Қандастар Ассамблея

Ғылым және ғылыми таным

06.01.2016 95827
Ғылым — ақиқатты білу әдісі

 

Ғылым — ақиқатты білу әдісі

"Ғылым" деп — адамның білім алуын, жүйелеу және тексеру бағытындағы кызметінің түрін айтамыз. Білімнің бәрі ғылыми білімге жатпайды, олардың жақсы тексерілгендері мен негізделгендері ғана жатады. Ғылыми білім көдімгі карапайым білімді теріске шығармайды, олардьщ екеуі де керек. Білім дамудың жоғары деңгейіне жеткенде ғана ғылыми білімге айналады.
 
Ғылым
 
Ғылым дегеніміз — адамның табиғат, коғам және өзінің танымы туралы білім алуға бағытталған рухани кызметінің ерекше формасы. Ғылымның негізгі мақсаты акиқатқа жету және табиғат, коғам, ойлау заңдыльщтары, танымның езі туралы нағыздықтың объективтік заңдылықтарын ашу. Ғылым ежелгі заманда (Қытайда, Үндістанда, Грекияда) пайда болды. Ұзақ уакыт бойы ғылыми білімдер баяу дамыды. Тек XVI—XVII ғасырлардан бастап Батыс Еуропада ғылым куатты күшке айналып, индустриялы қоғамның құрылуы мен дамуына септіғін тигізді. Содан бері ғылым практикамен тығыз байланыста, өзінід өмір сүруі мен дамуы үшін одан әсер алады. Сол кезеңнен осы ұрпаққа дейінгі аралықта ғылым адамдардың практикалык қызметіне қатты әсер ететін, оның барысы мен деңгейін айқындайтын қоғамның тікелей өндіргіш күшіне айналды.
 
Ғылым және оның қоғамдағы рөлі
 
Ғылым білімдер алуға бағытталған, білімнің жинакылығы мен тұтастығынан көрінетін адамның шығармашылык кызметі және сол қызметтің нәтижесі. Ғылым қарапайым тәжірибенің тарихи дамуында жинакталған акпарлардың, сілтемелердің, қызмет пен пөнге нұскаулардың жиынтығы болып табылатын стихиялы, тәжірибелік білімдермен салыстырғанда жүйелілігімен ерекшеленеді. Ғылым — табиғат (материалдық) дүниесі мен коғамның заңдары туралы білім жүйесі ретінде керініс береді. Ғылым біртұтас бола тұра жеке ғылымдар деп аталатын біркатар білім салаларына жіктеледі. Олай бөліну бізді коршаған дүниенің көптүрлілігінен болады, сондыктан ғылымның жеке саласы көпкырлы кызметтің белгілі бір жактарьш зерттейді. Соған орай, табиғат туралы ғылымдар — жаратылыстану, қоғам туралы — қоғамтану (әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар); таным мен ойлау туралы — логика, геносеология, диалектика болып бөлінеді. Техникалық ғылымдар жеке бір саланы кұрайды. Математика — өзі бір арнайы ғылым. Ғылым салаларының өздері жеке ғылымдарға бөлінеді. Жаратылыстану ғылымдарының кұрамына — механика, физика, химия, биология; коғамтану ғылымдарына — тарих, экономикалык ғылымдар, кұкыктану, психология жатады. Аталған жеке ғылымдардың өркайсысы біркатар ғылыми пөндерді күрайды. Мысалы, физика — оптикага, катты денелер физикасына, ядролық физикаға жіктеледі. Өзінін; пәніне орай философия барлық ғылымдармен байланыста болады, ғылыми танымның барлық кезеңдерінде өзін көрсетеді. Қазіргі замандык ғылымда ғылыми білімдердің үздіксіз жіктелуімен бірге, ғылыми білімдердің ыкпалдастығы деп аталатьш, жекелеген ғылымдардьщ өзара әрекеттесуі және бірігу үдерісі катар жүруде. Ықпалдың нәтижесі есебінде соңғы кезеңдерде "аралык" немесе "түйіскен" ғылыми пөндер пайда болуда. Мысалы, физикалык химия, биохимия, физикалык география, т.б. Кейде ғылым іргелі және колданбалы болып бөлінеді. Бұлай бөлу, әрине, шартты, өйткені ғылым — коғам дамуының практикалык кажеттіліктерімен байланыскан біртүтас жүйе. Ғылым коғамда "таза білімдер" жүйесі болып қана қоймайды, өзінің функциясын аткарады. Өйткені ғылым езінің тамыңын қоғам койнауларынан алады және мөдениеттің бірегей күбылысы болып табылады. Одан басқа, ғылым өзінің мәніне орай, белгілі бір әлеуметтік-тарихи жағдайларда жүзеге асьфылатын адамдар кызметінің шығармашылық түрі ретінде көрініс береді. Қоғамнан тыс, өзі жеке алға тартылған, "таза" ғылым болмайды. Солай болса да, ғылымның өзінің белгілі дербестігі болады. Мұның айғағы ретінде, ғылымның өзінін; ішкі заңдары мен ұстанымдарына сүйеніп дамитынын және кызмет ететінін айтуға болады. Оларға мыналар жатады: сын еркіндігі, ақикатқа монополия орнатуға жол берілмейтіні, сабақтастык (ескі білімдегі рационалды мазмүнның жаңа білімде сакталуы), ғылыми білімдегі жіктелу мен ыкпалдастық үдерістерінің үйлесуі, ғылымның математикалануы және компьютерлендіруі, диалектіленуі және теориялануы, казіргі ғылымның әлеуметтік және этикалык мазмұнының күшеюі. Әр ғылым және ғылыми пән міндетті түрде біртұтастықта көрінетін төрт қажетті элементтен тұрады:
• ғылым субъектісі — ғалыж. Бұл—ғылымда жеке адам немесе ғылыми ұжым болуы мүмкін;
• объект (нәрсе, пән саласы) — алынған ғылымның немесе ғылыми пәннің зерттейтіні;
• ғылымға тән және оның пөнімен шарттаскан өдістер мен тәсілдер жүйесі;
• табиғи немесе жасанды, өзіндік колтаңбалы тіл (белгілер, терминдер, символдар, химиялық формулалар).
 
Эмпириялық зерттеулердің негізі төжірибе болып табылады. Тәжірибе жасаушы жанама жағдайларды ысырып тастап, зерттелетін кұбылысты таза күйде бөліп алуға тырысады. Төжірибеде құралдарға ерекше көңіл бөлінеді. Көп уақыт бойы "кұралдардың ерекшеліктері зерттелетін құбылысқа өсер етпейді" делініп келді. Мысалы, термометрмен су немесе сынаптың қайсысын өлшесеңіз де нәтиже бірдей болады. Алайда өте ұсақ "элементар" бөлшектермен (электрондар, позитрондар) жүргізілген тәжірибе нәтиже кұралдың тұрпатына тәуелді болатындығын көрсетті. Эмпириялық таным әдістерінің арасында бақылау әдісі жиі қолданылады. Мысалы, астроном-ғалымдар жұлдыздарды бақылайды, өйткені оларды зертханаларда зерттеу мүмкіндігі жоқ. Бақылау биологиялық және әлеуметтік зерттеулерде де кең колданылады. Соңғы кездері ғылымда модельмен тәжірибе жасау деп аталатын әдіс көп колданылады. Онда тәжірибе түпнұскаға емес, оған ұксас үлгі — модельдің көмегімен жүргізіледі. Қазір компьютермен модельдеу жиі үшырасады. Модельмен тәжірибе жасау зерттелетін объектіге тура көл жеткізуге болмайтын жағдайда жүргізіледі. Мысалы, гидроқұрылысшылар тек тәжірибе үшін өзенге бөгет сала алмайды. Мұндайда жобалау институтының зертханасында модельмен тәжірибе жасалады.
 
Ғылыми теория
 
Ғылымда зерттеудің екі — эмпириялық және теориялык деңгейлері болады. Эмпириялық зерттеулер зерттелетін объектіге тура бағытталады, бакылаумен және тәжірибенің көмегімен жүзеге асырылады. Ғылымның теориялық деңгейіне корыта шолу жасалған ережелердің жиынтығы ретінде көрініс беретін ғылыми теория жатады. Қорытып шолу терминдермен, пікірлермен және ой корытындылармен беріледі. Қорыта шолу көптеген айғақтарға сүйенеді, содан зандар шығарылады. Ал заңның өзі айғактар мен оларды корыта шолулардың арасындағы байланыс түрінде алға тартылады. Заңдар эмпириялык және теориялық болып бөлінді. Эмпириялық заңдар тек айғактардан түзіледі. Теориялық заңдар болса, тек қорыта шолулар мен ұғымдардан тұрады. Бойль-Мариотт заны бойынша, газдын температурасы өзгермегенде оның берілген массасы үшін газ кысымының көлемге көбейтіндісі тұракты болады. pF=const; T=const. Келтірілген заңда алты ұғым — газ, газ массасы, газ кысымы, газ көлемі, газ температурасы, тұрақтылығы туралы сөз болады. Эмпириялык және теориялық заңдар бір-бірімен тығыз байланыста болады. Кез келген айғақты қарастырудың ғылыми мәні бар, өйткені олар түсіндіріледі және үғымдар мен теориялық заңдарға жаткызылады. Теорияларда нәрселердің, кұбылыстардың, үдерістердің арасындағы жалпыламалык ескеріледі. Ғылымдағы жалпыламаны іріктеп алудың формасы — идеалдау. Идеалдык газ үғымында газдардың бірдейлігін көрсетеді. Көптеген жағдайларда физикадағы денелерді материалдық нүктелер деп қарастыруға болады. Бұл олардың бірдейлігін керсетеді, сондыктан материалдык нүктені идеалдау колданылады. Тұтастай ғылыми зерттеулердің барысын төмендегідей келтіруге болады:
• айғақтар айкындалады және тіркеледі;
• айғактар белгілі бейнеде түсіндіріледі;
• айғактарды түсіндіру үғымдар мен зандар шығаруға, идеалдауға алып келеді;
• долбарлармен заң сұлбаланады;
• долбарлардан дедукция ережелеріяе сүйеніп, демек, жалпыдан жалкыға жылжи отырып, салдар шығарылады;
• салдарлар айғақтармен салыстырылып қарастырылады.
 
Ғылымның дамуында үш негізгі теориялық әдістердің үлкен маңызы бар. Олардың біріншісі — аксиомалык әдіс. Аксиома дегеніміз — логикалық дөлелсіз қолданылатын, эмпириялық айғақтар негізінде теріске шығаруға болмайын ереже екені белгілі. Евклид геометриясында жазыктыкта жаткан екі нүкте аркылы тек бір ғана түзу сызык сызуға болады деген аксиома бар (істің дәл осындай екенін тексеруге болмайды). Аксиомалар бір-біріне қайшы келмеуі керек. Аксиомалық өдістер логика мен математикада кең колданылады. Ол қайшылықтардың кез келгенін жокка шығарады. Теориялык қана емес, эмпириялык деңгейде де зерттеу жүргізілетін ғылымдарда долбарльщ-дедуктивтік өдісті қолдану идеалды болады. Мұнда аксиоманың орнына долбар койылады. Долбар дегеніміз — төжірибелік айғактармен салыстыра карағанда теріске шығарылуы мүмкін білімдер. Долбарлық-дедуктивтік өдіс жақсы математикалык дайындықты талап етеді. Ол казір физикада, электротехникада, радиотехникада, экономикалық ғылымдарда кең қолданылады. Долбарлык-дедуктивтік әдісті колдануға мүмкін болмағанда, сипаттау өдісіне жүгінуге тура келеді. Зерттелетін объектінің "келбеті" сөзбен, графикамен, сызбамен берілуі мүмкін. Қазір зерттеушінің ойы долбарлық-дедуктивтік әдісті қолданғаннан гөрі, тура тәжірибе мөліметтеріне жиірек жүгінуге мөжбүрлейді, заңды байланыстарды табу қиындайды. Сипаттау әдісі биологияда, медицинада, психологияда, социологияда қолданылады. Егер сипаттау өдісі долбарлық-дедуктивтік өдіс деңгейіне дейін көтерілетін болса, оны өрқашанда жеңіс деуге болады. Долбарлык- дедуктивтік әдістің талаптарына бағынбайтын кейбір ерекше күрделі құбылыстарды зерттеуде сипаттау әдісі тиімді болуы мүмкін.

 

Ұқсас материалдар