Қандастар Ассамблея

"Евгений Онегиннің" қазақшасы туралы

05.12.2012 8702
"Евгений Онегиннің" қазақшасы туралы   Поэзияның ірі шығармаларын бір тілден екінші тілге аудару өте қиын екені мәлім. Ал біздің бүгінгі тәжірибені алсақ, ұлт әдебиет үлгілерін орыс тіліне аудару жөнінде көп ақындардың сол аударып отырған шығармасының тілін білмейтіндігі тағы бар. Бұларға жәрдем етеді дерлік подстрочник атаулыны алсақ, оның өзі асыл нұсқаның нағыз соры. Подстрочниктің (сөзбе сөз аударманың) көбі сөз емес, құр көбік, немесе әлдеқандай өзіне біткен нәзік ырғағы, өзгеде жоқ жаңалық ерекшелігі дәл түсуі былай тұрсын, тіпті ақынның қысып, қамти айтқан ой-сезімінің системасы да және көрік-стиль құрылысының ішкі логикасы да дұрыс берілмейді.   Тап басып, дөп тиген кезінде өлең жолы қыл өтпестей боп, өте бір жымдасып құрылған жол емес пе? Мұндай жолдың ішіндегі жеке сөз — ән нотасының құр созылып айтылғаны сияқты емес, өзінше бір қалқыған дірілмен айтылған нотасы сияқты болады. Ол сөз бір мағына, бір-ақ ұғымды білдіріп, сонысымен қатып, сілейіп тұрып қалмайды. Түп мағынасынан басқа тағы қосымша ымы, сазы бар сөз болады. Оқушыға түп мағынасынан басқа да елес, әсер беретін сөз болады.   Асыл нұсқаның тілін білмейтін аударушы ақынға, оның сезгіштік, қажымастық ынталылығы ғана жәрдем етеді. Жалпы подстрочниктің ішінен Маяковский айтқан бейнетпен: "тонналаған сөз рудасының ішінен радийдің жалғыз грамын" тауып аламын деп іздеу керек.   Үйтпесе, аударатын нәрсенің сыртқы түрінен басқа нәрін де, нәзік мәнін де, өзгешелік қасиеттерін де түсінбейді. Әлгі, шолақ ойлы жеңілтек аудармашылардың: "біз ұлт ақынын қолдан жасаймыз" дейтін үр көппе сөзі де осыдан туады. Эпос сарынында жазылған шығарманы сыршыл шығармаға айналдырып, ертегі сиқыршының қамалын істейтін де, сол жазғандарының өзі болады.   Бірақ, бір тәуірі, аударушының бәрі мұндай емес. Совет ақындарының ірілерін алсақ, тіпті тілін білмеген шығарманың өзін аударғанда да, нағыз үлкен шебердің қолымен, барлық ынта, бейілімен істегендері үлгі аларлықтай болып отыр. Мысалы, Тихоновтың грузин тілінен жасаған аудармаларында оның асыл нұсқаға қаншалық зерттегіш-ақын қолымен жанасқанын көреміз. Ол ең әуелі өзіне сарыны сәйкес келетін ақынды алды. Подстрочникті біреу жасап бергеннің үстіне өзі де жасап алды. Сол аударатын өлеңін грузин тілінде әр түрлі қып оқытып, үн ырғағына құлағын жаттықтырады. Содан соң аудармасының әрбір қайтармасын грузин сыншыларына оқып беріп, түзеп отырады. Мұндай жол, асыл нұсқаның нәзік қылдарын табуға сенімді басқыш болады. Сонда да, Тихонов аудармасын орыс оқушысы да, грузин оқушысы да мақтап отырса да, ол өз аудармасының бәріне ырза бола бермейді; "1935 жылға шейін аударған бес мың жол өлеңнің ішінен, өзімді толық қанағаттандыратын бес-ақ жүз жол" - дейді.   Аударма ісінің осы сияқты жалпы қиындықтарының тұсында, қазір Пушкинді аударып жатқан біздің ақындардың бір тәуір жағдайы бар. Онысы — асыл нұсқаның өз тілін білетіндіктері. Жаман көпір — подстрочник бұларда жоқ. Пушкин өлеңдері бұларға өзінің бар үнімен "шырқап, қалқып" ұғылып тұр. Бірақ осы жағдайда, бұл ақындардан қазақ оқушысының көпті талап етуіне право береді. Ол оқушы біздің ақындарға: "Осы Пушкин аудармасы үстіне, сендер өздеріңнің мәдениеттіліктеріңді көрсетесіңдер, қала берсе таланттарыңның да шама-шарқын көрсетесіңдер" — деді. Тіпті одан да әрі барып:" Сендердің осы еңбектерің зор мұраны біздің қалайша баурағанымызды білдіретіндіктен, Қазақстандағы әдебиет қозғалысы Одақтың өзге елдерімен салысқанда, қаншалық пісіп толғанын білдіреді. Бұл істің пісіп толғандығына, мәдениеттілігіне де сын-экзамен болады" — деп те айта алады. Біздің алдымызда тұрған міндеттің қиыншылығы да, қасиеті де осы арада.   Бұл міндетті, теория жүзінде, біздің ақындар барынша толық түсінеді. Сан жағынан қарағанда жалған аударма да аз емес. Юбилей күніне қазақ тілінде Пушкиннің "Онегин" бастаған, барлық ірі поэмалары, жеке ірі өлеңдері және әңгімелері де шығады.   Ал енді сапа жағынан алсақ, осы аудармалардың бір қыдыруында асығыстық ізі бар. Табандап, тырысып отырып ізденудің орнына әр себепті сылтау етіп, ауырдың үсті, жеңілдің астынан кеткендік белгісі бар. Сол себепті кей жерде Пушкиннің өлең өлшеуі жойылып, расында қазаққа ұғымдырақ болатын, он бір буынды, төрт жолды өлең орын теуіп алғаны бар. Бірақ, жол ұзарғандықтан, амалсыздан, аудармашы өз жанынан әр жолға кейде демеу сөз, кейде одан да ары аттасып, тіпті тұтас сөз де тіркеп жібереді. "Кавказ тұтқынын" аударған Тайыр жолдас осыны істеген. Ал " Руслан мен Людмиланы" аударушы Әбділда, асыл нұсқаның өлшеуін сақтап, ұйқасын да дәлге жақын келтіріп, жалпы өлеңін күйлі қып шығарумен қатар, кей жолдардан Пушкин сезін қалдырып қойған. Нәтижеде: кемшін соққан, өңі қашқан, асыл нұсқаға барабар келмейтін кем-кем жолдар болады. Бірақ бұл аудармалардың бәрі бірдей осындай емес. Мысалы, Ілияс аударған "Евгений Онегинді" алсақ, оның зор ынта бейілімен зерттеуші ақын боп ізденгенін көреміз.   Романның өзін, түсіндіргіштерін, бұрынғы зерттеушілерін оқып, аудару үстінде Ілияс алты ай отырды. Сүйтіп іздеу арқылы ол Пушкин материалын барынша жете танып, біліп отыр. Ілиястың осы ісінің өр кезеңін көргендіктен мен қазір Пушкин романының ішінде ол түсінбеген бірде-бір сөз жоқ деп айта аламын. Ол роман ішіндегі толып жатқан адам аттарының неге кіргізілгенін және Пушкиндегі шет жайыла сөйлейтін көп тарамдардың неліктен болатынын тегіс зерттеп, шешіп алған. Мұндай бұлтарыстар романда аса көп. Және әр адам, жаңағыдай әр тарамның артында тұрған жалпы тарих, мәдениет тарихы, немесе оңай ұғыла қоймайтын тұспалмен айтылған дәуір белгілері қаншалық?   Осыны ұғынып алумен қатар, Ілияс әуелі романның бір үзіндісін әр түрлі үлгімен аударып көрді. Бірақ мынандай істі тарихи зор міндет деп түсінудің өзі, оған Пушкинді дұрыс әдіспен аударудың негізгі дұрыс жолын таптырды. Ол әдіс асыл нұсқаның өз стилін, өз түрін бұлжытпай түсіру әдісі болды.   Сонымен, "Евгений Онегин" Пушкиннің әзіндегі 14 жолдық шумақпен, өз ұйқасы, өз өлшеуімен және әр жолдың мағына тұспалын өз қалпында беретін, тіл образын да қазақша төлеу салмай, өз айтуынша аударып беретін үлгімен істеледі.   Шынында, бұл шығарманы да көптің көзі үйренген, дағдылы он бір буын, төрт жолмен аударуға болар еді. Онда аударушы да қазақылау жағын басымдатып, асыл нұсқаның нобайын ғана беріп, өзі де жеңіл жортып отырар еді. Бірақ Ілияс бұл жолға түспеді. Сонысы дұрыс болды. Пушкин поэзиясына қазақтың "тон-тымағын кигізіп" жеңілдетем деу, оны арзандатып, әлсіретіп жіберетін жол болар еді. Ал мына әдісі табандап ізденіп, бата қимыл істеген жаңалық әдісі боп отыр.   Бұл әдіс — қазақтың жас мәдениетінің бүгінгі күйін алғанда негізгі — тарихи зор мәні бар дұрыс әдіс болады. Анығында біз қазір көркемөнер мен әдебиеттің дүниелік ірі өлтірілерін алғанда, өз оқушымыздың әзірлігі аз боп тұрған күйіне қарай бейімдеп, жонып, мінеп, кішірейтіп, әлсіретіп алуымыз керек емес. Қайта сол оқушымыздың өзін көтеріп, өсіріп, анау мұраны барлық ұлы тұлғасымен тұтас түсінетін сатыға апаруымыз керек.   Олай болса, Пушкин де қазақ әдебиетіне дәл Пушкин қалпымен өңін өзгертпей кіруі керек. Өзіне біткен ерекшелігімен, бұл күнге шейін қазақ оқушысы көрмеген тереңдігін толық көрсетіп, жаңа серпіні зор мол бір арнадай боп өз түрін, өз стилін ала кіруі керек. Одақтың грузин, армян, украин сияқты мәдениетті елдерін алсақ, барлығы да ұлы ақынды осылайша, өз түрін, өз стилін бұлжытпай аударып отыр.   Осындайлық жалпы жөннен туатын дұрыс әдісті біздің жұртшылық қабылдауға тиіс. Көпшілік шынында да жақсы қабылдаған сияқты. Бірақ сонымен қатар, бұл аударманы ұғымсыздау дейтін бірен-саран адамдар да бар. Олар кей-кей кезде қазақшасын ойша орысша аударып барып қана түсінеміз дейді. Ал тағы біраз адамдар "бүгінгі қазақ поэзиясында мұндай шумақ, мұндай ұйқастар жоқ болғандықтан, қазақ оқушысының көпшілігіне тосаң тиетін ерекшеліктерді онша тереңдетіп алмау керек еді, қазақтың өзіне мәлім түрден ұзамау керек еді" дегендейді айтады.   Бұл пікірлерді ол кісілер романның әзірше жарияланған бірінші тарауына қарап айтады. Ол тарау түсіндіргіш сөздерді тілеуші еді. Түсіндірме сөз көп болмағандай "Евгений Онегиннің" бірінші тарауын ұғыну аса қиын. Қазақ оқушысының көпшілігіне ол бір ауыр жұмбақ, қиын шың болуында дау жоқ. Жалғыз қазақ оқушысы емес-ау, тіпті орыс оқушысының орта буынына да оп-оңай емес. Бұл тарауда романың уақиға түйіндері, әңгімелік жағы айқынданып таралмайды. Оның үстіне кеп шумақтары көлденең жайларды баян етіп, уақиғаға қатынаспайтын кісі аттары да мол араласып отырады. Және әр кісінің тұсында ақын тілімен келте қайырылып айтылған сындар, ымдар, тұспалар да көп.   Қазақ оқушысы не шала білетін, не тіпті білмейтін осы сияқты фактылар мен көп зат нәрселер бірінші тараудың әр шумағынан табылады. Әзірлігі жоқ оқушыға, мысалы, 18 шумақты алып осыдан не түсіндің десек, не айта алар еді? Ондағы аттары аталатын Фонвизин, Княжнин, Озеров, Катенин, Шаховскойлер арқылы және артистка Семенова, не биші Дюпло арқылы ~ Пушкин өз уағындағы театр, драматургия және балет өнерінің суретін беріп отырғанын түсіне қою оңай ма? Ал 49-шумақтағы:   Адриатик толқындары, О, Брента, көзім салам, Толғанамын, толық тағы Сиқырлы үнің жетті маған! Үн ардақты ақын ұлға Альбионның өр жырында Маған таныс, маған жақын Жүздім сырлы гондолада, Петрарконың ғашық тілін Сол сұлумен жаттап жүрдім...—   деген сөздерінің арғы сырын екінің бірі түсіне қояр ма екен? Осының ішіндегі атаулары және солардың кірген себептерін "Орысша тілді жақсы білем, романды орыс тілінен оқып түсінем" деген қазақ оқушысының бәрі біле қойды ма екен? Аударманы жете қарамай, ойланып, үстірт мінейтін сыншының көбі осы жолдастар ғой. Олар: "Орысшаны түсінеміз, ал қазақшасы бізге оншалық ұғымды емес" дегендей қылады. Дәл солай ғана ма екен? Бұл тұста орысшаны түсінбеймін деуге арланып, өзіне өзі жалған айтып қазақшаны түсінбеймін деумен орынсыз мезетсің отыратын құрғақ пандық жоқ па екен? Біз кей-кейде сол да бола ма деп шүбәланамыз. Рас, бұл жерде адам таппастық, миға қонбастық сырдың жөн екені де рас. Бірақ, әйтсе де романды ғылым жолымен терең бойлап оқымағандықтан (ал "Евгений Онегинді" солайша оқымай болмайды) ол кісілер бұл арадағы бірталай нәзік жайларды білмейді. Бұл шумақтың ішкі сырына бойлап көрсек: Альбион дегені Англия ("биік арал" деген), "өр" деген сөзді бұл арада Пушкин, Байрон поэзиясы туралы айтады. Айтқанда, Байронның "Чайльд Гарольдының" төртінші тарауын есіне алып, сонда Англия ақыны — Италияның Бранта өзенінің бойындағы түн көрінісін суреттеп отырып, сол Италияның атақты ақыны Петрарканы сөз қылғанын есіне алып сөйлейді.   Бұл шумақты мен ең қиынын тандап алайын дегендіктен алып отырғам жоқ. Көп мысалдың бірі есебіне ғана алып отырмын. Дәлін айтсақ, бірінші тараудың талай шумақтары осы тәрізді.   Бірақ асықпай ойланып, жөнін байқап отырсақ, сол сырт көзге ұғымсыз болар деген шумақтардың талайы Ілияс аудармасында, бір жағынан асыл нұсқаға барабар түсіп, екіншіден, қазақшылық жағынан да көрікті де, келісті де боп, әдемі қиысып отырады.   Мысалы: Театр толы: жайнап ложа; Кресло партер қайнап тегіс; Жоғарғы жақ шулап қозды, Перде ашылып, шықты дыбыс. Бейне бұлт, етіп жалт-жұлт, Мәжілісті құрмет қылып, Ньюмина тобы қоршауында Түр сахнада Истомина. Бір аяқпен жерде жылжып, Бір аяқпен айналар жай, Еволь үрген мамығындай: Бірде ұшып, бірде ырғып, Бір бүгіліп, бір жазылып Аяқты аяқ қағып лып-лып...— деген аудармада қандай мін бар? Бірақ мұнда Ньюмина, Еволь, Истомина сияқты, немесе көпшілік ұға қоймайтын, "партер", "ложа" сияқты аттар да бар. Ал аударушы ақынға бұл жөнінде не бұйрық етесіз? Өлең жолының ішінде "Ньюмина" пәлен, "Еволь" түген десін бе? Әлде, басты қатырмай, біз білмейтін аттың бәрін өлең ішінен айдап таста дейміз бе? Біздің кейбір аудармашыларымызда ол да болып еді-ау. Бірақ енді олай демек, онда тіпті аш құлақтан тыныш құлақ, "Евгений Онегинді" қазақшалағанды қояйық. Үйткені, осы жаңағылар сияқты бүгінгі аударушы мен біздің бүгінгі оқушыны біраз қинайтын өзгешелік, ерекшеліктері болмаса, "Евгений Онегиннің" барлық, шыңыраудай терең мәні де, сегіз қырлы сыры да өшіп, семіп қалады. Шынында, осындай жайларын ойлап қарасақ, бірінші тараудың мәні аса зор. Тіпті романды мәңгілік шығарманың дәрежесіне көтерген де осы тарау емес пе екен деген ой келеді. Біраз ой жіберіп, роман мәнін суреттеп түсініп, Онегиннің өзі романның кейінгі тарауларында бұтақтап, жапырақтайтын ағаш деп салыстырсақ, мына бірінші тарау сол ағашты тудырып, өсірген анайы топырақ есепті болады. Сол өзі шыққан төркін топырағы ғана, өзге емес, дәл осы мүсінді ағашты тудырып отыр. Ал, бірінші тарауда сол топырақтың физико-химиялық сипаттары көрсетіліп кеп, жаңағы ағаштың биологиялық, табиғаттық жағынан қалайша қалыптанған тарихы айтылады. Сол тұлғалы ағашымыз Онегиннің психо-физиологиялық мүсіні боп шығады.   Абайдың бір қателескен жері бірінші тараудың осы мәнін жете қарамаған. Егер терең бойлап, Онегин образының логикасын түсініп, тамыр-түбірін абайласа, аудармасының аяғында оған мылтық ұсынып "енді өзіңді өзің өлтіруің-ақ қалды" деп дәмеленбес еді. Дана ақынның ұлы романының сын-сипаты осындай. Ол күйінен қайда қашсаң құтылмайсың. Құтылу үшін жеңілейтін, жұқартам десең, кешілмес қаталық істер едің. "Пушкинді - Пушкин ете аударамын" деп дұрыс бағыт алған Ілияс, осы міндетін көп жағынан көңілдегідей адал қылу арқылы, бүгін таңда зор мәні бар, тарихи мәдени еңбек сіңіріп отыр.   Аударманың жоғарыда саналған қасиеттерінен басқа тағы бір ащы өткірлігін де әдемі келтірген. Ал Пушкиннің қай дәуір, қай буынның болса да, ақын атаулысына үлгі, өнеге болатын іші терең, сырты оңай, келте қайырғыштық кестесі де аудармада сезіліп отырады. Пушкин романының басындағы "Арнау сөзде":   Достым, осы-ақ келген қолдан: Шала сықақ, шала мұңнан, Ел өзінен, ұлы арманнан Жас жемісім, жұбанудан, Таң күзеттен толғанудан, Өспеуімнен, өшкен жылдан, Күйген көңіл түйген сырдан — Ала-құла жазылған сөз, Құмарлана қолыңды сөз... —   деп бір екшеп тастайды. Осы жолдарда романның бар мән-жайы туралы тұжырымды түрде түсінік берумен қатар, өзінің де ой-сезімін, сан толғауын құлақ күй етеді. Шерменде ойшының мұңлы, күңгірт жан жарасын сездіреді. Ал осындай мазмұнын еске ала отырып қарасақ, мына аудармадан да сондай толғақ шын сезіліп тұрған жоқ па? Қазақ тілінде осындай аз сөздің бойына, тар жердің көлеміне осыншалық телегей толқын ой-сезімді сыйғызған өлең көріп пе едік? Көргеміз жоқ, Үйткені ол Пушкиннен ғана шыққан. Бір ерекше қасиеті — осындай келтелігінде. Сонысының өзі үлгі болсын, біздің ақындарды да осындай терең мағыналы үнемшілдікке баулысын деп, Ілияс әдейі, барынша келте қайырып аударады. Бірақ осындай қайырымдар, жоғарыда айтылған қазаққа таныс емес ат, заттардың тұсында түсіндірмелер аз жазылған уақытта, кейбір түсініспегендікті туғызады. Ал түсініспеудің кінәсі аудармада емес, біздің өзімізде. Аударманың да бүгінгі тұрған қалпын алсақ, күдік туғызатын екі-ақ ірі мәселе бар. Мұның біріншісі — оқта-текте ұйқастың тап түсе қоймайтындығы. Қазақ оқушысына атымен жаңалық болатын шумақ пен ұйқасты алған соң, өлең аяғының ұйқастары босаң болмай нық-нық, дік-дік түсіп отыруы қажет. Оқушы сол жаңа түрдің өлеңі де күйдей күңіреніп тұра алмайтынын сезсін. Ал қазірде кей жолының буыны асып, шұбалаң тартып қап, кейде ұйқас та жетіңкіремей қап отырады.   Бұдан соңғы, әсіресе күдікті екінші кемшілік — аударманың сөздігі (словарь), ақындық сөздігі туралы. Қазақ тілінің ескі, жаңа қорының бәрін жете білетін Ілияс, осы қорлардың өзін ғана қолданумен қанағаттанады да, Пушкин тілінің бір зор ерекшелігін бәсең қалдырады. Пушкин дәуіріндегі әдебиет тілінің сол дәуірмен байланысты бір бояуы дін, шіркеу сөзінің көп араласатындығы емес пе еді? Ал аудармада романның тілі кей-кейде біздің дәл бүгінгі әдебиетіміздің тілі боп қалады. Қазақтың әдеби тіліне сіңісті боп кеткен ескі кітап тілін (кейбір араб, парсы сөздерін) осы аудармаға кіргізуден Ілияс әдейі қашса да, бекер қашқан. "Мәдениет", "Әдебиет", "Мектеп" сияқты, немесе Абай шығармалары арқылы біз күнде оқып, құлағымыз жаттыққан: ләззат, шафқат, ғиззат сияқты кітап, дін сөздері бар емес пе? Пушкиндегі шіркеу — дін сөздерін осындайлардан төлеу салып отырса, аударма тілі — дәуірдің бүгінгі емес, өткен бір шақ екенін сездіргендей болар еді. Уақыттың тарих қабаттарының өткен кезіне қарай сырғып барып тұрған алыстығын сезінер едік. Осындай жағынан қарасақ, мысалы, Пушкиннің "Коварный искуситель" - нің орнына "Сайтанбысы" десек, әлсіз де, кемшін де соғады. Ал бұл орынға біздің бүгінгі әдебиет тілімізде сирек көрінетін, бірақ қазақ білетін "әзәзіл", "ібілісті" алсақ, әлдеқайда қонымды болар еді.   Рас, әрине, бұл жайды "Гамлетті" өзбек тіліне аударам деп, Шекспирді біржолата арабшалатып қойған өзбек ақынының оғат тәжірибесіне ұқсатпау керек. Өзбектің әдебиет тіліндегі араб, парсы біздікіндей емес. Оларда, бүгінгі әдебиет тілін кей-кейде жаргонға ұқсатып жіберетін араб, парсы аламыштарынан құтылу - зор мәні бар шетін мәселе. Ал бізде, қазақша төлеуі болмаған жерде, өзі бар қазаққа мәлім сөз болғанда және арнаулы бояу ретінде қажет болғанда өлшеуін біліп, мөлшермен қолдану — оншалық құбыжық болмас еді дейміз.   Абайдың Пушкин мен Лермонтовтан жасаған аудармаларының ерекше зор қасиеті — әсіресе асыл нұсқаның өз тіліне тең түсіп отыратын сөздігінде. Жаңағы ақындарды аударғанда Абай да жаңа түр іздеп, өзінше соны тауып та алған. Шалыс ұйқас деген ұйқасты Татьяна хатын аудара бастағанда Пушкиннен алып, соны қазақ поэзиясына енгізді. Ол аналардың жол өлшеуін, өзі айтқандай, "Уәзімін" де сақтаған. Бірақ, сонымен қатар Абайдың шын қуаты — бояуы айқын, қыры мен сыры терең тілінде, сөздігінде жатыр.   Өзге жағының бәрін алғанда, Ілиястың ұстаған жолы - шексіз дұрыс жол. Ендігі міндеті, осы сияқты мәдениетті әдісін шынымен аяқтап шығу үшін әлі де осы бетінен тереңдетіп, толықтыра түсуі керек.   Ал қазақ оқушысының сауатты жағына аздап, оларға оқу мен оқу тең емес дегенді ескерту керек. "Евгений Онегин", "Фауст", "Гамлет" сияқты алуаны бөлек шығармалар, қызық романша, я батыр жырынша желе текірекпен оқылмайды.   Сонымен қатар көпшілік оқушыны алсақ, оған "Евгений Онегинді" дұрыс ұғынып түсінуі жөнінде біз жәрдем етуге міндеттіміз. Бұл романның әрбір қазақша баспасына орыс тілінде берілетін қалпынан сонағұрлым мол түсіндірме сөздіктер басып отыру керек. Және басқа аударма емес, дәл осы аударманы алып отырып, көпшілікке талай лекциялар оқып, беседалар жасап, романның өзін оқып беріп отыруымыз қажет. Осы ретте тағы бір ойласатын нәрсе, "Евгений Онегиннің" көпшілікке арналған баспасын шығарғанда, осы аударманың ішінен біраз тарауларды қысқартып, әңгіменің өзін ғана тұжырымды қып беретін, қысқа вариант шығаруға да болмас па екен? Мұхтар Әуезов  

"Евгений Онегиннің" қазақшасы туралы

 

Поэзияның ірі шығармаларын бір тілден екінші тілге аудару өте қиын екені мәлім. Ал біздің бүгінгі тәжірибені алсақ, ұлт әдебиет үлгілерін орыс тіліне аудару жөнінде көп ақындардың сол аударып отырған шығармасының тілін білмейтіндігі тағы бар. Бұларға жәрдем етеді дерлік подстрочник атаулыны алсақ, оның өзі асыл нұсқаның нағыз соры. Подстрочниктің (сөзбе сөз аударманың) көбі сөз емес, құр көбік, немесе әлдеқандай өзіне біткен нәзік ырғағы, өзгеде жоқ жаңалық ерекшелігі дәл түсуі былай тұрсын, тіпті ақынның қысып, қамти айтқан ой-сезімінің системасы да және көрік-стиль құрылысының ішкі логикасы да дұрыс берілмейді.

 

Тап басып, дөп тиген кезінде өлең жолы қыл өтпестей боп, өте бір жымдасып құрылған жол емес пе? Мұндай жолдың ішіндегі жеке сөз — ән нотасының құр созылып айтылғаны сияқты емес, өзінше бір қалқыған дірілмен айтылған нотасы сияқты болады. Ол сөз бір мағына, бір-ақ ұғымды білдіріп, сонысымен қатып, сілейіп тұрып қалмайды. Түп мағынасынан басқа тағы қосымша ымы, сазы бар сөз болады. Оқушыға түп мағынасынан басқа да елес, әсер беретін сөз болады.

 

Асыл нұсқаның тілін білмейтін аударушы ақынға, оның сезгіштік, қажымастық ынталылығы ғана жәрдем етеді. Жалпы подстрочниктің ішінен Маяковский айтқан бейнетпен: "тонналаған сөз рудасының ішінен радийдің жалғыз грамын" тауып аламын деп іздеу керек.

 

Үйтпесе, аударатын нәрсенің сыртқы түрінен басқа нәрін де, нәзік мәнін де, өзгешелік қасиеттерін де түсінбейді. Әлгі, шолақ ойлы жеңілтек аудармашылардың: "біз ұлт ақынын қолдан жасаймыз" дейтін үр көппе сөзі де осыдан туады. Эпос сарынында жазылған шығарманы сыршыл шығармаға айналдырып, ертегі сиқыршының қамалын істейтін де, сол жазғандарының өзі болады.

 

Бірақ, бір тәуірі, аударушының бәрі мұндай емес. Совет ақындарының ірілерін алсақ, тіпті тілін білмеген шығарманың өзін аударғанда да, нағыз үлкен шебердің қолымен, барлық ынта, бейілімен істегендері үлгі аларлықтай болып отыр. Мысалы, Тихоновтың грузин тілінен жасаған аудармаларында оның асыл нұсқаға қаншалық зерттегіш-ақын қолымен жанасқанын көреміз. Ол ең әуелі өзіне сарыны сәйкес келетін ақынды алды. Подстрочникті біреу жасап бергеннің үстіне өзі де жасап алды. Сол аударатын өлеңін грузин тілінде әр түрлі қып оқытып, үн ырғағына құлағын жаттықтырады. Содан соң аудармасының әрбір қайтармасын грузин сыншыларына оқып беріп, түзеп отырады. Мұндай жол, асыл нұсқаның нәзік қылдарын табуға сенімді басқыш болады. Сонда да, Тихонов аудармасын орыс оқушысы да, грузин оқушысы да мақтап отырса да, ол өз аудармасының бәріне ырза бола бермейді; "1935 жылға шейін аударған бес мың жол өлеңнің ішінен, өзімді толық қанағаттандыратын бес-ақ жүз жол" - дейді.

 

Аударма ісінің осы сияқты жалпы қиындықтарының тұсында, қазір Пушкинді аударып жатқан біздің ақындардың бір тәуір жағдайы бар. Онысы — асыл нұсқаның өз тілін білетіндіктері. Жаман көпір — подстрочник бұларда жоқ. Пушкин өлеңдері бұларға өзінің бар үнімен "шырқап, қалқып" ұғылып тұр. Бірақ осы жағдайда, бұл ақындардан қазақ оқушысының көпті талап етуіне право береді. Ол оқушы біздің ақындарға: "Осы Пушкин аудармасы үстіне, сендер өздеріңнің мәдениеттіліктеріңді көрсетесіңдер, қала берсе таланттарыңның да шама-шарқын көрсетесіңдер" — деді. Тіпті одан да әрі барып:" Сендердің осы еңбектерің зор мұраны біздің қалайша баурағанымызды білдіретіндіктен, Қазақстандағы әдебиет қозғалысы Одақтың өзге елдерімен салысқанда, қаншалық пісіп толғанын білдіреді. Бұл істің пісіп толғандығына, мәдениеттілігіне де сын-экзамен болады" — деп те айта алады. Біздің алдымызда тұрған міндеттің қиыншылығы да, қасиеті де осы арада.

 

Бұл міндетті, теория жүзінде, біздің ақындар барынша толық түсінеді. Сан жағынан қарағанда жалған аударма да аз емес. Юбилей күніне қазақ тілінде Пушкиннің "Онегин" бастаған, барлық ірі поэмалары, жеке ірі өлеңдері және әңгімелері де шығады.

 

Ал енді сапа жағынан алсақ, осы аудармалардың бір қыдыруында асығыстық ізі бар. Табандап, тырысып отырып ізденудің орнына әр себепті сылтау етіп, ауырдың үсті, жеңілдің астынан кеткендік белгісі бар. Сол себепті кей жерде Пушкиннің өлең өлшеуі жойылып, расында қазаққа ұғымдырақ болатын, он бір буынды, төрт жолды өлең орын теуіп алғаны бар. Бірақ, жол ұзарғандықтан, амалсыздан, аудармашы өз жанынан әр жолға кейде демеу сөз, кейде одан да ары аттасып, тіпті тұтас сөз де тіркеп жібереді. "Кавказ тұтқынын" аударған Тайыр жолдас осыны істеген. Ал " Руслан мен Людмиланы" аударушы Әбділда, асыл нұсқаның өлшеуін сақтап, ұйқасын да дәлге жақын келтіріп, жалпы өлеңін күйлі қып шығарумен қатар, кей жолдардан Пушкин сезін қалдырып қойған. Нәтижеде: кемшін соққан, өңі қашқан, асыл нұсқаға барабар келмейтін кем-кем жолдар болады.

Бірақ бұл аудармалардың бәрі бірдей осындай емес. Мысалы, Ілияс аударған "Евгений Онегинді" алсақ, оның зор ынта бейілімен зерттеуші ақын боп ізденгенін көреміз.

 

Романның өзін, түсіндіргіштерін, бұрынғы зерттеушілерін оқып, аудару үстінде Ілияс алты ай отырды. Сүйтіп іздеу арқылы ол Пушкин материалын барынша жете танып, біліп отыр. Ілиястың осы ісінің өр кезеңін көргендіктен мен қазір Пушкин романының ішінде ол түсінбеген бірде-бір сөз жоқ деп айта аламын. Ол роман ішіндегі толып жатқан адам аттарының неге кіргізілгенін және Пушкиндегі шет жайыла сөйлейтін көп тарамдардың неліктен болатынын тегіс зерттеп, шешіп алған. Мұндай бұлтарыстар романда аса көп. Және әр адам, жаңағыдай әр тарамның артында тұрған жалпы тарих, мәдениет тарихы, немесе оңай ұғыла қоймайтын тұспалмен айтылған дәуір белгілері қаншалық?

 

Осыны ұғынып алумен қатар, Ілияс әуелі романның бір үзіндісін әр түрлі үлгімен аударып көрді. Бірақ мынандай істі тарихи зор міндет деп түсінудің өзі, оған Пушкинді дұрыс әдіспен аударудың негізгі дұрыс жолын таптырды. Ол әдіс асыл нұсқаның өз стилін, өз түрін бұлжытпай түсіру әдісі болды.

 

Сонымен, "Евгений Онегин" Пушкиннің әзіндегі 14 жолдық шумақпен, өз ұйқасы, өз өлшеуімен және әр жолдың мағына тұспалын өз қалпында беретін, тіл образын да қазақша төлеу салмай, өз айтуынша аударып беретін үлгімен істеледі.

 

Шынында, бұл шығарманы да көптің көзі үйренген, дағдылы он бір буын, төрт жолмен аударуға болар еді. Онда аударушы да қазақылау жағын басымдатып, асыл нұсқаның нобайын ғана беріп, өзі де жеңіл жортып отырар еді. Бірақ Ілияс бұл жолға түспеді. Сонысы дұрыс болды. Пушкин поэзиясына қазақтың "тон-тымағын кигізіп" жеңілдетем деу, оны арзандатып, әлсіретіп жіберетін жол болар еді. Ал мына әдісі табандап ізденіп, бата қимыл істеген жаңалық әдісі боп отыр.

 

Бұл әдіс — қазақтың жас мәдениетінің бүгінгі күйін алғанда негізгі — тарихи зор мәні бар дұрыс әдіс болады. Анығында біз қазір көркемөнер мен әдебиеттің дүниелік ірі өлтірілерін алғанда, өз оқушымыздың әзірлігі аз боп тұрған күйіне қарай бейімдеп, жонып, мінеп, кішірейтіп, әлсіретіп алуымыз керек емес. Қайта сол оқушымыздың өзін көтеріп, өсіріп, анау мұраны барлық ұлы тұлғасымен тұтас түсінетін сатыға апаруымыз керек.

 

Олай болса, Пушкин де қазақ әдебиетіне дәл Пушкин қалпымен өңін өзгертпей кіруі керек. Өзіне біткен ерекшелігімен, бұл күнге шейін қазақ оқушысы көрмеген тереңдігін толық көрсетіп, жаңа серпіні зор мол бір арнадай боп өз түрін, өз стилін ала кіруі керек.

Одақтың грузин, армян, украин сияқты мәдениетті елдерін алсақ, барлығы да ұлы ақынды осылайша, өз түрін, өз стилін бұлжытпай аударып отыр.

 

Осындайлық жалпы жөннен туатын дұрыс әдісті біздің жұртшылық қабылдауға тиіс. Көпшілік шынында да жақсы қабылдаған сияқты. Бірақ сонымен қатар, бұл аударманы ұғымсыздау дейтін бірен-саран адамдар да бар. Олар кей-кей кезде қазақшасын ойша орысша аударып барып қана түсінеміз дейді. Ал тағы біраз адамдар "бүгінгі қазақ поэзиясында мұндай шумақ, мұндай ұйқастар жоқ болғандықтан, қазақ оқушысының көпшілігіне тосаң тиетін ерекшеліктерді онша тереңдетіп алмау керек еді, қазақтың өзіне мәлім түрден ұзамау керек еді" дегендейді айтады.

 

Бұл пікірлерді ол кісілер романның әзірше жарияланған бірінші тарауына қарап айтады. Ол тарау түсіндіргіш сөздерді тілеуші еді. Түсіндірме сөз көп болмағандай "Евгений Онегиннің" бірінші тарауын ұғыну аса қиын. Қазақ оқушысының көпшілігіне ол бір ауыр жұмбақ, қиын шың болуында дау жоқ. Жалғыз қазақ оқушысы емес-ау, тіпті орыс оқушысының орта буынына да оп-оңай емес. Бұл тарауда романың уақиға түйіндері, әңгімелік жағы айқынданып таралмайды. Оның үстіне кеп шумақтары көлденең жайларды баян етіп, уақиғаға қатынаспайтын кісі аттары да мол араласып отырады. Және әр кісінің тұсында ақын тілімен келте қайырылып айтылған сындар, ымдар, тұспалар да көп.

 

Қазақ оқушысы не шала білетін, не тіпті білмейтін осы сияқты фактылар мен көп зат нәрселер бірінші тараудың әр шумағынан табылады. Әзірлігі жоқ оқушыға, мысалы, 18 шумақты алып осыдан не түсіндің десек, не айта алар еді? Ондағы аттары аталатын Фонвизин, Княжнин, Озеров, Катенин, Шаховскойлер арқылы және артистка Семенова, не биші Дюпло арқылы ~ Пушкин өз уағындағы театр, драматургия және балет өнерінің суретін беріп отырғанын түсіне қою оңай ма? Ал 49-шумақтағы:

 

Адриатик толқындары,

О, Брента, көзім салам,

Толғанамын, толық тағы

Сиқырлы үнің жетті маған!

Үн ардақты ақын ұлға

Альбионның өр жырында

Маған таныс, маған жақын

Жүздім сырлы гондолада,

Петрарконың ғашық тілін

Сол сұлумен жаттап жүрдім...—

 

деген сөздерінің арғы сырын екінің бірі түсіне қояр ма екен? Осының ішіндегі атаулары және солардың кірген себептерін "Орысша тілді жақсы білем, романды орыс тілінен оқып түсінем" деген қазақ оқушысының бәрі біле қойды ма екен? Аударманы жете қарамай, ойланып, үстірт мінейтін сыншының көбі осы жолдастар ғой. Олар: "Орысшаны түсінеміз, ал қазақшасы бізге оншалық ұғымды емес" дегендей қылады. Дәл солай ғана ма екен? Бұл тұста орысшаны түсінбеймін деуге арланып, өзіне өзі жалған айтып қазақшаны түсінбеймін деумен орынсыз мезетсің отыратын құрғақ пандық жоқ па екен? Біз кей-кейде сол да бола ма деп шүбәланамыз. Рас, бұл жерде адам таппастық, миға қонбастық сырдың жөн екені де рас. Бірақ, әйтсе де романды ғылым жолымен терең бойлап оқымағандықтан (ал "Евгений Онегинді" солайша оқымай болмайды) ол кісілер бұл арадағы бірталай нәзік жайларды білмейді. Бұл шумақтың ішкі сырына бойлап көрсек: Альбион дегені Англия ("биік арал" деген), "өр" деген сөзді бұл арада Пушкин, Байрон поэзиясы туралы айтады. Айтқанда, Байронның "Чайльд Гарольдының" төртінші тарауын есіне алып, сонда Англия ақыны — Италияның Бранта өзенінің бойындағы түн көрінісін суреттеп отырып, сол Италияның атақты ақыны Петрарканы сөз қылғанын есіне алып сөйлейді.

 

Бұл шумақты мен ең қиынын тандап алайын дегендіктен алып отырғам жоқ. Көп мысалдың бірі есебіне ғана алып отырмын. Дәлін айтсақ, бірінші тараудың талай шумақтары осы тәрізді.

 

Бірақ асықпай ойланып, жөнін байқап отырсақ, сол сырт көзге ұғымсыз болар деген шумақтардың талайы Ілияс аудармасында, бір жағынан асыл нұсқаға барабар түсіп, екіншіден, қазақшылық жағынан да көрікті де, келісті де боп, әдемі қиысып отырады.

 

Мысалы:

Театр толы: жайнап ложа; Кресло партер қайнап тегіс; Жоғарғы жақ шулап қозды, Перде ашылып, шықты дыбыс. Бейне бұлт, етіп жалт-жұлт, Мәжілісті құрмет қылып, Ньюмина тобы қоршауында Түр сахнада Истомина. Бір аяқпен жерде жылжып, Бір аяқпен айналар жай, Еволь үрген мамығындай: Бірде ұшып, бірде ырғып, Бір бүгіліп, бір жазылып Аяқты аяқ қағып лып-лып...— деген аудармада қандай мін бар? Бірақ мұнда Ньюмина, Еволь, Истомина сияқты, немесе көпшілік ұға қоймайтын, "партер", "ложа" сияқты аттар да бар. Ал аударушы ақынға бұл жөнінде не бұйрық етесіз? Өлең жолының ішінде "Ньюмина" пәлен, "Еволь" түген десін бе? Әлде, басты қатырмай, біз білмейтін аттың бәрін өлең ішінен айдап таста дейміз бе? Біздің кейбір аудармашыларымызда ол да болып еді-ау. Бірақ енді олай демек, онда тіпті аш құлақтан тыныш құлақ, "Евгений Онегинді" қазақшалағанды қояйық. Үйткені, осы жаңағылар сияқты бүгінгі аударушы мен біздің бүгінгі оқушыны біраз қинайтын өзгешелік, ерекшеліктері болмаса, "Евгений Онегиннің" барлық, шыңыраудай терең мәні де, сегіз қырлы сыры да өшіп, семіп қалады.

Шынында, осындай жайларын ойлап қарасақ, бірінші тараудың мәні аса зор. Тіпті романды мәңгілік шығарманың дәрежесіне көтерген де осы тарау емес пе екен деген ой келеді. Біраз ой жіберіп, роман мәнін суреттеп түсініп, Онегиннің өзі романның кейінгі тарауларында бұтақтап, жапырақтайтын ағаш деп салыстырсақ, мына бірінші тарау сол ағашты тудырып, өсірген анайы топырақ есепті болады. Сол өзі шыққан төркін топырағы ғана, өзге емес, дәл осы мүсінді ағашты тудырып отыр. Ал, бірінші тарауда сол топырақтың физико-химиялық сипаттары көрсетіліп кеп, жаңағы ағаштың биологиялық, табиғаттық жағынан қалайша қалыптанған тарихы айтылады. Сол тұлғалы ағашымыз Онегиннің психо-физиологиялық мүсіні боп шығады.

 

Абайдың бір қателескен жері бірінші тараудың осы мәнін жете қарамаған. Егер терең бойлап, Онегин образының логикасын түсініп, тамыр-түбірін абайласа, аудармасының аяғында оған мылтық ұсынып "енді өзіңді өзің өлтіруің-ақ қалды" деп дәмеленбес еді. Дана ақынның ұлы романының сын-сипаты осындай. Ол күйінен қайда қашсаң құтылмайсың. Құтылу үшін жеңілейтін, жұқартам десең, кешілмес қаталық істер едің. "Пушкинді - Пушкин ете аударамын" деп дұрыс бағыт алған Ілияс, осы міндетін көп жағынан көңілдегідей адал қылу арқылы, бүгін таңда зор мәні бар, тарихи мәдени еңбек сіңіріп отыр.

 

Аударманың жоғарыда саналған қасиеттерінен басқа тағы бір ащы өткірлігін де әдемі келтірген. Ал Пушкиннің қай дәуір, қай буынның болса да, ақын атаулысына үлгі, өнеге болатын іші терең, сырты оңай, келте қайырғыштық кестесі де аудармада сезіліп отырады. Пушкин романының басындағы "Арнау сөзде":

 

Достым, осы-ақ келген қолдан:

Шала сықақ, шала мұңнан,

Ел өзінен, ұлы арманнан

Жас жемісім, жұбанудан,

Таң күзеттен толғанудан,

Өспеуімнен, өшкен жылдан,

Күйген көңіл түйген сырдан

— Ала-құла жазылған сөз,

Құмарлана қолыңды сөз... —

 

деп бір екшеп тастайды. Осы жолдарда романның бар мән-жайы туралы тұжырымды түрде түсінік берумен қатар, өзінің де ой-сезімін, сан толғауын құлақ күй етеді. Шерменде ойшының мұңлы, күңгірт жан жарасын сездіреді. Ал осындай мазмұнын еске ала отырып қарасақ, мына аудармадан да сондай толғақ шын сезіліп тұрған жоқ па? Қазақ тілінде осындай аз сөздің бойына, тар жердің көлеміне осыншалық телегей толқын ой-сезімді сыйғызған өлең көріп пе едік? Көргеміз жоқ, Үйткені ол Пушкиннен ғана шыққан. Бір ерекше қасиеті — осындай келтелігінде. Сонысының өзі үлгі болсын, біздің ақындарды да осындай терең мағыналы үнемшілдікке баулысын деп, Ілияс әдейі, барынша келте қайырып аударады. Бірақ осындай қайырымдар, жоғарыда айтылған қазаққа таныс емес ат, заттардың тұсында түсіндірмелер аз жазылған уақытта, кейбір түсініспегендікті туғызады. Ал түсініспеудің кінәсі аудармада емес, біздің өзімізде.

Аударманың да бүгінгі тұрған қалпын алсақ, күдік туғызатын екі-ақ ірі мәселе бар. Мұның біріншісі — оқта-текте ұйқастың тап түсе қоймайтындығы. Қазақ оқушысына атымен жаңалық болатын шумақ пен ұйқасты алған соң, өлең аяғының ұйқастары босаң болмай нық-нық, дік-дік түсіп отыруы қажет. Оқушы сол жаңа түрдің өлеңі де күйдей күңіреніп тұра алмайтынын сезсін. Ал қазірде кей жолының буыны асып, шұбалаң тартып қап, кейде ұйқас та жетіңкіремей қап отырады.

 

Бұдан соңғы, әсіресе күдікті екінші кемшілік — аударманың сөздігі (словарь), ақындық сөздігі туралы. Қазақ тілінің ескі, жаңа қорының бәрін жете білетін Ілияс, осы қорлардың өзін ғана қолданумен қанағаттанады да, Пушкин тілінің бір зор ерекшелігін бәсең қалдырады. Пушкин дәуіріндегі әдебиет тілінің сол дәуірмен байланысты бір бояуы дін, шіркеу сөзінің көп араласатындығы емес пе еді? Ал аудармада романның тілі кей-кейде біздің дәл бүгінгі әдебиетіміздің тілі боп қалады. Қазақтың әдеби тіліне сіңісті боп кеткен ескі кітап тілін (кейбір араб, парсы сөздерін) осы аудармаға кіргізуден Ілияс әдейі қашса да, бекер қашқан. "Мәдениет", "Әдебиет", "Мектеп" сияқты, немесе Абай шығармалары арқылы біз күнде оқып, құлағымыз жаттыққан: ләззат, шафқат, ғиззат сияқты кітап, дін сөздері бар емес пе? Пушкиндегі шіркеу — дін сөздерін осындайлардан төлеу салып отырса, аударма тілі — дәуірдің бүгінгі емес, өткен бір шақ екенін сездіргендей болар еді. Уақыттың тарих қабаттарының өткен кезіне қарай сырғып барып тұрған алыстығын сезінер едік. Осындай жағынан қарасақ, мысалы, Пушкиннің "Коварный искуситель" - нің орнына "Сайтанбысы" десек, әлсіз де, кемшін де соғады. Ал бұл орынға біздің бүгінгі әдебиет тілімізде сирек көрінетін, бірақ қазақ білетін "әзәзіл", "ібілісті" алсақ, әлдеқайда қонымды болар еді.

 

Рас, әрине, бұл жайды "Гамлетті" өзбек тіліне аударам деп, Шекспирді біржолата арабшалатып қойған өзбек ақынының оғат тәжірибесіне ұқсатпау керек. Өзбектің әдебиет тіліндегі араб, парсы біздікіндей емес. Оларда, бүгінгі әдебиет тілін кей-кейде жаргонға ұқсатып жіберетін араб, парсы аламыштарынан құтылу - зор мәні бар шетін мәселе. Ал бізде, қазақша төлеуі болмаған жерде, өзі бар қазаққа мәлім сөз болғанда және арнаулы бояу ретінде қажет болғанда өлшеуін біліп, мөлшермен қолдану — оншалық құбыжық болмас еді дейміз.

 

Абайдың Пушкин мен Лермонтовтан жасаған аудармаларының ерекше зор қасиеті — әсіресе асыл нұсқаның өз тіліне тең түсіп отыратын сөздігінде. Жаңағы ақындарды аударғанда Абай да жаңа түр іздеп, өзінше соны тауып та алған. Шалыс ұйқас деген ұйқасты Татьяна хатын аудара бастағанда Пушкиннен алып, соны қазақ поэзиясына енгізді. Ол аналардың жол өлшеуін, өзі айтқандай, "Уәзімін" де сақтаған. Бірақ, сонымен қатар Абайдың шын қуаты — бояуы айқын, қыры мен сыры терең тілінде, сөздігінде жатыр.

 

Өзге жағының бәрін алғанда, Ілиястың ұстаған жолы - шексіз дұрыс жол. Ендігі міндеті, осы сияқты мәдениетті әдісін шынымен аяқтап шығу үшін әлі де осы бетінен тереңдетіп, толықтыра түсуі керек.

 

Ал қазақ оқушысының сауатты жағына аздап, оларға оқу мен оқу тең емес дегенді ескерту керек. "Евгений Онегин", "Фауст", "Гамлет" сияқты алуаны бөлек шығармалар, қызық романша, я батыр жырынша желе текірекпен оқылмайды.

 

Сонымен қатар көпшілік оқушыны алсақ, оған "Евгений Онегинді" дұрыс ұғынып түсінуі жөнінде біз жәрдем етуге міндеттіміз. Бұл романның әрбір қазақша баспасына орыс тілінде берілетін қалпынан сонағұрлым мол түсіндірме сөздіктер басып отыру керек. Және басқа аударма емес, дәл осы аударманы алып отырып, көпшілікке талай лекциялар оқып, беседалар жасап, романның өзін оқып беріп отыруымыз қажет. Осы ретте тағы бір ойласатын нәрсе, "Евгений Онегиннің" көпшілікке арналған баспасын шығарғанда, осы аударманың ішінен біраз тарауларды қысқартып, әңгіменің өзін ғана тұжырымды қып беретін, қысқа вариант шығаруға да болмас па екен?

Мұхтар Әуезов

 

Ұқсас материалдар