Қандастар Ассамблея

Қоғамның материалдық-техникалық базасы

05.12.2012 3331
  Қоғамның материалдық-техникалық базасы – белгілі бір қоғамның өндіргіш күштері негізінде дамып, қызмет атқаратын өзінің мазмұны жағынан әбден толық және дербес техника-экономикалық категория. Адамзат қоғамы тарихында болған әлеуметтік-экономик формациялардың бәрінің де өздеріне тән материалдық-техникалық базасы болды. Бұларсыз, яғни материалдық-техникалық базасы болмайынша, бірде-бір әлеуметтік-экономикалық формация өмір сүре алмайды. Өйткені материалдық-техникалық база – қоғам ішінде өндірістің өсуі мен өркендеуі үшін, қоғам мүшелерінің – адамдардың материалдық қажеттері мен керектерін қанағаттандыру үшін бірден-бір қажетті алғы шарт.   Әрбір әлеуметтік-экономикалық формацияда ондағы өндірістік қатынастардың сипаты мен өндіріс құрал-жабдықтарын меншіктенудің түріне тікелей байланысты материалдық-техникалық базаның көлемі мен дәрежесі де әр түрлі болады. Айталық, капитализмге дейінгі формациялардың-алғашқы қауымдық құрылыстың, құл иеленушілік пен феодал қоғамдық құрылыстардың материалдық-техникалық базалары өздерінің қуаты жағынан да, өндірістік құрылымы мен жалпы дәрежесі жағынан да барынша жұпыны және төмен болды. Мұның өзі түпкі себептері жағынан алғанда өндіргіш күштер дәрежесінің төмендігіне, еңбек құралдарының мардымсыздығына байланысты еді.   Бірақ жалпы алғанда прогресс жолымен бірте-бірте ілгері өрлеп отырған адамзаттың дамуына байланысты қоғамның материалдық-техникалық базасы да өз шамасына қарай өзгеріп, ілгері басып отырды. Мұның өзі қоғамдық дамудың объективтік құбылыстарының бірі болып табылады. Мысалы, қоғамның материалдық-техникалық базасының дамуының, бірте-бірте ілгері өрлеу процесіндегі өзгерістерінің бірі капитализм тұсында пайда болды. Мұнда жалпы алғанда өндіріс, жекелеп алғанда өнеркәсіп өндіріс машинасы өндіріс құралдарына негізделе бастады. Бұл жаңалықтың енуіне, бұл процестің кең тарауына 13 ғасырдың ортасында Англияда болған аты шулы өнеркәсіп төңкерісі әсер етті. Дәл сол дәуірден бастап бірсыпыра еуропа елдерде капитал жолмен индустрияландыру ісі басталды. Мұның өзі, әсіресе 19 ғасырдың бойында және 20 ғасырдың бас кезінде ерекше өріс алды, көптеген елдер бірінен соң бірі капиталист системаның қойнауына ене бастады. Еуропадағы Англия, Франция, Италия, Германия сияқты елдер мен қатар Батыста Солтүстік Америка, Шығыста Жапония ірі капиталист елдерге айналып, өздеріне тән материалдық-техника база жасады.   Алайда капитализм тұсында да қоғамның материалдық-техника базасын жасау шабан болды, талай тежеулер мен қайшылықтарға кездесіп отырды. Сондықтан мұның жасалу процесі көп уақытқа 2-3 ғасырдан астам мерзімге созылды. Мұның да түпкі себептері капиталист қоғамдық құрылыстың жаратылысына, ішкі заңдарына байланысты. Бұл арада мынадай 2-3 жағдайды айтпауға болмайды. Біріншіден, капитализмнің материалдық-техника базасы өзінің түпкі негізінде басқа елдерді алдымен тәуелді, отар елдерді тонау арқылы жасалды. Бұл жолда капиталистер талай сорақы, көрер көзге талау әрекеттерін қолданды. Екіншіден, капитализмнің материалдық-техника базасы әрбір капиталист елдің базасы әрбір капиталист елдің өз ішіндегі еңбекшілерді қатаң қанау арқылы, оларға тікелей де, жанамалап та ауыр салықтар салу, жұмысшылардың еңбегімен жасалған қосымша құнды пайдалану арқылы жасалды. Үшіншіден, капитализм өз дамуының ен бойында, әсіресе 19 ғасырдың алғашқы ширегінен бастап үнемі экономикалық дағдарыстарға ұшырап отырды. Мұндай дағдарыстар тұсына капитализм амалсыздан кері кетіп материалдық-техникалық базасы мөлшері жағынан құлдырап кеміп отырды. Ақырында, капитализм тұсында өндіріс құрал-жабдықтарын жеке меншіктену тәртібі, өндірістік қатынастардың антагонистік сипаты және басқалар капитализмнің материалдық-техника базасының дамуын барынша тежеп келді.   Осылардың барлығы капиталист қоғамдық құрылысқа біткен антагонистік қайшылықтардың салдары болып табылады. Бұл қайшылықтар болып тұрғанда капитализм қазіргі заманғы машиналарды да, ғылми-техникалық революцияның жетістктерін де толық пайдалана алмайды, сөйтіп өз материалдық-техникалық базасының дамуына кең өріс аша алмайды.   Қоғамның материалдық-техника базасының шын мәнісінде дамуы мен өсуіндегі өріс тек коммунизм тұсында ашылады. Сонымен, қоғамның материалдық-техникалық базасы дегеніміз өндіргіш күштердің барлық заттай элементтерінің жиынтығы, яғни өндірісқұрал-жабдықтарының (еңбек құралдары мен еңбек заттарының) жиынтығы, бұларды пайдалану арқылы қоғам өндірістің түрлі салаларында материалдық игіліктер өндіреді. Материалдық-техникалық базаның көлемі жағынан мол, дәрежесі жағынан жоғары болуы қоғамдағы өндірістік қатынастардың сипатына байланысты.  

 

Қоғамның материалдық-техникалық базасы – белгілі бір қоғамның өндіргіш күштері негізінде дамып, қызмет атқаратын өзінің мазмұны жағынан әбден толық және дербес техника-экономикалық категория. Адамзат қоғамы тарихында болған әлеуметтік-экономик формациялардың бәрінің де өздеріне тән материалдық-техникалық базасы болды. Бұларсыз, яғни материалдық-техникалық базасы болмайынша, бірде-бір әлеуметтік-экономикалық формация өмір сүре алмайды. Өйткені материалдық-техникалық база – қоғам ішінде өндірістің өсуі мен өркендеуі үшін, қоғам мүшелерінің – адамдардың материалдық қажеттері мен керектерін қанағаттандыру үшін бірден-бір қажетті алғы шарт.
 
Әрбір әлеуметтік-экономикалық формацияда ондағы өндірістік қатынастардың сипаты мен өндіріс құрал-жабдықтарын меншіктенудің түріне тікелей байланысты материалдық-техникалық базаның көлемі мен дәрежесі де әр түрлі болады. Айталық, капитализмге дейінгі формациялардың-алғашқы қауымдық құрылыстың, құл иеленушілік пен феодал қоғамдық құрылыстардың материалдық-техникалық базалары өздерінің қуаты жағынан да, өндірістік құрылымы мен жалпы дәрежесі жағынан да барынша жұпыны және төмен болды. Мұның өзі түпкі себептері жағынан алғанда өндіргіш күштер дәрежесінің төмендігіне, еңбек құралдарының мардымсыздығына байланысты еді.
 
Бірақ жалпы алғанда прогресс жолымен бірте-бірте ілгері өрлеп отырған адамзаттың дамуына байланысты қоғамның материалдық-техникалық базасы да өз шамасына қарай өзгеріп, ілгері басып отырды. Мұның өзі қоғамдық дамудың объективтік құбылыстарының бірі болып табылады. Мысалы, қоғамның материалдық-техникалық базасының дамуының, бірте-бірте ілгері өрлеу процесіндегі өзгерістерінің бірі капитализм тұсында пайда болды. Мұнда жалпы алғанда өндіріс, жекелеп алғанда өнеркәсіп өндіріс машинасы өндіріс құралдарына негізделе бастады. Бұл жаңалықтың енуіне, бұл процестің кең тарауына 13 ғасырдың ортасында Англияда болған аты шулы өнеркәсіп төңкерісі әсер етті. Дәл сол дәуірден бастап бірсыпыра еуропа елдерде капитал жолмен индустрияландыру ісі басталды. Мұның өзі, әсіресе 19 ғасырдың бойында және 20 ғасырдың бас кезінде ерекше өріс алды, көптеген елдер бірінен соң бірі капиталист системаның қойнауына ене бастады. Еуропадағы Англия, Франция, Италия, Германия сияқты елдер мен қатар Батыста Солтүстік Америка, Шығыста Жапония ірі капиталист елдерге айналып, өздеріне тән материалдық-техника база жасады.
 
Алайда капитализм тұсында да қоғамның материалдық-техника базасын жасау шабан болды, талай тежеулер мен қайшылықтарға кездесіп отырды. Сондықтан мұның жасалу процесі көп уақытқа 2-3 ғасырдан астам мерзімге созылды. Мұның да түпкі себептері капиталист қоғамдық құрылыстың жаратылысына, ішкі заңдарына байланысты. Бұл арада мынадай 2-3 жағдайды айтпауға болмайды. Біріншіден, капитализмнің материалдық-техника базасы өзінің түпкі негізінде басқа елдерді алдымен тәуелді, отар елдерді тонау арқылы жасалды. Бұл жолда капиталистер талай сорақы, көрер көзге талау әрекеттерін қолданды. Екіншіден, капитализмнің материалдық-техника базасы әрбір капиталист елдің базасы әрбір капиталист елдің өз ішіндегі еңбекшілерді қатаң қанау арқылы, оларға тікелей де, жанамалап та ауыр салықтар салу, жұмысшылардың еңбегімен жасалған қосымша құнды пайдалану арқылы жасалды. Үшіншіден, капитализм өз дамуының ен бойында, әсіресе 19 ғасырдың алғашқы ширегінен бастап үнемі экономикалық дағдарыстарға ұшырап отырды. Мұндай дағдарыстар тұсына капитализм амалсыздан кері кетіп материалдық-техникалық базасы мөлшері жағынан құлдырап кеміп отырды. Ақырында, капитализм тұсында өндіріс құрал-жабдықтарын жеке меншіктену тәртібі, өндірістік қатынастардың антагонистік сипаты және басқалар капитализмнің материалдық-техника базасының дамуын барынша тежеп келді.
 
Осылардың барлығы капиталист қоғамдық құрылысқа біткен антагонистік қайшылықтардың салдары болып табылады. Бұл қайшылықтар болып тұрғанда капитализм қазіргі заманғы машиналарды да, ғылми-техникалық революцияның жетістктерін де толық пайдалана алмайды, сөйтіп өз материалдық-техникалық базасының дамуына кең өріс аша алмайды.
 
Қоғамның материалдық-техника базасының шын мәнісінде дамуы мен өсуіндегі өріс тек коммунизм тұсында ашылады. Сонымен, қоғамның материалдық-техникалық базасы дегеніміз өндіргіш күштердің барлық заттай элементтерінің жиынтығы, яғни өндірісқұрал-жабдықтарының (еңбек құралдары мен еңбек заттарының) жиынтығы, бұларды пайдалану арқылы қоғам өндірістің түрлі салаларында материалдық игіліктер өндіреді. Материалдық-техникалық базаның көлемі жағынан мол, дәрежесі жағынан жоғары болуы қоғамдағы өндірістік қатынастардың сипатына байланысты.
 

Ұқсас материалдар