Қандастар Ассамблея

Мьянма

05.12.2012 6312
  Мьянма, Мьянма Одағы – Оңтүстік-Шығыс Азияда, Үндіқытай түбегінде орналасқан мемлекет. Жерінің аумағы 678,5 мың км2. Халқы – 41,7 млн. адам.  Астанасы – Янгон қаласы (3,5 млн.).    Мьянма 7 ұлттық облыс пен 7 әкімшілік облыстан құралады. Халқының көпшілігін (70%) бирмалықтар құрайды, қалған этникалық топтардың арасында саны жағынан ірілері: шан, карен, чин, мон, т.б. Ресми тілі – бирма тілі, ағылшын, қытай және жергілікті тілдер (карен, мон) де қолданылады. Дінге сенушілердің 85%-ы будда дінін ұстанады, қалғандары: христиандар, индуистер, мұсылмандар. Мьянмадағы басқару формасы – республика. Заң шығарушы органы – Бейбітшілік пен дамудың Мемлекеттік Кеңесі (БДМК). Жоғарғы атқарушы органы – үкімет. Мемлекет пен үкімет басшысы – БДМК-нің төрағасы. Ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күні – 4 қаңтар (1948). Ақша бірлігі – кьят (чжа). 1948 жылдан БҰҰ-ға мүше.   Мьянма аумағының көпшілік бөлігін таулар мен үстірттер алып жатыр. Батысында Ракхайн мен Пакхайн таулы қыраттары, шығысында Билауктонг қыраты орналасқан. Мьянмада бүкіл Оңтүстік-Шығыс Азияның ең биік жері – Кхакаборази (5881 м) шыңы орналасқан. Елдің орталық пен оңтүстік бөлігі кең жазық. Осы жазық арқылы Мьянманың басты Иравади өзені ағып өтеді. Мьянмада әр түрлі пайдалы қазбалар (мұнай, қалайы, вольфрам, мырыш, мыс, қорғасын, көмір, табиғи газ, қымбат бағалы тастар) кездеседі. Жерінің 15%-ы егіншілікке жарамды. Негізгі климаты – тропиктік, муссондық, оңтүстікте – субэкваторлық. Мьянмада муссондардың әсер етуіне байланысты жыл мезгілі салқын (қараша – ақпан), ыстық (наурыз – мамыр) және жауынды (маусым – қазан) маусымдарға бөлінеді. Салқын кезеңдегі орташа температурасы 20 –25°С-қа, ыстық кезеңде 30 – 32°С-қа тең. Ішкі жазықтардағы жылдық жауын-шашын мөлшері 500 мм, тау беткейлерінде 3500 мм-ге дейін жетеді. Мьянманың өсімдіктер дүниесі өте бай. Мұнда мәңгі жасыл ағаштар мен бұталардың 700-ден астам, көп жылдық шөптесін гүлдердің 700-ден аса, шай тұқымдас бұталардың 80 түрі, пальма мен бамбук ағаштарының 70 түрі, папоротниктердің 400-ден аса түрлері өседі. Мьянмада тропиктік аймақтарға тән жануарлар дүниесімен (мысық тұқымдастар, жыландар,  маймылдар, құстар, т.б.) бірге жер бетінде сирек кездесетін малай тапирлері, үнді-малай кірпілері, мүйізтұмсықтар, ақ қасты гиббондар, алып қырғауылдар (ұзындығы 1,7 – 2 м шамасында), Иравадидегі тұщы суда өмір сүретін дельфиндер кездеседі.   Адамдар Мьянманы тас дәуірінен бастап мекендей бастады. Қазіргі Мьянманың аумағында алғашқы мемлекеттік құрылымдар (Мон, Пиу) біздің заманымыздың бас кезінде пайда болды. 11-ғасырға дейін Шрик-Шетра, Аракан, т.б. көптеген ұсақ иеліктер құрылды. 11-ғасырдың бас кезінде Паган (Мьянма халқының ежелгі мемлекеті) корольдығы ұсақ мемлекеттерді өзіне бағындырды. 13-ғасырдың соңында корольдық моңғолдардың шабуылына ұшырады. 16-ғасырда Тангу мемлекеті күшейіп, елді біріктіруге кірісті. Бірақ 1752 ж. Пегу мемлекетін құрған Мон билеушілері Тангу мемлекетін өзіне бағындырды. 19-ғасырдың бас кезінен бастап француз отаршылары Үндіқытай түбегіне ішкерілеп ене бастады. Бұған жауап ретінде Ұлыбритания 1824 ж. Төменгі Бирманы, 1855 ж. елдің бүкіл аумағын басып алды. Мьянма 1886 жылдан Бирма деген атпен Британ империясының отарына айналып, 1886 – 1937 ж. Британ Үндістанының құрамына енгізілді. 1937 ж. тікелей Британ Достастығы құрамына кіріп, ішінара өзін-өзі басқару құқығына ие болды. 1942 – 45 ж. Мьянманы жапондар жаулап алды. 1948 ж. 4-қаңтарда тәуелсіз мемлекет ретінде жарияланған Бирма мемлекеттерінің федерациясы құрылды. 1989 ж. ел — Мьянма (Мьянма Одағы) деп атала бастады.    Мьянма – ауыл шаруашылығы басым дамыған ел. Өнеркәсіптің неғұрлым маңызды салалары: тау-кен, мұнай өндіру, орман шаруашылығы, ауыл шаруашылығы, балық аулау мен ағаш дайындауды қоса есептегенде ұлттық жалпы өнімнің 40%-ын береді. Ауыл шаруашылығының негізгі саласы – күріш өсіру. Бидай, қант құрағы, жүгері, каучуктік дақылдар да өсіріледі. Импортының негізін ауыр машина жасау өнімдері мен транспорттық құрал-жабдықтар құрайды. Ұлттық жалпы өнімнің жан басына шаққандағы мөлшері 1290 АҚШ долларына тең. Негізгі сауда серіктестері – Қытай, Үндістан, Сингапур, Тайланд, Жапония.   

 

Мьянма, Мьянма Одағы – Оңтүстік-Шығыс Азияда, Үндіқытай түбегінде орналасқан мемлекет. Жерінің аумағы 678,5 мың км2. Халқы – 41,7 млн. адам.  Астанасы – Янгон қаласы (3,5 млн.). 
 
Мьянма 7 ұлттық облыс пен 7 әкімшілік облыстан құралады. Халқының көпшілігін (70%) бирмалықтар құрайды, қалған этникалық топтардың арасында саны жағынан ірілері: шан, карен, чин, мон, т.б. Ресми тілі – бирма тілі, ағылшын, қытай және жергілікті тілдер (карен, мон) де қолданылады. Дінге сенушілердің 85%-ы будда дінін ұстанады, қалғандары: христиандар, индуистер, мұсылмандар. Мьянмадағы басқару формасы – республика. Заң шығарушы органы – Бейбітшілік пен дамудың Мемлекеттік Кеңесі (БДМК). Жоғарғы атқарушы органы – үкімет. Мемлекет пен үкімет басшысы – БДМК-нің төрағасы. Ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күні – 4 қаңтар (1948). Ақша бірлігі – кьят (чжа). 1948 жылдан БҰҰ-ға мүше.
 
Мьянма аумағының көпшілік бөлігін таулар мен үстірттер алып жатыр. Батысында Ракхайн мен Пакхайн таулы қыраттары, шығысында Билауктонг қыраты орналасқан. Мьянмада бүкіл Оңтүстік-Шығыс Азияның ең биік жері – Кхакаборази (5881 м) шыңы орналасқан. Елдің орталық пен оңтүстік бөлігі кең жазық. Осы жазық арқылы Мьянманың басты Иравади өзені ағып өтеді. Мьянмада әр түрлі пайдалы қазбалар (мұнай, қалайы, вольфрам, мырыш, мыс, қорғасын, көмір, табиғи газ, қымбат бағалы тастар) кездеседі. Жерінің 15%-ы егіншілікке жарамды. Негізгі климаты – тропиктік, муссондық, оңтүстікте – субэкваторлық. Мьянмада муссондардың әсер етуіне байланысты жыл мезгілі салқын (қараша – ақпан), ыстық (наурыз – мамыр) және жауынды (маусым – қазан) маусымдарға бөлінеді. Салқын кезеңдегі орташа температурасы 20 –25°С-қа, ыстық кезеңде 30 – 32°С-қа тең. Ішкі жазықтардағы жылдық жауын-шашын мөлшері 500 мм, тау беткейлерінде 3500 мм-ге дейін жетеді. Мьянманың өсімдіктер дүниесі өте бай. Мұнда мәңгі жасыл ағаштар мен бұталардың 700-ден астам, көп жылдық шөптесін гүлдердің 700-ден аса, шай тұқымдас бұталардың 80 түрі, пальма мен бамбук ағаштарының 70 түрі, папоротниктердің 400-ден аса түрлері өседі. Мьянмада тропиктік аймақтарға тән жануарлар дүниесімен (мысық тұқымдастар, жыландар,  маймылдар, құстар, т.б.) бірге жер бетінде сирек кездесетін малай тапирлері, үнді-малай кірпілері, мүйізтұмсықтар, ақ қасты гиббондар, алып қырғауылдар (ұзындығы 1,7 – 2 м шамасында), Иравадидегі тұщы суда өмір сүретін дельфиндер кездеседі.
 
Адамдар Мьянманы тас дәуірінен бастап мекендей бастады. Қазіргі Мьянманың аумағында алғашқы мемлекеттік құрылымдар (Мон, Пиу) біздің заманымыздың бас кезінде пайда болды. 11-ғасырға дейін Шрик-Шетра, Аракан, т.б. көптеген ұсақ иеліктер құрылды. 11-ғасырдың бас кезінде Паган (Мьянма халқының ежелгі мемлекеті) корольдығы ұсақ мемлекеттерді өзіне бағындырды. 13-ғасырдың соңында корольдық моңғолдардың шабуылына ұшырады. 16-ғасырда Тангу мемлекеті күшейіп, елді біріктіруге кірісті. Бірақ 1752 ж. Пегу мемлекетін құрған Мон билеушілері Тангу мемлекетін өзіне бағындырды. 19-ғасырдың бас кезінен бастап француз отаршылары Үндіқытай түбегіне ішкерілеп ене бастады. Бұған жауап ретінде Ұлыбритания 1824 ж. Төменгі Бирманы, 1855 ж. елдің бүкіл аумағын басып алды. Мьянма 1886 жылдан Бирма деген атпен Британ империясының отарына айналып, 1886 – 1937 ж. Британ Үндістанының құрамына енгізілді. 1937 ж. тікелей Британ Достастығы құрамына кіріп, ішінара өзін-өзі басқару құқығына ие болды. 1942 – 45 ж. Мьянманы жапондар жаулап алды. 1948 ж. 4-қаңтарда тәуелсіз мемлекет ретінде жарияланған Бирма мемлекеттерінің федерациясы құрылды. 1989 ж. ел — Мьянма (Мьянма Одағы) деп атала бастады. 
 
Мьянма – ауыл шаруашылығы басым дамыған ел. Өнеркәсіптің неғұрлым маңызды салалары: тау-кен, мұнай өндіру, орман шаруашылығы, ауыл шаруашылығы, балық аулау мен ағаш дайындауды қоса есептегенде ұлттық жалпы өнімнің 40%-ын береді. Ауыл шаруашылығының негізгі саласы – күріш өсіру. Бидай, қант құрағы, жүгері, каучуктік дақылдар да өсіріледі. Импортының негізін ауыр машина жасау өнімдері мен транспорттық құрал-жабдықтар құрайды. Ұлттық жалпы өнімнің жан басына шаққандағы мөлшері 1290 АҚШ долларына тең. Негізгі сауда серіктестері – Қытай, Үндістан, Сингапур, Тайланд, Жапония. 
 

Ұқсас материалдар