Қандастар Ассамблея

Наум Григорьевич Шафер

05.12.2012 2572
Наум Григорьевич Шафер (Нахман Гершевич) 1931 жылы 13 Қаңтарда Кишинев қаласында туған. Еврей. Әкесі - Шафер Герш Лазаревич (1903-1974), қызметкер болған. Анасы - Шафер Гита Соломоновна (1905-1957), қызметкер болған.С.М. Киров атындағы қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін (1955) филолог мамандығы бойынша бітірген; сонымен қатар Е.Г. Брусиловскийден композиция бойынша дәріс алған; С.М. Киров атындағы қазақ мемлекеттік университеті жанындағы аспирантураны бітірген (1963). Филология ғылымдарының кандидаты (1965). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Бруно Ясенскийдің романдары». Павлодар педагогикалық институтының профессоры (1994 жылдан). «И. Дунаевский бүгін» (Мәскеу , 1988), ноталық қосымшасы бар «Михаил Булгаков. Оперлық либретто» (Павлодар , 1998), «Когда душа горит творчеством (И. Дунаевскийдің Р. Рыськинаға жазған хаттары)» (Астана қаласы, 2000), «Пошта романы (И. Дунаевскийдің Р. Райнльмен хат жазысуы)» (Мәскеу, 2001), «Если Вам нужны мои письма... (И. Дунаевскийдің Л. Вытчиковамен хат жазысуы)» (Павлодар, 2005) кітаптарының; «Дворняги, друзья мои...» ноталық қосымшасы бар әңгілемер мен очерктер жинағының (Павлодар , 2001); И. Дунаевский мен Н. Гитиннің шығармаларының бірнеше ноталық басылымдарының құрастырушысы және баспашысы; Қазақстанның, Ресейдің, Германияның, Израильдің ұжымдың жинақтарындағы, газеттері мен журналдарындағы 400-ге жуық мақаланың авторы. И. Дунаевскийдің, Н. Гитиннің және т.б. шығармалары жазылған 2 грампластинка және 8 лазерлік күйтабақты шығарған.Орыс, еврей (идиш), неміс (сөздікпен) және румын (ауызекі) тілдерін біледі. 1955 жылдан - Шығыс Қазақстан Обылысы және Целиноград қаласының мектептерінде әдебиет пәнінің мұғалімі. 1960 жылдан - С.М. Киров атындағы қазақ мемлекеттік университетінің аспиранты. 1964 жылдан - Целиноград педагогикалық институтының аға оқытушысы. 1968 жылдан - Павлодар педагогикалық институтының доценті. 1996-2006 жылдары - С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің профессоры. 2001-2010 жылдары - «Шафер үй-мүражайының» аға ғылыми қызметкері. 2006 жылдан -Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры. 2010 жылдың сәуір айынан бері - «Шафер үй-мұражайы» директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. «Еңбек ардагері» медалімен (1984); көптеген грамоталармен, оның ішінде ҚазКСР Жоғарғы Кеңес төралқасының грамотасымен (1959) марапатталған.Қазақстанның өнер қайраткері. Қазақстан Республикасы Ағарту ісінің үздігі. Әскери атағы - қызметінен босатылған аға сержант. Сүйіп оқитын әдебиеті - А.С. Пушкин, А. Құнанбаев, Л. Фейхтвангер. Үйленген. Жұбайы - Капустина Наталья Михайловна (1932 жылы туылған.), зейнеткер. Қызы - Олейник Елизавета Нахмановна (1957 жылы туылған).