Қандастар Ассамблея

Мультипликациялық кино

05.12.2012 3948
Мультипликациялық кино – cуреттердің (жазық нысандар), қуыршақтардың (көлемдi нысандар) қозғалысы фазаларын жеке кадрларға түсiрiп, ретiмен көрсетуден туатын кино өнерiнің бiр түрi. Мультипликациялық кино iсiнің белгiлi 3 тәсiлi бар: суреттер (графикалық мультипликация); қуыршақтар (көлемдi мультипликация); жалпақ жұқа қуыршақтар (жазық пiшiнге салып қию) пайдаланылады. Алғаш суретке жан бiтiрген бельгиялық физик Ж.Плато (1832 ж.). Ал 1877 ж. француз суретшiсi әрi инженерi Э.Рейно траксиноскоп арқылы суреттің қимылын ұзартты. Онда музыка және әнмен сүйемелденген түрлi-түстi бейнелi бiрнеше комедиялық лента 15 – 20 минутқа созылды. Америкалық С.Блэстон мен У.Маккей, француз Э.Коль, т.б. мультипликациялық киноның көшбасшысы болып саналады (1906 – 08). Олар суреттердi кадрлеп түсiрудің жаңа жолдарын пайдаланып, мәнерлi жандандырудың құпияларын ашты. Мультипликациялық киноның негiзiн салушылардың бiрi  – америкалық режиссер Уолт Дисней (1901 – 66). Оның қарамағында бiрнеше елдің талантты суретшiлерi қызмет атқарып, ширек ғасыр бойы техникалық жетiстiк биiгiнен көрiндi. Оның әйгiлi Освольд (қоян), Микки Маус (тышқан), Дональд (үйрек), т.б. кейiпкерлерi миллиондаған көрермендердің көңiлiнен шықты. Бiрнеше серияны құрайтын қойылымдардағы қимыл мен сөздің дәлдiгi, музыка,  шудың  қозғалыспен   қатар  естiлуi  үйлесiм тапты. 20-ғасырда КСРО-ның “Союзмультфильм” (1936 ж. құрылған) студиясынан жарық көрген фильмдер, мультипликациялық кино iсiн дамытты. В.М. Котеночкиннің “Тұра тұр, бәлем!” көп сериялы фильмi, режиссер В.Поповтың “Простоквашинадан шыққан үшеу”, т.б. фильмдерiн миллиондаған жас көрермендер тамашалады. Мультипликациялық кино әрдайым жаңалықтар мен iзденiстердi қажет ететiн өнер. Онда суретшiлердің, қолөнершiлердің қолтаңбасы мен компьютерлiк графика iсi пайдаланылуда. Қазақ мультипликация өнерiнің тұсау кесер мультфильмi “Қарлығаштың құйрығы неге айыр?” 1967 ж. қазақ ертегiсiнің негiзiнде түсiрiлдi. Сценарийдің авторы, режиссері және суретшiсi Әмен Қайдаров. Фильм 1968 ж. Ленинградта (Санкт-Петербург) өткен Бүкiлодақтық фестивальде 2-жүлдеге ие болып, әлем елдерiнің экрандарында көрсетiлдi. 1975 ж. Нью-Йоркте өткен мультипликациялық фильмдердің 1-халықаралық фестивалiнде “Қола Праксиноскоп” жүлдесiн иелендi. Қайдаров түсiрген “Ақсақ құлан”, “Құйыршық”, “Қожанасыр – құрылысшы” атты фильмдер қазақ мультипликациясының жетiстiктерi болды. 1970 ж. қазақ мультипликациясы Орта Азиядағы жетекшi орынға шықты. Осы кезеңде қазақ мультипликаторлары түсiрген графикалық және қуыршақ фильмдердің саны 100-ден асты. Режиссер-суретшiлер: Ж.Дәненов пен Ғани Қыстауовтың “Алпамыс батыр”, “Айдаһар аралы”, Е.Әбдiрахмановтың “Тапқыштар”, “Бозторғай”, Б.Омаровтың “Үш шебер”, “Қаңбақшал”, Т.Мұқанованың “Жiбек шашақ”, “Қайшы”, Қ.Сейденовтың “Тiгiншi мен ай”, “Қадырдың бақыты” атты мультфильмдерi – қазақ мультипликациясы тарихында жоғары бағаланған шығармалар. Сондай-ақ қазақ анимациясының дамуына А.Әбiлқасымов, А.Тоқшабаев, Ғ.Бекiшев және басқа да шеберлер зор үлес қосты. 90-жылдардың аяғында телеканалдар да мультфильмдер шығара бастады. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы суретшi-мультипликаторларды дайындайды. 2002 ж. осы академияның оқытушылары мен студенттерi профессор Қайдаровтың жетекшiлiгiмен “Құйыршық” (режиссер Қ.Қасымов) атты сериалдың бiрiншi графикалық мультфильмді компьютерлiк технологияларды қолдана отырып шығарды.

Ұқсас материалдар