Қандастар Ассамблея

Мыржық

05.12.2012 3138
Мыржық – қола дәуірінің орта және соңғы кезеңдеріндегі қорымдар. Қарағанды облысы Жаңарқа ауданы Қызылтау ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 35 км жердегі Атасу қонысынан 10 км оңтүстік-батысқа қарай орналасқан Мыржық қонысынан солтүстікке қарай 1,5 км жерде. 1977 – 83 жылы Орталық Қазақстан археологиялық экспедиция (жетекшісі М.Қ. Қадырбаев, Ж.Құрманқұлов) зерттеген. Қорым аумағы солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 575 м-ге, батыстан шығысқа қарай 125 м-ге созылып жатыр және онда қола дәуіріне жатататын 48 ескерткіш бар. Мұндағы құрылыстар жекелеген тас жәшіктерден, тігінен орналасқан плиткалардан салынған қоршаулардан, топырақтан үйілген обалардан тұрады. Олардың ішінен 8 оба мен жеке бір тас жәшік зерттелген. 1 – оба қорымның орталық бөлігіне орналасқан. Үйіндінің диаметрі 20 м, биікт 0,8 м. Тереңдігі 0,3 – 0,4 м, ені 2 м шұңқыр орны аршылған. Үйіндінің астынан батыстан оңтүстік-батысқа қарай шығыстан солтүстік-батысқа қарай бағытталған 3 циста табылған. 1, 2 – обалардың көл. 1,45*0,95*1,3 және 0,75*0,5*1 м шамасында және обаның үсті тегіс гранит тақта тастармен жабылған. Барлығы өз заманында тоналған. Обалардан адам сүйектері, қыш ыдыстардың сынықтары табылған. 3 – оба қорымның шығыс бөлігінде орналасқан және тігінен қойылған гранит тақта тастардан салынып, диаметрі 5,5 м болатын дөңгелек қоршау түрінде жасалынған. Ортасындағы цистаның көлемі 1*0,8*0,95 м. Одан шала күйдірілген адам және қой сүйектері табылды. Басқа обалар үйінділерінің астында дөңгелек, шаршы, тік бұрыш пішіндес қоршаулар болғандығы анықталды. Барлық мәйітханалар тоналған. 2, 3, 9, 49 обаларда мәйітті жерлеу, ал 3, 14 обаларда мәйітті өртеу салты сақталған. Табылған заттар: қоладан жасалған төрт қырлы біз, иненің сынығы, екі ыдыстың ұсақ бөлшектері, екі моншақ. Мыржық–2 қорымы Мыржық қонысынан оңтүстік-шығысқа қарай 700 м жерде орналасқан. Тік тұрғызылған тақта тастардан жасалған 14 қоршаудан құралады (оның үшеуі тікбұрыш пішіндес, қалғандары дөңгелек). Екі қоршау зерттелген. 5 – қоршаудан қыш ыдыстар (8 дана) табылды. Қоршаудың ортасындағы тоналған тас жәшіктің көлемі 1,95*0,65*1 м. Жәшіктен адамның, жылқының сүйектері, қыш ыдыс, қола заттан жасалған бұйымдар сынықтары аршып алынған. Оңтүстікке қарай 200 м жерде Мыржық – 3 қорымы орналасқан. Ол тігінен қойылған тас плиталардан жасалған 12 қоршаудан және 1 оба-қоршаудан тұрады. Биіктігі 1 м, диам. 7,5 м болатын 11 оба-қоршауда қазба жұмыстары жүргізілген. Ортасынан трапеция пішіндес көлемі 2,1*0,85*0,7 м тас жәшік аршылған. Жәшіктен адамның, жылқының сүйектері, асыл тастардың сынықтары, қыш ыдыс бөліктері табылған.

Ұқсас материалдар