Қандастар Ассамблея

Земство һәм кооператив қауымдары

05.12.2012 2213
Земство һәм кооператив қауымдары Ел қамына енбек қылу бұл уақытта екі жікке бөлінеді. Бірі — ел иен жайылып еркін кетіп, жұрттық деген үйден айрылып, ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кететін болып қиюы қашқан күнде, саясат құрсауын салып ел қылып қалқитам дейтін саяси қамқорлардың қызметі. Екінші — елдің мұңын ұғып, мұқтажын толтырып, елмен қол ұстасып, еңбекке түсіндіріп, шаруасын, оқуын, өнерін түзеп іштен жетілтем дейтін земство, кооперативтер жұмысы. Осы екі жолдың негізгі мақсаттардан бірінен-бірі теріс кетіп, қайшы келетін жері жоқ. Ал екеуінің жұртқа керекті дәрежесін алсақ, заман сабасына бір түсіп алған соң әуелгіге жұрт мұқтаждығы азырақ болып, көптен тартатын сиымды сүйеніші земство, кооператив бойы өсіп, буыны бекіп алса, сыртқы саясат бұлтын елемей-ақ, ел ұйқысын бұзбай аман әкететін жерлері бар. Бұның мысалын қазіргі Россия халі көрсетіп отыр Фабрик-заводтары күйреп, енді Россия шаруасы тақыр жерге отыр деп отырсақ та әлі күнге кооперативтер аянбай еңбек қылып, жұрт мұқтажын жеткізіп отыр. Бірақ Россия земствосы кооперативтей күшті емес. Себебі Сібірге земство осы бостандықтан бері қарай ғана кірді. Ал Европа земстволары жалпы Европа шаруасының ерте күйзелгендігінен көркейіп көп іс қыла алмады. Бірақ қазіргі Россияның жалпы халіне қарасақ, земствосы мен кооперативтері болған облыс (округ), край[1] болса, басқа түрі үлкен хүкімет іздемей-ақ, жалпы мемлекеттен енші алып шыққан отаудай болып, өз шаруасын өзі басқарып, өз билігін істеп автономияларын алып, өз алдына хүкіметтерін шығарып отыр. Орыстың ұлтшыл таптары қазіргі уақытта үлкен Россия осындай облыстар автономиясынан құралсын дейді. Мұның себебі облыстан үлкен автономия берсек, патшалықтың іргесі ойсырап, берекесі кетеді. Ал облыстық қып берсек, әрі шаруа тез түзеледі, әрі Россия берекесі ішінде қалады дегендік. Бұл халдер земствосы мен кооперативтері болған елдің кемшілік көрмейтінін көрсетеді. Земство мен кооператив — егіз нәрселер. Жұрт игілігі деген пайдалы жақсы істің бәрі осы екі ұйымның негіз(гі) мақсаттары. Қараңғы, қара кедей халықтың өмірлік керектері не? Бірінші — тамақ, киім, екінші — мал бағушы болса мал шаруасын түзеу, мал ауруын жою. Егінші болса, егін шаруасын түзеп беру. Үшінші — адам дәрігерін больница салу, дәрігер шығару, елді аурудан сақтау. Төртінші — оқу, жалпы қараңғы жұртты өмір жарығына жеткізу. Елдікке аяқ бастырып қатарға кіргізу, жұмысын жеңілдетіп, білім-өнер құралын жалпы жұртқа қолдандыру. Тәртіппен почта жүргізіп, дүниедегі болып жатқан халді жұрт құлағына естіртіп, зейінін ояту, көзін аштыру, тағы-тағы басқалар. Міне бұл екі ұйымның мақсаты осы. Бұл ұйымдар жұрттың ғазиз атасы мен анасы. Бірақ осы ұйымдар қазіргі күнде әлгі мақсаттарын орындай алып отыр ма? Бұлар көп мақсаттарын қиял қылып қана сақтап, өмір жүзіне іс қылып асыра алмай отыр. Себебі земстволарды алсақ қолында пұл[2] жоқ. Жоғарыдағы ниеттерді орындап шығу үшін үлкен пұл керек. Пұлды елден алым қылып алуға болар еді, оған не мұжық күйсіз, не қазақ күйсіз болады. Осымен земство өзге, әрі мақсаттарды, көбі орындауға бапсыз болып, өмірдің аса тығыздап, керек қылып отырған қамдарын ғана іс қылып отыр. Сол асығыстап отырған қамның бірі елге пұл, шәй секілді нәрселерді жеткізу. Қазіргі күнде бұдан басқа мақсаттарға кірісейін десе, елде қамды жедің деп айтатын емес. Пұл, шәй жеткізу турасында Семей уездный земствосы мен Алаш[3] қаласындағы уақ қарыз серіктігінің істеп отырған ісін оқушының есіне салайық. Ол осы елге пұл алу үшін бұл ұйымдар басқа патшалықтармен, басқа ұйымдармен айырбас сауда істемек болды. Ақшаға алған пұл қазіргі уақытта әрі қымбат, әрі сортысы жаман болады. Біріккен ұйымдар бұл халді біліп, пұлы бар жерлермен айырбас қылу үшін ол жақтың шөлдеп отырған нәрсесі қазақтың шикі малы екен. Соны жиғызуды қазірде жиылған малға айырбас жасауға күншығысқа кісі жіберіп отыр. Ол жақтан келетін пұл әрі арзан, әрі сұрыпты жақсы болып халық қолына қарағалы отыр. Бұл сауданың арасынан айырған аз ақшалары болса, бұл екі ұйым да жоғарыдағы айтылған жұрт игілігіне жұмсағалы отыр. Осы арада жалпы халықтың істеп отырған бір қатесін айтқым келеді. Ол ғана ел қамын жеп земство, кооперативтер жүрсе, бұлар буынын бекітсінші деп, аз да болса есіне алып жүрген ел жоқ. Мысалы елдің жүн, жабағы, тері-терсегін комиссиямен алып отырған әлгі ұйымдардың алушылары бар. Бұлардың беріп отырған бағалары жәй алушыдан артық болмаса, кем емес. Бірақ ел қолындағы малын частный сәудегерге[4] беріп отыр. Ол сәудегерде қалта қамынан өзге қам жоғын ел біледі. Елдің ұйымсыз бытырандылығынан жем айырып жүргенін біледі. Сонда да ертеңгі он есе пайдамен қолына қайтып келетін пұлын сол сәудегерге беріп отыр. Жәй сәудегердің қолын хүкімет қағудан тыйылған соң осы күнде базар қожасы ұсақ сәудегерлер болып барады. Солар бірінен-бірі асып, қымбатшылықты арзанға түсіріп, жұртқа жайлы, берік баға орнатуды земстволар ойлайды. Бірақ пұл жоқтықтан, пұл болмаса елдің сатпайтындығынан бұлар бүктемеде қалып отыр. Ұйымға кірмеген, салт басымен іс қылып жүрген сәудегер қашан болсын елге зиянды заттың бірі. Россияның әуелгі қымбатшылығы да фабрик-заводқа ие болып тұрған бір-бір байдың ынсапсыздық қылып, қолымен баға жасап, базар нарқын өрбіте бергенінен. һәрқашан потребительный обществолар, уақ қарыз серіктері, земстволар, тебендеп жиған тиынын сондай қомағай қалталардан сақтау үшін іс қылады. Бұл ұйымдардың шын мақсаты осы екен деген бұрынғы уақытта жұрт білмесе де осы қымбатшылықтан бергі істеген еңбектермен ұқтырып отыр. Осы күнде Европа патшалықтарының саудасы осындай ел қамы деген ұйымдар қолында. Ол жұрттардың бұқарасы тіршілік тартысында өзінің мұңын жоқтайтын нағыз достары солар екенін білген. Осы күнде бұл ұйымдар дүкендері дүние саудасын билеймін деп тұр. Қанша шабан десек те қазірде Россия саудасын да осы ұйымдар бүктеп билеп алды. Осы күні Россиядағы потребительный обществоның саны жиырма бес мың болды. Бұлардың мүшесі он екі миллион. Ал барлық Сібір саудасын басқарып тұрған сол барлық әлгідей игілік ұйымдарынан құралған «закуп сбыть» деген ұйым. Бұл ұйым сауда жөнін басқарып алып, саясат ісіне жұртқа тарататын жерлерге қол сұғып, жуан козырь болып отыр. Міне, бұл күйге, заман ағысына азырақ көз салса, қазақ та бір күнде амалсыз мойынсұнады. Бірақ оған шекте заман шырқап кетіп кешіккен екенбіз деп бармақ шайнатып кететіні бар. Соны аңғарту керек, бұл күйді елге түсіндіріп, игілікке жұмылдыру, қаламен араласып, ел, заман ағысын байқап келе жатқан ел жігіттерінің міндеті деп саналады. Бұл іс ел жігіттерінің қолынан келмейтін қиын жұмыс емес. Мысал үшін Тобықты Бұғылы болысынан Машан болысының азаматтарының бір ісін айтып өтейік. Ол елдің жігіттері елінің жүн-жабағысын жиып, Төлеуғазы Абылайхан баласы деген өкіл арқылы земствоға тапсырып отыр. Осы секілді талаптан айрылмаса, уақ қарыз серіктігін, потребительный обществоларды ашу да қиын жұмыс емес. Қазіргі уақытта Қарқаралы уезінде болыс басы потребительный обществолар бар деуге болады. Ол елдерде инструктор Жақай Байыров деген жігіттің талабымен аяқтанып кетіп отыр. Міне, бұл халдер елдің шын қамын жейтін азамат болса, игілік қылатын істің бәрі ел ішінде екенін көрсетіп отыр. Мұхтар. Мұхтар Әуезов         [1]Край − өлке [2]Пұл − ақша, қаржы. ә) товар, материал. [3]Алаш қаласы − Қазіргі Жаңасемей қаласы. [4]Сәудегерге − саудагерге.

Земство һәм кооператив қауымдары

Ел қамына енбек қылу бұл уақытта екі жікке бөлінеді. Бірі — ел иен жайылып еркін кетіп, жұрттық деген үйден айрылып, ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кететін болып қиюы қашқан күнде, саясат құрсауын салып ел қылып қалқитам дейтін саяси қамқорлардың қызметі. Екінші — елдің мұңын ұғып, мұқтажын толтырып, елмен қол ұстасып, еңбекке түсіндіріп, шаруасын, оқуын, өнерін түзеп іштен жетілтем дейтін земство, кооперативтер жұмысы. Осы екі жолдың негізгі мақсаттардан бірінен-бірі теріс кетіп, қайшы келетін жері жоқ. Ал екеуінің жұртқа керекті дәрежесін алсақ, заман сабасына бір түсіп алған соң әуелгіге жұрт мұқтаждығы азырақ болып, көптен тартатын сиымды сүйеніші земство, кооператив бойы өсіп, буыны бекіп алса, сыртқы саясат бұлтын елемей-ақ, ел ұйқысын бұзбай аман әкететін жерлері бар. Бұның мысалын қазіргі Россия халі көрсетіп отыр Фабрик-заводтары күйреп, енді Россия шаруасы тақыр жерге отыр деп отырсақ та әлі күнге кооперативтер аянбай еңбек қылып, жұрт мұқтажын жеткізіп отыр. Бірақ Россия земствосы кооперативтей күшті емес. Себебі Сібірге земство осы бостандықтан бері қарай ғана кірді. Ал Европа земстволары жалпы Европа шаруасының ерте күйзелгендігінен көркейіп көп іс қыла алмады. Бірақ қазіргі Россияның жалпы халіне қарасақ, земствосы мен кооперативтері болған облыс (округ), край[1] болса, басқа түрі үлкен хүкімет іздемей-ақ, жалпы мемлекеттен енші алып шыққан отаудай болып, өз шаруасын өзі басқарып, өз билігін істеп автономияларын алып, өз алдына хүкіметтерін шығарып отыр. Орыстың ұлтшыл таптары қазіргі уақытта үлкен Россия осындай облыстар автономиясынан құралсын дейді. Мұның себебі облыстан үлкен автономия берсек, патшалықтың іргесі ойсырап, берекесі кетеді. Ал облыстық қып берсек, әрі шаруа тез түзеледі, әрі Россия берекесі ішінде қалады дегендік. Бұл халдер земствосы мен кооперативтері болған елдің кемшілік көрмейтінін көрсетеді. Земство мен кооператив — егіз нәрселер. Жұрт игілігі деген пайдалы жақсы істің бәрі осы екі ұйымның негіз(гі) мақсаттары. Қараңғы, қара кедей халықтың өмірлік керектері не? Бірінші — тамақ, киім, екінші — мал бағушы болса мал шаруасын түзеу, мал ауруын жою. Егінші болса, егін шаруасын түзеп беру. Үшінші — адам дәрігерін больница салу, дәрігер шығару, елді аурудан сақтау. Төртінші — оқу, жалпы қараңғы жұртты өмір жарығына жеткізу. Елдікке аяқ бастырып қатарға кіргізу, жұмысын жеңілдетіп, білім-өнер құралын жалпы жұртқа қолдандыру. Тәртіппен почта жүргізіп, дүниедегі болып жатқан халді жұрт құлағына естіртіп, зейінін ояту, көзін аштыру, тағы-тағы басқалар. Міне бұл екі ұйымның мақсаты осы. Бұл ұйымдар жұрттың ғазиз атасы мен анасы. Бірақ осы ұйымдар қазіргі күнде әлгі мақсаттарын орындай алып отыр ма? Бұлар көп мақсаттарын қиял қылып қана сақтап, өмір жүзіне іс қылып асыра алмай отыр. Себебі земстволарды алсақ қолында пұл[2] жоқ. Жоғарыдағы ниеттерді орындап шығу үшін үлкен пұл керек. Пұлды елден алым қылып алуға болар еді, оған не мұжық күйсіз, не қазақ күйсіз болады. Осымен земство өзге, әрі мақсаттарды, көбі орындауға бапсыз болып, өмірдің аса тығыздап, керек қылып отырған қамдарын ғана іс қылып отыр. Сол асығыстап отырған қамның бірі елге пұл, шәй секілді нәрселерді жеткізу. Қазіргі күнде бұдан басқа мақсаттарға кірісейін десе, елде қамды жедің деп айтатын емес. Пұл, шәй жеткізу турасында Семей уездный земствосы мен Алаш[3] қаласындағы уақ қарыз серіктігінің істеп отырған ісін оқушының есіне салайық. Ол осы елге пұл алу үшін бұл ұйымдар басқа патшалықтармен, басқа ұйымдармен айырбас сауда істемек болды. Ақшаға алған пұл қазіргі уақытта әрі қымбат, әрі сортысы жаман болады. Біріккен ұйымдар бұл халді біліп, пұлы бар жерлермен айырбас қылу үшін ол жақтың шөлдеп отырған нәрсесі қазақтың шикі малы екен. Соны жиғызуды қазірде жиылған малға айырбас жасауға күншығысқа кісі жіберіп отыр. Ол жақтан келетін пұл әрі арзан, әрі сұрыпты жақсы болып халық қолына қарағалы отыр. Бұл сауданың арасынан айырған аз ақшалары болса, бұл екі ұйым да жоғарыдағы айтылған жұрт игілігіне жұмсағалы отыр. Осы арада жалпы халықтың істеп отырған бір қатесін айтқым келеді. Ол ғана ел қамын жеп земство, кооперативтер жүрсе, бұлар буынын бекітсінші деп, аз да болса есіне алып жүрген ел жоқ. Мысалы елдің жүн, жабағы, тері-терсегін комиссиямен алып отырған әлгі ұйымдардың алушылары бар. Бұлардың беріп отырған бағалары жәй алушыдан артық болмаса, кем емес. Бірақ ел қолындағы малын частный сәудегерге[4] беріп отыр. Ол сәудегерде қалта қамынан өзге қам жоғын ел біледі. Елдің ұйымсыз бытырандылығынан жем айырып жүргенін біледі. Сонда да ертеңгі он есе пайдамен қолына қайтып келетін пұлын сол сәудегерге беріп отыр. Жәй сәудегердің қолын хүкімет қағудан тыйылған соң осы күнде базар қожасы ұсақ сәудегерлер болып барады. Солар бірінен-бірі асып, қымбатшылықты арзанға түсіріп, жұртқа жайлы, берік баға орнатуды земстволар ойлайды. Бірақ пұл жоқтықтан, пұл болмаса елдің сатпайтындығынан бұлар бүктемеде қалып отыр. Ұйымға кірмеген, салт басымен іс қылып жүрген сәудегер қашан болсын елге зиянды заттың бірі. Россияның әуелгі қымбатшылығы да фабрик-заводқа ие болып тұрған бір-бір байдың ынсапсыздық қылып, қолымен баға жасап, базар нарқын өрбіте бергенінен. һәрқашан потребительный обществолар, уақ қарыз серіктері, земстволар, тебендеп жиған тиынын сондай қомағай қалталардан сақтау үшін іс қылады. Бұл ұйымдардың шын мақсаты осы екен деген бұрынғы уақытта жұрт білмесе де осы қымбатшылықтан бергі істеген еңбектермен ұқтырып отыр. Осы күнде Европа патшалықтарының саудасы осындай ел қамы деген ұйымдар қолында. Ол жұрттардың бұқарасы тіршілік тартысында өзінің мұңын жоқтайтын нағыз достары солар екенін білген. Осы күнде бұл ұйымдар дүкендері дүние саудасын билеймін деп тұр. Қанша шабан десек те қазірде Россия саудасын да осы ұйымдар бүктеп билеп алды. Осы күні Россиядағы потребительный обществоның саны жиырма бес мың болды. Бұлардың мүшесі он екі миллион. Ал барлық Сібір саудасын басқарып тұрған сол барлық әлгідей игілік ұйымдарынан құралған «закуп сбыть» деген ұйым. Бұл ұйым сауда жөнін басқарып алып, саясат ісіне жұртқа тарататын жерлерге қол сұғып, жуан козырь болып отыр. Міне, бұл күйге, заман ағысына азырақ көз салса, қазақ та бір күнде амалсыз мойынсұнады. Бірақ оған шекте заман шырқап кетіп кешіккен екенбіз деп бармақ шайнатып кететіні бар. Соны аңғарту керек, бұл күйді елге түсіндіріп, игілікке жұмылдыру, қаламен араласып, ел, заман ағысын байқап келе жатқан ел жігіттерінің міндеті деп саналады. Бұл іс ел жігіттерінің қолынан келмейтін қиын жұмыс емес. Мысал үшін Тобықты Бұғылы болысынан Машан болысының азаматтарының бір ісін айтып өтейік. Ол елдің жігіттері елінің жүн-жабағысын жиып, Төлеуғазы Абылайхан баласы деген өкіл арқылы земствоға тапсырып отыр. Осы секілді талаптан айрылмаса, уақ қарыз серіктігін, потребительный обществоларды ашу да қиын жұмыс емес. Қазіргі уақытта Қарқаралы уезінде болыс басы потребительный обществолар бар деуге болады. Ол елдерде инструктор Жақай Байыров деген жігіттің талабымен аяқтанып кетіп отыр.

Міне, бұл халдер елдің шын қамын жейтін азамат болса, игілік қылатын істің бәрі ел ішінде екенін көрсетіп отыр.

Мұхтар.

Мұхтар Әуезов

 

 

 

 



[1]Край − өлке

[2]Пұл − ақша, қаржы. ә) товар, материал.

[3]Алаш қаласы − Қазіргі Жаңасемей қаласы.

[4]Сәудегерге − саудагерге.