Қандастар Ассамблея

Германия

05.12.2012 57908
  Германия, Германия Федеративтік Республикасы – Орталық Еуропада орналасқан мемлекет. Кейбір түркі тілдерінде Алмания болып та аталады. Жер аумағы 356,96 мың км2. Халқы 81,7 млн. Астанасы 1991 жылдан Берлин қаласы. Халқының 94%-ы немістер (1998). Ресми тілі – неміс тілі. Халқының көпшілігі христиан дінінің протестант және католик тармағын ұстанады. Германия 16 аймақтан (жерден) құралған федеративті республика. Әр аймақтың өз конституциясы, парламенті және үкіметі бар. Президент мемлекет басшысы. Елдегі атқарушы билікті федеральдік канцлер жүргізеді. Жоғарғы заң шығарушы органы – қос палаталы (бундестаг және бундесрат) парламент. Ақшасы – неміс маркасы. Ұлттық мерекесі – Герман бірлігі күні (3 қазан, 1990 ж., Германия Демократиялық Республикасының Германия Федеративтік Республикасына қосылған күні). Федеральдік Конституциясы 1949 ж. қабылданған. Ірі қалалары Бонн , Гамбург, Мюнхен, Кельн, т.б. Германияның солтүстігін Орта Еуропа жазығы алып жатыр. Оңтүстігінде Шығыс Альпі тау жоталары орналасқан. Өзендерінің көпшілігі (Рейн, Везер, Эльба) Солтүстік теңізге, оңтүстігіндегі өзендер Дунайға құяды. Батысы мен солтүстік-батысының климаты қоңыржай теңіздік, ал оңтүстік-шығысының климаты қоңыржай-континенттік болып келеді. Қаңтардағы орташа температура 0ӘС, ал шілде айында 16 – 17ӘС, оңтүстігінде 20 – 22ӘС. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 500 – 600 мм, тау бөктерлерінде 1000 – 2000 мм.  Германия жеріне адам баласы палеолит дәуірінде-ақ қоныстана бастаған. Біздің заманымыздан бұрынғы 1 ғасырда Рейннің батыс жағалауы Рим империясының қол астына қарады. 4 ғасырдың аяғында германдықтардың алғашқы тайпалық одақтары пайда болды. Олар шығыстан келген ғұн тайпаларымен қосылып, 5 ғасырда Батыс Рим империясын талқандады. 6 – 8 ғасырларда герман тайпалары франктердің қол астына қарады. 843 жылы Франк империясы ыдыраған кезде Шығыс Франк корольдігіне бағынды. Осы мемлекеттің негізінде герман тайпалары қайтадан біріктіріліп, Германияның тұңғыш королі Генрих І-нің басшылығымен 919 ж. Герман корольдығы құрылды. 962 ж. герман королі Оттон І Римді жаулап алып, Рим папасы тағына отырды. Осы кезден бастап герман корольдері өздерін «Қасиетті Рим империясы» тағының мұрагерлері деп жариялады. 1032 – 34 ж. империя құрамына Бургундия корольдігі қосып алынды. 14 ғасырда жеке-жеке князьдік өкілдерінен тұратын заң шығарушы орган – рейхстаг жұмыс істей бастады. Ал князьдіктердегі осындай өкілетті орган лантаг деп аталды. 1517 – 1648 жылдардағы діни реформалар, 1524 – 25 жылдардағы шаруалар соғысы, отыз жылдық соғыс (1618 – 48), т.б. оқиғалардан кейін де герман князьдіктері орталық билікке тұтас бағына қоймады. Француз императоры Наполеон І Австрия мен Пруссияны талқандағаннан кейін (1806) «Қасиетті Рим империясы» жойылып, герман князьдіктерінің бытыраңқылығы әрі қарай жалғасты. Франция талқандалғаннан кейін 1815 ж. Вена конгресінің шешімімен Австрияның басқаруындағы Герман одағы құрылды. Бірақ Пруссия әскери-экономикалық жағынан тез дамып, 1866 ж. Австрияға күйрете соққы берді де, өзіне тікелей бағынышты Солтүстік Герман одағын құрды. «Темір канцлер» Отто фонБисмарктың басшылығымен (1862 – 90) Пруссия 1870 ж. Францияға қарсы соғыс ашып, елдің бірігуін аяқтады. 1871 ж. Пруссия королі Вильгельм І кайзер (император) болып жарияланды. Көп ұзамай Германия Англияны басып озып, Еуропадағы ең дамыған мемлекетке айналды әрі жедел түрде Африкадан отарлар жаулап ала бастады. Негізгі бәсекелестерін әлсіретіп, дүние жүзіне үстемдік орнату үшін ол 1879 және 1881 ж. Австрия – Венгриямен, Италиямен келісімге келіп, «Үштік одақ» құрды. Бұған қарсы 1891 – 93 ж. Франция – Ресей одағы, 1904 – 07 ж. Антанта одағы құрылды. Бұл әскери одақтар арасындағы қайшылық 1-дүниежүзілік соғысқа әкелді. Ресейдегі революцияның әсерімен 1918 ж. кайзер үкіметі құлады да, 1919 ж. 28 маусым күні Версаль бейбіт келісімі жасалынды. Германияда құрылған Веймар республикасы ұзақ өмір сүре алмады. 1933 ж. 30 қаңтарда Гитлер канцлер болып тағайындалғаннан кейін Германияда фашистік диктатура орнады. 1939 ж. 1 қыркүйекте Германия әскерлерінің Польшаға басып кіруімен 2-дүниежүзілік соғыс басталды. Дүние жүзі елдері Гитлерге қарсы одақ құрды. Осы одақтың, ең алдымен, КСРО әскерлерінің жанқиярлық күш-жігер жұмсауының нәтижесінде Германия 1945 ж. 8 мамырда Тізе бүгу туралы актіге қол қойды. Кейін одақтастар оны 4 аймаққа бөлді. 1949 ж. 20 қыркүйекте АҚШ, Ұлыбритания, Франция әскерлері тұрған аймақтар біріктіріліп, Германия Федеративтік Республикасы (ГФР, астанасы – Бонн), 1949 ж. 7 қазанда Кеңес әскерлері тұрған аймақта Германия Демократиялық Республикасы (ГДР, астанасы – Берлин) құрылды. Екі герман мемлекеті бір-біріне қарсы екі әскери-саяси одақтарға қосылды. АҚШ-тың көмегімен ГФР экономикасы тез дамып, халықтың әл-ауқаты жақсарды. 1990 ж. 3 қазан күні Берлин қабырғасы құлатылып, екі герман мемлекеті қайтадан бірікті.  Германия аса жоғары дамыған индустриялы-аграрлы ел. Экономикасының негізгі салалары: қоңыр көмір (дүние жүзінде 1-орын) мен тас көмір шығару, қара және түсті металлургия, химия, электртехникасы мен радиоэлектроника, машина жасау, кеме жасау, станок шығару, құрылыс материалдары, жеңіл және тамақ өнеркәсіптері. Бұған қоса фарфор өнімдері мен музыкалық аспаптар, баспа машиналары мен оған қажетті өнімдер шығару да жақсы жолға қойылған. Ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігі өте жоғары. Ол екі үлкен салаға: мал шаруашылығы (сиыр, шошқа, т.б.) мен егін шаруашылығына (астық өнімдері, қант қызылшасы, картоп) бөлінеді. Шарап шығару мен балық аулау жақсы дамыған. Басты теңіз порттары: Гамбург, Бремен, Бремерхафен, Вильгельмсхафен, Росток-Варнемюнде. Туризм жақсы дамыған. Ел экспортқа машина, құрал-саймандар, химия өнімдерін, жеңіл өнеркәсіп өнімдерін шығарады. Негізгі сауда серіктестері: Еуропалық Одақ елдері, АҚШ, Жапония, ТМД елдері. Германия Қазақстанның егемендігін 1991 ж. 31 желтоқсан күні таныды және 1992 ж. 11 ақпаннан бастап дипломатиялық қарым-қатынастар орнатты. Тарихи отанына қайтуға рұқсат етілгеннен кейін 700 мыңнан аса қазақстандық немістер Германияға қоныс аударды.   

 

Германия, Германия Федеративтік Республикасы – Орталық Еуропада орналасқан мемлекет. Кейбір түркі тілдерінде Алмания болып та аталады. Жер аумағы 356,96 мың км2. Халқы 81,7 млн. Астанасы 1991 жылдан Берлин қаласы. Халқының 94%-ы немістер (1998). Ресми тілі – неміс тілі. Халқының көпшілігі христиан дінінің протестант және католик тармағын ұстанады. Германия 16 аймақтан (жерден) құралған федеративті республика. Әр аймақтың өз конституциясы, парламенті және үкіметі бар. Президент мемлекет басшысы. Елдегі атқарушы билікті федеральдік канцлер жүргізеді. Жоғарғы заң шығарушы органы – қос палаталы (бундестаг және бундесрат) парламент. Ақшасы – неміс маркасы. Ұлттық мерекесі – Герман бірлігі күні (3 қазан, 1990 ж., Германия Демократиялық Республикасының Германия Федеративтік Республикасына қосылған күні). Федеральдік Конституциясы 1949 ж. қабылданған. Ірі қалалары Бонн , Гамбург, Мюнхен, Кельн, т.б.
Германияның солтүстігін Орта Еуропа жазығы алып жатыр. Оңтүстігінде Шығыс Альпі тау жоталары орналасқан. Өзендерінің көпшілігі (Рейн, Везер, Эльба) Солтүстік теңізге, оңтүстігіндегі өзендер Дунайға құяды. Батысы мен солтүстік-батысының климаты қоңыржай теңіздік, ал оңтүстік-шығысының климаты қоңыржай-континенттік болып келеді. Қаңтардағы орташа температура 0ӘС, ал шілде айында 16 – 17ӘС, оңтүстігінде 20 – 22ӘС. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 500 – 600 мм, тау бөктерлерінде 1000 – 2000 мм. 
Германия жеріне адам баласы палеолит дәуірінде-ақ қоныстана бастаған. Біздің заманымыздан бұрынғы 1 ғасырда Рейннің батыс жағалауы Рим империясының қол астына қарады. 4 ғасырдың аяғында германдықтардың алғашқы тайпалық одақтары пайда болды. Олар шығыстан келген ғұн тайпаларымен қосылып, 5 ғасырда Батыс Рим империясын талқандады. 6 – 8 ғасырларда герман тайпалары франктердің қол астына қарады. 843 жылы Франк империясы ыдыраған кезде Шығыс Франк корольдігіне бағынды. Осы мемлекеттің негізінде герман тайпалары қайтадан біріктіріліп, Германияның тұңғыш королі Генрих І-нің басшылығымен 919 ж. Герман корольдығы құрылды. 962 ж. герман королі Оттон І Римді жаулап алып, Рим папасы тағына отырды. Осы кезден бастап герман корольдері өздерін «Қасиетті Рим империясы» тағының мұрагерлері деп жариялады. 1032 – 34 ж. империя құрамына Бургундия корольдігі қосып алынды. 14 ғасырда жеке-жеке князьдік өкілдерінен тұратын заң шығарушы орган – рейхстаг жұмыс істей бастады. Ал князьдіктердегі осындай өкілетті орган лантаг деп аталды. 1517 – 1648 жылдардағы діни реформалар, 1524 – 25 жылдардағы шаруалар соғысы, отыз жылдық соғыс (1618 – 48), т.б. оқиғалардан кейін де герман князьдіктері орталық билікке тұтас бағына қоймады. Француз императоры Наполеон І Австрия мен Пруссияны талқандағаннан кейін (1806) «Қасиетті Рим империясы» жойылып, герман князьдіктерінің бытыраңқылығы әрі қарай жалғасты. Франция талқандалғаннан кейін 1815 ж. Вена конгресінің шешімімен Австрияның басқаруындағы Герман одағы құрылды. Бірақ Пруссия әскери-экономикалық жағынан тез дамып, 1866 ж. Австрияға күйрете соққы берді де, өзіне тікелей бағынышты Солтүстік Герман одағын құрды. «Темір канцлер» Отто фонБисмарктың басшылығымен (1862 – 90) Пруссия 1870 ж. Францияға қарсы соғыс ашып, елдің бірігуін аяқтады. 1871 ж. Пруссия королі Вильгельм І кайзер (император) болып жарияланды. Көп ұзамай Германия Англияны басып озып, Еуропадағы ең дамыған мемлекетке айналды әрі жедел түрде Африкадан отарлар жаулап ала бастады. Негізгі бәсекелестерін әлсіретіп, дүние жүзіне үстемдік орнату үшін ол 1879 және 1881 ж. Австрия – Венгриямен, Италиямен келісімге келіп, «Үштік одақ» құрды. Бұған қарсы 1891 – 93 ж. Франция – Ресей одағы, 1904 – 07 ж. Антанта одағы құрылды. Бұл әскери одақтар арасындағы қайшылық 1-дүниежүзілік соғысқа әкелді. Ресейдегі революцияның әсерімен 1918 ж. кайзер үкіметі құлады да, 1919 ж. 28 маусым күні Версаль бейбіт келісімі жасалынды. Германияда құрылған Веймар республикасы ұзақ өмір сүре алмады. 1933 ж. 30 қаңтарда Гитлер канцлер болып тағайындалғаннан кейін Германияда фашистік диктатура орнады. 1939 ж. 1 қыркүйекте Германия әскерлерінің Польшаға басып кіруімен 2-дүниежүзілік соғыс басталды. Дүние жүзі елдері Гитлерге қарсы одақ құрды. Осы одақтың, ең алдымен, КСРО әскерлерінің жанқиярлық күш-жігер жұмсауының нәтижесінде Германия 1945 ж. 8 мамырда Тізе бүгу туралы актіге қол қойды. Кейін одақтастар оны 4 аймаққа бөлді. 1949 ж. 20 қыркүйекте АҚШ, Ұлыбритания, Франция әскерлері тұрған аймақтар біріктіріліп, Германия Федеративтік Республикасы (ГФР, астанасы – Бонн), 1949 ж. 7 қазанда Кеңес әскерлері тұрған аймақта Германия Демократиялық Республикасы (ГДР, астанасы – Берлин) құрылды. Екі герман мемлекеті бір-біріне қарсы екі әскери-саяси одақтарға қосылды. АҚШ-тың көмегімен ГФР экономикасы тез дамып, халықтың әл-ауқаты жақсарды. 1990 ж. 3 қазан күні Берлин қабырғасы құлатылып, екі герман мемлекеті қайтадан бірікті. 
Германия аса жоғары дамыған индустриялы-аграрлы ел. Экономикасының негізгі салалары: қоңыр көмір (дүние жүзінде 1-орын) мен тас көмір шығару, қара және түсті металлургия, химия, электртехникасы мен радиоэлектроника, машина жасау, кеме жасау, станок шығару, құрылыс материалдары, жеңіл және тамақ өнеркәсіптері. Бұған қоса фарфор өнімдері мен музыкалық аспаптар, баспа машиналары мен оған қажетті өнімдер шығару да жақсы жолға қойылған. Ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігі өте жоғары. Ол екі үлкен салаға: мал шаруашылығы (сиыр, шошқа, т.б.) мен егін шаруашылығына (астық өнімдері, қант қызылшасы, картоп) бөлінеді. Шарап шығару мен балық аулау жақсы дамыған. Басты теңіз порттары: Гамбург, Бремен, Бремерхафен, Вильгельмсхафен, Росток-Варнемюнде. Туризм жақсы дамыған. Ел экспортқа машина, құрал-саймандар, химия өнімдерін, жеңіл өнеркәсіп өнімдерін шығарады. Негізгі сауда серіктестері: Еуропалық Одақ елдері, АҚШ, Жапония, ТМД елдері.
Германия Қазақстанның егемендігін 1991 ж. 31 желтоқсан күні таныды және 1992 ж. 11 ақпаннан бастап дипломатиялық қарым-қатынастар орнатты. Тарихи отанына қайтуға рұқсат етілгеннен кейін 700 мыңнан аса қазақстандық немістер Германияға қоныс аударды. 
 

Ұқсас материалдар