Қандастар Ассамблея

Ашық хат

05.12.2012 7648
Ашық хат (Семей губерниясындағы қазақ қызметкерлеріне) «Қазақ тілінің» осы нөмірінде ортақшыл партиясының кіндік комитетінің Қазақстандағы ортақшылдарға жазған бұйрық хаты басылып отыр. Кіндік мекемелерде шығатын бұл секілді хаттар көп бұйрықтың бірі, көп сәлемнің ішіндегі бір сәлем деп қарауына керек емес. Кеңес үкіметі құрылғаннан бері қарай ортақшыл партиясының кіндігі осы сияқты хаттарды ұсақ республикалардың әрқайсысына арнап жазған болатын. Соларға. қарасақ, бәрінде де еншісін алып, бөлек болып шыққан ұсақ ұлттар тізгінін қалай ұстап, көшін қалай бастап, отауын қалай тігіп жүргенін сынға алып, дұрыс ісін мақұлдап, терісін жөнге салып отыратын. Бастан аяқ істелген жалпақ ісін қорытынды жасап, келешектегі ісіне нұсқау беріп отыратын. Қазақстан автономиясы құрылғаннан бері қарай біздің республикада болып жатқан жөн жұмыс, кем-кетікке кіндіктің өз пікірін ашық айтқаны осы жол. Қазақстандағы жалпы кемшілікті, оны емдейтін емді айтып: жазған бірінші хаты осы. Сондықтан бұл хатты жай - жапсарды сұраған жайға ғана сәлем хат деп қарамаймыз. Не кеңестер съезінде, не партия съезінде Қазақстан. турасында жасалған белгілі қаулы, негізді жол есебінде тұтамыз. Кіндік хатына осындайлық мағына беріп, маңызды деп санағандықтан Семей отаршылдарының губерниялық комитеті барлық уездік комитеттері һәм жергілікті қызметкерлерге өз тарапынан қосымша хат жазып, губерния ішінде шаншулы мәселелер туралы өзінің ем-домын айтып отыр. Губком хатында көбінесе уездердің орыс қызметкерлерінің кемшілігі, теріс мінездері турасында жазылғандықтан, мен оларды қойып, қазақ қызметкерлеріне біраз сөз арнап айтпақшымын. Соңғы уақытқа шейін ұсақ республикалардың бәрінде бірдей болса да, әсіресе, Қазақстанда арылмай келе жатқан бір дерт — ұлтшылдық пен ортақшылдық тартысы. Бұл әңгіме кеңес үкіметі құрылғаннан бері қарай көп сөйленіп келе жатқан сөз болса да, әлі күнге аяғы жерге тиген жоқ. Республика денесіндегі бір дерт болса, емі әлі күнге табылған жоқ. Жергілікті қызметкерлер өз қотырын өзі қасып, осы аурудың емін табайық деп келген күнде де, бірімен бірінің пікірі қайшы өтісіп, кемшілігі қатар түсіп, жарысып келеді. Бірінің ұғуынша, ұлтшылдықты ортақшылдық туғызады, екіншісінің ұғуынша, ортақшылдықты ұлтшылдық туғызады? 78 күнге шейін аяқтамағандықтан, бұл әңгіме қатындардың ұрысына ұқсап барады. «Мен салдақы болсам, сен де салдақысың» — дегеннің кебін киіп отыр. Осындай халдың себебімен, ел ортасында істелетін негізгі ауқымды істердің көбі бір орнынан жылжымай, бір қалпынан аспай отыр. Бұның бәрінің залалы айналып, үйіріліп келгенде (тасы қызған жарысқойлар да қалып отырған жоқ), солардың өзіменен қолына қарап отырған еңбекшіл қалың елде қалып отыр. Біздің ұғуымызша, өз қотырын езі қасығанның бір түрлісі осы болады. Сондықтан, бұл күнге шейін қазақ қызметкерлерінің мінезінде болған кемшіліктерді айтып өтпекшіміз. Қазақ қызметкерлеріндегі кемшілік неше тараулы. Бір табы — негізгі мәселелерді өз ойында дәлдеп шеше алмай, арлы-берлі сандалып, шатасып жүрсе, бір табы — көпшілігі күндегі істейтін ісінің бетін дұрыстап айыра алмай, өз жолын өзі білмей, қақтығумен сенделуде жүр. Кешегі пікіріне — бүгінгі ісі, бүгінгі пікіріне — ертеңгі ісі үйлеспейді, пікір жолында қатпаған, нығаймаған былқылдақтығын көрсетіп жүр. Көбінесе саяздық пен тұрақсыздық білініп отыр. Бір күні өте ұлтшыл, бір күні өте ортақшыл. Бір мәселенің тұсында елшіл, екінші мәселеге көпшіл. Шек білмей жөнді айырмайтын, әрбір істің өңін айналдырып кететін қалыпсыздық мол болып отыр. Бір табының кемшілігі осы болса, ендігі бір табы — ете төменшік. Өзгеріс заманына лайықты болған екпін кеуде жоқ. Маңайындағы жұрттың бәрін жат көріп, бөтенситін мінезі көп. «Қазақтан қаны басқа адам болса— бәрі бірдей дұшпан», — деп ұғынатын, жалпақ қазақтың жауы деп ұғынып, қазақ қызметкерлерінің бәрін бірдей кінәсі, кемшілігі жоқ, ақжүрек деп ұғынатын шалалық бар. Өзгенің бәрін жат дұшпан деп ұғынғандықтан, ішінен бәріне де қарсы болып, ол қарсылығын тағы да сыртына шығарып айтпай, айналып өз арасында қыңқылдың, ішінен бықсып жүрген қызметкерлердің де саны аз емес. Ортаға кіріп, пікірін ашық айтып, қазақтан басқаның бәрі қазақтың дұшпаны дегенді тастап, ұғып — сөз үйлестіріп, келісіп — іс үйлестіріп жүрген жігіттер губерния ішінде өте аз. Жатсыну, жасқанудың арқасында төңкеріс уақытында мұндай қызметкерлер ешбір тәжірибе, үлгі ала алмай, пікірге саяз, іске олақ, құр ғана байбаламшыл жігіт болып жүр. Олардың өндірген де, өндірер де ісі жоқ. Іске қатыспай, оңашада — ұлтшыл, кең байтақта — батыр болу, түбінде, қиын жұмыс емес. Бірақ бұл мінез — нәрсіздіктің белгісі, шынына келгенде, олардың елшілдігіне де сенім жоқ. Көбінесе ұлтшылдықты мода есебінде үлгі қылып жүр деу керек. Әйтпесе, ұлтшыл болсаң: тұмсығыңның ар жағындағы жерді көрме — деп, тоты құсша бір сөзден басқа сөзді білме — деп ешкім де айтқан жоқ. Бір жыл өтсе де, он жыл өтсе де бір ұзақ сонар сөзден айрылмай, іс жүзінде дәнеңе істемей жүру баяғыдағы орыс оқығандарының обломовщинесі болады. Қазақ қызметкерлерінің мінезін өзіңе тартпай, дәл сынағанда көзге айқын көрінетін орасан мінездер, негізгі кемшіліктер толып жатыр. Қай қазақтың қызметкерін алсақ та, мемлекеттің негізін түсініп, мемлекетшіліктің рухын бойына сіңіріп алған жоқ. Бәрінің ісінде де шалалық, жарым-жартылы көп, іске сенбейтін сенімсіздік, олақтық көп, белсеніп кіріспейтін жерқорқақтық көп, ісі өнімсіз, пікірі байлаусыз, беті белгісіз. Россияда болып өткен әр түрлі үкіметтерді былай қойып, қазақ қызметкерлерінің өз қызметін алғанда, бадырайтып санап беретін қандай істері бар? Істеліп қалған азын-аулақ істер болса, сәті келіп, ойда жоқтан кездесіп істеліп отыр. Болмаса, қазақ жігіттерінің мемлекеттің саясаты билеп, мемлекетшіл рухы, беті билеп істеліп отырған дәнеңесі де жоқ. Ондай өнімді істі істей алмайтынын қазақ қызметкерлерінің бәрі де көрсеткен. Бұл сөздерге мысалды алыстан іздеу керек емес, біздің жалпы мінездерімізді көрсету үшін дәлелдер де жетеді. Қазақ ішінде қай заманда болса да бірінші керек нәрсе — оқу десек, сол оқуды ретті қылып қоятын қазақ учительдері қазақ баласын оқытып отыр ма? Жоқ. Бұл нені көрсетеді? Қазақтың кейінгі үрім-бұтағына ұлт мектебін жасамақшы болдық. Соған қолынан іс келетін жігіттер мектеп құралын дайындап, тиісті кітабын жазды ма? Жоқ. Қазақтың елі кейін қалған екен, оны өрге сүйреу үшін тәртіп пен талмай іс істеу керек екен. Сол тәртіпті түсініп, істің пайдасы үшін көпшілікке бағынып жүретін қызметкер бар ма? Жоқ. Өзге жұрт қызметкерінің жиырмасын бағындыру(...). Қазақ қызметкерінің тоңқылдақ өкпесі бар, біреу ерегіссе қызметін тастап кететін де өкпесі бар. Мемлекет рухы түгілі болымсыз тәртіп сақтауға, қисынды іске бағынуға да мойыны жар бермейді. Іс ауыр, қиын болғандықтан талмай ұзақ істеу керек болса, соны түсініп, талмай істеп отыратын қазақ қызметкері бола ма? Жоқ. Себебі, денсаулығы тәтті, қырда жатып тынығуына керек. Кейбір жігіттер жазды жыл сайын қырда өткізіп, күз болып, қыр көңілсіз тартқанда ғана қалаға келіп, сонда да ел үшін жар құлағы жастыққа тимей жүр деп жүрген жоқ па? Бір себептермен қырға шыға алмай, қалада қалатыны болса, ертеңді-кеш уһілеп күрсініп: «Мәскеуге... Мәскеуге!..» — деп ыңыранған Чеховтың кәрі қыздарындай «Қыр... Қыр!..», — деп аңсасы құрып жүрген жоқ па? Бұның бәрі нені көрсетеді? Бірінші, қазақ жігіттерінің қолынан өнімді істің келмейтінін көрсетеді. Пікір, білім жолындағы шалалығын, әлеуметшіл жолындағы жетілмегенін, нығаймағандығын көрсетеді Сондықтан бізде өркендеп кеткен іс жоқ. Ретке басқан, беті ашылған дұрыс жол жоқ. Қызметке ысылып, тәртіпке бойсынып, қалыпталған қызметкер жоқ. Сондықтан біздің барлық істеріміз «кустарничестводан» асып жүрген жоқ. Ісіміз болса, қазақ қолымен тоқылған шекпен секілді, өзіміздің өнеріміз сол шекпеншінің ғана өнеріндей. Міне, осы халді қазақ кызметкерлері түсіну керек. Қазақ еңбекшілінің пайдасын шын ойлайтын болса, осы күнде де талай жұмыс істеуге болады. Қазақ жігіттері: «Іс істейтін өрісіміз тар болғандықтан істей алмадық»,— деп айта алмайды. Қайта өрісін ұзақсынғандықтан, жалқаулықтан істей алмай отыр. Бұл даусыз хахиқат. Ұлтшылдық пен отаршылдық тартысы, Ахаң айтқандай, «орыс мәдениеті мен қазақ мәдениеті теңескенге шейін арылмайтын ұзақ дерт». Бірақ, іс жүзінде оның кедергісін әр бір күнде жоғалтып, кемітіп отыруға болады. Сол үшін қазақ қызметкерлері өз кемшіліктерін мойнына алып, теріс мінездерін жоғалтуға тырысу керек. Тәртіпті, ұғымды, ұзақ сонар қызметкер болуға, ұмтылу керек. Сол уақытта ғана істеген істен жеміс күтіп,. келешекке үміт артуға болады. Бұдан басқа жол жоқ. Мұхтар Мұхтар Әуезов

Ашық хат

(Семей губерниясындағы қазақ қызметкерлеріне)

«Қазақ тілінің» осы нөмірінде ортақшыл партиясының кіндік комитетінің Қазақстандағы ортақшылдарға жазған бұйрық хаты басылып отыр. Кіндік мекемелерде шығатын бұл секілді хаттар көп бұйрықтың бірі, көп сәлемнің ішіндегі бір сәлем деп қарауына керек емес. Кеңес үкіметі құрылғаннан бері қарай ортақшыл партиясының кіндігі осы сияқты хаттарды ұсақ республикалардың әрқайсысына арнап жазған болатын. Соларға. қарасақ, бәрінде де еншісін алып, бөлек болып шыққан ұсақ ұлттар тізгінін қалай ұстап, көшін қалай бастап, отауын қалай тігіп жүргенін сынға алып, дұрыс ісін мақұлдап, терісін жөнге салып отыратын. Бастан аяқ істелген жалпақ ісін қорытынды жасап, келешектегі ісіне нұсқау беріп отыратын.

Қазақстан автономиясы құрылғаннан бері қарай біздің республикада болып жатқан жөн жұмыс, кем-кетікке кіндіктің өз пікірін ашық айтқаны осы жол. Қазақстандағы жалпы кемшілікті, оны емдейтін емді айтып: жазған бірінші хаты осы. Сондықтан бұл хатты жай - жапсарды сұраған жайға ғана сәлем хат деп қарамаймыз. Не кеңестер съезінде, не партия съезінде Қазақстан. турасында жасалған белгілі қаулы, негізді жол есебінде тұтамыз. Кіндік хатына осындайлық мағына беріп, маңызды деп санағандықтан Семей отаршылдарының губерниялық комитеті барлық уездік комитеттері һәм жергілікті қызметкерлерге өз тарапынан қосымша хат жазып, губерния ішінде шаншулы мәселелер туралы өзінің ем-домын айтып отыр.

Губком хатында көбінесе уездердің орыс қызметкерлерінің кемшілігі, теріс мінездері турасында жазылғандықтан, мен оларды қойып, қазақ қызметкерлеріне біраз сөз арнап айтпақшымын.

Соңғы уақытқа шейін ұсақ республикалардың бәрінде бірдей болса да, әсіресе, Қазақстанда арылмай келе жатқан бір дерт — ұлтшылдық пен ортақшылдық тартысы. Бұл әңгіме кеңес үкіметі құрылғаннан бері қарай көп сөйленіп келе жатқан сөз болса да, әлі күнге аяғы жерге тиген жоқ. Республика денесіндегі бір дерт болса, емі әлі күнге табылған жоқ. Жергілікті қызметкерлер өз қотырын өзі қасып, осы аурудың емін табайық деп келген күнде де, бірімен бірінің пікірі қайшы өтісіп, кемшілігі қатар түсіп, жарысып келеді. Бірінің ұғуынша, ұлтшылдықты ортақшылдық туғызады, екіншісінің ұғуынша, ортақшылдықты ұлтшылдық туғызады? 78 күнге шейін аяқтамағандықтан, бұл әңгіме қатындардың ұрысына ұқсап барады. «Мен салдақы болсам, сен де салдақысың» — дегеннің кебін киіп отыр. Осындай халдың себебімен, ел ортасында істелетін негізгі ауқымды істердің көбі бір орнынан жылжымай, бір қалпынан аспай отыр. Бұның бәрінің залалы айналып, үйіріліп келгенде (тасы қызған жарысқойлар да қалып отырған жоқ), солардың өзіменен қолына қарап отырған еңбекшіл қалың елде қалып отыр.

Біздің ұғуымызша, өз қотырын езі қасығанның бір түрлісі осы болады. Сондықтан, бұл күнге шейін қазақ қызметкерлерінің мінезінде болған кемшіліктерді айтып өтпекшіміз. Қазақ қызметкерлеріндегі кемшілік неше тараулы. Бір табы — негізгі мәселелерді өз ойында дәлдеп шеше алмай, арлы-берлі сандалып, шатасып жүрсе, бір табы — көпшілігі күндегі істейтін ісінің бетін дұрыстап айыра алмай, өз жолын өзі білмей, қақтығумен сенделуде жүр. Кешегі пікіріне — бүгінгі ісі, бүгінгі пікіріне — ертеңгі ісі үйлеспейді, пікір жолында қатпаған, нығаймаған былқылдақтығын көрсетіп жүр. Көбінесе саяздық пен тұрақсыздық білініп отыр. Бір күні өте ұлтшыл, бір күні өте ортақшыл. Бір мәселенің тұсында елшіл, екінші мәселеге көпшіл. Шек білмей жөнді айырмайтын, әрбір істің өңін айналдырып кететін қалыпсыздық мол болып отыр.

Бір табының кемшілігі осы болса, ендігі бір табы — ете төменшік. Өзгеріс заманына лайықты болған екпін кеуде жоқ. Маңайындағы жұрттың бәрін жат көріп, бөтенситін мінезі көп. «Қазақтан қаны басқа адам болса— бәрі бірдей дұшпан», — деп ұғынатын, жалпақ қазақтың жауы деп ұғынып, қазақ қызметкерлерінің бәрін бірдей кінәсі, кемшілігі жоқ, ақжүрек деп ұғынатын шалалық бар. Өзгенің бәрін жат дұшпан деп ұғынғандықтан, ішінен бәріне де қарсы болып, ол қарсылығын тағы да сыртына шығарып айтпай, айналып өз арасында қыңқылдың, ішінен бықсып жүрген қызметкерлердің де саны аз емес. Ортаға кіріп, пікірін ашық айтып, қазақтан басқаның бәрі қазақтың дұшпаны дегенді тастап, ұғып — сөз үйлестіріп, келісіп — іс үйлестіріп жүрген жігіттер губерния ішінде өте аз. Жатсыну, жасқанудың арқасында төңкеріс уақытында мұндай қызметкерлер ешбір тәжірибе, үлгі ала алмай, пікірге саяз, іске олақ, құр ғана байбаламшыл жігіт болып жүр. Олардың өндірген де, өндірер де ісі жоқ.

Іске қатыспай, оңашада — ұлтшыл, кең байтақта — батыр болу, түбінде, қиын жұмыс емес. Бірақ бұл мінез — нәрсіздіктің белгісі, шынына келгенде, олардың елшілдігіне де сенім жоқ. Көбінесе ұлтшылдықты мода есебінде үлгі қылып жүр деу керек. Әйтпесе, ұлтшыл болсаң: тұмсығыңның ар жағындағы жерді көрме — деп, тоты құсша бір сөзден басқа сөзді білме — деп ешкім де айтқан жоқ. Бір жыл өтсе де, он жыл өтсе де бір ұзақ сонар сөзден айрылмай, іс жүзінде дәнеңе істемей жүру баяғыдағы орыс оқығандарының обломовщинесі болады. Қазақ қызметкерлерінің мінезін өзіңе тартпай, дәл сынағанда көзге айқын көрінетін орасан мінездер, негізгі кемшіліктер толып жатыр. Қай қазақтың қызметкерін алсақ та, мемлекеттің негізін түсініп, мемлекетшіліктің рухын бойына сіңіріп алған жоқ. Бәрінің ісінде де шалалық, жарым-жартылы көп, іске сенбейтін сенімсіздік, олақтық көп, белсеніп кіріспейтін жерқорқақтық көп, ісі өнімсіз, пікірі байлаусыз, беті белгісіз.

Россияда болып өткен әр түрлі үкіметтерді былай қойып, қазақ қызметкерлерінің өз қызметін алғанда, бадырайтып санап беретін қандай істері бар? Істеліп қалған азын-аулақ істер болса, сәті келіп, ойда жоқтан кездесіп істеліп отыр. Болмаса, қазақ жігіттерінің мемлекеттің саясаты билеп, мемлекетшіл рухы, беті билеп істеліп отырған дәнеңесі де жоқ. Ондай өнімді істі істей алмайтынын қазақ қызметкерлерінің бәрі де көрсеткен. Бұл сөздерге мысалды алыстан іздеу керек емес, біздің жалпы мінездерімізді көрсету үшін дәлелдер де жетеді. Қазақ ішінде қай заманда болса да бірінші керек нәрсе — оқу десек, сол оқуды ретті қылып қоятын қазақ учительдері қазақ баласын оқытып отыр ма? Жоқ. Бұл нені көрсетеді? Қазақтың кейінгі үрім-бұтағына ұлт мектебін жасамақшы болдық. Соған қолынан іс келетін жігіттер мектеп құралын дайындап, тиісті кітабын жазды ма? Жоқ. Қазақтың елі кейін қалған екен, оны өрге сүйреу үшін тәртіп пен талмай іс істеу керек екен. Сол тәртіпті түсініп, істің пайдасы үшін көпшілікке бағынып жүретін қызметкер бар ма? Жоқ. Өзге жұрт қызметкерінің жиырмасын бағындыру(...). Қазақ қызметкерінің тоңқылдақ өкпесі бар, біреу ерегіссе қызметін тастап кететін де өкпесі бар. Мемлекет рухы түгілі болымсыз тәртіп сақтауға, қисынды іске бағынуға да мойыны жар бермейді.

Іс ауыр, қиын болғандықтан талмай ұзақ істеу керек болса, соны түсініп, талмай істеп отыратын қазақ қызметкері бола ма? Жоқ. Себебі, денсаулығы тәтті, қырда жатып тынығуына керек. Кейбір жігіттер жазды жыл сайын қырда өткізіп, күз болып, қыр көңілсіз тартқанда ғана қалаға келіп, сонда да ел үшін жар құлағы жастыққа тимей жүр деп жүрген жоқ па? Бір себептермен қырға шыға алмай, қалада қалатыны болса, ертеңді-кеш уһілеп күрсініп: «Мәскеуге... Мәскеуге!..» — деп ыңыранған Чеховтың кәрі қыздарындай «Қыр... Қыр!..», — деп аңсасы құрып жүрген жоқ па?

Бұның бәрі нені көрсетеді? Бірінші, қазақ жігіттерінің қолынан өнімді істің келмейтінін көрсетеді. Пікір, білім жолындағы шалалығын, әлеуметшіл жолындағы жетілмегенін, нығаймағандығын көрсетеді Сондықтан бізде өркендеп кеткен іс жоқ. Ретке басқан, беті ашылған дұрыс жол жоқ. Қызметке ысылып, тәртіпке бойсынып, қалыпталған қызметкер жоқ. Сондықтан біздің барлық істеріміз «кустарничестводан» асып жүрген жоқ. Ісіміз болса, қазақ қолымен тоқылған шекпен секілді, өзіміздің өнеріміз сол шекпеншінің ғана өнеріндей.

Міне, осы халді қазақ кызметкерлері түсіну керек. Қазақ еңбекшілінің пайдасын шын ойлайтын болса, осы күнде де талай жұмыс істеуге болады. Қазақ жігіттері: «Іс істейтін өрісіміз тар болғандықтан істей алмадық»,— деп айта алмайды. Қайта өрісін ұзақсынғандықтан, жалқаулықтан істей алмай отыр. Бұл даусыз хахиқат.

Ұлтшылдық пен отаршылдық тартысы, Ахаң айтқандай, «орыс мәдениеті мен қазақ мәдениеті теңескенге шейін арылмайтын ұзақ дерт». Бірақ, іс жүзінде оның кедергісін әр бір күнде жоғалтып, кемітіп отыруға болады. Сол үшін қазақ қызметкерлері өз кемшіліктерін мойнына алып, теріс мінездерін жоғалтуға тырысу керек. Тәртіпті, ұғымды, ұзақ сонар қызметкер болуға, ұмтылу керек. Сол уақытта ғана істеген істен жеміс күтіп,. келешекке үміт артуға болады. Бұдан басқа жол жоқ.

Мұхтар

Мұхтар Әуезов

Ұқсас материалдар