпты. Аңыз бойынша Адам Ата бабамыз 930 жыл өмір сүріп, дүниеден өткен. Адам ата мен Хауа Ана Мекке төңірегіндегі Қазына өңіріне жерленген делінеді.    

 

Адам Ата — (Тәурат, Інжіл, Забур секілді діни кітаптарда Адам) – Құран дерегі бойынша Алла тағала өз құдіретімен жаратқан ең алғашқы адамның аты.
Тәуратта адамзаттың түпкі бабасының неден жаралғанын таратып айтпай, «топырақтан жаралғансың, топыраққа қайта айналарсың» (Тәурат, 3:19) деп қысқа ғана қайырады. Құранда бұл тақырып әр тұста шашырай айтылғанмен, кеңейтіле баяндалған: «Сыңғырлап тұрған кепкен балшықтан тиісті мүсінге келтіріп, адамды Біз топырақтан жараттық» (Құран Кәрім, «һижір» сүресі. 15:26), «Адамды Ол ұйыған қаннан жаратты» («Алақ» сүресі, 96:12), «Біз сендерді (Адам атаны) әуелі топырақтан жараттық. Оның нәсілін (рухтан) жыныстық тамшыдан, кесек еттен (құрап) жараттық. Біз мұны тектеріңді білу үшін айтып отырмыз» («Хаж» сүресі. 22:5). Тәуратта Құдай әмірі Адам Атаны жаратумен шектелсе, Құранда Алла әмірі адамзат ұрпағының бір-бірінен өрбіп дүниеге келуін түгел қамтиды. Сондай-ақ Тәуратта «Құдай адамды өзіне ұқсас қып жаратты» (Тәурат. 1:27) делінген. Уақыт жағынан дүниеге кейін келген Інжілде Иса (Йисус) пайғамбардың адам кейпіндегі Құдаймен жүздесуі осы тұжырымнан бастау алған. Еуропада Құдайды адамға ұқсатып суретін салу – бәрі-бәрі осыдан. Ал Құранда «Адамды біз сөз жоқ, әдемі мүсінде жараттық» («Тин» сүресі. 95:4) деумен ғана шектелген. Бұл мәселе де дін әлемінде тоқтаусыз талас тудырумен келеді. Алайда, «Ықылас» сүресінде (112:1-4) «Сен айт: Алла жалғыз де, Алла – мәңгілік. Ол тумаған да туылмаған. Оған ешбір теңдес жоқ» деген аят тәураттық, інжілдік тұжырымдарға қарама-қарсы, яки Алла Адам Атаға не Адам Ата Аллаға ұқсас болуы мүмкін емес. 
Адам Ата ұжымақта жаратылып, ұжымақта ғұмыр кешті. Аспаннан түсті делінетін киелі кітаптардың қай-қайсысы да ұжымақтың жан рахат ғажабын тамылжыта жазған. Жәннат бағында адамға қорек болатын жеміс ағаштарымен қатар өмірлік мәні зор киелі ағаштар да жеткілікті. «Өмір ағашы», «әлемдік діңгек ағашы», «қайырымдылық ағашы», «қуаныш ағашы», «мерей ағашы», «билік ағашы», т.б. Адам Ата ұжымақта жай ғана серуендеп жүрмейді, жеміс ағаштарын бағып-күтіп бағбандық қызмет те атқарады. Құдіреті күшті Алла оны алғашқыда бағбан етіп жаратқан еді, кейін бақташылық жұмысты да қосып беруді қолай көрді. Алла өзінің сүйікті жаратқанын сыртынан бақылап жүріп, оның сұхбаттасатын серігі болмағандықтан көңілі жүдеп жалғызсырайтынын аңғарды. Алла тағала оны ұйықтатып тастады да, қабырғасын шығарып алып, Хауа Ананы жаратты.
Аңыз бойынша Адам Атадан әлемдегі барша адамзат ұрпақтары тараған. Алла тағала Адам Атаға ерекше ілтипат көрсетіп, кеудесіне жан кіргізген соң, ілім-білімге, зиялылыққа үйретеді. Барлық періштелерге оның алдында бас иіп, бағынуға бұйырады. Бірақ Ібіліс Адам Ата мен Хауа ананы өз үгітіне иландырып, ақыр соңында олардың пейіштен қуылуына себепші болады. Бір күні олар серуендеп келе жатқанда ән-жыр, зәйтүн (Тәуратша – ізгілік пен зұлымдықты тану) ағашының бұтағында ширатылып жатқан жылан – Ібіліс Хауа анаға қарап тіл қатып, не себепті мына ағаштардан дәм татуға тыйым салғанын сұрады. «Біз күнәһар болмасын дегені ғой (Тәуратша: «Өліп қалмасын»), – деп жауап қатады Хауа Ана. Жылан кейпіндегі Ібіліс жымысқы жымиып, жанашыр қамқоршыдай жәдігөйлене сөйледі. «Бұл ағаштың жемісін жеуден тыюы – Тәңір сендерді періште болып кетпесін, ұжымақта мәңгі қалып қоймасын дегеннен басқа түкте емес» («Әғраф» сүресі. 7:12). Сөйтіп ол әзәзілденіп, Алла тағаланың өзі жаратқан пендесін күнәдан сақтамақ болған ниетін тонын теріс қаратып басқаша түсіндірді... Ібіліс жемісті үзіп алып аузына салып, құмардан шыққандай сүйсіне талмады. Осы тұстарды көне кітаптар әр түрлі уәждейді: бірі – жемісті үзіп алып берген жылан не жылан кейпін киіп, жыланша сөйлеп тұрған Ібіліс десе, екіншісі – қол созып жемісті үзіп алған Хауа Ананың өзі дейді. Үзіп жатқанда Әзірейіл періштенің елесін көрген. Алайда көңілі шын құлап кеткендіктен нәпсісін тыя алмаған. Тыйым салынған ағаштан өзі жегенімен тұрмай, Адам Атаға да жегізген... Ауызекі әфсаналар Адам Ата жемісті талмап жұта бергенде, бір періште жұтқызбаймын деп тамағына жармасқан. Ер адамның кеңірдегіндегі түйіншек тұрып қалған сол жемістің дәні екен-мыс деп хикаялайды. Іле-шала ерлі-зайыпты екеуінің көзінен жанарларын көлегейлеген перде сыпырылып түскендей болғанда, олар алғаш рет бір-бірінің жалаңаш тәнін көріп, ұялғаннан жапырақтармен әбүйірлерін жасырған. 
Жаратушы жәннат бағына серуенге шықанда оның келе жатқанын аяқ тықырынан естіген Адам Ата мен Хауа Ана бұтаның тасасына бой бұғып, жасырынып қалады. Ол «Қайдасың?» деп Адам Атаны дауыстап шақырғанда бұлар тасада тұрып: «Ұжымақты аралап келе жатқан аяғыңның сыбдырын алыстан-ақ естідім. Бір жағынан қорқып, бір жағынан жалаңаштығымнан ұялып, жасырынып тұрмын», – деп тіл қатады Адам Ата. «Жалаңаш екеніңді қайдан білдің? Мен тыйым салған ағаштан дәм татқаннан саумысың?» – деп қайыра сұрады Алла. Адам Ата болғанды болған күйінде баян етіп, кінәні әйеліне жапты. Ал Хауа Ана болса азғырып, жолдан тайдырған жылан екенін айтып қарғанады. Болған жағдайды есітіп қаныққан Алла қаһарын тігіп, қатты ашуланады. 
Адам Ата мен Хауа Ана: «Тәңіріміз! Біз өзімізге өзіміз кесір жасадық. Егер бізге өзің кешірім етіп, рақым қылмасаңыз, онда біздің сөзсіз құрығанымыз» («Әғраф» сүресі. 7:23) деп жазықты екендерін мойындап, өлердегі сөздерін айтып, Жаратушыға жалбарынған. Періштелер де күбір-сыбыр үндерімен бұлардың жағында екендерін сездіріп, Алла тағаланың қас тіккен қаһарын жұмсартуға тырысқан. Алды кенен, шексіз мейірімді құдіретті ием күнәһарлардың шын тәубелеріне келгенін көріп, алғашқы райынан сынып, тәубелерін қабыл алған. Оны «Та-һа» сүресі (20:22) растайды: «Сонан соң Алла оны тағы да бағалап, тәубесін қабыл етіп, оған кешірім жасады». Алайда Адам Атаны зайыбымен ұжмақтан аластау ниетінен танбаған. 
Адам Ата жар қосағына Хауа деп ат қойды. Онысы «өмір бастауы» деген мағына еді. Жаратушы аң терісінен киімнің репетін істеп, олардың ашылған әбүйірін жапты да, ұжмақтан қуып шықты. Адам Ата мен Хауа Ана иіндері еңкейіп, пұшайман халде бұрылып кете бергенде, Алла ақтық кеңесін айтты: «Алда-жалда мен сендерге бір тура бағыт жібере қалсам, кімде-кім сол тура жолмен жүрсе, ол адаспайды, Қияметте қасірет шекпейді. Егер кімде-кім менің насихатыма теріс қараса, онда оның өмірі таршылыққа түседі. Қияметте Біз оларды көр соқыр қалпында жинаймыз» («Та-һа» сүресі, 20:123). Алла күнәһарларды ұжымақтан аластады да, жәннат бағы қақпасының алдына оттан өрілген алапат қылышы бар қанатты періштені күзетке қойды. Кейін бұл әңгімені таратып, баяндаған дін тарихшылары жәннат бағынан аттап шығысымен-ақ Адам Атаның қайғыдан бойы шөгіп, аласара берген деп хикаялайды. Пейіштен қуылған соң Адам Ата Хауа Анамен Мекке атырабында кездескен. Адам Ата үшін көктен қара тас түсіріліп, ол сол жерге каһба тұрғызады. Олардың екі ұлы, екі қызы болған екен. Ер жеткен соң екі ұлы (Әбіл мен Қабыл) қарындастарының біреуіне таласып, бірін-бірі (Әбіл Қабылды) өлтіреді. Содан бері Адам баласы өлетін болыпты. Аңыз бойынша Адам Ата бабамыз 930 жыл өмір сүріп, дүниеден өткен. Адам ата мен Хауа Ана Мекке төңірегіндегі Қазына өңіріне жерленген делінеді.
 
 

Ұқсас материалдар