Қандастар Ассамблея

Керей

05.12.2012 2702
КЕРЕЙ, керейттер – қазақ халқын құраған ежелгі түркі тайпаларының бірі. 9 – 12 ғ-ларда К. тайпасы Керейт хандығы аталған мемлекет құрып, Завхан, Тула, Сэлэнгэден Шығыс моңғол құмына дейінгі сайын даланы қоныс етіп, батысы Найман хандығы, солт. меркіттер, оңт-нде татарлар, шығысында Ся мемлекетімен іргелес жатты. Ол кезде Керейт хандығы керейт, жиркин, қонхойт, сақайт, тумаут, албат, тункайт-киркун деп аталатын тайпалардан құралатын. Аталған тайпалардың ең ірісі К-лер болды және К. атауы («керей» ру-тайпа атауы да, «т» тунгус, моңғолша көптік жалғауы) содан қалды. Рашид әд-Дин моңғол жазбаларының желісіне сүйене отырып, К-лердің саны (11 – 12 ғ-лар) 200 мың шамасында болған дейді. Ғалымдар К-лерді Жоңғарияда қоныстанған ежелгі үйсіндердің бір ұрпағы деп таниды. (Н.Аристов, Г.Потанин, Г.Грумм-Гржимайло, Ш.Құдайбердіұлы, Н.Мыңжан). К-лер 11 ғ-дың 2-жартысында алғашқы хандық билік құрды. Ол кезде К-лерді бұйрық лауазымды тайпа басы билейтін. 12 ғ-да әскери билікке сүйенген ұлыс ел деңгейіне көтерілді. Аталған кезеңде К. ұлысын Маркуз Бұйрық хан биледі. К. хандары алтыннан шатыр (үй орда) тігіп, алтындаған ер-тұрман сайлап, алтын кеседен ас-су ішкені жайлы ортағасырлық жазбаларда айқын жазылған. Тайпалар мыңдыққа, ішкі рулар жүздікке бөлініп, мыңдықты мың басылары, жүздікті жүз басылары басқарды. К. хандары мұрагерлік жолмен сайланды. К. ұлысында айшықты шекара болмағанымен орда тігер орны, қыс қыстауы, жаз жайлауы белгілі болған. К-лер әйгілі Қарақорымды бас қала етті. Түндік, Цэцейдей, т.б. қала салды. Көшпелі мал ш-мен айналысты, киіз үйде өмір сүрді. К-лер несториан сенімін ұстанды. К. ұлысында жазба заң болмады, әдет заңына жүгінді. К. заңы бойынша ата жауына сатылу ең ауыр қылмыс саналған. Маркуз Бұйрықтың немересі Куржакуз Бұйрық хан өлген соң, ұрпақтары хан тағы үшін өзара көп қақтығысты. К-лерді, бір жағынан, татар, тунгустар қыспаққа алса, екінші жағынан, Ерке Қара тобын наймандар қолдады. Тогорил Уаң хан тобына («Тогорил» өз аты, ал «Уаң хан» немесе «ұлыс билеушісі» лауазымы Тогорилға шүршіт ханы Вангин Чинсан берген лауазым) Есугей батыр бастаған татарлар ішіндегі боржиген руының моңғол аталығы қол ұшын берді. Тарихта К-лердің дәуірлеген кезеңі Уаң хан басқарған тұс. Батыс католиктеріне «шығыстан шыққан пірәдәр Иоан» аңызы бойынша жеткен оның Уаң хан аты кезінде Батыс Еуропаны дүр сілкіндіргені белгілі. К-лер мен моңғолдар өзара ант су ішіскен («Anda») түбегейлі достық қатынаста болды. Бұл қатынас Тогорил және Тэмужин (Шыңғыс хан) тұсында одан әрі жалғасты. Уаң хан Тэмужинді өкіл ұлы санады. Тэмужин 1189 ж. өз әулетінің ханы сайланғанда оны алғаш қолдағандардың бірі осы Уаң хан болды. Тэмужиннің ар-намысын қорғау үшін 1179 ж. меркітке қарсы құрылған үштік одағын (Уаң хан, Жамуха және Тэмужин) ұйымдастырушы да Уаң хан еді. Аталған жорыққа тек К-дің өзінен 20 мың қол атқа қонды. К-лер Тэмужин бастаған топпен бірлесіп, 1198 ж. татарларды шапса, 1201 ж. Жамуха бастаған Алақай бұлақ одағына соққы берді. Тэмужинмен бірлесіп, 1203 ж. наймандардың батыс қанатына шабуыл жасады. Алайда Уаң хан мен Тэмужин достығы да ұзаққа созылмады. Даңқы арта түскен Тэмужин К-лерді «бейбіт түрде ел болып бірлесуге» шақырды. Бірақ К-лер Тэмужиннің бұл пікірін қабылдамады. Сөйтіп екі жақ 1203 ж. ақтық шайқасқа шықты, К-лер жеңіліп, тарих тұғырынан тайды. К-лердің бір тобы ата жұртында қалып, Шыңғыс хан империясына қызмет етті. Енді бір тобы батысқа – Орта Азияға бет бұрды. Мұнда келгендері Жошы, Шағатай ұлысы, Моғолстан билігінде болды. 14 ғ. 70 жылдары Әмір Темірдің (Ақсақ Темір) Ақ Орда мен Моғолстанға жасаған соғыс жорығының ауыртпалығы негізінен К-лерге түсті. Ақсақ Темірдің басты қарсыласы ретінде, дулаттармен бірге К-лер туралы да Низам әд-Дин Шами мен Шараф әд-Дин Йазди шығармаларында айтылады. М.Тынышбаевтың өз еңбектерінде, 15 ғ-дың басында К-лер ойраттардан тағы бір үлкен жеңіліс тапқанын жазады. 15 ғ-дың 20 жылдары К-лер Ақ Орда ханы Барақтың Ұлықбекке қарсы жасаған жорығына қатысады. Сол ғ-дың 2-жартысында К-лер қайтадан құрылған Қазақ елінің құрамына еніп, солт. және шығыс аймақтарға қоныстанады.   