Қандастар Ассамблея

Уаххабшылдық

05.12.2012 4162
Уаххабшылдық – Мұхаммад ибн Абд әл-Уаххабтың (1703 – 1792) ілімі және өздерін оның ізбасарлары деп санаушылар бағыты. У. термині Мұхаммад ибн Абд әл-Уаххабтың әкесінің аты “Абд әл-Уаххаб”-тан шыққан. Бұл термин оның іліміне қарсы шыққан өзінің бауыры Сүлеймен ибн Абд әл-Уаххабтың редакциясымен шыққан “ал Саваик ал-илахий фи-л-радд ала-л-Уаххабийа” атты кітаптың атауында алғаш жария болды. Мұхаммад ибн Абд ал-Уаххаб пен оның ізбасарлары өз ілімін ал-мухауаххидун, яғни “Құдайдың жалғыздығын айтушылар” деп атаған. Дегенмен, Мұхаммад ибн Абд ал-Уаххабтың ілімі мен ізбасарлары үшін ал-уахаббийа (уахабшылдық/уаххабизм) атауы кең таралып кетті. Мұхаммад ибн Абд ал-Уаххаб алғашқы білімді өз әкесінен алып, кейіннен Медине, Мекке, Барс және Бағдад қалаларында діни ілім мен шариғатты тереңдете оқыды. Ол 14 ғ-дағы белгілі ойшыл, әр түрлі жаңа әдет-ғұрыптарға қарсы күрес жүргізген Ибн Таймийаның шығармаларын ерекше ықыласпен оқыды және мұсылмандарды діндарлар мен күнәїарлар деп бөлді. Ол Осман сұлтандығының сауда орт-нда жібек киім киіп, темекі шеккен, кофе ішкен, алтыннан әшекей таққандардың бәрін күнәїарлар қатарына жатқызды. Ибн Абд ал-Уаххаб әулиелерге сыйынуды, сопылық пен өлгендерді қасиеттеуді ширк, яғни көп құдайға табынушылық деп санады. Сонымен қатар ол “ғазауатты” әрбір шынайы мұсылманның бірінші парызы деп біліп, оны өздерін мұсылман деп атап, дінді бастапқы, бөтен діндерден кіріккен әдеттермен былғап, көп құдайшылыққа айналдырғандарға қарсы жариялау керек деп есептеді. Осман сұлтандығынан қуылған ибн Абд ал-Уаххаб өз ілімін уағыздау үшін 1740 ж. туған жері Неджге келіп, көпшілік арасында көзқарасын жариялай бастады. Оны жергілікті араб тайпалары қызу қолдады. 19 ғ-дың бас кезінде – уаххабшылар Иракқа басып кіріп, шииттердің қасиетті қалалары – Неджеф пен Кербеланы алды. Олар көп құдайға табынушылық деп тапқан зияраттарды, маңайындағы халықты тонап, бай олжаға ие болды. 1803 ж. уаххабшылар Меккені алып, тез арада исламды реформалау істерін бастап кетті. Мединеде уаххабшылар “Пайғамбар мешітінің” алтын күмбезін құлатып, тонады, сөйтіп Пайғамбарға табынушылыққа қарсылықтарын көрсетті. Уаххабшылардың қол астында қалған әулиелі жерлердің қызметшілеріне ауыртпалық түсіп, зияратшылардың саны азайды. У-тың әскери табыстары Осман сұлтандығын қатты абыржытты. Оларды тоқтату Мысыр пашасы Мұхаммед Әлиге тапсырылды. Ұзаққа созылған соғыстардың нәтижесінде У. көсемі тұтқындалып, 1818 ж. Стамбұлда жазаланды. Бірақ У. сақталып қалды. Уаххабшылар 20 ғ-дың басында Недж мемлекетінде билікті өз қолдарына алып, кейін Хиджазды, Мекке, Медине қалаларын бағындырды. Осы екі аумақты біріктірген Сауд Арабиясы мемлекетінде У. негізгі дін болып орнықты. У. ілімі – таухид ұстанымы мен бұған қарама-қарсы “ширкты” қатаң сынаудан тұрады. Олар Мұхаммад Ибн Абд ал-Уаххабтың “ат-Таухид алладхи хуа ала Әл-Хабид” деген кітабын Құран аяттары мен хадистер тақырыбына байланысты жинақтап, өз іліміне дәлел еткен. Олардың тұжырымы бойынша таухидтың үш түрлі мағынасы бар: таухид ал-рубубийа, таухид ал-улухийа және таухид ал-асма ваӘл-сифат. Таухид ал-рубубийа (Алланың жалғыздығын жариялау) бұл жерде Аллах – жалғыз, әлемнің құдіретті жаратушысы және иесі – деп қарапайым ауызша сенім жариялау. Таухид ал-улухийа-ны олар таухид ал-ибада деп те атайды, бұл Алланың жалғыздығын дәлелдеу, яғни сенім білдірушінің өз ісімен таухид ал-рубубийа-ға сенімін дәлелдеуі. Таухид ал-улухийа олардың тұжырымына сәйкес таухидтың ең маңызды белгісі. Оны орындау ислам мен күпірліктің айырмасын анықтайды. Таухидты бірінші діни міндет дәрежесіне шығарған олар басқа мұсылмандарды сынап, бұл айыптауының дәлелі ретінде олардың діни сенімін білдіру әдістерін ширк деп тапты. Таухид ал-улухийа-ға немқұрайлы қараған кісілер исламнан тыс – мүшрік саналды. У. қандай да болмасын бір жаратылған нәрсеге, яғни мазарларға, тіпті ол Пайғамбардың мазары болса да, қасиетті қара тасты сүюге, кесенеге, әулиелі деп зиярат ететін орындарға сыйынуға тыйым салады. Мазарлардың, күмбездердің, көңіл көтеретін орындарды қиратып, ішімдікке, темекі шегуге, музыкаға, биге және ойынға тыйым салады. Ырымшылдыққа, яғни бақытты, бақытсыз күндерге сену, бақсылық, бал ашуға қарсы болып, пайғамбар атымен немесе оның әулетінің атымен ант қылуға рұқсат етпейді. Мұсылмандардың бәрін, қандай мазхабқа қарайтынына бөлмей бір имамның артынан намаз оқуға міндеттейді. Ширкқа бастайды деген кітаптарды жояды. Ә. Муминов, А. Нұрманова  

Уаххабшылдық – Мұхаммад ибн Абд әл-Уаххабтың (1703 – 1792) ілімі және өздерін оның ізбасарлары деп санаушылар бағыты. У. термині Мұхаммад ибн Абд әл-Уаххабтың әкесінің аты “Абд әл-Уаххаб”-тан шыққан. Бұл термин оның іліміне қарсы шыққан өзінің бауыры Сүлеймен ибн Абд әл-Уаххабтың редакциясымен шыққан “ал Саваик ал-илахий фи-л-радд ала-л-Уаххабийа” атты кітаптың атауында алғаш жария болды. Мұхаммад ибн Абд ал-Уаххаб пен оның ізбасарлары өз ілімін ал-мухауаххидун, яғни “Құдайдың жалғыздығын айтушылар” деп атаған. Дегенмен, Мұхаммад ибн Абд ал-Уаххабтың ілімі мен ізбасарлары үшін ал-уахаббийа (уахабшылдық/уаххабизм) атауы кең таралып кетті. Мұхаммад ибн Абд ал-Уаххаб алғашқы білімді өз әкесінен алып, кейіннен Медине, Мекке, Барс және Бағдад қалаларында діни ілім мен шариғатты тереңдете оқыды. Ол 14 ғ-дағы белгілі ойшыл, әр түрлі жаңа әдет-ғұрыптарға қарсы күрес жүргізген Ибн Таймийаның шығармаларын ерекше ықыласпен оқыды және мұсылмандарды діндарлар мен күнәїарлар деп бөлді. Ол Осман сұлтандығының сауда орт-нда жібек киім киіп, темекі шеккен, кофе ішкен, алтыннан әшекей таққандардың бәрін күнәїарлар қатарына жатқызды. Ибн Абд ал-Уаххаб әулиелерге сыйынуды, сопылық пен өлгендерді қасиеттеуді ширк, яғни көп құдайға табынушылық деп санады. Сонымен қатар ол “ғазауатты” әрбір шынайы мұсылманның бірінші парызы деп біліп, оны өздерін мұсылман деп атап, дінді бастапқы, бөтен діндерден кіріккен әдеттермен былғап, көп құдайшылыққа айналдырғандарға қарсы жариялау керек деп есептеді. Осман сұлтандығынан қуылған ибн Абд ал-Уаххаб өз ілімін уағыздау үшін 1740 ж. туған жері Неджге келіп, көпшілік арасында көзқарасын жариялай бастады. Оны жергілікті араб тайпалары қызу қолдады. 19 ғ-дың бас кезінде – уаххабшылар Иракқа басып кіріп, шииттердің қасиетті қалалары – Неджеф пен Кербеланы алды. Олар көп құдайға табынушылық деп тапқан зияраттарды, маңайындағы халықты тонап, бай олжаға ие болды. 1803 ж. уаххабшылар Меккені алып, тез арада исламды реформалау істерін бастап кетті. Мединеде уаххабшылар “Пайғамбар мешітінің” алтын күмбезін құлатып, тонады, сөйтіп Пайғамбарға табынушылыққа қарсылықтарын көрсетті. Уаххабшылардың қол астында қалған әулиелі жерлердің қызметшілеріне ауыртпалық түсіп, зияратшылардың саны азайды. У-тың әскери табыстары Осман сұлтандығын қатты абыржытты. Оларды тоқтату Мысыр пашасы Мұхаммед Әлиге тапсырылды. Ұзаққа созылған соғыстардың нәтижесінде У. көсемі тұтқындалып, 1818 ж. Стамбұлда жазаланды. Бірақ У. сақталып қалды. Уаххабшылар 20 ғ-дың басында Недж мемлекетінде билікті өз қолдарына алып, кейін Хиджазды, Мекке, Медине қалаларын бағындырды. Осы екі аумақты біріктірген Сауд Арабиясы мемлекетінде У. негізгі дін болып орнықты. У. ілімі – таухид ұстанымы мен бұған қарама-қарсы “ширкты” қатаң сынаудан тұрады. Олар Мұхаммад Ибн Абд ал-Уаххабтың “ат-Таухид алладхи хуа ала Әл-Хабид” деген кітабын Құран аяттары мен хадистер тақырыбына байланысты жинақтап, өз іліміне дәлел еткен. Олардың тұжырымы бойынша таухидтың үш түрлі мағынасы бар: таухид ал-рубубийа, таухид ал-улухийа және таухид ал-асма ваӘл-сифат. Таухид ал-рубубийа (Алланың жалғыздығын жариялау) бұл жерде Аллах – жалғыз, әлемнің құдіретті жаратушысы және иесі – деп қарапайым ауызша сенім жариялау. Таухид ал-улухийа-ны олар таухид ал-ибада деп те атайды, бұл Алланың жалғыздығын дәлелдеу, яғни сенім білдірушінің өз ісімен таухид ал-рубубийа-ға сенімін дәлелдеуі. Таухид ал-улухийа олардың тұжырымына сәйкес таухидтың ең маңызды белгісі. Оны орындау ислам мен күпірліктің айырмасын анықтайды. Таухидты бірінші діни міндет дәрежесіне шығарған олар басқа мұсылмандарды сынап, бұл айыптауының дәлелі ретінде олардың діни сенімін білдіру әдістерін ширк деп тапты. Таухид ал-улухийа-ға немқұрайлы қараған кісілер исламнан тыс – мүшрік саналды. У. қандай да болмасын бір жаратылған нәрсеге, яғни мазарларға, тіпті ол Пайғамбардың мазары болса да, қасиетті қара тасты сүюге, кесенеге, әулиелі деп зиярат ететін орындарға сыйынуға тыйым салады. Мазарлардың, күмбездердің, көңіл көтеретін орындарды қиратып, ішімдікке, темекі шегуге, музыкаға, биге және ойынға тыйым салады. Ырымшылдыққа, яғни бақытты, бақытсыз күндерге сену, бақсылық, бал ашуға қарсы болып, пайғамбар атымен немесе оның әулетінің атымен ант қылуға рұқсат етпейді. Мұсылмандардың бәрін, қандай мазхабқа қарайтынына бөлмей бір имамның артынан намаз оқуға міндеттейді. Ширкқа бастайды деген кітаптарды жояды.
Ә. Муминов, А. Нұрманова
 

Ұқсас материалдар