Ас-су режимі

05.12.2012 4455
Ас-су режимі — су мен тұздық организмдегі қалыпты тепе-теңдігін сақтауға мүмкіндік береді Және организм тіршілігіне қолайлы жағдай туғызады. Ас-су режимі тамақ режимімен тығыз байланысты. Сұйықты ретсіз, артық қабылдау ас қорытуды нашарлатады, жүрек-қан тамырлары жүйесіне және бүйрекке қосымша күш түсіреді, организм ге қажетті заттардың бүйрек және тер бездері арқылы шамадан тыс көп бөлініп шығуына әкеліп соқтырады. Тіпті уақытша ғана мөлшерден көп су ішудің өзі бұлшық еттің жұмыс істеу жағдайын бұзады, тез шаршатады. Суды жеткіліксіз ішу де организмнің қалыпты қызметін бұзады: дененің салмағы азаяды, қанның тұтқырлығы көбейеді, дене қызуы көтеріледі, тамыр соғуы мен тыныс алу жиілейді, шөл қысып, жүрек көтереді, адамның жұмыс істеу қабілеті кемиді. Организмнің қалыпты қызметін қолдап тұруға қажетті судың ең аз мөлшері (ас-су нормасы) негізінен адамның жас шамасына, белсенді дене еңбегіне, тамақ рационына, климат жағдайына байланысты. Балаларға тәулігіне 80—160 мл су беру керек. Орталық аймақтарда тұратын, дене еңбегімен барынша аз айналысатын ересек адамдар үшін ас-су нормасы 2,5 л (дене салмағының 1 кг-на 35—40 мл); бала емізетін әйелдер тәулігіне 1 л-ге жуық қосымша су ішуі керек. Ыстық климатта тұратын, ыстық цехтарда жұмыс істейтін, ұзақ уақыт бойы және едәуір күш түсіретін дене еңбегімен айналысатын (жаттығу, жарыстар т. б. кезінде) адамдардың ас-су режимін дұрыс сақтауының маңызы өте зор. Климаты ыстық аудандардың тұрғындары шөлін тамақ ішкеннен кейін ғана қандырғаны және екі астық арасындағы уақытта сұйық ішуді қатаң шектегені жөн. Және де ас-су режимі тамақтанудың аралас режимімен (тамақты күннің неғұрлым салқын уақытында ішу) және ерекше рациондармен (витаминдерге, экстрактілі және минералды заттарға бай тағамдарды ішу) ұштастырылып отыруға тиіс. Шай шөлді жақсы қалдырады; ол сілекейдің бөлінуін көбейтеді, ауызды құрғагпайды, суға жеміс пен көкөніс шығындарын, жеміс сироптарын қосуға болады. Ыстілқ цехтарда газды су немесе кепкен жемістің тұнбасын ішкен жөн. Спортпен шұғылданушылар шөлін жаттығу аяқталғаннан кейін ғана қандыруы керек (жаттығуды орындау барысында ауызды сумен шайып қана таңдай жібіткен дұрыс). Денеге көп күш түсуге байланысты (жаттығудан спорт жарыстарынан, булы моншаға түсіп шыққаннан кейін, т. б.) дене салмағы едәуір кемігенде суды аз-аздап ішкен жөн.  

Ас-су режимі — су мен тұздық организмдегі қалыпты тепе-теңдігін сақтауға мүмкіндік береді Және организм тіршілігіне қолайлы жағдай туғызады. Ас-су режимі тамақ режимімен тығыз байланысты. Сұйықты ретсіз, артық қабылдау ас қорытуды нашарлатады, жүрек-қан тамырлары жүйесіне және бүйрекке қосымша күш түсіреді, организм ге қажетті заттардың бүйрек және тер бездері арқылы шамадан тыс көп бөлініп шығуына әкеліп соқтырады. Тіпті уақытша ғана мөлшерден көп су ішудің өзі бұлшық еттің жұмыс істеу жағдайын бұзады, тез шаршатады. Суды жеткіліксіз ішу де организмнің қалыпты қызметін бұзады: дененің салмағы азаяды, қанның тұтқырлығы көбейеді, дене қызуы көтеріледі, тамыр соғуы мен тыныс алу жиілейді, шөл қысып, жүрек көтереді, адамның жұмыс істеу қабілеті кемиді.

Организмнің қалыпты қызметін қолдап тұруға қажетті судың ең аз мөлшері (ас-су нормасы) негізінен адамның жас шамасына, белсенді дене еңбегіне, тамақ рационына, климат жағдайына байланысты. Балаларға тәулігіне 80—160 мл су беру керек. Орталық аймақтарда тұратын, дене еңбегімен барынша аз айналысатын ересек адамдар үшін ас-су нормасы 2,5 л (дене салмағының 1 кг-на 35—40 мл); бала емізетін әйелдер тәулігіне 1 л-ге жуық қосымша су ішуі керек. Ыстық климатта тұратын, ыстық цехтарда жұмыс істейтін, ұзақ уақыт бойы және едәуір күш түсіретін дене еңбегімен айналысатын (жаттығу, жарыстар т. б. кезінде) адамдардың ас-су режимін дұрыс сақтауының маңызы өте зор. Климаты ыстық аудандардың тұрғындары шөлін тамақ ішкеннен кейін ғана қандырғаны және екі астық арасындағы уақытта сұйық ішуді қатаң шектегені жөн. Және де ас-су режимі тамақтанудың аралас режимімен (тамақты күннің неғұрлым салқын уақытында ішу) және ерекше рациондармен (витаминдерге, экстрактілі және минералды заттарға бай тағамдарды ішу) ұштастырылып отыруға тиіс. Шай шөлді жақсы қалдырады; ол сілекейдің бөлінуін көбейтеді, ауызды құрғагпайды, суға жеміс пен көкөніс шығындарын, жеміс сироптарын қосуға болады. Ыстілқ цехтарда газды су немесе кепкен жемістің тұнбасын ішкен жөн. Спортпен шұғылданушылар шөлін жаттығу аяқталғаннан кейін ғана қандыруы керек (жаттығуды орындау барысында ауызды сумен шайып қана таңдай жібіткен дұрыс). Денеге көп күш түсуге байланысты (жаттығудан спорт жарыстарынан, булы моншаға түсіп шыққаннан кейін, т. б.) дене салмағы едәуір кемігенде суды аз-аздап ішкен жөн.
 

Ұқсас материалдар