Қандастар Ассамблея

Жетісу университеті

05.12.2012 6774
Жетісу университеті, І.Жансүгіров атындағы — Талдықорған қаласындағы мемлекеттік жоғары оқу орны. 1972 ж. 25 қазанда Қазақстан Министрлер Кеңесінің қаулысымен Талдықорған педагогикалық институты болып ашылған. 1994 ж. 2 маусымда І.Жансүгіров атындағы Талдықорған университеті, 1999 ж. 21 сәуірде І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті болып өзгерді. Университетте экология және табиғатты пайдалану, ағылшын тілі, корей тілі, информатика, музыкалық білім, дене шынықтыру және спорт, бастапқы әскери дайындық және спорт, еңбек технологиясы және кәсіпкерлік, қаржы және несие, бухгалтерлік есеп және аудит, педагогика мен психология, дефектология, әлеуметтік педагогика, кеден, тарих, құқық пен экономика негіздері, т.б. мамандық бойынша 4000-нан астам студенттерге 260 оқытушы дәріс береді. Олардың арасында 6 ғылым докторы, 23 профессор, 80 ғылым кандидаты бар. Университетте үш оқу ғимараты, жатақхана, 2 ғылыми зерттеу зертханасы, 15 ғылыми-әдістемелік кабинеті және 300 мың кітап қоры бар кітапхана, университет мұражайы, Балқаш көлінің жағасында демалыс аймағы, “Қарлығаш” атты спорттық-сауықтыру кешені жұмыс істейді. Соңғы он жылдың ішінде 7 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 93 спорт шебері, 113 спорт шеберлігіне кандидат, 300-ден астам 1 разрядты спортшылар даярланды. Олардың ішінде М.Мамыров, Дмитрий Хегай және т.б. олимпиялық, әлемдік және Азия ойындарының жүлдегерлері бар. Университетте философиядан, педагогика мен психологиядан, қазақ ауыз әдебиетінен аспирантура ашылған. Корей Республикасының Сэнчжу Ұлттық университетімен, Түркияның халықаралық ғылыми-зерттеу орталығымен Мармара университетімен, Қазақстан және ТМД елдерінің жоғары оқу орындарымен байланыстары жақсы жолға қойылған. Университетте халық аспаптар оркестрі, жастардың “Құлагер” атты шығармашылық бірлестігі, “Эрудит” атты таным клубы, т.б. жұмыс істейді. І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 1972 жылы білім беру қызметін бастады. 2006 жылы университет 5 жылдық мерзімге мемлекеттік аттестациядан табысты өтті. Университет қызметі негізгі стратегиялық – инновациялық бағдарламаларды - Қ Р индустриалды-инновациялық дамуының Президенттік стратегиясын, Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту Мемлекеттік бағдарламасын, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 29 қаңтар 2010 жылғы Қазақстан халқына «Жаңа онжылдық- жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыруға бағытталған. Бүгінгі таңда университет сәулетті 3 ғимаратта орналасқан. 6 факультет бар: педагогика және психология, математика және жаратылыстану, заң, қаржы-экономика, гуманитарлық, мәдениет және өнер. Онда 41 мамандық бойынша 5809 студент білім алып жатыр. Оның 3085 күндізгі, 2724-і сырттайғы бөлімде оқиды. Университетте 350-ден астам оқытушы қызмет етеді, олардың 10-ы ҚР-ның Ғылым академиясы салаларының және халықаралық академиялардың корреспондент мүшелері, 21-і профессор - доктор, 1-философия ғылымдарының докторы (Ph.D) 120 ғылым кандидаттары, 25 –і магистр, 80-і доцент. Университет үздіксіз білім беруді жүзеге асырады. Колледж, университет, магистратура кешенді білім берудің жаңа үлгісі. Жетісу мемлекеттік университетінде студенттер 41 мамандық бойынша бакалавриат, 6 мамандық бойынша магистратура, 14 мамандық бойынша колледже білім алады. Университетті әр жылдары басқарған басшылар: •    (1972-1977 жж.) Рустемов Лениншил Зиябекұлы •    (1977-1987 жж.) Жолдасбеков Мырзатай Жолдасбекұлы •    (1987-1989 жж.) Салагаев Валерий Георгиевич •    (1990-1995 жж.) Жапаров Жомарт Жапарұлы •    (1996-1998 жж.) Касабек Аманжол Касабекұлы •    (1998-2001 жж.) Қожамқұлов Төлеген Әбдісағиұлы •    (2001-2008 жж.) Медеуов Есенгелді Өміржанұлы •    ( 2008 жылдан бері ) Бектұрғанов Әбдіманап Елікбайұлы Әбдіманап Елікбайұлы Бектұрғанов 2008 жылдың сәуір айында І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті ректорының қызметіне кірісіп, осы аз уақыт аралығында ұжымның болашақта дамуының бірқатар стратегиялық міндеттерін анықтады. 2008 жылдың қазан айында Болонья қаласында (Италия) университет ректоры Ә.Е.Бектұрғанов Университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойды.  

Жетісу университеті, І.Жансүгіров атындағы — Талдықорған қаласындағы мемлекеттік жоғары оқу орны. 1972 ж. 25 қазанда Қазақстан Министрлер Кеңесінің қаулысымен Талдықорған педагогикалық институты болып ашылған. 1994 ж. 2 маусымда І.Жансүгіров атындағы Талдықорған университеті, 1999 ж. 21 сәуірде І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті болып өзгерді. Университетте экология және табиғатты пайдалану, ағылшын тілі, корей тілі, информатика, музыкалық білім, дене шынықтыру және спорт, бастапқы әскери дайындық және спорт, еңбек технологиясы және кәсіпкерлік, қаржы және несие, бухгалтерлік есеп және аудит, педагогика мен психология, дефектология, әлеуметтік педагогика, кеден, тарих, құқық пен экономика негіздері, т.б. мамандық бойынша 4000-нан астам студенттерге 260 оқытушы дәріс береді. Олардың арасында 6 ғылым докторы, 23 профессор, 80 ғылым кандидаты бар. Университетте үш оқу ғимараты, жатақхана, 2 ғылыми зерттеу зертханасы, 15 ғылыми-әдістемелік кабинеті және 300 мың кітап қоры бар кітапхана, университет мұражайы, Балқаш көлінің жағасында демалыс аймағы, “Қарлығаш” атты спорттық-сауықтыру кешені жұмыс істейді. Соңғы он жылдың ішінде 7 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 93 спорт шебері, 113 спорт шеберлігіне кандидат, 300-ден астам 1 разрядты спортшылар даярланды. Олардың ішінде М.Мамыров, Дмитрий Хегай және т.б. олимпиялық, әлемдік және Азия ойындарының жүлдегерлері бар. Университетте философиядан, педагогика мен психологиядан, қазақ ауыз әдебиетінен аспирантура ашылған. Корей Республикасының Сэнчжу Ұлттық университетімен, Түркияның халықаралық ғылыми-зерттеу орталығымен Мармара университетімен, Қазақстан және ТМД елдерінің жоғары оқу орындарымен байланыстары жақсы жолға қойылған. Университетте халық аспаптар оркестрі, жастардың “Құлагер” атты шығармашылық бірлестігі, “Эрудит” атты таным клубы, т.б. жұмыс істейді.
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 1972 жылы білім беру қызметін бастады. 2006 жылы университет 5 жылдық мерзімге мемлекеттік аттестациядан табысты өтті.
Университет қызметі негізгі стратегиялық – инновациялық бағдарламаларды - Қ Р индустриалды-инновациялық дамуының Президенттік стратегиясын, Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту Мемлекеттік бағдарламасын, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 29 қаңтар 2010 жылғы Қазақстан халқына «Жаңа онжылдық- жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыруға бағытталған.
Бүгінгі таңда университет сәулетті 3 ғимаратта орналасқан. 6 факультет бар: педагогика және психология, математика және жаратылыстану, заң, қаржы-экономика, гуманитарлық, мәдениет және өнер. Онда 41 мамандық бойынша 5809 студент білім алып жатыр. Оның 3085 күндізгі, 2724-і сырттайғы бөлімде оқиды.
Университетте 350-ден астам оқытушы қызмет етеді, олардың 10-ы ҚР-ның Ғылым академиясы салаларының және халықаралық академиялардың корреспондент мүшелері, 21-і профессор - доктор, 1-философия ғылымдарының докторы (Ph.D) 120 ғылым кандидаттары, 25 –і магистр, 80-і доцент.
Университет үздіксіз білім беруді жүзеге асырады. Колледж, университет, магистратура кешенді білім берудің жаңа үлгісі. Жетісу мемлекеттік университетінде студенттер 41 мамандық бойынша бакалавриат, 6 мамандық бойынша магистратура, 14 мамандық бойынша колледже білім алады.
Университетті әр жылдары басқарған басшылар:
•    (1972-1977 жж.) Рустемов Лениншил Зиябекұлы
•    (1977-1987 жж.) Жолдасбеков Мырзатай Жолдасбекұлы
•    (1987-1989 жж.) Салагаев Валерий Георгиевич
•    (1990-1995 жж.) Жапаров Жомарт Жапарұлы
•    (1996-1998 жж.) Касабек Аманжол Касабекұлы
•    (1998-2001 жж.) Қожамқұлов Төлеген Әбдісағиұлы
•    (2001-2008 жж.) Медеуов Есенгелді Өміржанұлы
•    ( 2008 жылдан бері ) Бектұрғанов Әбдіманап Елікбайұлы
Әбдіманап Елікбайұлы Бектұрғанов 2008 жылдың сәуір айында І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті ректорының қызметіне кірісіп, осы аз уақыт аралығында ұжымның болашақта дамуының бірқатар стратегиялық міндеттерін анықтады. 2008 жылдың қазан айында Болонья қаласында (Италия) университет ректоры Ә.Е.Бектұрғанов Университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойды.
 

Ұқсас материалдар