Қандастар Ассамблея

Ушинский Константин Дмитриевич

05.12.2012 6761
Ушинский Константин Дмитриевич [19.2.(2.3.)1824, Тула – 22.12.1870 (3.1.1871) Одесса, Киевте жерленген] – орыстың педагог демократы, Ресейде ғыл. педагогиканың негізін қалаушы. 1844 ж. Мәскеу ун-тінің заң ф-тін бітірген. 1846 – 49 ж. “Современник” және “Библиотека для чтения” журналдарында қызмет істеді. 1854 ж. Гатчинодағы жетім балалар ин-тында орыс тілі және заң пәндерінің оқытушысы, 1855 – 59 ж. класс инспекторы, 1859 ж. Смольный ин-тының инспекторы қызметтерін атқарды. Ол шетел және орыс мектептерінің озат тәжірибелеріне сүйене отырып, Ресейдің оқу-тәрбие ісіне түзетулер мен өзгерістер енгізуді қуаттады. Сабақтардың бағдарламасын өзгертті. Оқытудың тиімді әдістері мен жолдарын енгізуді, азаматтардың бас бостандығын жақтады. Осы зерттеулерінің нәтижесінде “Педагогикалық әдебиеттердің пайдасы туралы”, “Қоғамдық тәрбиенің халықтық негізі туралы”, “Мектепті құрайтын үш мәселе” атты еңбектерін жазды. Бірақ У-дің демокр. көзқарасы патша чиновниктеріне ұнамай, 1862 ж. шетелге кетуге мәжбүр болды. 1862 – 67 ж. шетелдерде мектеп істерін зерттеумен айналысты. У-дің пед. қызметі басыбайлылық құрылыстың дағдарысы, қоғамдық-демокр. қозғалыстың өрлеуі, онда рев.-демокр. бағыттың қалыптасу кезеңдерінде өтті. Сол себепті, оның пед. жүйесінің негізгі өзегі білім беру мен оқытудың жүйесін демократияландыру болды. Тәрбиенің халықтығы, халықтың тарихи процестегі шығарм. күші мен білім алу құқығын қорғау идеясы У-дің пед. жүйесінің негізіне айналды. Ол басыбайлылыққа қар-сы болды, баланы жазалап оқытуды айыптады. Оқытудың сыныптық жүйесін қуаттады. Білім беру ісі мен тәрбие ісін қатар жүргізу керектігіне, оқытуың көрнектілігіне, білімнің тәжірибемен байланысына ерекше мән берді. Оқытудың дидакт. негізін қалап, педагогика ғылымын ең озық ғыл. дәрежеге көтеруді, оны әрі ғылым, әрі өнер деп бағалауды ұсынды. Ол мектептегі тәртіп мәселесіне баса көңіл бөлді, оқушыны үнемі қорқыту, жазалау әдісімен оқытуға қарсы болды. Баланы саналы тәртіпке үйретуге зер салды, мұғалім мектепте басты тұлға деп санады. Мұғалімнің жеке басының үлгісіне мән берді. Ол үнемі оқып, өз білімін арттырып отыруы керек, мұғалім оқуын тоқтатқан күні ұстаздық беделінен айрылады деді. У-дің Ресейдегі пед. ісі бүкіл ұстаздар қауымына үлгі-өнеге болды, прогресшіл педагогиканың дамуына зор ықпал етті. Оның жолын қуушы прогресшіл педагогтар тек ішкі Ресейде ғана емес Кавказ бен Орт. Азияда, соның ішінде Қазақстанда көптеп шықты. У-дің жолын қуушылардың бірі белгілі қазақ ағартушысы Ы.Алтынсарин болды. Әдеб.: Тәжібаев Т., Психология и педагогическая психология К.Д. Ушинского, А.-А., 1948; Струминский В.Я., Основы и система дидактики К.Д. Ушинского, М., 1957; Бержанов Қ.,