Қандастар Ассамблея

Австрия

05.12.2012 30891
  Австрия, Австрия Республикасы – Орталық Еуропадағы мемлекет. Аумағы 83,9 мың км2. Халқы 8,3 млн. Астанасы – Вена қаласы Әкімшілік-аумақтық бөлінісі жағынан 9 федералдық жерден тұрады. Халқының 98%-ы австриялықтар, дінге сенушілердің 84%-ы католиктер. Мемлекеттік тіл – неміс тілі. Заң шығарушы органы – екі палаталы парламент. Мемлекет басшысы – федералдық президент.  Австрия – таулы ел. Жерінің көбін Шығыс Альпі таулары алып жатыр. Ең биік жері – Биік Тауэрн жотасындағы Грос-Глокнер шыңы (3997 м). Кен байлықтарынан қоңыр көмір, мұнай мен газ, темір кентасы, магнезит, графит, қорғасын, мырыш, мыс, ас тұзы өндіріледі. Климаты қоңыржай, шығысында континенттік болып келеді. Орташа температура қаңтарда –1 – 40ӘС, шілдеде 15Ә – 18ӘС. Жауын-шашынның жылдық мөлшері тау аңғарларында 500 мм-ден Альпі тауларында 2000 мм-ге жетеді. Кеме жүзетін үлкен өзені – Дунай. Жерінің 38%-ы орман, ол негізінен тау беткейлерін көмкерген.  Австрия атауы алғашқы рет 996 ж. 1 қарашада жазылған құжатта кездеседі. 1156 жылдан бастап Австрия – «Қасиетті Рим империясы» құрамындағы герцогтық. 13 ғасырдың соңынан онда Габсбургтер әулеті билік жүргізді.  18 ғасырда Габсбургтер Бельгияны, Италияны, поляк, украин жерлерінің біразын өзіне қаратты. 17 – 18 ғасырларда Австрия монархиясы Түркиямен, Франциямен, Пруссиямен болған соғыстарға қатысты. 1804 жылдан Габсбургтер империясы болып аталды. 1859 ж. Франция мен Италияға қарсы соғыста Ломбардиядан айырылды. 1866 ж. Пруссияға қарсы соғыста жеңіліс тапты. Австрия 1867 жылдан – Австро-Венгрия монархиясы; 1-дүниежүзілік соғыста Австро-Венгрия Германияның басты одақтасы болды. Австрия-Венгрия монархиясы ыдырағаннан кейін 1918 ж. қарашада Австрия республикасы құрылды. 1938 ж. наурызда герман әскерлері Австрияға басып кіріп, Германияға қосып (аншлюс) алды. 1943 ж. Мәскеуде КСРО, Англия, АҚШ сыртқы істер министрлерінің кеңесінде қабылданған декларация бойынша Германияның Австрияны қосып алуы заңсыз деп танылды. 1945 ж. наурызда Кеңес әскерлері Австрия шекарасынан өтіп, 13 сәуірде Венаны азат етті. Бірақ Австрия бірден тәуелсіз мемлекет бола алмады. Бірнеше жыл бойы ол Франция, АҚШ, Ұлыбритания және КСРО арасында 4 оккупациялық аймаққа бөлінген қалпында қала берді. 1955 ж. 15 мамырда Венада КСРО, АҚШ, Англия, Франция, Австрия мемлекеттерінің өкілдері Австрияның тәуелсіздігін қалпына келтіру туралы шартқа қол қойды. 1955 ж. желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды. Австрияның сыртқы саясаты 1955 ж. 15 мамырдағы шартта көрсетілген міндеттемелер мен тұрақты бейтараптық статусына негізделген. 1996 жылдың 1 қаңтарынан Еуропалық Одаққа мүше болып қабылданды. 1992 ж. 19 ақпанда Қазақстан Республикасымен дипломатиялық қатынастар орнатты. Австрия – дамыған индустриялы-аграрлы мемлекет.  Австрия жылына 0,5 млн. т көмір, 1,0 млн. т мұнай, 4,5 млн. т болат және 54,9 млн. кВтҺсағат электр энергиясын өндіреді. Дамушы өнеркәсіп салаларынан қара металлургия, алюминий өнеркәсібі, машина жасау (станоктар, транспорттық машиналар, электртехникалық бұйымдар), химия өнеркәсібі (азот тыңайтқышы, күкірт қышқылы, жасанды талшық, резина шығару), ағаш өңдеу және целлюлоза-қағаз өнеркәсібі өркендеген. Ауыл шаруашылығында мал шаруашылығының маңызы өте үлкен. Егіншілікпен қатар бау-бақша, жүзім шаруашылықтары дамыған. Австрияның ұлттық табысы жан басына шаққанда 25,2 мың доллардан келеді. Соңғы көрсеткіш бойынша Австрия Еуропа экономикалық аймағы бойынша алтыншы орында. Экспортқа жылына 55 млрд. доллардың өнімі шығарылып, 65 млрд. доллардың өнімі сырттан әкелінеді.         

 

Австрия, Австрия Республикасы – Орталық Еуропадағы мемлекет. Аумағы 83,9 мың км2. Халқы 8,3 млн. Астанасы – Вена қаласы Әкімшілік-аумақтық бөлінісі жағынан 9 федералдық жерден тұрады. Халқының 98%-ы австриялықтар, дінге сенушілердің 84%-ы католиктер. Мемлекеттік тіл – неміс тілі. Заң шығарушы органы – екі палаталы парламент. Мемлекет басшысы – федералдық президент. 
Австрия – таулы ел. Жерінің көбін Шығыс Альпі таулары алып жатыр. Ең биік жері – Биік Тауэрн жотасындағы Грос-Глокнер шыңы (3997 м). Кен байлықтарынан қоңыр көмір, мұнай мен газ, темір кентасы, магнезит, графит, қорғасын, мырыш, мыс, ас тұзы өндіріледі. Климаты қоңыржай, шығысында континенттік болып келеді. Орташа температура қаңтарда –1 – 40ӘС, шілдеде 15Ә – 18ӘС. Жауын-шашынның жылдық мөлшері тау аңғарларында 500 мм-ден Альпі тауларында 2000 мм-ге жетеді. Кеме жүзетін үлкен өзені – Дунай. Жерінің 38%-ы орман, ол негізінен тау беткейлерін көмкерген. 
Австрия атауы алғашқы рет 996 ж. 1 қарашада жазылған құжатта кездеседі. 1156 жылдан бастап Австрия – «Қасиетті Рим империясы» құрамындағы герцогтық. 13 ғасырдың соңынан онда Габсбургтер әулеті билік жүргізді. 
18 ғасырда Габсбургтер Бельгияны, Италияны, поляк, украин жерлерінің біразын өзіне қаратты. 17 – 18 ғасырларда Австрия монархиясы Түркиямен, Франциямен, Пруссиямен болған соғыстарға қатысты. 1804 жылдан Габсбургтер империясы болып аталды. 1859 ж. Франция мен Италияға қарсы соғыста Ломбардиядан айырылды. 1866 ж. Пруссияға қарсы соғыста жеңіліс тапты. Австрия 1867 жылдан – Австро-Венгрия монархиясы; 1-дүниежүзілік соғыста Австро-Венгрия Германияның басты одақтасы болды. Австрия-Венгрия монархиясы ыдырағаннан кейін 1918 ж. қарашада Австрия республикасы құрылды.
1938 ж. наурызда герман әскерлері Австрияға басып кіріп, Германияға қосып (аншлюс) алды. 1943 ж. Мәскеуде КСРО, Англия, АҚШ сыртқы істер министрлерінің кеңесінде қабылданған декларация бойынша Германияның Австрияны қосып алуы заңсыз деп танылды. 1945 ж. наурызда Кеңес әскерлері Австрия шекарасынан өтіп, 13 сәуірде Венаны азат етті. Бірақ Австрия бірден тәуелсіз мемлекет бола алмады. Бірнеше жыл бойы ол Франция, АҚШ, Ұлыбритания және КСРО арасында 4 оккупациялық аймаққа бөлінген қалпында қала берді. 1955 ж. 15 мамырда Венада КСРО, АҚШ, Англия, Франция, Австрия мемлекеттерінің өкілдері Австрияның тәуелсіздігін қалпына келтіру туралы шартқа қол қойды. 1955 ж. желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды. Австрияның сыртқы саясаты 1955 ж. 15 мамырдағы шартта көрсетілген міндеттемелер мен тұрақты бейтараптық статусына негізделген. 1996 жылдың 1 қаңтарынан Еуропалық Одаққа мүше болып қабылданды. 1992 ж. 19 ақпанда Қазақстан Республикасымен дипломатиялық қатынастар орнатты.
Австрия – дамыған индустриялы-аграрлы мемлекет.  Австрия жылына 0,5 млн. т көмір, 1,0 млн. т мұнай, 4,5 млн. т болат және 54,9 млн. кВтҺсағат электр энергиясын өндіреді. Дамушы өнеркәсіп салаларынан қара металлургия, алюминий өнеркәсібі, машина жасау (станоктар, транспорттық машиналар, электртехникалық бұйымдар), химия өнеркәсібі (азот тыңайтқышы, күкірт қышқылы, жасанды талшық, резина шығару), ағаш өңдеу және целлюлоза-қағаз өнеркәсібі өркендеген.
Ауыл шаруашылығында мал шаруашылығының маңызы өте үлкен. Егіншілікпен қатар бау-бақша, жүзім шаруашылықтары дамыған. Австрияның ұлттық табысы жан басына шаққанда 25,2 мың доллардан келеді. Соңғы көрсеткіш бойынша Австрия Еуропа экономикалық аймағы бойынша алтыншы орында. Экспортқа жылына 55 млрд. доллардың өнімі шығарылып, 65 млрд. доллардың өнімі сырттан әкелінеді.