Түркістан қаласының тарихи-мәдени этнографиялық орталығы

05.12.2012 6600
Тарихи-мәдени этнографиялық орталық — Түркістан қаласында орналасқан тарихи-этнографиялық мұражай, қазақ халқының мұрасы мен рухани қазынасының қайнар көзі саналатын этноорталық. Тарихы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында ашылған орталық 2010 жылдың наурыз айынан бастап салына бастаған. Алматы қаласындағы Аманжол Найманбай басшылық ететін «Этнодизайн Қазақ – 2030» ЖШС-нің ұжымы құрылысты 9 ай ішінде аяқтап, сол жылдың желтоқсан айында ол пайдалануға берілген. Түркістандағы «Тарихи-мәдени этнографиялық орталықтың» ашылуы қаланың тарихи-мәдени өміріндегі елеулі оқиға болды. Орталықтың ашылу салтанаты 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнінің қарсаңында ұйымдастырылып, сол кезден бастап мұражай халыққа қызмет көрсете бастады. Негізгі мақсаты – халықты Түркістанның рухани өмірінен, тарихынан хабардар етіп, оның ел мәдениетінде алар орнын, маңызын орталық қорындағы тарихи жәдігерлер жинағы арқылы көрсету. Орталықтың міндеті – болашақта Түркістан тарихынан сыр шертетін ғылыми-зерттеу орталығына айналдыру. «Әрбір халық, әрбір тәуелсіз мемлекет өзінің рухани орталығын нақтылап алуы керек. Қазақстанның рухани орталығы – Түркістан» деген Елбасының пікірін негізге ала отырып ашылған «Тарихи-мәдени этнографиялық орталық» болашақта Түркістан тарихын зерделейтін ғылыми-зерттеу орталығына айналмақ. Музей қоры Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2007 жылғы 23 ақпанындағы №45 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мұражай қорын қалыптастыру және сақтау ережесіне сәйкес жұмыс жасайды, ереже бойынша мұражай қорын қалыптастыру төмендегідей жүзеге асырылады делінген: 1.    Мұражай жәдігерлері мұражай жинақтарын иеленушісінен сатып алу жолымен; 2.    Жеке және заңды тұлғалардан сый немесе мұра ретінде қабылданған заттар есебінен; 3.    Сот арқылы немесе өзгеде осындай құзыреті бар мемлекеттік органдардың шешімі арқылы тәркіленген мұражайлық маңызы бар жинақтардың немесе жекелеген заттардың есебінен; 4.    Археологиялық экспедициялардың нәтижесінде немесе өзге де жағдайларда табылған тарихи-көркемдік құндылықты құрайтын заттардың және көмбелердің есебінен толықтырылып отырады. Орталық сонымен қатар оқушыларға тәрбие беруде де маңызды рөл атқарады. Республиканың барлық аумағында «Тарихи-мәдени этнографиялық орталықпен» таныстыру мақсатында ұйымдастырылған оқушылар экскурсиясы құрылып, Түркістан қаласына ағылуда. Орталықта Түркістанның төл тарихына арналған музейлік экспозиция жасақталған. Орталыққа қарасты Түркістан қаласында Н.Оңдасынов атындағы тарихи-мемориалдық мұражайы атты филиал жұмыс жасайды. Тәрбие беру жұмысы тәжірибесінде мектеп мұғалімдерінің мұражайлармен байланыстарының мұражайда жүргізілетін оқу сапарын бірге дайындау, ұйымдастыру; мұражай сабағын дайындауда мұғалім мен мұражай қызметкерінің байланысы; мұражай мұрағаттарын көрнекі құрал ретінде пайдалану; тәрбиелік мәні бар іс-шараларды бірге ұйымдастыру; мұғалімдер үшін мұражайда дәрістер, семинарлар, конференциялар өткізу; мектепке мұражай ұйымдастыруға көмегі сынды әр түрлі формалары қалыптасқан. Орталықтың музейлік экспозициясы 3800 шаршы метрді қамтиды. Ғимарат 3 қабаттан, 5 көрме залынан, конференция залынан, қолөнершілердің шеберханасы және тарихшылардың зерттеу жұмыстарына арналған бөлмелерден тұрады. Орталықтың бірінші қабатында Ерте дәуірдегі Түркістан тарихы, орта ғасырлардағы Түркістан тарихы, Шыңғысхан мен Әмір Темір дәуіріндегі Түркістан тарихы және Оңтүстік Қазақстан жеріне Ислам дінінің таралу тарихын көрсететін көптеген экспозициялар қойылған. Екінші қабатта «Қазақ хандығы және Түркістан – Қазақ хандығының Ақ Ордасы» атты экспозициялық зал орналасқан. Үшінші қабатта «Тәуелсіз Қазақстандағы жаңа Түркістан» атты экспозициялар қойылған. Мұнда Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі Түркістан қаласында салынған ғимараттар мен болашақта салынатын жаңа Түркістанның макеттері қойылған. Біздің дәуірімізден 1 миллион жыл бұрын өмір сүрген "тік жүретін адамнан" бастап, өз замандастарына дейінгі кезеңдерді қамтитын, ғасырлар қойнауынан жұмбақ сыр шертетін орталықтың экспозициясы негізгі сегіз ірі бөлімнен тұрады, олар: "Ерте дәуірдегі Түркістан тарихы" "Орта ғасырлық Түркістан тарихы" "Шыңғыс хан мен Әмір Tемір дәуіріндегі Түркістан тарихы" "Оңтүстік Қазақстан жеріне Ислам дінінің таралу тарихы" "Қожа Ахмет Ясауи ілімі мен мұрасы" "Қазақ хандығы тарихы және Түркістан – қазақ хандығының Ақордасы" 19-20 ғасырлардағы Түркістан тарихы" "Тәуелсіз Қазақстандағы жаңа Түркістан" Аталған тақырыптар бойынша дайындалған экспозиция орталықтың үш қабатына толығымен орналасқан. Төменгі қабатта қызметкерлер үшін бөлмелер қарастырылған. Орталықтың экспозициясы 1770 құнды жәдігерлермен қамтылған, оның ішінде негізгісі - 1313, қосалқы - 457. Сондай-ақ орталықта ежелгі заманнан бастап қазіргі заманғы бұйымдар мен құнды материалдар қойылған. Мәселен, тігін машинасы, үтік, киіз үй, ескі компьютер, күміс білезік, сақина, зеңбірек, садақ, музыкалық аспаптар, қару-жарақтар, қыш ыдыстар, Тайқазан макеті, 2011 жылғы қысқы Азия ойындарының қуыршағы, «Алтын адамның» мүсіні, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің макеті, болашақтағы Түркістанның көрінісі, т.б. Орталықтың екінші қабатының оң қанатындағы экспозициясынан Түркістан қаласының 19-20 ғғ. тарихын көруге болады. Соның ішінде музейге келушілерді осы аймақтың қолөнер шеберлерінің жасаған зергерлік бұйымдары өте қатты қызықтырады. Бұл экспозициядан қазақ шеберлерінің зергерлік бұйымдарды жасауда сан алуан техникалық тәсілдерді жетік меңгергенін аңғаруға болады. Өмір салтының көшпелі болуына қарамастан, олардың зергерлік кәсіпте биік техникалық және эстетикалық деңгейге көтерілуі көптеген туристерді таң-тамаша қалдырады. Оның үстіне Қазақстан жерінде мыс, жез, темір және күміс пен алтын сияқты металдардың бай қоры болғандықтан, оларды өңдеу арқылы әсемдік бұйымдар жасау ісі өте көне замандардан бастау алады. Қазақ зергерлері, негізінен, түсті металдардан сан алуан әсемдік бұйымдар жасаған. Әсіресе, күмістен соғылған сырғалар, шолпы, шекелік, алқа, жүзік, білезіктер, қапсырмалар мен түймелер секілді көптеген сәндік әшекейлер ертеден-ақ кең тараған бұйымдар қатарына жатады. Зергерлік өнердің ғасырлар бойы үздіксіз дамуының нәтижесінде 19 ғасырдың басында қазақ халқының дәстүрлі қолөнері айтарлықтай жоғары деңгейге көтерілді. Музей экспозициясына шығарылған зергерлік бұйымдар осы 19-20 ғасырларға тән. Олар музейді ашу кезіндегі ұйымдастыру жұмысы барысында оңтүстік өңірдің тұрғындары арасынан жинақталған. Мұражайдың негізгі жәдігері ретінде Хан мен Ханшаның «Отау жүзіктерін» атауға болады. Күміс жүзік пен сақина киіз үй формасында жасалған. Бірнеше қанық түсті эмальмен боялған әсем жүзіктерге асыл тастардан ерекше нәзік етіліп көздер орнатылған. Сонымен қатар, Батыс Қазақстан өңіріне тән, қазақтың кіші жүзінен шыққан қыздарына арнайы жасалатын, ортасына таңбалар салынған, ерекше зерленіп жасалған күміс жүзіктер де мұражайдың мақтануға тұратын жәдігері болып табылады. Сондай-ақ Қазақстанның оңтүстік өңіріне тән «Құс тұмсық» жүзіктерінің, сырғаларының, алқалар мен өңір әшекейлерінің де сан алуан түрлері музей экспозициясын түрлендіріп тұр. Орталықтың кіре берісінде қазақ халқының ежелден келе жатқан мұрасы – Киіз үй орнатылған. Ол – «Киіз туырлықты, ағаш уықты қазақпыз» деп, аталы сөз айтып қалдырған қазақ ата-бабаларының негізгі баспанасы, мәдениеті, мақтанышы, табысы әрі тарихи ескерткіші. Киіз үйде қазақ ата-бабасының түсінігі мен түйсігі, ұғымы, танымы, талғамы, өнер тәжірибесінің тұтас үлгісі, көрінісі жатқандықтан, ол ұлттың бас мұрасы ретінде орталықтың бірінші қабатына орналастырылған. Бір ғана киіз үйден сәулет, құрылыс, сурет, қолөнер, мәдениет сияқты бірнеше өнердің басын құрайтын ғажайып туындыны көруге болады. Киіз үй құрылысы атауларынан қазақ тілінің бай қазынасын танып білуге болады. Орда – салтанатты, жоғары мәртебелі адамдар бас қосатын, елдік мәселе шешетін немесе аса құрметті хан, би, сұлтандар отыратын үй. Сондай-ақ, бұл орталықта Алаш үкіметіне қатысты да экспозиция дайындалған. Алаш үкіметін құрушылардың портреттері мен деректер келтірілген. «Көне Түркістан» атты экспонаттар жинағы ежелгі Түркістан шаһарының барлық бет-бейнесінен, тарихынан мағлұмат береді. «Түркістан төңірегінде ел аузында жүрген мәнді аңыз, әфсана мен әңгіме көп, көненің көзі, асылдың сынығы – құнды жәдігерліктер мол. Біз осының бәрін ерекшелеп қажетімізге жаратуымыз керек.» Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қожа Ахмет Иасауи ілімі мен мұрасы» бөлімінде Ясауи салған сопылық жол жайында мағлұматтар, суреттер, тағы басқа дүниелер қамтылған. Х-ХII ғасырда Түркістанда жаңа ұлттық мирасты жаңғыртқан ислами жол дүниеге келді. Ол Ахмет Ясауидің түркілік сопылық ілімі, «Ясауи» дәстүрі, «Ясауи» тарихаты еді. Қ.А. Ясауи өз туындыларын қыпшақ, оғыз ұлыстарының ана тілінде, көне түрік тілінде жазған. Ясауи ілімі сопылық әдебиеттің негізін қалап қана қоймай, түркі халықтарының мемлекет, ұлт болып қалыптасуына әсер етті.  

Тарихи-мәдени этнографиялық орталық — Түркістан қаласында орналасқан тарихи-этнографиялық мұражай, қазақ халқының мұрасы мен рухани қазынасының қайнар көзі саналатын этноорталық.

Тарихы

«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында ашылған орталық 2010 жылдың наурыз айынан бастап салына бастаған. Алматы қаласындағы Аманжол Найманбай басшылық ететін «Этнодизайн Қазақ – 2030» ЖШС-нің ұжымы құрылысты 9 ай ішінде аяқтап, сол жылдың желтоқсан айында ол пайдалануға берілген. Түркістандағы «Тарихи-мәдени этнографиялық орталықтың» ашылуы қаланың тарихи-мәдени өміріндегі елеулі оқиға болды.

Орталықтың ашылу салтанаты 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнінің қарсаңында ұйымдастырылып, сол кезден бастап мұражай халыққа қызмет көрсете бастады.

Негізгі мақсаты – халықты Түркістанның рухани өмірінен, тарихынан хабардар етіп, оның ел мәдениетінде алар орнын, маңызын орталық қорындағы тарихи жәдігерлер жинағы арқылы көрсету. Орталықтың міндеті – болашақта Түркістан тарихынан сыр шертетін ғылыми-зерттеу орталығына айналдыру.

«Әрбір халық, әрбір тәуелсіз мемлекет өзінің рухани орталығын нақтылап алуы керек. Қазақстанның рухани орталығы – Түркістан» деген Елбасының пікірін негізге ала отырып ашылған «Тарихи-мәдени этнографиялық орталық» болашақта Түркістан тарихын зерделейтін ғылыми-зерттеу орталығына айналмақ.

Музей қоры Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2007 жылғы 23 ақпанындағы №45 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мұражай қорын қалыптастыру және сақтау ережесіне сәйкес жұмыс жасайды, ереже бойынша мұражай қорын қалыптастыру төмендегідей жүзеге асырылады делінген:

1.    Мұражай жәдігерлері мұражай жинақтарын иеленушісінен сатып алу жолымен;
2.    Жеке және заңды тұлғалардан сый немесе мұра ретінде қабылданған заттар есебінен;
3.    Сот арқылы немесе өзгеде осындай құзыреті бар мемлекеттік органдардың шешімі арқылы тәркіленген мұражайлық маңызы бар жинақтардың немесе жекелеген заттардың есебінен;
4.    Археологиялық экспедициялардың нәтижесінде немесе өзге де жағдайларда табылған тарихи-көркемдік құндылықты құрайтын заттардың және көмбелердің есебінен толықтырылып отырады.

Орталық сонымен қатар оқушыларға тәрбие беруде де маңызды рөл атқарады. Республиканың барлық аумағында «Тарихи-мәдени этнографиялық орталықпен» таныстыру мақсатында ұйымдастырылған оқушылар экскурсиясы құрылып, Түркістан қаласына ағылуда. Орталықта Түркістанның төл тарихына арналған музейлік экспозиция жасақталған. Орталыққа қарасты Түркістан қаласында Н.Оңдасынов атындағы тарихи-мемориалдық мұражайы атты филиал жұмыс жасайды.

Тәрбие беру жұмысы тәжірибесінде мектеп мұғалімдерінің мұражайлармен байланыстарының мұражайда жүргізілетін оқу сапарын бірге дайындау, ұйымдастыру; мұражай сабағын дайындауда мұғалім мен мұражай қызметкерінің байланысы; мұражай мұрағаттарын көрнекі құрал ретінде пайдалану; тәрбиелік мәні бар іс-шараларды бірге ұйымдастыру; мұғалімдер үшін мұражайда дәрістер, семинарлар, конференциялар өткізу; мектепке мұражай ұйымдастыруға көмегі сынды әр түрлі формалары қалыптасқан.

Орталықтың музейлік экспозициясы 3800 шаршы метрді қамтиды. Ғимарат 3 қабаттан, 5 көрме залынан, конференция залынан, қолөнершілердің шеберханасы және тарихшылардың зерттеу жұмыстарына арналған бөлмелерден тұрады.

Орталықтың бірінші қабатында Ерте дәуірдегі Түркістан тарихы, орта ғасырлардағы Түркістан тарихы, Шыңғысхан мен Әмір Темір дәуіріндегі Түркістан тарихы және Оңтүстік Қазақстан жеріне Ислам дінінің таралу тарихын көрсететін көптеген экспозициялар қойылған.
Екінші қабатта «Қазақ хандығы және Түркістан – Қазақ хандығының Ақ Ордасы» атты экспозициялық зал орналасқан.

Үшінші қабатта «Тәуелсіз Қазақстандағы жаңа Түркістан» атты экспозициялар қойылған. Мұнда Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі Түркістан қаласында салынған ғимараттар мен болашақта салынатын жаңа Түркістанның макеттері қойылған.

Біздің дәуірімізден 1 миллион жыл бұрын өмір сүрген "тік жүретін адамнан" бастап, өз замандастарына дейінгі кезеңдерді қамтитын, ғасырлар қойнауынан жұмбақ сыр шертетін орталықтың экспозициясы негізгі сегіз ірі бөлімнен тұрады, олар:

"Ерте дәуірдегі Түркістан тарихы"
"Орта ғасырлық Түркістан тарихы"
"Шыңғыс хан мен Әмір Tемір дәуіріндегі Түркістан тарихы"
"Оңтүстік Қазақстан жеріне Ислам дінінің таралу тарихы"
"Қожа Ахмет Ясауи ілімі мен мұрасы"
"Қазақ хандығы тарихы және Түркістан – қазақ хандығының Ақордасы"
19-20 ғасырлардағы Түркістан тарихы"
"Тәуелсіз Қазақстандағы жаңа Түркістан"

Аталған тақырыптар бойынша дайындалған экспозиция орталықтың үш қабатына толығымен орналасқан. Төменгі қабатта қызметкерлер үшін бөлмелер қарастырылған. Орталықтың экспозициясы 1770 құнды жәдігерлермен қамтылған, оның ішінде негізгісі - 1313, қосалқы - 457. Сондай-ақ орталықта ежелгі заманнан бастап қазіргі заманғы бұйымдар мен құнды материалдар қойылған. Мәселен, тігін машинасы, үтік, киіз үй, ескі компьютер, күміс білезік, сақина, зеңбірек, садақ, музыкалық аспаптар, қару-жарақтар, қыш ыдыстар, Тайқазан макеті, 2011 жылғы қысқы Азия ойындарының қуыршағы, «Алтын адамның» мүсіні, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің макеті, болашақтағы Түркістанның көрінісі, т.б.

Орталықтың екінші қабатының оң қанатындағы экспозициясынан Түркістан қаласының 19-20 ғғ. тарихын көруге болады. Соның ішінде музейге келушілерді осы аймақтың қолөнер шеберлерінің жасаған зергерлік бұйымдары өте қатты қызықтырады.

Бұл экспозициядан қазақ шеберлерінің зергерлік бұйымдарды жасауда сан алуан техникалық тәсілдерді жетік меңгергенін аңғаруға болады. Өмір салтының көшпелі болуына қарамастан, олардың зергерлік кәсіпте биік техникалық және эстетикалық деңгейге көтерілуі көптеген туристерді таң-тамаша қалдырады. Оның үстіне Қазақстан жерінде мыс, жез, темір және күміс пен алтын сияқты металдардың бай қоры болғандықтан, оларды өңдеу арқылы әсемдік бұйымдар жасау ісі өте көне замандардан бастау алады.

Қазақ зергерлері, негізінен, түсті металдардан сан алуан әсемдік бұйымдар жасаған. Әсіресе, күмістен соғылған сырғалар, шолпы, шекелік, алқа, жүзік, білезіктер, қапсырмалар мен түймелер секілді көптеген сәндік әшекейлер ертеден-ақ кең тараған бұйымдар қатарына жатады. Зергерлік өнердің ғасырлар бойы үздіксіз дамуының нәтижесінде 19 ғасырдың басында қазақ халқының дәстүрлі қолөнері айтарлықтай жоғары деңгейге көтерілді.

Музей экспозициясына шығарылған зергерлік бұйымдар осы 19-20 ғасырларға тән. Олар музейді ашу кезіндегі ұйымдастыру жұмысы барысында оңтүстік өңірдің тұрғындары арасынан жинақталған. Мұражайдың негізгі жәдігері ретінде Хан мен Ханшаның «Отау жүзіктерін» атауға болады. Күміс жүзік пен сақина киіз үй формасында жасалған. Бірнеше қанық түсті эмальмен боялған әсем жүзіктерге асыл тастардан ерекше нәзік етіліп көздер орнатылған. Сонымен қатар, Батыс Қазақстан өңіріне тән, қазақтың кіші жүзінен шыққан қыздарына арнайы жасалатын, ортасына таңбалар салынған, ерекше зерленіп жасалған күміс жүзіктер де мұражайдың мақтануға тұратын жәдігері болып табылады. Сондай-ақ Қазақстанның оңтүстік өңіріне тән «Құс тұмсық» жүзіктерінің, сырғаларының, алқалар мен өңір әшекейлерінің де сан алуан түрлері музей экспозициясын түрлендіріп тұр.

Орталықтың кіре берісінде қазақ халқының ежелден келе жатқан мұрасы – Киіз үй орнатылған. Ол – «Киіз туырлықты, ағаш уықты қазақпыз» деп, аталы сөз айтып қалдырған қазақ ата-бабаларының негізгі баспанасы, мәдениеті, мақтанышы, табысы әрі тарихи ескерткіші. Киіз үйде қазақ ата-бабасының түсінігі мен түйсігі, ұғымы, танымы, талғамы, өнер тәжірибесінің тұтас үлгісі, көрінісі жатқандықтан, ол ұлттың бас мұрасы ретінде орталықтың бірінші қабатына орналастырылған. Бір ғана киіз үйден сәулет, құрылыс, сурет, қолөнер, мәдениет сияқты бірнеше өнердің басын құрайтын ғажайып туындыны көруге болады.

Киіз үй құрылысы атауларынан қазақ тілінің бай қазынасын танып білуге болады. Орда – салтанатты, жоғары мәртебелі адамдар бас қосатын, елдік мәселе шешетін немесе аса құрметті хан, би, сұлтандар отыратын үй.

Сондай-ақ, бұл орталықта Алаш үкіметіне қатысты да экспозиция дайындалған. Алаш үкіметін құрушылардың портреттері мен деректер келтірілген.
«Көне Түркістан» атты экспонаттар жинағы ежелгі Түркістан шаһарының барлық бет-бейнесінен, тарихынан мағлұмат береді.

«Түркістан төңірегінде ел аузында жүрген мәнді аңыз, әфсана мен әңгіме көп, көненің көзі, асылдың сынығы – құнды жәдігерліктер мол. Біз осының бәрін ерекшелеп қажетімізге жаратуымыз керек.» Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

«Қожа Ахмет Иасауи ілімі мен мұрасы» бөлімінде Ясауи салған сопылық жол жайында мағлұматтар, суреттер, тағы басқа дүниелер қамтылған. Х-ХII ғасырда Түркістанда жаңа ұлттық мирасты жаңғыртқан ислами жол дүниеге келді. Ол Ахмет Ясауидің түркілік сопылық ілімі, «Ясауи» дәстүрі, «Ясауи» тарихаты еді. Қ.А. Ясауи өз туындыларын қыпшақ, оғыз ұлыстарының ана тілінде, көне түрік тілінде жазған. Ясауи ілімі сопылық әдебиеттің негізін қалап қана қоймай, түркі халықтарының мемлекет, ұлт болып қалыптасуына әсер етті.
 

Ұқсас материалдар