Қандастар Ассамблея

Ғайып

05.12.2012 2318
  Ғайып, а л - Г а й б (араб. - «жоқ болу», «жабық болу, көрінбеу») - қымбатты, қол жетпейтін тәңір құпиясы, тек Құдай ғана ие бола алатын білім. Ғайып Құранда және хадистерде осы мағынада қолданылады. «Қымбаттылығы» мен «қол жет- пейтіндігіне» қарамастан, Ғайып Құран мен тәпсірге сәйкес діни тағзым етудің белгісі болып табылады және көктей Пайғамбарларға жіберіледі. «Аса қадірлі нәрсенің хабаршысы» ретінде Құранның өзі де Ғайыптың белгілі-бір бөлшегін «ашуға» көмектеседі. Хадис бойынша Ғайыпты білу Құдай мен Пайғамбарлардың еншісіндегі дүние. Құранға жазылған түсініктемелер мен ескі дәстүрді ұстанушылардың айтқандарында осы жағдай атап көрсетіледі. Кейбір хадистер мен түсініктемелерде Ғайып «Құдайдың кәсібіңе» теңестіріледі. Ат-Тұстаридің сопылық тәпсірі бойынша адамдардың Ғайыпты тануы, оның сырын ашуы жарық дүниеге Құдай орнатқан тәртіптің бұзылуына алып келеді. Алайда, жалпы алғанда, Ғайып туралы сопылық түсінік ол жөніндегі жалпылама ұғымнан ерекшелеу. Сопылық ойшылдар мәселен, сопы «әулиелеріне» тән эзотерикалық білімнің көмегімен Ғайыпқа қол жеткізуге болады деп есептеді. Сөйтіп, әулиені Пайғамбарлар мен елшілердің қатарына қойды. Ал мұның өзі ескі дәстүрді жақтаушылардың наразылығын туғызды. Айталық, «дінсіз» деген айып тағылып, дарға асылған Шайх әл-Ишрак ас-Сухраварди «Ғайыптың құпиясы» - адамдарға олардың жаны күнделікті алаңдаулардан ада түнгі ұйқы кезінде ашылады деп жорамалдады. Бұл құпиялар Құдайға құлшылық етушілерге «жазылған сөз», «жағымды немесе қорқынышты дау- ыс», «сүйкімді бейне», т. б. түрде көрінеді. Шииттер болса асыл ойға тек сопылардың имамдары ғана иелік етуге тиіс деп есептеді. Бұған ескі дәстүршіл сунниттер қарсы шықты. Шолушылар Ғ-ты көбіне «асылдың әдемі», «құдай құпиясы сақталатын мекен» ретінде түсіндіріп, адамдар өмір сүретін «Жарық дүние» оған қарсы қойылды. Ислам дініне неоплатондық эмоциялық ілім енгеннен кейін Ғайыпты тұтастығын әлдебір бастапқы бөлігі, ғаламдағы тіршілік біткенге қуат беруші, принципке жан бітіруші эмоцияның қайнар көзі ретінде бағалау орын ала бастады. Мұндай түсінік, мәселен, әлемнен тыс өмір сүретін Құдайды «тәңір құпиясы» деп атаған исмаилшылардың космогон. ілімінде көрініс тапты. Ибн Араби және оның мектебінен өткен сопылар үшін «Абс. құпия» дегеніміз материалдық әлемде бірнеше дүркін манифестация жасаудың нәтижесінде пайда болған Құдай бейнесі. Ғайып көзге көріну белгілеріне қарай таным мен тәуап ету объектісіне айналады. Сопы иеархиясының көзге көрінбейтін мүшелерін суфизмде көбіне «асыл қазынаның әкел ері» деп атады. Ғайыптың құпиясын білуге ұмтылушыларды кінәлау барысында ескі дәстүршіл факиһтер сопылар мен шииттерді, сондай-ақ астрологтарды, сәуегейлер мен түрлі оккультатистерді айыптады.     

Ұқсас материалдар