Қандастар Ассамблея

Білімнің тұңғыш ордасы

05.12.2012 4491
Білімнің тұңғыш ордасы   Бүгінгі Қазақстан жастарының алдында білім-өнер өрісі ұшан-теңіз. Қай білімді, қай өнерді алам десе таңдау-талғауына шек жоқ. Талай ғылым саласы үлкен-үлкен ВУЗ-дарға орнап, "кел мұндалап" тұр. Ғылым сарайлары бір емес әлденеше. Туып, бекіп орнағандарына да талай жыл болды. Солардың ішіндегі аға ВУЗ-дың бірі Абай атындағы Мемлекеттік педагогика институты. Бұл институтты мәдениетті жұртшылықтың бәрі де біледі.   Қазақтың Мемлекеттік педагогика институты бұрынғы гимназия тұрған үйде. Бірақ бұл институт баяғы гимназияның орнына құрылған институт емес, ол гимназиядан үй болмаса, іске асатын жұрнақ та қалған жоқ. Мәдениет, оқу-білім жағынан қажеттігі өскен қазақ елінің жоғары білімді адамдарға деген, әсіресе, мұғалімдерге деген мұқтаждығы жыл сайын ұлғайып кеп еді. Партия мен үкімет, әсіресе, Сталин жолдастың өзі ұлт-ұлттың мәдениетін³, оқу-ағарту істерін өрістетуге өте-мөте көңіл қойды. Сол назардың арқасында Қазақтың Мемлекеттік педагогика институты жасалды. 1928 жылы Орталық партия комитеті мен Союздық Халық Комиссарлары Советі Қазақтың Мемлекеттік педагогика институты ашылсын деп қаулы шығарды. Содан бері қарай Қазақтың Мемлекеттік педагогика институты жасап келеді. Қазақтың Мемлекеттік педагогика институты, қысқаша айтқанда ҚазПИ, Қазақстандағы алғашқы ВУЗ болды4. Бұл ВУЗ-дың ашылуы қазақ халқы үшін үлкен игілікті іс еді, өйткені бұл қазақ халқының мәдениет өнер-білімінің жоғарылауына тартылған алғашқы арқалық сияқты еді. Ескіден жұрдай болып келген5 қазақ даласы білімпаз адамдарға, әсіресе, мұғалімдерге зар еді. Сол тілеуге ең алғаш жеміс берген осы ҚазПИ. Сондықтан ҚазПИ бізге басқа ВУЗ-дан гөрі алғашқы тұңғышымыздай болып ыстық көрінеді.   Қадірлі адамдарды, мұғалімдерді тәрбиелеп шығаратын өзінің алғашқы өнер-білім ордасына жұртшылық неге сүйсінбесін! Ең алғаш Платонды, Сократты, Архимедті, Руссоны, Ньютонды, Дарвинды және Бальзакты, Толстойды, Пушкинді, тағы сондай әлем данышпандарын қазақша сөйлеткен осы институт болды. Қазақ тілін, қазақ әдебиетін, қазақ тарихын ғылым есебінде, пән есебінде қатарға қосқан осы институт. Бірақ ең бірінші, ең алғаш ВУЗ-ды құру жұмысы оп-оңай іс бола қойған жоқ. Оқытушы-преподаватель кадрларын құрастыру, оқу-білім жобаларына жол тартып, оған марксизм-ленинизмді арқау ету істері зор еңбекпен орнады. Оқу-ағарту орындарына және ҚазПИ-дің өзіне Қазақстанның мәдениет, білім қызметкерлері жағынан тапшылығын пайдаланып, алғашқы кезде еніп кеткен байшыл ұлтшылдардың да кесірі көп тиіп еді. Бірақ партия мен үкімет халық жауларының бұндай арамдық әрекеттерімен күресе отырып, қазақтың бірінші ВУЗ-ын — Советтік ВУЗ етіп жасап шығарды. Бірақ жаулардың арамдық істері тоқтамады, қайта байшыл ұлтшылдардың нелер алаяқтары оқытушы деген атпен ҚазПИ-ге жинала бастады, олар ҚазПИ-ді ұлтшылдықтың медресесіне айналдырмақшы болды. Бірақ онысы болмады. ҚазПИ — өзіміздің ҚазПИ болып қала берді. ҚазПИ-ге партия ісіне берілген, өнер-білімге жанын салған совет жастары көп жиналды. Жас болса да берік болды олар. Байшыл ұлтшылдардың білгірсіген, шешенсіген қусымақтардың тас талқанын шығарып, күлін көкке ұшырды.   ҚазПИ он бір жыл жасап келеді. Бұл он бір жылдан бергі тарихын тізбектеп айтса, талай томды кітап болар еді. Мыңдаған адам оқып, өсіп шықты, басынан кешкен таңғажайып істері де көп болды. Сөйтіп ҚазПИ он бір жылдың ішіңде Союздағы үлкен ВУЗ-дардың қатарына қосылды. Республикамыздың оқу-ағарту қозғалысында көрнекті орын алып келді, өнер-білімнің үлкен кені болып алды. Қазақ сахарасында жүздеген жас мұғалімдерді әзірлеп берген осы ҚазПИ.   1928 жылы, институт ашылған жылы 124 оқушы болыпты. Оның 76-сы қазақ екен, содан аттатып келіп 1933 жылға келсек, 515 студент, 1939 жылы 501 студент, оның 228 қазақ болған. Бүгінде қазақ ВУЗ-дарында жүздеген қазақ қыздары оқиды. Солардың көп оқитын ВУЗ-ның бірі ҚазПИ, мысалы: 1938 жылы 32 қыз болса, 1939 жылы 46 қазақ қызы оқыған.   Он бір жылдың ішінде институттың қабырғасы қатып, бұғанасы бекіді. Осындай өз төлдерін өсірумен бекіді.   1928 жылы институт құрылғанда үш қана белім бар еді, олар тіл-әдебиет бөлімі, физика-математика бөлімі, табиғат тану бөлімі. Қазір институтта бес факультет бар. Бұрынғы үш бөлімнің үстіне тарих, география бөлімдері келіп қосылды. Бұл факультетгердің бәрінде жеке пәндердің кафедралары бар. Сол кафедралардың ішінде бүкіл республикалық маңызы зор кафедралар - тіл, әдебиет, тарих кафедралары. Тіл кафедрасы қазақ тілі ғылымының грамматикасын жасауда, қазақ тілінің тарихын жүйеге салуда үлкен еңбек сіңірді. Кафедраның мүшелері, ҚазПИ-дың оқытушылары — С.Аманжолов, С.Кеңесбаев сияқты жолдастар. Бұл екеуі — филология ғылымының кандидаты, қазақтың соңғы кезде өскен жас оқымыстылары, бұлар жазып шығарған тіл ғылымының оқу кітаптары бүкіл Қазақстандық абырой алып, мектептеріміздің тіл жөніндегі сүйеніші болып отыр. Қазақ әдебиеті мен қазақ тарихы жөнінен де әдебиет, тарих кафедраларының да істеген маңызды істері көп.   Институттың үлкен бір табысы - соңғы жылдары жаңадан жақсы-жақсы оқытушылар, профессорлар жинап алды. 1928 жылы 20 шақты ғана оқытушы бар еді. Олардың бірсыпырасы арамдықпен бой тасалап жүрген жат адамдар еді. Соңғы жылдарда сол жат адамдар қуылып, оның орынына жаңа жас оқытушылар кадрлары жиналды. Қазір институт 75 оқытушы бар. Олардың 21-і қазақтан шыққан оқымыстылар. Оқытушылардың ғылыми дәрежесіне келсек, 7-уі профессор, 15 доцент. Бұлардың ішінде ғылым докторы, ғылым кандидаты деген дәрежеге ие болғандар да бар. Оқытушылардың дені жас кадрлар, олардың көбі кеше ғана оқушы еді, көбі осы ҚазПИ-дің өзін бітіріп шыққандар. Солардың ішінде ғылыми еңбектерімен аты шығып жүрген Толыбеков, Кеңесбаев, Тәжібаев сияқты жас оқымыстылар да бар. Оларды студенттер өздерінің жолдасындай, ағаларындай көреді.   Институтта Маркович, Сильченко, Линчевский сияқты қадірлі оқытушылар да бар. Маркович нағыз ғылымның адамы, нағыз біздің заманның ғалымы, социалистік қоғамның берік бір қайраткері. Линчевский қарт туралы роман жазсаңыз да әңгіме жеткілікті. Бұл — бір бала мінез, ақ пейіл қарт. Оның лекциясын көңілденіп қошаметпен тыңдайсыз. Фактіге, дәлелге жүйрік, мысалдауға, салыстыруға шебер Александр Харлампович өзінің жайдарман сөздерімен мәтелдеп, мақалдап кеп үлкен жазушыларды шәкірттеріне шын сүйгізе біледі.   Институтпен бірге жасасып келе жатқан адамның бірі Сильченко. Бұл кісі әрі әдебиет оқытушысы болып та, әрі институттың оқу ісін басқарушы болып та зор еңбек сіңірген адам. Оқып жүргендер де, институтты бітіріп кеткендер де Сильченко жолдасқа әрқашан разылық білдіріп жүреді.   Институтта әрі оқытушы болып, әрі басшы болып қызмет істеумен бірге Сильченко жолдас қазақ әдебиет тарихын ғылыми зерттеу істерімен де айналысады. Сильченко жолдас ғылыми дәреже алу үшін қазір диссертация қорғауға әзірленіп жатыр. Институтта осындай қадірлі оқытушылар әлденеше.   ҚазПИ-де құрал-аспап жақтары да жақсы жабдықтаулы. Үлгі боларлықтай тамаша лабораториялар бар. Әсіресе, химия лабороториясын алыңыз, бұндағы құрал-аспаптардың өзі толып жатқан бір жиһаз. Бұл лаборатория құрал-аспап жағынан үлкен қалалардағы ескі ВУЗ-дардың лабораториясынан кем соқпайды. Марксизм-ленинизм кабинеті де салтанатты. Текшеленіп қалаулы тұрған қызылды-жасылды кітаптар, сыртында: Маркс, Энгельс, Ленин және Плеханов, Кант, Фейербах сияқты аттар жазулы. Кабинеттегі екі бөлмеге лықа толып түн бойы сарылып сабақ пысықтап отырған студенттерді, олармен шұғыл кеңесіп жатқан профессорларды көресіз. Бұл кабинет институттағы ең беделді және барлық студенттерге бірдей "үлкен үй" сияқты кабинет. Онда тарихшы да, әдебиетші де, химик та, математик та отырады. Институт кітапқа бай, кітапханасында 175 мың том кітап бар. Бұлар студенттердің ең жақын досы, ұзын жолға алатын мол азығы.   Институтта сырттан оқытатын білім бар, мұнда мың қаралы адам оқиды. Бұлардың көбі ауыл, аудан мұғалімдері, білім дәрежесін жетілдіруге ұмтылған қазақ жастары. ҚазПИ тұрған үйде ҚазПИ-дің інісі сияқты бір оқу орны бар. Ол мұғалімдер институты. Бұл институт шынында ҚазПИ-ден енші алып шыққан отау институт. ҚазПИ-дің өкше басар жеткіншегі — рабфагі де бар. Оның оқушылары ертең-ақ ҚазПИ-ге кеп төрден орын аламыз деп, құлшынып тұрғандар.   Ғылым ордасының жоғарылағанын, өскенін көрсететін, өзіне сүйеніш болатын бір іс - аспирантурасы. Бұндағы оқитындар ҚазПИ-дің өз тумасы, өз түлектері. Бұлар әзір 20 шақты-ақ кісі, бірақ аз да болса зор үміт күткізетін талаптылар. Ертең-ақ олар оқымысты, білімпаз адамдар болып шықпақ. Қазірдің өзінде-ақ олардың көбі сол ҚазПИ-ге сабақ береді. Іштерінде Ә.Тоқмағамбетов, Ғ.Мұсабаев, М.Ғабдуллин сияқты ғылым зерттеу ісін әлден-ақ бастап, жазған еңбектерімен көзге түсіп жүрген талапты жігіттер де бар.   ҚазПИ — бір білім комбинаты, өрісі, аумағы кең институт. Астана жұртшылығына таныс, меймандос институт. Жазушылар, ғылыми қызметкерлер, пропагандистер, мұғалімдер бұл институтқа тегіс үйір. Әдебиет туралы айтыс, ғылыми конференция, марксизм-ленинизм мәселелеріне баяндама деген сияқты ғылыми мәжілістер көбіне осында өтеді.   Кешегі кезде өнерлі-білімді жастарды арман етіп:   Ойында жоқ бұлардың, Салтыков пен Толстой. Я тілмаш, я адвокат, Болам деген бәрінде ой, —   деп Абай сынаған баяғы шәлдірік жастарды енді көре алмаймыз. Мұнда оқитын жастар халқы үшін, жаңа дүниенің игілігі үшін өнер-білімге ынтасын, талабын жұмсайтын саналы жастар6.   Солардың ішінде талаптылықтың, білгірліктің, ұғымталдықтың арқасында басқалардан озып кеткен жүйріктер, ертең-ақ білімпаз боламыз деп әлден-ақ білегін сыбанып тұрған білім буындары бар. Бұлар оқуда да, қоғам ісіне де өнегелі, қадірлі жігіттер. Сол қатардан Жармағамбетов, Дайырбеков, Жұбаев, Уваров, Қазықынов, Құлымбетов, Тобылбаев, Тихоновская деген студенттер жуықта зор абыройға ие болып, үлкен қуаныш тапты. Сталин жолдастың атындағы ардақты стипендияны алатын болды бұлар7. Бұл абырой, атақ бүкіл институттың қуанышы.   Міне осындай өскелеңдеген өнер-білім, өрге басқан жас қауымның ұл, қыздары арқылы, қазақ сахарасынан ғасырлар қараңғылығын қуып айдап, жойып отыр.   Бір ҚазПИ емес, білім жарық ордасы осындай өршіл табыстарды барлық ВУЗ-дың ұлы дүкенінен таратып отыр. Осындай даңқты білім орны Дәрігерлік институты, Мал дәрігерлік институты, Тау-инженерлердің институты, Ауылшаруашылық институты сияқты сан-сала.   Соның бәріне де күр маман емес, ғылым қызметкері, ірі зерттеуші боп пісіп толып келе жатқан қазақтың ұл, қызы лек-лек. Бәрінде де осындай қайнар талап, жайнар табыс, серпін бар. Қазақстанның бүгінгі әрбір ВУЗ-ын алып революциядан бұрын осы сахарадан шығып, оқу іздеген буындардың көрген-білгенімен салыстырсақ, қаршығаның қанат қағысындай парықты көреміз. Баяғыда медреседе 20 жыл мешеу болып отыратын қалпе, қазірет нені оқыды, нені білді? Халқына қандай жеміс әкелді? Солардың аузын толтырып айтатын Бұқар медресесі, Меке, Медине дәрістері, тіпті Мысырдағы "Әл Әзһары" пәлен ишан, түген дамолладан алған тағлым тәрбиесі немене еді. Атақты деген Мысыр, Шам, Бұхар, Стамбол медреселерінің бәрін жиса біздің ҚазПИ-дің жалғыз ғана бір қабырғасында тұрған ғылым кітаптарының беретінін беріп пе еді. Он бес жыл, жиырма жыл бойында зая кеткен өмірдің нәтижесін:   Кітапты молда теріс оқыр Дағарадай болып сәлдесі. Мал құмар көңілі бек соқыр, Бүркіттен кем бе жем жесі... —   деп Абай әйгілеп берген еді.   Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң арқалан. Сен де бір кірпіш дүниеге Кетігін тап та бар, қалан! —   деп сол Абай өз заманының жетпей бұлғақтаған "білмей пістім" деген шала оқыған шолжыңдарын шенеп еді.   Біздің бүгінгі білім ордаларымыз бен бүгінгі нәрлі, ренді, білімді бекем жастарымызды көрмеген көз су қараңғы болсын да.   Қазақстан халқының білім-өнер жолындағы Октябрьден бергі табысы мен қарқынын алғанда, қандайлық қан-жыны ақтарылған жауды алсаң да аузына құм құйылмай ма? ҚазПИ-ді айтқанда тарихымен, табысымен, тәрбие-тағылыммен республиканың білім көшін бастап отырған бірді ғана айттық. Бірақ ол білім ордасы бір ғана емес, Ұлы Отанымызда мың сан. Соның бәрі де бүгінгі қазақ халқының мол қазынасы, ұлы ордасы. Бірі мыңға сүйеніп, мыңы бірге нұр беріп жатқандықтан сол бірдің өзін ғана айттық. Бірақ сол біріміз мол сәулетті социалистік мәдениетіміздің айқын, толық тұлғасы болғандықтан мысал етіп қана айттық. Мұхтар Әуезов

Білімнің тұңғыш ордасы

 

Бүгінгі Қазақстан жастарының алдында білім-өнер өрісі ұшан-теңіз. Қай білімді, қай өнерді алам десе таңдау-талғауына шек жоқ. Талай ғылым саласы үлкен-үлкен ВУЗ-дарға орнап, "кел мұндалап" тұр. Ғылым сарайлары бір емес әлденеше. Туып, бекіп орнағандарына да талай жыл болды. Солардың ішіндегі аға ВУЗ-дың бірі Абай атындағы Мемлекеттік педагогика институты. Бұл институтты мәдениетті жұртшылықтың бәрі де біледі.

 

Қазақтың Мемлекеттік педагогика институты бұрынғы гимназия тұрған үйде. Бірақ бұл институт баяғы гимназияның орнына құрылған институт емес, ол гимназиядан үй болмаса, іске асатын жұрнақ та қалған жоқ. Мәдениет, оқу-білім жағынан қажеттігі өскен қазақ елінің жоғары білімді адамдарға деген, әсіресе, мұғалімдерге деген мұқтаждығы жыл сайын ұлғайып кеп еді. Партия мен үкімет, әсіресе, Сталин жолдастың өзі ұлт-ұлттың мәдениетін³, оқу-ағарту істерін өрістетуге өте-мөте көңіл қойды. Сол назардың арқасында Қазақтың Мемлекеттік педагогика институты жасалды. 1928 жылы Орталық партия комитеті мен Союздық Халық Комиссарлары Советі Қазақтың Мемлекеттік педагогика институты ашылсын деп қаулы шығарды. Содан бері қарай Қазақтың Мемлекеттік педагогика институты жасап келеді. Қазақтың Мемлекеттік педагогика институты, қысқаша айтқанда ҚазПИ, Қазақстандағы алғашқы ВУЗ болды4. Бұл ВУЗ-дың ашылуы қазақ халқы үшін үлкен игілікті іс еді, өйткені бұл қазақ халқының мәдениет өнер-білімінің жоғарылауына тартылған алғашқы арқалық сияқты еді. Ескіден жұрдай болып келген5 қазақ даласы білімпаз адамдарға, әсіресе, мұғалімдерге зар еді. Сол тілеуге ең алғаш жеміс берген осы ҚазПИ. Сондықтан ҚазПИ бізге басқа ВУЗ-дан гөрі алғашқы тұңғышымыздай болып ыстық көрінеді.

 

Қадірлі адамдарды, мұғалімдерді тәрбиелеп шығаратын өзінің алғашқы өнер-білім ордасына жұртшылық неге сүйсінбесін! Ең алғаш Платонды, Сократты, Архимедті, Руссоны, Ньютонды, Дарвинды және Бальзакты, Толстойды, Пушкинді, тағы сондай әлем данышпандарын қазақша сөйлеткен осы институт болды. Қазақ тілін, қазақ әдебиетін, қазақ тарихын ғылым есебінде, пән есебінде қатарға қосқан осы институт. Бірақ ең бірінші, ең алғаш ВУЗ-ды құру жұмысы оп-оңай іс бола қойған жоқ. Оқытушы-преподаватель кадрларын құрастыру, оқу-білім жобаларына жол тартып, оған марксизм-ленинизмді арқау ету істері зор еңбекпен орнады. Оқу-ағарту орындарына және ҚазПИ-дің өзіне Қазақстанның мәдениет, білім қызметкерлері жағынан тапшылығын пайдаланып, алғашқы кезде еніп кеткен байшыл ұлтшылдардың да кесірі көп тиіп еді. Бірақ партия мен үкімет халық жауларының бұндай арамдық әрекеттерімен күресе отырып, қазақтың бірінші ВУЗ-ын — Советтік ВУЗ етіп жасап шығарды. Бірақ жаулардың арамдық істері тоқтамады, қайта байшыл ұлтшылдардың нелер алаяқтары оқытушы деген атпен ҚазПИ-ге жинала бастады, олар ҚазПИ-ді ұлтшылдықтың медресесіне айналдырмақшы болды. Бірақ онысы болмады. ҚазПИ — өзіміздің ҚазПИ болып қала берді. ҚазПИ-ге партия ісіне берілген, өнер-білімге жанын салған совет жастары көп жиналды. Жас болса да берік болды олар. Байшыл ұлтшылдардың білгірсіген, шешенсіген қусымақтардың тас талқанын шығарып, күлін көкке ұшырды.

 

ҚазПИ он бір жыл жасап келеді. Бұл он бір жылдан бергі тарихын тізбектеп айтса, талай томды кітап болар еді. Мыңдаған адам оқып, өсіп шықты, басынан кешкен таңғажайып істері де көп болды. Сөйтіп ҚазПИ он бір жылдың ішіңде Союздағы үлкен ВУЗ-дардың қатарына қосылды. Республикамыздың оқу-ағарту қозғалысында көрнекті орын алып келді, өнер-білімнің үлкен кені болып алды. Қазақ сахарасында жүздеген жас мұғалімдерді әзірлеп берген осы ҚазПИ.

 

1928 жылы, институт ашылған жылы 124 оқушы болыпты. Оның 76-сы қазақ екен, содан аттатып келіп 1933 жылға келсек, 515 студент, 1939 жылы 501 студент, оның 228 қазақ болған. Бүгінде қазақ ВУЗ-дарында жүздеген қазақ қыздары оқиды. Солардың көп оқитын ВУЗ-ның бірі ҚазПИ, мысалы: 1938 жылы 32 қыз болса, 1939 жылы 46 қазақ қызы оқыған.

 

Он бір жылдың ішінде институттың қабырғасы қатып, бұғанасы бекіді. Осындай өз төлдерін өсірумен бекіді.

 

1928 жылы институт құрылғанда үш қана белім бар еді, олар тіл-әдебиет бөлімі, физика-математика бөлімі, табиғат тану бөлімі. Қазір институтта бес факультет бар. Бұрынғы үш бөлімнің үстіне тарих, география бөлімдері келіп қосылды. Бұл факультетгердің бәрінде жеке пәндердің кафедралары бар. Сол кафедралардың ішінде бүкіл республикалық маңызы зор кафедралар - тіл, әдебиет, тарих кафедралары. Тіл кафедрасы қазақ тілі ғылымының грамматикасын жасауда, қазақ тілінің тарихын жүйеге салуда үлкен еңбек сіңірді. Кафедраның мүшелері, ҚазПИ-дың оқытушылары — С.Аманжолов, С.Кеңесбаев сияқты жолдастар. Бұл екеуі — филология ғылымының кандидаты, қазақтың соңғы кезде өскен жас оқымыстылары, бұлар жазып шығарған тіл ғылымының оқу кітаптары бүкіл Қазақстандық абырой алып, мектептеріміздің тіл жөніндегі сүйеніші болып отыр. Қазақ әдебиеті мен қазақ тарихы жөнінен де әдебиет, тарих кафедраларының да істеген маңызды істері көп.

 

Институттың үлкен бір табысы - соңғы жылдары жаңадан жақсы-жақсы оқытушылар, профессорлар жинап алды. 1928 жылы 20 шақты ғана оқытушы бар еді. Олардың бірсыпырасы арамдықпен бой тасалап жүрген жат адамдар еді. Соңғы жылдарда сол жат адамдар қуылып, оның орынына жаңа жас оқытушылар кадрлары жиналды. Қазір институт 75 оқытушы бар. Олардың 21-і қазақтан шыққан оқымыстылар. Оқытушылардың ғылыми дәрежесіне келсек, 7-уі профессор, 15 доцент. Бұлардың ішінде ғылым докторы, ғылым кандидаты деген дәрежеге ие болғандар да бар. Оқытушылардың дені жас кадрлар, олардың көбі кеше ғана оқушы еді, көбі осы ҚазПИ-дің өзін бітіріп шыққандар. Солардың ішінде ғылыми еңбектерімен аты шығып жүрген Толыбеков, Кеңесбаев, Тәжібаев сияқты жас оқымыстылар да бар. Оларды студенттер өздерінің жолдасындай, ағаларындай көреді.

 

Институтта Маркович, Сильченко, Линчевский сияқты қадірлі оқытушылар да бар. Маркович нағыз ғылымның адамы, нағыз біздің заманның ғалымы, социалистік қоғамның берік бір қайраткері. Линчевский қарт туралы роман жазсаңыз да әңгіме жеткілікті. Бұл — бір бала мінез, ақ пейіл қарт. Оның лекциясын көңілденіп қошаметпен тыңдайсыз. Фактіге, дәлелге жүйрік, мысалдауға, салыстыруға шебер Александр Харлампович өзінің жайдарман сөздерімен мәтелдеп, мақалдап кеп үлкен жазушыларды шәкірттеріне шын сүйгізе біледі.

 

Институтпен бірге жасасып келе жатқан адамның бірі Сильченко. Бұл кісі әрі әдебиет оқытушысы болып та, әрі институттың оқу ісін басқарушы болып та зор еңбек сіңірген адам. Оқып жүргендер де, институтты бітіріп кеткендер де Сильченко жолдасқа әрқашан разылық білдіріп жүреді.

 

Институтта әрі оқытушы болып, әрі басшы болып қызмет істеумен бірге Сильченко жолдас қазақ әдебиет тарихын ғылыми зерттеу істерімен де айналысады. Сильченко жолдас ғылыми дәреже алу үшін қазір диссертация қорғауға әзірленіп жатыр.

Институтта осындай қадірлі оқытушылар әлденеше.

 

ҚазПИ-де құрал-аспап жақтары да жақсы жабдықтаулы. Үлгі боларлықтай тамаша лабораториялар бар. Әсіресе, химия лабороториясын алыңыз, бұндағы құрал-аспаптардың өзі толып жатқан бір жиһаз. Бұл лаборатория құрал-аспап жағынан үлкен қалалардағы ескі ВУЗ-дардың лабораториясынан кем соқпайды. Марксизм-ленинизм кабинеті де салтанатты. Текшеленіп қалаулы тұрған қызылды-жасылды кітаптар, сыртында: Маркс, Энгельс, Ленин және Плеханов, Кант, Фейербах сияқты аттар жазулы. Кабинеттегі екі бөлмеге лықа толып түн бойы сарылып сабақ пысықтап отырған студенттерді, олармен шұғыл кеңесіп жатқан профессорларды көресіз. Бұл кабинет институттағы ең беделді және барлық студенттерге бірдей "үлкен үй" сияқты кабинет. Онда тарихшы да, әдебиетші де, химик та, математик та отырады. Институт кітапқа бай, кітапханасында 175 мың том кітап бар. Бұлар студенттердің ең жақын досы, ұзын жолға алатын мол азығы.

 

Институтта сырттан оқытатын білім бар, мұнда мың қаралы адам оқиды. Бұлардың көбі ауыл, аудан мұғалімдері, білім дәрежесін жетілдіруге ұмтылған қазақ жастары. ҚазПИ тұрған үйде ҚазПИ-дің інісі сияқты бір оқу орны бар. Ол мұғалімдер институты. Бұл институт шынында ҚазПИ-ден енші алып шыққан отау институт. ҚазПИ-дің өкше басар жеткіншегі — рабфагі де бар. Оның оқушылары ертең-ақ ҚазПИ-ге кеп төрден орын аламыз деп, құлшынып тұрғандар.

 

Ғылым ордасының жоғарылағанын, өскенін көрсететін, өзіне сүйеніш болатын бір іс - аспирантурасы. Бұндағы оқитындар ҚазПИ-дің өз тумасы, өз түлектері. Бұлар әзір 20 шақты-ақ кісі, бірақ аз да болса зор үміт күткізетін талаптылар. Ертең-ақ олар оқымысты, білімпаз адамдар болып шықпақ. Қазірдің өзінде-ақ олардың көбі сол ҚазПИ-ге сабақ береді. Іштерінде Ә.Тоқмағамбетов, Ғ.Мұсабаев, М.Ғабдуллин сияқты ғылым зерттеу ісін әлден-ақ бастап, жазған еңбектерімен көзге түсіп жүрген талапты жігіттер де бар.

 

ҚазПИ — бір білім комбинаты, өрісі, аумағы кең институт. Астана жұртшылығына таныс, меймандос институт. Жазушылар, ғылыми қызметкерлер, пропагандистер, мұғалімдер бұл институтқа тегіс үйір. Әдебиет туралы айтыс, ғылыми конференция, марксизм-ленинизм мәселелеріне баяндама деген сияқты ғылыми мәжілістер көбіне осында өтеді.

 

Кешегі кезде өнерлі-білімді жастарды арман етіп:

 

Ойында жоқ бұлардың,

Салтыков пен Толстой.

Я тілмаш, я адвокат,

Болам деген бәрінде ой, —

 

деп Абай сынаған баяғы шәлдірік жастарды енді көре алмаймыз. Мұнда оқитын жастар халқы үшін, жаңа дүниенің игілігі үшін өнер-білімге ынтасын, талабын жұмсайтын саналы жастар6.

 

Солардың ішінде талаптылықтың, білгірліктің, ұғымталдықтың арқасында басқалардан озып кеткен жүйріктер, ертең-ақ білімпаз боламыз деп әлден-ақ білегін сыбанып тұрған білім буындары бар. Бұлар оқуда да, қоғам ісіне де өнегелі, қадірлі жігіттер. Сол қатардан Жармағамбетов, Дайырбеков, Жұбаев, Уваров, Қазықынов, Құлымбетов, Тобылбаев, Тихоновская деген студенттер жуықта зор абыройға ие болып, үлкен қуаныш тапты. Сталин жолдастың атындағы ардақты стипендияны алатын болды бұлар7. Бұл абырой, атақ бүкіл институттың қуанышы.

 

Міне осындай өскелеңдеген өнер-білім, өрге басқан жас қауымның ұл, қыздары арқылы, қазақ сахарасынан ғасырлар қараңғылығын қуып айдап, жойып отыр.

 

Бір ҚазПИ емес, білім жарық ордасы осындай өршіл табыстарды барлық ВУЗ-дың ұлы дүкенінен таратып отыр. Осындай даңқты білім орны Дәрігерлік институты, Мал дәрігерлік институты, Тау-инженерлердің институты, Ауылшаруашылық институты сияқты сан-сала.

 

Соның бәріне де күр маман емес, ғылым қызметкері, ірі зерттеуші боп пісіп толып келе жатқан қазақтың ұл, қызы лек-лек. Бәрінде де осындай қайнар талап, жайнар табыс, серпін бар. Қазақстанның бүгінгі әрбір ВУЗ-ын алып революциядан бұрын осы сахарадан шығып, оқу іздеген буындардың көрген-білгенімен салыстырсақ, қаршығаның қанат қағысындай парықты көреміз. Баяғыда медреседе 20 жыл мешеу болып отыратын қалпе, қазірет нені оқыды, нені білді? Халқына қандай жеміс әкелді? Солардың аузын толтырып айтатын Бұқар медресесі, Меке, Медине дәрістері, тіпті Мысырдағы "Әл Әзһары" пәлен ишан, түген дамолладан алған тағлым тәрбиесі немене еді. Атақты деген Мысыр, Шам, Бұхар, Стамбол медреселерінің бәрін жиса біздің ҚазПИ-дің жалғыз ғана бір қабырғасында тұрған ғылым кітаптарының беретінін беріп пе еді. Он бес жыл, жиырма жыл бойында зая кеткен өмірдің нәтижесін:

 

Кітапты молда теріс оқыр

Дағарадай болып сәлдесі.

Мал құмар көңілі бек соқыр,

Бүркіттен кем бе жем жесі... —

 

деп Абай әйгілеп берген еді.

 

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та бар, қалан! —

 

деп сол Абай өз заманының жетпей бұлғақтаған "білмей пістім" деген шала оқыған шолжыңдарын шенеп еді.

 

Біздің бүгінгі білім ордаларымыз бен бүгінгі нәрлі, ренді, білімді бекем жастарымызды көрмеген көз су қараңғы болсын да.

 

Қазақстан халқының білім-өнер жолындағы Октябрьден бергі табысы мен қарқынын алғанда, қандайлық қан-жыны ақтарылған жауды алсаң да аузына құм құйылмай ма? ҚазПИ-ді айтқанда тарихымен, табысымен, тәрбие-тағылыммен республиканың білім көшін бастап отырған бірді ғана айттық. Бірақ ол білім ордасы бір ғана емес, Ұлы Отанымызда мың сан. Соның бәрі де бүгінгі қазақ халқының мол қазынасы, ұлы ордасы. Бірі мыңға сүйеніп, мыңы бірге нұр беріп жатқандықтан сол бірдің өзін ғана айттық. Бірақ сол біріміз мол сәулетті социалистік мәдениетіміздің айқын, толық тұлғасы болғандықтан мысал етіп қана айттық.

Мұхтар Әуезов

Ұқсас материалдар