Қандастар Ассамблея

Нан қадірін қастерлейік

05.12.2012 4672
  Әжем балалық шағында кез келген тамақтың дәмін ұната бермейді екен. Тамақтың дәмін татып көрмей жатып-ақ:   - Мен оны жақсы көрмеймін. Жегім келмейді, - деп оны жемей қояды екен. Сондықтан әжемнің бойы кішкентай болып өспей қалыпты.    Бір күні әжесі әжеме: «Сен ұнатпаған тамақтарыңды тауып жей алмай жүрген қаншама адам бар. Сен болсаң дәмін татпай жатып ұнатпағанды айтасың. Бұл тамақтарды ағзаларға беруің керек. Әйтпесе өсіп жетілмей қаласың» - деп әңгімесін әрі қарай былай жалғастырыпты.   Бір заманда шалғай бір ауылда Дүмпіл және Өмір деген ерлі зайыптылар өмір сүріпті. Бұлардың Осман деген жалғыз балалары болыпты. Осман өте ерке тентекбала екен. Алдына әкелген тамақты жемей, әйтеуір бір мін таба беріпті. Аузына нан да салмапты. Тәтті бәліш, самсаларды көргенде күлімдеп кетеді екен. Тойғанынша тек тәттілерді жей беріпті. Анасы оның қарны ашып қалмасын деп дастарқанын тәттілерден үзбейтін болыпты.    Жылдар жылжып өтіп жатыпты. Осман өсіп бозбала болып жетіліпті. Ал әкесі болса, белі бүкірейіп қартайып, бұрынғы жұмысына шамасы келмейтін болыпты. Осман ерке өскені үшін егістікте, бау-бақшада жұмыс істей алмапты. Жағдайлары күн өткен сайын нашарлай беріпті. Бір күні Осман қалаға барып, ақша табуға бел буыпты. Естулерінше қалада жұмыс қиын емес екен.    Анасы Дүмпіл үйінде қалғандары мен тапқан-таянғандарын жинап, ұлына тәтті тоқаш және нан пісіріп, қоржынына салыпты. Мұны көрген Осман: «Анашым, менің нан жемейтінімді білесің ғой. Неге салып жатырсың?» - деп анасына қарсы шығыпты. Сол кезде анасы: «Қоржында бос орын бар ғой. Әлі көресің, бұл нан да тоқаш сияқты тәтті болады» - депті. Осман анасының бұл сөздерінен ешнәрсе түсінбесе де, анасының көңіліне қарап үндемепті.    Сөйтіп, Осман әке-шешесінің батасын алып, жолға шығыпты.    Қалаға келіп жұмыс іздеуге кірісіпті. Қалада Османды қандай жұмыс күтіп тұрсын. Үш күн, бес күн деп жүргенде он күн өтіпті. Бірақ ешқандай жұмыс таба алмапты. Тіпті тоқаштары да бітіп, қоржынының түбінде тек қана анасы салып берген нан ғана қалыпты.    Ақырында Осман шаршап-шалдығып, діңкесі қашып келе жатып, қоржынындағы нанға көзі түсіпті. Ішінен:   - Е, Аллаһ! Анам бұлардың тәтті тоқаш болатынын айтып еді. Қанша күн өтсе де, әлі тоқаш болмапты, - деп таң қалыпты. Ақыры қарны ашып, шыдай алмай нанды жеуге кірісіпті. Сонда ғана Осман анасының не дегісі келгенін түсініпті. Адам аш қалғанда ғана бір тілім қатты нанның өзі тамаққа да тәтті, дәмді болатынын түсініпті. Нанның оңай табылмайтынын түсініп, қадіріне енді жетіпті.    Сөйтіп, Осман бірнеше күннен кейін жұмыс тауыпты да тамақтарды талғап ішуді тоқтатыпты.   

 

Әжем балалық шағында кез келген тамақтың дәмін ұната бермейді екен. Тамақтың дәмін татып көрмей жатып-ақ:
 
- Мен оны жақсы көрмеймін. Жегім келмейді, - деп оны жемей қояды екен. Сондықтан әжемнің бойы кішкентай болып өспей қалыпты. 
 
Бір күні әжесі әжеме: «Сен ұнатпаған тамақтарыңды тауып жей алмай жүрген қаншама адам бар. Сен болсаң дәмін татпай жатып ұнатпағанды айтасың. Бұл тамақтарды ағзаларға беруің керек. Әйтпесе өсіп жетілмей қаласың» - деп әңгімесін әрі қарай былай жалғастырыпты.
 
Бір заманда шалғай бір ауылда Дүмпіл және Өмір деген ерлі зайыптылар өмір сүріпті. Бұлардың Осман деген жалғыз балалары болыпты. Осман өте ерке тентекбала екен. Алдына әкелген тамақты жемей, әйтеуір бір мін таба беріпті. Аузына нан да салмапты. Тәтті бәліш, самсаларды көргенде күлімдеп кетеді екен. Тойғанынша тек тәттілерді жей беріпті. Анасы оның қарны ашып қалмасын деп дастарқанын тәттілерден үзбейтін болыпты. 
 
Жылдар жылжып өтіп жатыпты. Осман өсіп бозбала болып жетіліпті. Ал әкесі болса, белі бүкірейіп қартайып, бұрынғы жұмысына шамасы келмейтін болыпты. Осман ерке өскені үшін егістікте, бау-бақшада жұмыс істей алмапты. Жағдайлары күн өткен сайын нашарлай беріпті. Бір күні Осман қалаға барып, ақша табуға бел буыпты. Естулерінше қалада жұмыс қиын емес екен. 
 
Анасы Дүмпіл үйінде қалғандары мен тапқан-таянғандарын жинап, ұлына тәтті тоқаш және нан пісіріп, қоржынына салыпты. Мұны көрген Осман: «Анашым, менің нан жемейтінімді білесің ғой. Неге салып жатырсың?» - деп анасына қарсы шығыпты. Сол кезде анасы: «Қоржында бос орын бар ғой. Әлі көресің, бұл нан да тоқаш сияқты тәтті болады» - депті. Осман анасының бұл сөздерінен ешнәрсе түсінбесе де, анасының көңіліне қарап үндемепті. 
 
Сөйтіп, Осман әке-шешесінің батасын алып, жолға шығыпты. 
 
Қалаға келіп жұмыс іздеуге кірісіпті. Қалада Османды қандай жұмыс күтіп тұрсын. Үш күн, бес күн деп жүргенде он күн өтіпті. Бірақ ешқандай жұмыс таба алмапты. Тіпті тоқаштары да бітіп, қоржынының түбінде тек қана анасы салып берген нан ғана қалыпты. 
 
Ақырында Осман шаршап-шалдығып, діңкесі қашып келе жатып, қоржынындағы нанға көзі түсіпті. Ішінен:
 
- Е, Аллаһ! Анам бұлардың тәтті тоқаш болатынын айтып еді. Қанша күн өтсе де, әлі тоқаш болмапты, - деп таң қалыпты. Ақыры қарны ашып, шыдай алмай нанды жеуге кірісіпті. Сонда ғана Осман анасының не дегісі келгенін түсініпті. Адам аш қалғанда ғана бір тілім қатты нанның өзі тамаққа да тәтті, дәмді болатынын түсініпті. Нанның оңай табылмайтынын түсініп, қадіріне енді жетіпті. 
 
Сөйтіп, Осман бірнеше күннен кейін жұмыс тауыпты да тамақтарды талғап ішуді тоқтатыпты. 
 

Ұқсас материалдар