Қандастар Ассамблея

Киелі өлкедегі құнды жәдігер

05.12.2012 4761
  Қазақ даласы ежелден тарихи-мәдени құндылықтарға өте бай. Солардың ішінде тарихи-мәдени ескерткіштеріміз туралы айтпай өтуге болмайды. Себебі, әрбір мемлекет,  әрбір халық өзінің мәдени мұрасына ерекше көңіл бөлген. Біздің елімізде көптеген тарихи-мәдени ескерткіштер бар.  Атап айтар болсақ Оңтүстікте Қ.А.Ясауи кесенесі, Тараз қаласында Айша бибі, Қарахан, Бабажа Хатун, Тектұрмас, орталық Қазақстанда Жошы хан күмбезі, Жезқазған облысында Алаша хан күмбезі бар. Ескерткіштер тарихта қалған елеулі оқиғалармен тығыз байланысты. Олай деуімізге қалалар мен елді мекендердің өсуі, жаңа құрылыстардың салынуы, сәулет өнерінің тың үлгілерінің дүниеге келуі себеп бола алады. Салынып жатқан құрылыстардың әрі мықты, әрі әдемі көріну үшін құрылысшылар тынбай ізденуінің арқасында құрылысқа көрік берер түрлі ою өрнектер дүниеге келген болатын. Сол заманның өзінде қалаларда патша сарайы, хан сарайы мешіт медресе, кесене, мұражай секілді зәулім де сәнді ғимараттар бой көтерген. Сол кезден-ақ сәулет өнеріне халық ерекше ықылас танытқан-ды. Бұлардың барлығы ескінің көзі, тарихтың куәсі болып ұрпақтан ұрпаққа жетіп отырған. Тарихта өзіндік ерекше орын алған ескерткіштер көптеп кездеседі. Солардың бірі де бірегейі – қаламыздағы Ясауи кесенесі. Кесене XIV ғасыр соңында салынған. Әйгілі жиһангез Әмір Темірдің бастауымен салынған бұл кесене қазақ жерінде мәңгілік өшпес ескерткішке, келер ұрпаққа қалдырған мол мұраға айналған. Кесене тікелей ЮНЕСКО-ның қорғауында. Ұрпақтан ұрпаққа  мирас болып келе жатқан асыл мұрамызды көздің қарашығындай сақтау, оны келер ұрпаққа жеткізу болашақтың еншісінде. Елбасымыз тәуелсіздік алғаннан  бері мәдени мұраларымызға ерекше көңіл бөліп келеді. Осыған орай «Мәдени мұра» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Осы бағдарлама аясында көптеген іс-шаралар атқарылып келеді. Оңтүстік өңірінде ерекшеленіп тұратын бұл кесенеге ат басын бұрмайтын адам кемде кем. Кесене жергілікті халықтың ғана емес, сонымен қатар алыс-жақын шетелдің де назарын аудартады. Сонымен қатар шетелдік қонақтардың тамсана тамашалайтын, тарихи тағылымы мол құнды жәдігерлеріміздің бірі. Туризм саласын дамытуда қосар үлесі ерекше. Тарихымыздың, елдігіміздің, ұлттық болмысымыздың көзіндей болған құнды да асыл жәдігерлерімізді сақтау – біздің парызымыз. Қ.А.Ясауи кесенесінің киелі Түркістан жерінде салынуы текте тек емес. Бұл да бір қазақ халқының маңдайына біткен бақыт деуге тұрарлық. Сәулесі алыстан көз тартатын бұл кесенеде қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Осындай асыл да көне қазынамызды келер ұрпаққа аманаттау алдымызға қойылған парыздардың бастысы екенін ұмытпағанымыз абзал.    

Ұқсас материалдар