Қандастар Ассамблея

Ғұмар Қараш

05.12.2012 10478
  Көршкті Алаш қайраткері, діндар-ақын Ғұмар Қараш 1875 жылы ішкі Бөкейліктің (қазір Батыс Қазақстан обл Жәнібек ауд.) Қырқұдық деген жерінде дүниеге келген. Ауыл молдасынан хат танығаннан кейін, Жалпақталдағы Ғ.Ғәлікейүлы үстаған медреседе оқиды. 1902-1910 жылдары жиған білімімен ауылында, Тіленшісайда жәдитше бала оқытады. Сол шамада әйгілі Шәңгерей Бөкейүлының шақыруымен Көлборсыға мүғалім болып келеді. Жаңалыққа жаны құмар, имандылық пен дәстүрдің жібін үзбеген әдеби орта қалыптастыруға себепші болады. Қайраткер 1907 жылдан бастап татар және қазақ тіліндегі мерзімді басылымдарға мақала жариялай бастайды. 1911-1913 жылдары алғаш Ордада, кейін Оралда басылған «Қазақстан» газетін шығарысуға, оның саяси-мәдени әлуетін көтеруге атсалысты. Осы кезеңде қазақтың саяси көзін ашатын, рухани байытатын «Ойға келген пікірлерім», «Бала тұлпар», «Аға тұлпар», «Қарлығаш», «Өрнек», «Тумыш», «Бәдел қажы» атты кітаптар жарияланды. Ол Ғабдолла Мүштақ (Алланың зерделі құлы) атты бүркеншікпен «Айқап» журналы мен «Қазақ»газетіне мақалалар жазып тұрды. Орынборда «Шайыр...» және «Коксілдер...» атты жинақ шығарды. Ғ.Қараш - ұлт идеясын көтеру мен елшілдік мәселесін талдап-таразылауды бірізді және жүйелі жазған қаламгер. Ол XIX ғасырда мұсылмандық Шығысқа ерекше серпін берген, тіпті Қазақ даласындағы Абай сынды даналардың рухани ниегтесіпе айналған Мысыр мүфтиі Мүхамед Абдо мен пәлсапашы Жәлелатдин Афғани реформаларынан хабардар еді. Мысалы, ол "Ойға келген пікірлерім" атты фәлсафалық еңбегінде (1910) Мысырда оқыған, бірақ ізденгісі келмеген бір мұғалімге: "Рух туралы торт кітап оқығаннан гөрі, Мухаммед Ғабдудың (Абдо - Д.Қ.) Бахра сүресі туралы тәфсірін оқығаның дұрысырақ шығар", - деп айтқанын жазады. Әлбетте, Ғұмар бүл жерде басты ислам кітаптарын оқыма деп түрған жоқ. Оның айтпағы - канондарды таптаурын етпей, тазарту һәм тарату турасында болып отыр. Осы ретте рухты оңалту мәселесін түбірлеп зерделеген Ғұмардың ойлары аса бағалы. Санаткер «Өрнек» аталынған еңбегінде (1911): «Адамдар эр ісінде Алланың көрсеткен жолымен жүрмесе, яғни себебіне кіріспесе, ыждағат етпесе, ғылым-әнер үйреніп, орнына қолданбаса, ол адам иман келтіріп, бой ұсынған болып шықпайды. Бұл екпей егін күту һәм әкесіз перзент үміт ету секілді нәрсе», - дейді. Бұрынғы-кейінгі қазақ шындығын осы қағидатпен сараптап жіберсек, «эй, қап!»-қа үн қосып жіберетін жағдайымыз жоқ та емес. Мүны Ғ.Қараш та жақсы аңғарса керек, аталған кітабында: «Өнерсіз, жалқау халықтардың ақырында көрешегі өз алдына, дүниеде-ақ бек ащы жаза тартады. Тартқаны сол: басқа өнерлі, ғылымды елдерге қүл болады. Қара басының билігі, ықтияры болмайды. Адамдар ретінде кіре алмайды, хайуан деуге сорты келмейді. Екі аралық жануар ретінде аяқ астында тапталып, күні мен дінінен бірдей айырылып, ғақпетінде әлек болады», - деп жазады. Мұндағы «ғақпет» - өмірдің сын сәті деген мағына береді. Ағартушының пайымынша, ұлттың күйреуі - оны сақтай алмағандардың ісі ретінде бағаланып, олар Жаратқан алдында күнәсіне қарай жаза тартады. Қайраткер-ақынның ұлт бірлігіне қатысты да айрықша ойлары бар. Бұл орайда Ж.Афғани пайымына сүйене отырып айтқан Ғ.Қараштың мына пікірі аса маңызды деп білеміз: «Әрбір адам сол милләттің бір ағзасы болғандығы үшін өзіне тиіс болған өнер сұнғатты біліп, дәйім милләтке пайда келтіріп, оның арқылы өз басының тірлігін сақтауға міндетті». Мұны бүгінгі танымға түсінікті етіп айтсақ, мемлекет халқы бір организм (ағза), бір үлт болып, елді көтеретіндей кәсіппен айналысуы қажет. Осының нәтижесінде қоғамның әрбір мүшесі өз орнын анықтайды. Бұл қағидаттың адамзат дамуына ешқандай қайшылығы жоқ. Елін, жерін аса қадірлеген, сол үшін азаматтықта да, ақындықта да аянып қалмаған Ғұмар адамзат пен ұлтқа ең ділгір қасиет ретінде ар-ожданды атайды. Татардың "Шора" журналында 1911 жылы жарияланған "Ар-ождан - сенім өлшемі" атты мақаласында ол: «Әрбір жағдайда ар-ождан биік тұруы керек. Сонда ғана оның қасиеті жоғары болмақ»,-деп жазады. Әлбетте, Ғ.Қараш сыны - ұлтқа шын жаны ашыған адамның сыны. Оның елге, замандастарына айтқан ақылын да осы өреде түсінеміз. Заманаға шынайы көзбш қарайтын ақын: «Дүниеде не арзан?» деп сұраушыға «Біздің қазақ жігіттерінің ғұмыры» деп жауап берілсе, бек дұрыс жауап болмақ» дейді. Бұл пәлсапалық сұрақ пен жауап бүгін де көкейкесті естіледі. Қайраткер 1916 жылы бөкейліктер атынан Петерборға барып, Астрахан қазағы басып алған жерді және тиесілі жерді қазаққа орнымен бөліп бер деген өтініш хатты бас министрге тапсырады. 1917 жылы Ордада өткен Бөкей қазақтарының съезіне қатысады. 1917-1919 жылдардағы Алаш козғалысына белсене араласады. Алаш партиясы құрылатын бірінші жалпықазақ съезінің де, Алаш автономиясы жарияланатын екінші жалпықазақ съезінің де ұйымдастыру және өткізу жұмысына белсене қатысады. Өмірлік мәселелер мен діни ахуалды күн тәртібіне қойған Алаш орда үкіметі - Ұлт кеңесі анықталатын екінші сиезде қази болып сайланды. 1918 жылы Ордадағы педагогика техникумында сабақ береді. Сол жылы қыркүйекте Бөкей губерниясының мүғалімдер сиезіне катысады. 1918-1920 жылдары губерниялык кеңестердің төрт съезіне делегат болады. Мұнда мағыналы сөз айтады. 1919 жылы Бөкей губаткомында істейді. Ордада үйымдастырылған айына екі рет шығатын «Мұғалім» атты журналды шығарушылар алқасына кіреді. Ол осы журналда «Педагогика» атты еңбегін жариялайды. 1919 жылы «Дүрыстық жолы» газетінің алқа мүшесі әрі тілшісі болады. 1920 жылы маусымда Бөкейдің II губерниялык партконференңиясында губкомның пленум мүшесі, ал сол жолы I пленумда губкомның үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі болып сайланды. Қайраткер жаңа қоғам жүмысына белсене араласып, халық қамқоршысы ретінде танылды. Сөйткен тұлға 1921 жылы 12 сәуірде Қүнаншапқан деген жерде қашқын әскерилер қолынан қапияда мерт болды.  Ғұмар Қараш - ойшыл ақын, қоғам қайраткері. Жастайынан жетім қалып, ағайын-туыстарының қамқорлығымен ауыл молдасынан оқып, сауат ашады. 1902 ж. өз ауылында бала оқытады. 1911-13 ж. «Қазақстан» газетінің жұмысына атсалысқан. Сол жылдары Орынбор қаласында Шәңгерей Бөкеевтің қамқорлығымен ел аузынан жинаған әдеби мұраларды құрастырып, ≪Шайыр≫, ≪Көксілдер≫ атты екі жинақ жариялайды. Ғұмap Қараштың ≪Бала тұлпар≫ (Уфа, 1911), «Қарлығаш≫ («Қазан, 1911), ≪Тумыш≫ (Уфа, 1911), ≪Ағатұлпар≫ (Орынбор, 1914), ≪Тұрымтай≫ (Уфа, 1918) аталатын бес поэзиялық, ≪Ойға келген пікірлерім≫ (Орынбор, 1910), ≪Өрнек≫ (Уфа, 1911), ≪Бәдел қажы≫(Қазан, 1913) дейтін үш зерттеу кітабы жарық көрген. Ғұмap Қараш өлең-толғауларында, көсем сөздері мен мақалаларында заман, өмір, дін-шариғат, табиғат, махаббат, т.б. мәселелер туралы толғанады, патша үкіметінің отарлаушылық саясатын, жергілікті әкімдердің екіжүзділігін сынап, халыққа адал қызмет етуге үндейді. Өз тілі мен мәдениетін сақтай отырып, ғылым, білімге ұмтылуды, мәдениетті елдерден үлгі алуды насихаттайды. Өлең-толғаулары философия ой-пікірлерге бай, бейнелі, әсерлі келеді. Ғұмар қаласы 1917 ж. Ақпан ревкомынан кейін ұйымдасқан ≪Алаш≫ партиясына, Алашорда үкіметіне үлкен үмітпен қарап, ≪Алаштың азаматтарына≫ атты арман мен үмітке толы өлеңдерін жариялайды. Ол қоғамды қан төгіспен, күшпен, зорлық-зомбылықпен өзгертуді қаламаған (≪Неден қорқам?≫, ≪Күн туды≫). Бірақ амалсыздан кеңестік кезеңге икемделуге тура келгенін сезініп, рухани толғанысқа түседі. 1917 ж. мамырда Ордада өткен Бөкей қазақтарының съезіне, сол жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда өткен 2-жалпықазақ съезіне қатысып, баяндама жасайды. 1918 ж. Ордадағы педтехникумда сабақ береді, Бөкей губерниясы мұғалімдерінің 1-съезіне (24 қыркүйек, 1918), 1918-20 ж. өткен сол губерния кеңестерінің 1, 2, 3, 4-съездеріне делегат болып қатысады. 1919 ж. Бөкей губерниясы атқару комитетінде қызмет істейді, коммунистік партия мүшелігіне өтеді. Қазақтың тұңғыш педогогика журналы «Мұғалімге» басшылық етеді, сол журналда ≪Педагогика≫ атты еңбегін жариялайды. 1920 ж. Бөкей губерниясы атқару комитетіңде бөлім басқарады.[2] 1921 ж. 12 сәуірде Құнаншапқан деген жерде қарақшылар қолынан қаза тапты. Ғұмар қаласы — 20 ғасырдың бас кезіндегі «Қазақ дұрыстығы≫, «Қазақстан≫, ≪Айқап≫, ≪Дұрыстық жолы≫, ≪Шора≫, ≪Абай≫ сияқты газет-журналдарда мақалаларын жариялаған. Ғұмар қаласы шығармаларын ≪Ғұмар Қараш баласы≫, ≪Ғұмар Қарашұлы≫, ≪Ахунд Ғұмар Қарашұлы≫, ≪Ғұмар әл-Қараши≫, ≪Бөкей елінің бір баласы≫, ≪Ғұмар Қараш≫, ≪Ғ.Қ.≫, ≪Ғ. Мұштақ≫, ≪Ғабдолла Мұштақ≫, ≪Оразақай≫, «Қазақаев≫, ≪Ғұмар Қарашев≫ деген есімдермен жариялап отырған. Ғұмар қаласы шығармалары мектеп оқулықтарында, орыс тілінде жарық көрген «Қазақ поэзиясының антологиясы≫ (1958) мен «Қазақстан ақындары≫ (Ленинград, 1978) жинағында, мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған. Өлең, толғаулары мен философия ой-толғамдары және әңгіме, мақалалары ≪Замана≫ деген атпен (А., 1994) жарық көрді.   

 

Көршкті Алаш қайраткері, діндар-ақын Ғұмар Қараш 1875 жылы ішкі Бөкейліктің (қазір Батыс Қазақстан обл Жәнібек ауд.) Қырқұдық деген жерінде дүниеге келген. Ауыл молдасынан хат танығаннан кейін, Жалпақталдағы Ғ.Ғәлікейүлы үстаған медреседе оқиды. 1902-1910 жылдары жиған білімімен ауылында, Тіленшісайда жәдитше бала оқытады. Сол шамада әйгілі Шәңгерей Бөкейүлының шақыруымен Көлборсыға мүғалім болып келеді. Жаңалыққа жаны құмар, имандылық пен дәстүрдің жібін үзбеген әдеби орта қалыптастыруға себепші болады. Қайраткер 1907 жылдан бастап татар және қазақ тіліндегі мерзімді басылымдарға мақала жариялай бастайды.
1911-1913 жылдары алғаш Ордада, кейін Оралда басылған «Қазақстан» газетін шығарысуға, оның саяси-мәдени әлуетін көтеруге атсалысты. Осы кезеңде қазақтың саяси көзін ашатын, рухани байытатын «Ойға келген пікірлерім», «Бала тұлпар», «Аға тұлпар», «Қарлығаш», «Өрнек», «Тумыш», «Бәдел қажы» атты кітаптар жарияланды. Ол Ғабдолла Мүштақ (Алланың зерделі құлы) атты бүркеншікпен «Айқап» журналы мен «Қазақ»газетіне мақалалар жазып тұрды. Орынборда «Шайыр...» және «Коксілдер...» атты жинақ шығарды.
Ғ.Қараш - ұлт идеясын көтеру мен елшілдік мәселесін талдап-таразылауды бірізді және жүйелі жазған қаламгер. Ол XIX ғасырда мұсылмандық Шығысқа ерекше серпін берген, тіпті Қазақ даласындағы Абай сынды даналардың рухани ниегтесіпе айналған Мысыр мүфтиі Мүхамед Абдо мен пәлсапашы Жәлелатдин Афғани реформаларынан хабардар еді. Мысалы, ол "Ойға келген пікірлерім" атты фәлсафалық еңбегінде (1910) Мысырда оқыған, бірақ ізденгісі келмеген бір мұғалімге: "Рух туралы торт кітап оқығаннан гөрі, Мухаммед Ғабдудың (Абдо - Д.Қ.) Бахра сүресі туралы тәфсірін оқығаның дұрысырақ шығар", - деп айтқанын жазады. Әлбетте, Ғұмар бүл жерде басты ислам кітаптарын оқыма деп түрған жоқ. Оның айтпағы - канондарды таптаурын етпей, тазарту һәм тарату турасында болып отыр. Осы ретте рухты оңалту мәселесін түбірлеп зерделеген Ғұмардың ойлары аса бағалы. Санаткер «Өрнек» аталынған еңбегінде (1911): «Адамдар эр ісінде Алланың көрсеткен жолымен жүрмесе, яғни себебіне кіріспесе, ыждағат етпесе, ғылым-әнер үйреніп, орнына қолданбаса, ол адам иман келтіріп, бой ұсынған болып шықпайды. Бұл екпей егін күту һәм әкесіз перзент үміт ету секілді нәрсе», - дейді. Бұрынғы-кейінгі қазақ шындығын осы қағидатпен сараптап жіберсек, «эй, қап!»-қа үн қосып жіберетін жағдайымыз жоқ та емес. Мүны Ғ.Қараш та жақсы аңғарса керек, аталған кітабында: «Өнерсіз, жалқау халықтардың ақырында көрешегі өз алдына, дүниеде-ақ бек ащы жаза тартады. Тартқаны сол: басқа өнерлі, ғылымды елдерге қүл болады. Қара басының билігі, ықтияры болмайды. Адамдар ретінде кіре алмайды, хайуан деуге сорты келмейді. Екі аралық жануар ретінде аяқ астында тапталып, күні мен дінінен бірдей айырылып, ғақпетінде әлек болады», - деп жазады. Мұндағы «ғақпет» - өмірдің сын сәті деген мағына береді. Ағартушының пайымынша, ұлттың күйреуі - оны сақтай алмағандардың ісі ретінде бағаланып, олар Жаратқан алдында күнәсіне қарай жаза тартады.
Қайраткер-ақынның ұлт бірлігіне қатысты да айрықша ойлары бар. Бұл орайда Ж.Афғани пайымына сүйене отырып айтқан Ғ.Қараштың мына пікірі аса маңызды деп білеміз: «Әрбір адам сол милләттің бір ағзасы болғандығы үшін өзіне тиіс болған өнер сұнғатты біліп, дәйім милләтке пайда келтіріп, оның арқылы өз басының тірлігін сақтауға міндетті». Мұны бүгінгі танымға түсінікті етіп айтсақ, мемлекет халқы бір организм (ағза), бір үлт болып, елді көтеретіндей кәсіппен айналысуы қажет. Осының нәтижесінде қоғамның әрбір мүшесі өз орнын анықтайды. Бұл қағидаттың адамзат дамуына ешқандай қайшылығы жоқ.
Елін, жерін аса қадірлеген, сол үшін азаматтықта да, ақындықта да аянып қалмаған Ғұмар адамзат пен ұлтқа ең ділгір қасиет ретінде ар-ожданды атайды. Татардың "Шора" журналында 1911 жылы жарияланған "Ар-ождан - сенім өлшемі" атты мақаласында ол: «Әрбір жағдайда ар-ождан биік тұруы керек. Сонда ғана оның қасиеті жоғары болмақ»,-деп жазады.
Әлбетте, Ғ.Қараш сыны - ұлтқа шын жаны ашыған адамның сыны. Оның елге, замандастарына айтқан ақылын да осы өреде түсінеміз. Заманаға шынайы көзбш қарайтын ақын: «Дүниеде не арзан?» деп сұраушыға «Біздің қазақ жігіттерінің ғұмыры» деп жауап берілсе, бек дұрыс жауап болмақ» дейді. Бұл пәлсапалық сұрақ пен жауап бүгін де көкейкесті естіледі. Қайраткер 1916 жылы бөкейліктер атынан Петерборға барып, Астрахан қазағы басып алған жерді және тиесілі жерді қазаққа орнымен бөліп бер деген өтініш хатты бас министрге тапсырады. 1917 жылы Ордада өткен Бөкей қазақтарының съезіне қатысады. 1917-1919 жылдардағы Алаш козғалысына белсене араласады. Алаш партиясы құрылатын бірінші жалпықазақ съезінің де, Алаш автономиясы жарияланатын екінші жалпықазақ съезінің де ұйымдастыру және өткізу жұмысына белсене қатысады. Өмірлік мәселелер мен діни ахуалды күн тәртібіне қойған Алаш орда үкіметі - Ұлт кеңесі анықталатын екінші сиезде қази болып сайланды. 1918 жылы Ордадағы педагогика техникумында сабақ береді. Сол жылы қыркүйекте Бөкей губерниясының мүғалімдер сиезіне катысады. 1918-1920 жылдары губерниялык кеңестердің төрт съезіне делегат болады. Мұнда мағыналы сөз айтады. 1919 жылы Бөкей губаткомында істейді. Ордада үйымдастырылған айына екі рет шығатын «Мұғалім» атты журналды шығарушылар алқасына кіреді. Ол осы журналда «Педагогика» атты еңбегін жариялайды. 1919 жылы «Дүрыстық жолы» газетінің алқа мүшесі әрі тілшісі болады. 1920 жылы маусымда Бөкейдің II губерниялык партконференңиясында губкомның пленум мүшесі, ал сол жолы I пленумда губкомның үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі болып сайланды. Қайраткер жаңа қоғам жүмысына белсене араласып, халық қамқоршысы ретінде танылды. Сөйткен тұлға 1921 жылы 12 сәуірде Қүнаншапқан деген жерде қашқын әскерилер қолынан қапияда мерт болды. 
Ғұмар Қараш - ойшыл ақын, қоғам қайраткері. Жастайынан жетім қалып, ағайын-туыстарының қамқорлығымен ауыл молдасынан оқып, сауат ашады. 1902 ж. өз ауылында бала оқытады. 1911-13 ж. «Қазақстан» газетінің жұмысына атсалысқан. Сол жылдары Орынбор қаласында Шәңгерей Бөкеевтің қамқорлығымен ел аузынан жинаған әдеби мұраларды құрастырып, ≪Шайыр≫, ≪Көксілдер≫ атты екі жинақ жариялайды. Ғұмap Қараштың ≪Бала тұлпар≫ (Уфа, 1911), «Қарлығаш≫ («Қазан, 1911), ≪Тумыш≫ (Уфа, 1911), ≪Ағатұлпар≫ (Орынбор, 1914), ≪Тұрымтай≫ (Уфа, 1918) аталатын бес поэзиялық, ≪Ойға келген пікірлерім≫ (Орынбор, 1910), ≪Өрнек≫ (Уфа, 1911), ≪Бәдел қажы≫(Қазан, 1913) дейтін үш зерттеу кітабы жарық көрген. Ғұмap Қараш өлең-толғауларында, көсем сөздері мен мақалаларында заман, өмір, дін-шариғат, табиғат, махаббат, т.б. мәселелер туралы толғанады, патша үкіметінің отарлаушылық саясатын, жергілікті әкімдердің екіжүзділігін сынап, халыққа адал қызмет етуге үндейді. Өз тілі мен мәдениетін сақтай отырып, ғылым, білімге ұмтылуды, мәдениетті елдерден үлгі алуды насихаттайды. Өлең-толғаулары философия ой-пікірлерге бай, бейнелі, әсерлі келеді. Ғұмар қаласы 1917 ж. Ақпан ревкомынан кейін ұйымдасқан ≪Алаш≫ партиясына, Алашорда үкіметіне үлкен үмітпен қарап, ≪Алаштың азаматтарына≫ атты арман мен үмітке толы өлеңдерін жариялайды. Ол қоғамды қан төгіспен, күшпен, зорлық-зомбылықпен өзгертуді қаламаған (≪Неден қорқам?≫, ≪Күн туды≫). Бірақ амалсыздан кеңестік кезеңге икемделуге тура келгенін сезініп, рухани толғанысқа түседі.
1917 ж. мамырда Ордада өткен Бөкей қазақтарының съезіне, сол жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда өткен 2-жалпықазақ съезіне қатысып, баяндама жасайды. 1918 ж. Ордадағы педтехникумда сабақ береді, Бөкей губерниясы мұғалімдерінің 1-съезіне (24 қыркүйек, 1918), 1918-20 ж. өткен сол губерния кеңестерінің 1, 2, 3, 4-съездеріне делегат болып қатысады. 1919 ж. Бөкей губерниясы атқару комитетінде қызмет істейді, коммунистік партия мүшелігіне өтеді. Қазақтың тұңғыш педогогика журналы «Мұғалімге» басшылық етеді, сол журналда ≪Педагогика≫ атты еңбегін жариялайды. 1920 ж. Бөкей губерниясы атқару комитетіңде бөлім басқарады.[2] 1921 ж. 12 сәуірде Құнаншапқан деген жерде қарақшылар қолынан қаза тапты. Ғұмар қаласы — 20 ғасырдың бас кезіндегі «Қазақ дұрыстығы≫, «Қазақстан≫, ≪Айқап≫, ≪Дұрыстық жолы≫, ≪Шора≫, ≪Абай≫ сияқты газет-журналдарда мақалаларын жариялаған. Ғұмар қаласы шығармаларын ≪Ғұмар Қараш баласы≫, ≪Ғұмар Қарашұлы≫, ≪Ахунд Ғұмар Қарашұлы≫, ≪Ғұмар әл-Қараши≫, ≪Бөкей елінің бір баласы≫, ≪Ғұмар Қараш≫, ≪Ғ.Қ.≫, ≪Ғ. Мұштақ≫, ≪Ғабдолла Мұштақ≫, ≪Оразақай≫, «Қазақаев≫, ≪Ғұмар Қарашев≫ деген есімдермен жариялап отырған. Ғұмар қаласы шығармалары мектеп оқулықтарында, орыс тілінде жарық көрген «Қазақ поэзиясының антологиясы≫ (1958) мен «Қазақстан ақындары≫ (Ленинград, 1978) жинағында, мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған. Өлең, толғаулары мен философия ой-толғамдары және әңгіме, мақалалары ≪Замана≫ деген атпен (А., 1994) жарық көрді.