Қандастар Ассамблея

Агрономия

05.12.2012 8684
  Агрономия — диханшылық туралы ғылым. Диханшылықтың тарихы өте ертеден басталды. Агрономия agrуs – танап, егіс және nуmos – заң дегенді білдіреді. Шығыс елдерінде (Мысыр, Үндістан, Қытай, т.б.) дихандар егіншілік ережелерін, астрономиялық білімдерді, күнтізбені пайдаланған. Оны ұрпақтан-ұрпаққа ауызша жеткізіп отырған. Қазақстан аумағында неолит дәуірінен бастап егіншілік дами бастады. Мәселен, Усть-Нарым қонысында (Шығыс Қазақстан) табылған қыстырма орақтар егіншіліктің болғанын көрсетеді. Негізінде бидай, қара бидай, тарыны өзендердің жайылмаларындағы шағын алқаптарға еккен. Біздің заманымыздан бұрынғы 1 мың жылдықтың аяғында мал өсіретін ірі-ірі қауымдармен бірге егіншілікпен айналысатын адамдар қоныстары да пайда болды. Астық тұқымдас дақылдарды таулы және жазық жерлерде өсіре бастады. Сырдария өзенінің жағалауында, сақтардың Шірік-рабат, Бәбіш-Молда, Баланды тұрақтарында суару жүйелерін (арналарды) пайдаланған. 60 шаршы м-ден 150 шаршы м-ге дейін өңделген шағын танаптардың іздері Жоңғар Алатауы, Шолақ (Іле аңғарларында) және Шу-Іле (Шу аңғары) тауларының қойнаулары мен баурайларында Қырғыз Алатауының (Талас аңғарында) кездеседі. Жетісуда суармалы егіншілік қана емес, сонымен қатар суарылмайтын тәлімі егіншілік түрі де қолданылған. Біздің заманымыздың 3 ғасырында қазақ жерінде бау-бақша және тәлімі егіншілік дами түсті. Ал грек және рим философтары (Гесиод, Аристотель, Варрон, Колумелла, т.б.) Біздің заманымыздан бұрынғы 8 – 4 ғасырларда топырақ өңдеу, дақыл өсіру, ауыл шаруашылық ұйымдастыру ережелерін жазбаша жинақтай бастады. Сол еңбектердің кейбір қағидалары: арамшөптермен күресу, тыңайтқыштар қолдану, агротехниканың топырақ, климат жағдайына, өсімдіктің түрі мен сортына байланыстылығы кейін агрономия ғылымының негізгі болып қаланды. Орта ғасырларда Батыс Еуропаның кейбір елдерінде егіншіліктің тыңайған жүйесі дәнді, сүрі жер жүйесімен алмастырылды. Америка құрлығы ашылып, Батыс Еуропаға картоптың, жүгерінің, темекінің жаңа сорттары әкелінді. 18 ғасырдың 2-жартысында Антуан Лавуазье, Джозеф Притсли, т. б. өсімдіктер көмір қышқыл газымен тіршілік ететінін ашты. Сол кезеңде Англияда егіншіліктің сүрі жер жүйесі егіншіліктің ұрық алмастыру жүйесіне ауыстырылды. Агрономия 19 ғасырдың 2-жартысынан бастап тез дами бастады. Осы кезеңде өсімдік физиологиясы, химиясы, кейіннен микробиологиясы өз алдына ғылым саласы болып бөлінді. 20 ғасырда Батыс Еуропа, Америка, Ресей елдерінде топырақ эрозиясымен күресу, тыңайтқыштар шашу, ауыл шаруашылық өсімдіктерінің жаңа тұқымдарын шығару ғылыми жолға қойылды. Агрономияның міндеті: өсімдіктің өсуіне қолайлы жағдай туғызу, олардың өнімділігін арттыру, өсімдік селекциясын жақсарту, топырақ құнарлылығын қалпына келтіру және арттыру екендігі айқындалды. Қазақ жерінде агрономиялық ғылми-зерттеу жұмыстары Темір (1907), Семей (1911) тәжірибе танаптары ашылғаннан кейін кәсіби жолға қойылды. 1925 – 32 ж. Қазақстанда өлкені зерттеу қоғамы құрылды. Алматы, Семей, Орал, т.б. қалаларда ауыл шаруашылық мамандарын дайындайтын мектептер, курстар, техникумдар ашылды. Оларда оқу-ағарту ісімен бірге ғылыми-зерттеу жұмыстары да жүргізілді. 1924 ж. өсімдік қорғау стансасы (1958 жылдан Қазақ өсімдік қорғау ғылыми-зерттеу институты), 1926 ж. Тыңайтқыш және агрономиялық топырақтану институты (1934 жылдан Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институты) және 1929 ж. құрамында ботаника бөлімі бар Топырақтану институты (1934 жылдан Қазақстан Ғылым академиясының Топырақтану институты) ұйымдастырылды. Қазақ ауыл шаруашылық институты (1930) және ВАСХНИЛ-дің Қазақ филиалы (1940) құрылғаннан бастап агрономия ғылымы бір жүйеге түсіп зерттеле бастады. Соның нәтижесінде Қазақстан ғалымдары егіншіліктің топырақ қорғау жүйесінің негізі – топырақты су және жел эрозиясынан қорғайтын сыдыра жыртып өңдеу әдісін тапты. Кезінде сол үшін бір топ ғалымдарға (Александр  Бараев, т.б.)  Лениндік сыйлық (1972) берілді. 1939 – 45 жылдары Ақтөбе облысының Ойыл ауданындағы «Құрман» ұжымшарының диханы Шығанақ Берсиев тары шығымдылығын арттыруда дүниежүзілік рекорд жасады. Ол әр гектардан: 1940 ж. 155,8 ц; 1941 ж. 165 ц; 1942 ж. 175 ц; ал 1943 ж. 201 ц өнім жинады. Сондай-ақ Ыбырай Жақаев (Қызылорда облысы, Шиелі ауданы) бекітілген егістің әр гектарынан орта есеппен 80 – 90 ц (1942 – 66), ал тәжірибе телімшесінің әр гектарынан 171 ц күріш алды.  Қазақстанда агрономия  ғылымының салалары: егіншілік, агрохимия, топырақтану, өсімдік өсіру, т.б. өз алдына жеке сала ретінде дамыған.   

Ұқсас материалдар