Қандастар Ассамблея

Нарықтық заманда қарыз бен парыз

05.12.2012 4356
  Нарықтық заманда қарыз бен парыз Қазіргі нарық заманында әрбірімізді күнін де бір сәтте болса ойландырмай қоймайтын мәселе ол – қара қазан мен сары баланың қамы болса керек. Кезкелген иманды, арлы-намысты шаңырақ иесі тер төгіп еңбекпен тапқанын әкеліп бала-шағасының ауызына салары түсінікті ғой. Бірақ та әрқашан сенің әлеуметтік жағдайыңның бір деңгейде шарықтап тұрмасы және бар. Кейде молшылық болса, кейде жұтайды. Молшылық жақсы-ақ, ал жұтап қалған да ше? Міне мұндай да адам баласы өзіне қол ұшын беріп, көмек көрсете аларлық жанды іздеуі өмірдің заңды құбылысы. Бұл мәселені де өз орнына қойып, дұрыс шешімін тауып берген де, әрине Ислам діні десек артық айтқандық болмас. Неге десеңіз жоғарыда айтып кеткен әлгіндей әлеуметтік жағынан тарығып, қалтаң босап, ішерге асың, тігерге тұяғың қалмай шарасыздықтан тығырыққа тірелгенде немесе басыңа бір іс түсіп материалдық жағынан қиналғанда, біреуден шарқ ұрып көмек сұрайсың, бір жола болмаса да қайтарып беру шартымен уақытша қарызға ақша беріп, көмек көрсеткені үшін көңілің марқайып, дән риза болып рақыметіңді жаудырып қала бересің. Міне, бүгінгі біздің қалам тартып отырған мәселеміз де осы қарыз мәселесі төңірегінде болмақ. Өйткені қазіргі таңда шыны керек біреуге біреудің өсімсіз қарызға ақша беруі мұңға айналды. Әрине көпшілгіміз тиын-тебен беріп тұруымыз мүмкін, ал қомақты сомманы бере салу оңай шаруа емес. Ендігі кезек, Хақ дініміз Ислам бұл жайында иман келтірген қауымға не дер екен соған бақсақ. Құран Кәрімде «Аллаһқа қарыз беру» мағынасында қолданылған өсімсіз және үстемесіз қарызға ақша беруге «қарзы хасан» яғни «көркем қарыз» деген  мағынаға келетін алты аят келтірілген. Қарзы хасан деудегі мақсат өсімсіз әрі үстіне бірдеме дәметпей атқарылатындығы үшін. Құран Кәрімдегі сол аяттарға тоқталсақ ол аяттар бізге былай деп үн қатады: «Аллаһқа қарзы хасан (өсімсіз және үстемесіз) түрінде қарыз беретін кім бар?! Міне соған, (Аллаһ) оның сиын есе-есесімен береді.». (Хадид сүресі 11-аят) Және де: «Егер Аллаһқа шын көңілден қарыз берсеңдер, Аллаһ оны сендер үшін есе-есе етіп көбейтеді және сендерді кешіреді». (Тәғабун сүресі 17-аят) Пайғамбарымыз (с.а.у.) мұсылман бауырыңа қол ұшын беріп көмек көрсету жөнінде былай дейді: «Кім бір мұсылманды (басына түскен) дүниелік қиыншыдлықтарынан арылтар болса, Аллаһта оның ақыреттегі (басына түскен) қиыншылықтарынан бірін жояды. Құл бауырына жәрдемін үзбегенінше, Аллаһта оған жәрдемін үзбек емес». Аллаһ Елшісі (с.а.у.) нақты қарыз беру жөнінде де былай деген: «Садақа он есе, ал қарыз он сегіз есе болып қайтарылады». (әт-Тәрғиб уәт-Тәрһиб, ІІ, 40)  Осымен қатар: «Бір мұсылман екінші бір мұсылманға екі рет қарыз (қарызға ақша) берсе, бір рет садақа бергендей болады». (әш-Шәуқани, Нәйлул Ифтәр, V, 229) Көріп отырғаныңыздай аят пен хадис-шәрифтерде қарыз берудің қаншалықты сауапты әрі табысты (әрине рухани жағынан) бір амал екендігі айтылуда. Осымен қоса Ислам дінінде әрбір нәрсенің шарты, шариғаты және жөн-жоралғысы бар. Қарыз беріп алудың да шарттары мен өзіне тән тәртібі баршылық. Жалпы қарыз сөзі қазақ тіліне арабтың «қарз» сөзінен келген (араб тілінде мұнымен қоса «дәйн» сөзі де қолданылады). Қарыз Ханафи мазһабында алтын, күміс немесе ақшалай түрде, бір адамның басқа біреуге қарыз беруіне қолданылатын Ислами бір құқықтық термин. Ханафи мазһабынан өзге мазһабтар қарызды ақшадан басқа мал-мүліктерден де, яғни мал-жануарлардан да қарызға беруге болатындығына рұқсат берген. Ал Ханафи мазһабының мал-жануарларды қарыз берілетін мүлік санатына қоспауы, олардың әрқашан өсіп немесе өзгеріп отыруында. Мәселен екі жасар сиырды қарызға берген кісі, алар шағында сол күйінде алғысы келеді, ал берешегі бар кісі дәл сондай сиырды тауып бере алмауы мүмкін. Қарыз балиғатқа толған, ақыл-есі дұрыс адамға ғана беріледі. Балиғатқа толмаған балалар мен жүйке ауруына ұшыраған ақыл-есі дұрыс емес науқас адамдарға қарыз берілмейтіндігінің себебі бәрімізге де түсінікті болса керек. Қарызды берген кісі әрине қарызын сол адамға бағыштаса да болады. Бұл игі іс жөнінде Құран Кәрімде былай делінген: «Қарыз алған (қарызын бере алмай) қиналып қалған жағдайда, жағдайын түзеп алғанға дейін (оған) уақыт беріңдер. Егер қарызды бағыштаудың сендер үшін қаншалықты (Аллаһ жанында) қайырлы (абзал) екендігін білсеңдер ғой». (Бақара сүресі 280-аят) Бұл жөнінде Тәбәрәнидің (тарихшы ғалым) Әбу Умамадан жеткізген бір хадисінде Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Өз көлеңкесінен басқа ешқандай көлеңке табылмайтын күнде, өзін Аллаһтың көлеңкелегенін қалаған кісі, қиын жағдайға душар болған кісіге көмек көрсетсін немесе оның қарызын (өзіне берешегін) азайтсын». (Ибн Кәсир, Тәфсирул Қуранил Азим, І, 491). Имам Ахмед бин Ханбал, ол кісі де Хазіреті Ибн Омардан (р.а.)  риуаят еткен бір хадисте Расулуллаһ (с.а.у.) былай дейді: «Жасаған дұғасының қабыл болуын, қайғы-мұңнан арылғысы келген кісі, қарызын өтей алмай қиналған кісіге, қиншылықтан шығуына көмектессін». (Ахмед бин Ханбал, ІІ, 23) Әрине қарыз алған кісі қарызын уақытында әрі түгелдей өтеуге тырысуы керек. Пайғамбарымыз (с.а.у.) қарызын өтей алмай бақилық болып кеткен кісінің жаназасын шығармаған. Өйткені бір күні жаназысын шығару үшін Пайғамбарымыздың (с.а.у.) алдына қайтыс болған кісінің сүйегі (жаназасы) әкеліп қойылады. «Расулуллаһ (с.а.у.): -              Бұл кісінің мойнында қарызы бар ма еді? - деп сұрайды. Сахабалар: -              Иә, екі динар берешегі бар еді, дейді. Пайғамбарымыз (с.а.у.): Онда жолдастарыңның жаназасын (өздерің) шығарыңдар, дейді. Сөйтіп тұрғанда, Ансардан Әбу Қатада: -              Уа Расулуллаһ! Ол екі динарды мен мойныма аламын, дейді. Бұдан кейін барып Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) әлгі кісінің жаназасын шығарды». Ендігі мәселе қарыздың кешіктірілмей өтелуі. Өйткені себептен себепсіз қарыздың кешіктірілуі жақсылықтың нышаны емес. Бұл жайында да Аллаһ Елшісі былай деген: «Байдың қарызын кешіктіруі зұлымдық...» (Бухари, Хауала 1-2, Истиқраз, 12; Муслим, Мусақат, 33) Ислам ғұламалары жоғарыда келтірілген хадисті, өзі бай немесе қарызын өтеуге жағдайы бола тұра біреуден алған қарызын уақытында өтемей кешіктіруін оған (қарызды бергенге) жасаған зұлымдық деп түсінген. Қорыта келгенде айтарымыз, Ислам діні – қоғамда орын алып жатқан түйіні шешілмес небір мәселелерді орын-орнымен шешіп отырғанындай, осындай әлеуметтік мәселелерді де оп-оңай әрі дұрыс әрі тиімді жолдармен шешіп отырады. Бұны тек амалға асырар мұсылман қауымы табылса болғаны. Біздерді Аллаһ Тағала амал етуші әрі шүкір етуші құлдарынан жазсын! Әмин! Бақытжан Өткелбаев Дінтанушы  

 

Нарықтық заманда қарыз бен парыз

Қазіргі нарық заманында әрбірімізді күнін де бір сәтте болса ойландырмай қоймайтын мәселе ол – қара қазан мен сары баланың қамы болса керек. Кезкелген иманды, арлы-намысты шаңырақ иесі тер төгіп еңбекпен тапқанын әкеліп бала-шағасының ауызына салары түсінікті ғой. Бірақ та әрқашан сенің әлеуметтік жағдайыңның бір деңгейде шарықтап тұрмасы және бар. Кейде молшылық болса, кейде жұтайды. Молшылық жақсы-ақ, ал жұтап қалған да ше? Міне мұндай да адам баласы өзіне қол ұшын беріп, көмек көрсете аларлық жанды іздеуі өмірдің заңды құбылысы. Бұл мәселені де өз орнына қойып, дұрыс шешімін тауып берген де, әрине Ислам діні десек артық айтқандық болмас. Неге десеңіз жоғарыда айтып кеткен әлгіндей әлеуметтік жағынан тарығып, қалтаң босап, ішерге асың, тігерге тұяғың қалмай шарасыздықтан тығырыққа тірелгенде немесе басыңа бір іс түсіп материалдық жағынан қиналғанда, біреуден шарқ ұрып көмек сұрайсың, бір жола болмаса да қайтарып беру шартымен уақытша қарызға ақша беріп, көмек көрсеткені үшін көңілің марқайып, дән риза болып рақыметіңді жаудырып қала бересің. Міне, бүгінгі біздің қалам тартып отырған мәселеміз де осы қарыз мәселесі төңірегінде болмақ. Өйткені қазіргі таңда шыны керек біреуге біреудің өсімсіз қарызға ақша беруі мұңға айналды. Әрине көпшілгіміз тиын-тебен беріп тұруымыз мүмкін, ал қомақты сомманы бере салу оңай шаруа емес. Ендігі кезек, Хақ дініміз Ислам бұл жайында иман келтірген қауымға не дер екен соған бақсақ.

Құран Кәрімде «Аллаһқа қарыз беру» мағынасында қолданылған өсімсіз және үстемесіз қарызға ақша беруге «қарзы хасан» яғни «көркем қарыз» деген  мағынаға келетін алты аят келтірілген. Қарзы хасан деудегі мақсат өсімсіз әрі үстіне бірдеме дәметпей атқарылатындығы үшін. Құран Кәрімдегі сол аяттарға тоқталсақ ол аяттар бізге былай деп үн қатады:

«Аллаһқа қарзы хасан (өсімсіз және үстемесіз) түрінде қарыз беретін кім бар?! Міне соған, (Аллаһ) оның сиын есе-есесімен береді.». (Хадид сүресі 11-аят)

Және де:

«Егер Аллаһқа шын көңілден қарыз берсеңдер, Аллаһ оны сендер үшін есе-есе етіп көбейтеді және сендерді кешіреді». (Тәғабун сүресі 17-аят)

Пайғамбарымыз (с.а.у.) мұсылман бауырыңа қол ұшын беріп көмек көрсету жөнінде былай дейді:

«Кім бір мұсылманды (басына түскен) дүниелік қиыншыдлықтарынан арылтар болса, Аллаһта оның ақыреттегі (басына түскен) қиыншылықтарынан бірін жояды. Құл бауырына жәрдемін үзбегенінше, Аллаһта оған жәрдемін үзбек емес».

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) нақты қарыз беру жөнінде де былай деген:

«Садақа он есе, ал қарыз он сегіз есе болып қайтарылады». (әт-Тәрғиб уәт-Тәрһиб, ІІ, 40)

 Осымен қатар:

«Бір мұсылман екінші бір мұсылманға екі рет қарыз (қарызға ақша) берсе, бір рет садақа бергендей болады». (әш-Шәуқани, Нәйлул Ифтәр, V, 229)

Көріп отырғаныңыздай аят пен хадис-шәрифтерде қарыз берудің қаншалықты сауапты әрі табысты (әрине рухани жағынан) бір амал екендігі айтылуда.

Осымен қоса Ислам дінінде әрбір нәрсенің шарты, шариғаты және жөн-жоралғысы бар. Қарыз беріп алудың да шарттары мен өзіне тән тәртібі баршылық.

Жалпы қарыз сөзі қазақ тіліне арабтың «қарз» сөзінен келген (араб тілінде мұнымен қоса «дәйн» сөзі де қолданылады). Қарыз Ханафи мазһабында алтын, күміс немесе ақшалай түрде, бір адамның басқа біреуге қарыз беруіне қолданылатын Ислами бір құқықтық термин. Ханафи мазһабынан өзге мазһабтар қарызды ақшадан басқа мал-мүліктерден де, яғни мал-жануарлардан да қарызға беруге болатындығына рұқсат берген. Ал Ханафи мазһабының мал-жануарларды қарыз берілетін мүлік санатына қоспауы, олардың әрқашан өсіп немесе өзгеріп отыруында. Мәселен екі жасар сиырды қарызға берген кісі, алар шағында сол күйінде алғысы келеді, ал берешегі бар кісі дәл сондай сиырды тауып бере алмауы мүмкін.

Қарыз балиғатқа толған, ақыл-есі дұрыс адамға ғана беріледі. Балиғатқа толмаған балалар мен жүйке ауруына ұшыраған ақыл-есі дұрыс емес науқас адамдарға қарыз берілмейтіндігінің себебі бәрімізге де түсінікті болса керек. Қарызды берген кісі әрине қарызын сол адамға бағыштаса да болады. Бұл игі іс жөнінде Құран Кәрімде былай делінген:

«Қарыз алған (қарызын бере алмай) қиналып қалған жағдайда, жағдайын түзеп алғанға дейін (оған) уақыт беріңдер. Егер қарызды бағыштаудың сендер үшін қаншалықты (Аллаһ жанында) қайырлы (абзал) екендігін білсеңдер ғой». (Бақара сүресі 280-аят)

Бұл жөнінде Тәбәрәнидің (тарихшы ғалым) Әбу Умамадан жеткізген бір хадисінде Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді:

«Өз көлеңкесінен басқа ешқандай көлеңке табылмайтын күнде, өзін Аллаһтың көлеңкелегенін қалаған кісі, қиын жағдайға душар болған кісіге көмек көрсетсін немесе оның қарызын (өзіне берешегін) азайтсын». (Ибн Кәсир, Тәфсирул Қуранил Азим, І, 491).

Имам Ахмед бин Ханбал, ол кісі де Хазіреті Ибн Омардан (р.а.)  риуаят еткен бір хадисте Расулуллаһ (с.а.у.) былай дейді:

«Жасаған дұғасының қабыл болуын, қайғы-мұңнан арылғысы келген кісі, қарызын өтей алмай қиналған кісіге, қиншылықтан шығуына көмектессін». (Ахмед бин Ханбал, ІІ, 23)

Әрине қарыз алған кісі қарызын уақытында әрі түгелдей өтеуге тырысуы керек. Пайғамбарымыз (с.а.у.) қарызын өтей алмай бақилық болып кеткен кісінің жаназасын шығармаған. Өйткені бір күні жаназысын шығару үшін Пайғамбарымыздың (с.а.у.) алдына қайтыс болған кісінің сүйегі (жаназасы) әкеліп қойылады.

«Расулуллаһ (с.а.у.):

-              Бұл кісінің мойнында қарызы бар ма еді? - деп сұрайды.

Сахабалар:

-              Иә, екі динар берешегі бар еді, дейді. Пайғамбарымыз (с.а.у.):

Онда жолдастарыңның жаназасын (өздерің) шығарыңдар, дейді.

Сөйтіп тұрғанда, Ансардан Әбу Қатада:

-              Уа Расулуллаһ! Ол екі динарды мен мойныма аламын, дейді. Бұдан

кейін барып Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) әлгі кісінің жаназасын шығарды».

Ендігі мәселе қарыздың кешіктірілмей өтелуі. Өйткені себептен себепсіз қарыздың кешіктірілуі жақсылықтың нышаны емес. Бұл жайында да Аллаһ Елшісі былай деген:

«Байдың қарызын кешіктіруі зұлымдық...» (Бухари, Хауала 1-2, Истиқраз, 12; Муслим, Мусақат, 33)

Ислам ғұламалары жоғарыда келтірілген хадисті, өзі бай немесе қарызын өтеуге жағдайы бола тұра біреуден алған қарызын уақытында өтемей кешіктіруін оған (қарызды бергенге) жасаған зұлымдық деп түсінген.

Қорыта келгенде айтарымыз, Ислам діні – қоғамда орын алып жатқан түйіні шешілмес небір мәселелерді орын-орнымен шешіп отырғанындай, осындай әлеуметтік мәселелерді де оп-оңай әрі дұрыс әрі тиімді жолдармен шешіп отырады. Бұны тек амалға асырар мұсылман қауымы табылса болғаны. Біздерді Аллаһ Тағала амал етуші әрі шүкір етуші құлдарынан жазсын!

Әмин!

Бақытжан Өткелбаев

Дінтанушы

 

Ұқсас материалдар