Қандастар Ассамблея

Құқық ізбасарлығы

05.12.2012 2221
Құқық ізбасарлығы – құқықтар мен міндеттердің не жекелеген құқықтардың бір тұлғадан (құқық субъектісінен) екінші тұлғаға ауысуы. Қ. і. заңға, шартқа немесе басқа да заңи негіздемелерге сәйкес жүзеге асырылады. Қ. і. мемлекеттерде де, заңи тұлғаларда да болады. Мемлекеттердің Қ. і. – бір мемлекеттің құқықтары мен міндеттерінің оның орнында пайда болған екінші мемлекетке ауысуы. Мемлекеттердің Қ. і. туралы мәселе әлеум. төңкерістер, әлеум.-экон. формациялардың ауысуы, ұлт-азаттық күрес нәтижесінде жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы, бұрынғы мемлекеттің аумағында бірнеше ізбасар мемлекеттің құрылуы кезінде, сондай-ақ екі не бірнеше мемлекеттің бірігуі нәтижесінде жаңа мемлекет құрылған тұста, аумақтық өзгерістер болғанда туындайды. 1978 ж. мемлекеттердің Қ. і. туралы шарттарға қатысты Вена конвенциясы қабылданды. Онда жаңа тәуелсіз мемлекеттердің халықар. шарттар бойынша байланыстарын дербес айқындау құқығы мойындалды, азаттық алған мемлекеттердің өз еліндегі табиғат ресурстарына даусыз иелігі қуатталды, бөгде аумақтарда шет елдердің әскери базаларын құрудың заңсыздығы туралы ереже қабылданды, ізбасар мемлекеттердің жалпы жұрт таныған халықар. құқық қағидаттарын сақтауға міндеттілігі тиянақталды. Сондай-ақ, 1983 ж. қабылданған мемлекеттердің Қ. і. туралы мемл. меншікке, мемл. архивке мемл. борышқа қатысты Вена конвенциясында “Ізашар-мемлекет меншігінің ізбасар-мемлекетке өтеусіз ауысуы” қағидаты белгіленді. Бұл конвенцияда Қ. і-ның бес санаты атап көрсетілді, олар: мемлекет аумағының бір бөлігінің басқа мемлекетке берілуі; жаңа тәуелсіз мемлекеттің құрылуы; мемлекеттердің бірігуі; мемлекет аумағының бір бөлігінің не бірнеше бөлігінің бөлінуі; мемлекеттің бөлінуі. 1991 ж. бұрынғы КСРО-дан бөлініп шыққан ТМД елдері, оның ішінде Қазақстан да ізбасар-мемлекеттердің бірі болып табылады. Заңи тұлғалардың Қ. і. – заңи тұлғалардың құқықтық ережесінің тоқтатылып не өзгертіліп, олардың Қ. і-н туғызуы бес түрге бөлінеді. Олар: екі не одан көп заңи тұлғалардың қосылып бір тұлғаға айналуы; бір не бірнеше заңи тұлғалардың басқа тұлғаға қосылуы; заңи тұлғаның екі не одан көп заңи тұлғаға бөлінуі; заңи тұлға құрамынан бір не бірнеше заңи тұлғаның бөлініп шығуы; бір түрдегі заңи тұлғаның екінші түрдегі заңи тұлғаға өзгертілуі. С. Рахымжанұлы  

Құқық ізбасарлығы – құқықтар мен міндеттердің не жекелеген құқықтардың бір тұлғадан (құқық субъектісінен) екінші тұлғаға ауысуы. Қ. і. заңға, шартқа немесе басқа да заңи негіздемелерге сәйкес жүзеге асырылады. Қ. і. мемлекеттерде де, заңи тұлғаларда да болады. Мемлекеттердің Қ. і. – бір мемлекеттің құқықтары мен міндеттерінің оның орнында пайда болған екінші мемлекетке ауысуы. Мемлекеттердің Қ. і. туралы мәселе әлеум. төңкерістер, әлеум.-экон. формациялардың ауысуы, ұлт-азаттық күрес нәтижесінде жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы, бұрынғы мемлекеттің аумағында бірнеше ізбасар мемлекеттің құрылуы кезінде, сондай-ақ екі не бірнеше мемлекеттің бірігуі нәтижесінде жаңа мемлекет құрылған тұста, аумақтық өзгерістер болғанда туындайды. 1978 ж. мемлекеттердің Қ. і. туралы шарттарға қатысты Вена конвенциясы қабылданды. Онда жаңа тәуелсіз мемлекеттердің халықар. шарттар бойынша байланыстарын дербес айқындау құқығы мойындалды, азаттық алған мемлекеттердің өз еліндегі табиғат ресурстарына даусыз иелігі қуатталды, бөгде аумақтарда шет елдердің әскери базаларын құрудың заңсыздығы туралы ереже қабылданды, ізбасар мемлекеттердің жалпы жұрт таныған халықар. құқық қағидаттарын сақтауға міндеттілігі тиянақталды. Сондай-ақ, 1983 ж. қабылданған мемлекеттердің Қ. і. туралы мемл. меншікке, мемл. архивке мемл. борышқа қатысты Вена конвенциясында “Ізашар-мемлекет меншігінің ізбасар-мемлекетке өтеусіз ауысуы” қағидаты белгіленді. Бұл конвенцияда Қ. і-ның бес санаты атап көрсетілді, олар: мемлекет аумағының бір бөлігінің басқа мемлекетке берілуі; жаңа тәуелсіз мемлекеттің құрылуы; мемлекеттердің бірігуі; мемлекет аумағының бір бөлігінің не бірнеше бөлігінің бөлінуі; мемлекеттің бөлінуі.

1991 ж. бұрынғы КСРО-дан бөлініп шыққан ТМД елдері, оның ішінде Қазақстан да ізбасар-мемлекеттердің бірі болып табылады.

Заңи тұлғалардың Қ. і. – заңи тұлғалардың құқықтық ережесінің тоқтатылып не өзгертіліп, олардың Қ. і-н туғызуы бес түрге бөлінеді. Олар: екі не одан көп заңи тұлғалардың қосылып бір тұлғаға айналуы; бір не бірнеше заңи тұлғалардың басқа тұлғаға қосылуы; заңи тұлғаның екі не одан көп заңи тұлғаға бөлінуі; заңи тұлға құрамынан бір не бірнеше заңи тұлғаның бөлініп шығуы; бір түрдегі заңи тұлғаның екінші түрдегі заңи тұлғаға өзгертілуі.

С. Рахымжанұлы

 

Ұқсас материалдар